Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Қайрат Қайыржанұлы Нұрмағамбеторв – Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдаралар басқармасының басшысы.

Қайрат Қайыржанұлы, 1962 жылғы, Павлодар облысы Ертіс ауданының тумасы. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1983 жылы Ертіс ауданы қаржы бөлімінің инспекторы болып бастады. 

1992-1998 жылдар аралығында Ертіс ауданының қаржы бақылау органдарында бас бақылау – ревизор, бөлімше бастығы болды.

1998-2000 жылдары Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің Павлодар аумақтық  басқармасы ревизия бөлімінің  бастығы болды.

2000-2005 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасы бөлімінің бастығы.

2005-2011 жылдары – Павлодар қаласының қаржы бөлімінің басшысы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары, кейін басшысы қыземеттерін атқарды.

2011 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болды.

 

Кәшкенова Хелуа Қазымқызы – «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары

1960 жылы 18 қыркүйекте Павлодар облысы Ертіс ауданының Кутузов ауылында туған.

Білімі жоғары. 1983 жылы математика және физика пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша Павлодар педагогикалық институтын, 2006 жылы заңтану бакалавры мамандығы бойынша Қазақстан құқық және халықаралық қатынастар институтын бітірді.

Еңбек жолы:

1983 жылдан 1991 жылға дейін – бастапқы комсомол ұйымы мен комсомол облыстық комитетінде жұмыс істеді;

1991 жылдан 1993 жылға дейін – Павлодар қаласының № 1 АКТУ директоры;

1993 жылдан 2000 жылға дейін – Павлодар облыстық жұмыспен қамту орталығының бас маманы;

2001 жылдан 2004 жылға дейін – облыс әкімі аппаратында бас маман;

2004 жылғы қыркүйекте басқарма басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Камалова Гүлнәр Әлімқызы – «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары

1961 жылы 14 ақпанда Павлодар облысының Ертіс ауылында туған.

Білімі жоғары. 1983 жылы орыс тілі және әдебиетін оқытушы мамандығы бойынша Павлодар педагогикалық институтын бітірді.

Еңбек жолы:

1984 жылдан 2000 жылға дейін – Павлодар облысының комсомол облыстық комитетінде жұмыс істеді.

2000 жылдан 2003 жылға дейін – Павлодар қаласы әкімі аппаратының жастармен жұмыс бөлімінің бастығы;

2003 жылдан 2010 жылға дейін – «Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» ММ бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары;

2010 жылғы қаңтардан бастап – «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс бөлімінің бастығы;

2010 жылғы қарашада басқарма басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Жанар Теміржанқызы Алтыбаева – облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары

1973 жылғы 9 қарашада Павлодар облысы Качир ауданының Трофимовка ауылында туған.

1993-1995 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкі облыстық басқармасының №14 есептік-кассалық орталығының экономисі, Павлодар қаласы;

1998-1999 жылдары – № 40 орта мектебінің бас бухгалтері, Павлодар қаласы;

2000-2002 жылдары – Павлодар облыстық балалар ауруханасының кассирі, Павлодар қаласы;

2002-2003 жылдары – «Центрснаб-ПВ» ЖШС бас бухгалтері, Павлодар қаласы;

2003-2005 жылдары – Абаттандыру басқармасының қаржылық есеп және есеп беру бөлімінің бас маманы, Павлодар қаласы;

01.2005-06.2005 жылдары – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы,

Павлодар қаласы;

2005-2006 жылдары – қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, Павлодар қаласы;

2006-2008 жылдары – «Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бас маманы-бухгалтері;

02.2008-06.2008 жылдары – «Павлодар қаласының экономика және бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау бөлімі» ММ қаржылық секторының меңгерушісі-бас бухгалтері;

2008-2010 жылдары – Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің бастығы

01.2010-12.2010 жылдары – «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің бастығы;

2011-2012 жылдары – «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің бастығы;

2012-2013 жылдары – «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы;

2013-2014 жылдары – Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы;

2014 жылдан бастап – «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары.