Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ринат Ерқаұлы Қойсоймасов- Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Ринат Ерқаұлы 1981 жылы туған, жоғары білімі бар, 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «инженер», 2008 жылы Инновациялық Еуразия университетін «заңгер» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2006 жылы «Павлодар жылу жүйелері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бастады.

2013 жылғы қарашадан 2016 жылғы желтоқсан айына дейін Павлодар қаласы тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары лауазымдарда қызмет етті.

2016 жылғы желтоқсан 2017 жылғы қыркүйекке дейін Лебяжі ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жұмыс орны – Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары