Павлодар облысының ветеринария басқармасы

Байжанов Қайыржан – Павлодар облысы ветеринария басқармасының басшысы

Байжанов Қайыржан Новосібір облысының Карасук ауданының Қарасары ауылында 1976 жылы  7 қарашада дүниеге келген. 1998 жылы Семей мемлекеттік университетін мал дәрігері мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 1998 жылы Железин ауданының Уалиханов ауылдық округінде мал дәрігері ретінде бастаған.

ҚР ауыл шаруашылық Министрлігінің  Павлодар аудандық аумақтық басқармасында ветеринариялық инспектор және Павлодар ауданының ветеринария бөлімінің жетекшісі болып қызмет атқарған. Лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар ауданы маслихатының хатшысы болды.