Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы

Тілеулесов Руслан Қайратұлы – Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы.

 16 қазан 1987 жылы Павлодар облысының Павлодар қаласында дүниеге келді.

2009 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірді.

2010 жылдан бастап «Павлодар қаласының әкімшілік аппараты» ММ ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2011 жылы «Павлодар қаласының әкімшілік аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы.

2011 жылы «Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ жастар саясат секторының меңгерушісі болып тағайындалды.

2012 жылы «Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қоғамдық байланыс бойынша секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2014 жылы қыркүйек айында «Павлодар қаласының әкімшілік аппараты» ММ әкім көмекшісі болып тағайындалды.

2015 жылдың сәуір айынан бастап «Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ тұтынушылар нарығы және ауыл шаруашылығы секторының меңгерушісі болды.

2015 жылдың желтоқсан айынан «Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшының орынбасары болды.

2016 жылдың қараша айынан «Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ жетекшісі болып тағайындалды.

2018 жылдың шілде айынан бастап «Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма» ММ басшысы болып тағайындалды.