«Мемлекеттік қызметтегі этикалық Кодекстің мәні»

Этиканы сақтау – қызметін атқарып жүрген әрбір мемлекеттік қызметкердің алдында тұрған міндетті шарт. 

Азаматтарға қызмет көрсету барысында дөрекілік таныту фактілері мемлекеттік қызмет сапасына тікелей әсер ететіндіктен, мемлекеттік қызметкер үшін этикалық Кодекстің мәні өте жоғары болып келеді. Кейде бір мемлекеттік қызметкердің көрсеткен қылықтарының негізінде біз бүкіл елдің мемлекеттік аппаратының жұмысы жөнінде қорытынды шығарамыз.

Бүгін мемлекеттік қызметке тек еліміздің ғана емес, сонымен қатар шетелдің де жетекші университеттерінде білім алған, бірнеше тілді білетін білімді түлектер келіп жатыр, алайда олардың тұрғындармен, әріптестермен жұмыс істеу тәжірибесі жеткіліксіз. Сол себепті мемлекеттік мекемелерде көмек көрсету үшін тәлімгерлік институттары жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы этикалық Кодексінің нормаларын барлық мемлекеттік қызметкерлерге түсіндіру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

Этика бойынша уәкілетті өкілдің мемлекеттік қызметті атқару жүйесін жетілдіру мақсатындағы ұжымдағы психологиялық жағдайды анықтауға мүмкіндік беретін анонимді сауалнама жүргізу инструменті жұмыс істейді.

Сонымен қатар қызметтік этика нормаларының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік қызметкерлер арасында анонимді сауалнама, азаматтармен жұмыс істеу тәртібін, қызметтік қарым-қатынастар мен жұмыс уақытынан тыс қарым-қатынастарды реттейтін тәртіптің негізгі стандарттарын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2015 жылдың 29 желтоқсанында шыққан Қазақстан Республикасы Президентінің №153 қаулысы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этика Ережелеріне сәйкес Павлодар қаласының барлық жергілікті атқарушы органдарының мекемелерінде мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этика Ережелері көрсетілген стендтер мен азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған. Облыстың барлық мемлекеттік органдарының басшылары тұрақты түрде жеке қабылдаулар жүргізеді, сенім телефондары жұмыс істейді.

 

Павлодар облысы әкімі

аппаратының басшысы –

этика бойынша кеңесінің мүшесі                                                                                                                                                                      А.Әмірин