Мемлекеттік қызметшілерді оқыту

Мемлекеттік қызметшілерді дайындау мектебі

Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһанның бәксекеге қабілеттілік» белгіледі, яғни адам капиталы сапасын жақсарту үшін толық жұмыс істеу керек. Мемлекеттік саясат жүйесінде адам капиталымен басқару және мемлекеттік қызмет негізінде, кәсіптік даму және оқыту болып табылады.

Тек білікті маман, яғни қазіргі кездегі біліммен тиеселі қызмет көрсетулерге кәсіптік кеңес көрсете алады. Атап көрсеткенде, әкімшілік мемлекеттік қызметшілер үш жылда бір рет біліктілігін арттыру курстарын өтулері қажет.

Бүгін маңызды болып жергілікті мемлекеттік қызметшілер үшін кадрларды дайындау ролінде Павлодар облысының әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта дайындау Аймақтық орталығы болып табылады. Орталық мемлекеттік қызметшілер саласында уәкілеттік органымен бекітілген білім беру бағдарламаларын ұқсатады. Яғни, 2017 жылы 23 бағдарлама ішінде 800-ден астам мемлекеттік қызметшілерді оқытуға көрсетілген. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Орталық 528 мемлекеттік қызметшілер үшін біліктілігін арттыру курстарын өткізді және ұйымдастырды. Осы санның ішінде қарапайым әкімшілік қызметшілер, жергілікті атқарушы органдардардың басқарушылары, құқықтық қорғау органдарының және басқа да қызметкерлер болды. Қазақстан Республикасының «Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер және толықтыруларды енгізу туралы» Заң жобасы шегінде жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық меншік және дербес бюджет енгізу бойынша шаралар жоспарысен сәйкес «Коммуналдық меншікті басқару» және «Бюджеттік процесстер» тақырыптарына семинарла раудандық маңызды қалаларда селоларда және кенттер ауылдық округтарда 122 адамдарды қамтумен өтеді.

Семинардың өзектілегі 2018 жылдан бастап әкімшілік аумақтық бірліктерде халық саны 2000 адамнан асатын, мемлекеттік бюджеттің 4-ші деңгейі енгізіледі.

Тыңдаушылардың пікірі бойынша семинар ауылдықтар және мамандар, ауылдық әкімшішіктерді бюджет қаржысын дербес басқаруға дайындығы бойынша маңызды сұрақты шешуге әкеледі, ауылдық тұрғындар пунктінің салықтық потенциалын анықтауда проблемаларды шешеді.

Семинарды жүргізуге кәсіби қызмет көп тәжірибесі бар және жеке коммуникативтыі қабілеттігін дамыту бағдарламалары бойынша оқыту қазірді әдістемелеріне ие, нормативтік және заңнамалық базаны жетік білетін оқытушылар қатыстырылған. Үздік кәсіби оқытушыларды атап өту керек И.П.Назарчук облыстың бюджеттік жоспарлау және эконмоика басқармасы бастығының орынбасары, С.Б.Султанова, К.К.Беготаева қаржы басқармасы бастығының орынбасарлары және басқалары.

Бүгінгі күнде 82 ауылдық округтер әкімдері және мамандары оқуды аяқтады. Олар онлайн тестілеуді жақсы өтті. Ол Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік басқарма Академиясымен өткізілді. Курс аяқталу бойынша барлық тыңдаушылар сертификат алды.Орталық өңірлік деңгейде Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының мақсаттары мен міндеттерін жұзеге асыруға қабілетті мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби және жеке құзырларын жоғарлату бойынша жауапты миссияларды орындайды.

 

А.Н.Есенова

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру

бөлімі басшысының міндетінің атқарушы

бөлімінің және қайта дайындау Аймақтық орталығы

 

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жөніндегі жобаларды көпшілік алдында қорғау

2 маусымда Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  департаментімен бірлесіп,  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметке  алғаш рет тағайындалған курсы тыңдаушыларының  жобалық жұмыстарын көпшілік алдында қорғау өткізді. Жобалар мемлекеттік қызметті – мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу; жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою; жұмыспен қамтуға ықпал ету нысандарына белсенді қатысушы тұлғаларға жолдамалар беру; тұрғын үй көмегін тағайындау; мектепке дейінгі жастағы балаларға мектепке дейінгі мекемелерге  жолдама беру үшін есепке қою; ветеринарлық анықтамалар беру және т.б. оңтайландыруға бағытталды.

Мемлекеттік қызмет көрсету  процедураларын талдау кезінде   тыңдаушылар  оларды электрондық форматта алуға  азаматтардың құқықтарын толық іске асыра алмау проблемасын анықтады. Жобалардың авторлары себептер ретінде мыналарды белгіледі:

1) Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығының төмен дәрежесі және оның онлайн режимінде қызметтерді алу үшін талап етілетін техникалық құзыреті деңгейінің жеткіліксіздігі;

2) Тұрғындардың  қызметтерді алудың заманауи  техникалық баламалары туралы ақпараттануы деңгейінің төмендігі;

3) Азаматтарға онлайн қызметтерін алуға кедергі болатын  бірқатар техникалық  шектеулердің болуы.

Көптеген жобалардың авторлары азаматтардың  қағаз түрінде  қызметтерді алуының  жанама іс-әрекеті ретінде қызметтерді алушылардың қызметтерді көрсетушілермен  тікелей қатынас жасауымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін атады. 

Тыңдаушылар бір нормативтік актілердің  екіншілеріне қайшы келетінін атап көрсетті, түрлі субъектілер  бір норма бойынша  сан алуан  түсіндірулер береді, кейде азаматтардың қызмет  түрлерін алуларында құқықтарын іске асыруға кедергі болуы жиі кездеседі. 

Бірқатар қызметтер үшін тағы бір проблемалық мәселе –  қызметтерді алушылар ұсынатын құжаттардың тізбесіне қойылатын талаптар, қызметтерді ұсынудың негізделмеген ұзақ мерзімдері.

Жобалардың  авторлары проблемалық жағдайлардан шығудың жолдары ретінде  мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды және бір уақытта азаматтардың неғұрлым көп санын онлайн режимінде қызметтерді алуға тартуды, қызметтерді көрсетудің бұрынғы әдістерінен біртіндеп қол үзуді, артық субъектілерді  осы процестен шығаруды атады.

Жобаларды қорғау шеңберінде комиссия үздік жұмыстарды таңдап,  олардың авторларын грамоталармен марапаттады:

Зада Гүлмира Нұрланқызы (Павлодар облысының  экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы);

Кайсаримова Светлана Анатольевна (Шарбақты ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі);

Кузят Наталия Петровна (Павлодар ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі).

 Конкурста І орын алған тыңдаушы  Зада Г.Н. мемлекеттік, банк мекемелері  және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің аймақтық  кәсіподағынан құнды сыйлық алды.

 

И. Сисенова,

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау бөлімінің басшысы 

 

Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту орталығының байланыс телефондары

Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығымен байланысуға арналған мәліметтер

 

Исенова Гүлнәр КонстантиновнаДиректор

email: director@pvl-rco.kz

тел.: 8 (7182) 32-57-60

 

Омарова Молотхан Сұлтанқызы Директордың орынбасары

email: zam@pvl-rco.kz

тел.: 8 (7182) 32-30-59

 

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау бөлімінің қызметкерлері

Сисенова Ирина Владимировна – бөлім бастығы

тел.: 8 (7182) 32-96-04

email: opg@pvl-rco.kz

 

Кученчерекова Данара Николаевна – кеңесші

тел.: 8 (7182) 32-96-04

email: opg@pvl-rco.kz

 

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бөлімінің қызметкерлері

Баймолдинова Әсият Қайырбекқызы – бөлім бастығы

тел.: 8 (7182) 30-13-75

email: opk@pvl-rco.kz

 

Асқапова Арай – аға әдіскер

тел.: 8 (7182) 30-13-75

email: opk@pvl-rco.kz

 

Дүйсембаева Бақтыгүл Бейсембекқызы Ақпараттық-аналитикалық бөлімнің бастығы

тел.: 8 (7182) 32-97-81

email: info@pvl-rco.kz

 

Шетелде

Шел елдерде оқу

Өзіңізге қажетті оқу түрін және бағдарламасын анықтадыңыз ба? Кадр қызметін хабардар еттіңіз бе?

Келесі қадам – сіз қызметкер мемлекеттік органның конкурсттық комиссиясы өткізетін алғашқы конкурсттық іріктеу.

Іріктеудің негізгі шарттары:

  • Сіздің мемлекеттік қызметте бір жылдан астам жұмыс өтілі болуы тиіс;
  • Таңдаған оқу бағдарламасы сіздің лауазымдық дәрежеңізге сәйкес келуі қажет.

Сонан соң біліктілігін арттыру үшін шетелге жолдама беруге орталық және жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерін іріктеу конкурсы болады. Үміткерлерді іріктеуді, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігімен және қала, облыс әкімдерімен белгіленген арнайы конкурстық комиссия жүргізеді.

Конкурсқа қатысу үшін өзіңіздің ведомстваңызға қарасты кадр қызметіне мыналарды бересіз:

  • өтініш;
  • мемлекеттік органның бірінші басшысы ұсынысы;
  • қызмет еткен жеріңізден алынған анықтама;
  • шетел әріптестерінің шарттары бойынша қажетті құжаттар.

Білу қажет

Оқуға жолдама беруді рәсімдеу мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік қызметкерлерімен орындалады. Ол үшін мыналарды беруге тиіс:

  • Рұқсатнаманы рәсімдеу үшін – орыс тілінде толтырылған 2 сауалнама (көшірмесін жасауға болады);
  • (көлемі 3,5*4,5,) сканерден өткізілмеген, ақ фонда түсірілген 3 сурет, оның екеуі сауалнамаға жапсырылады), жұмыс орнынан анықтама парағы, кадр бөлімінің мөрі басылған іс сапарға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі;
  • Қызмет паспортын рәсімдеу үшін – толтырылған сауалнама, 1 сурет, жеке бас куәлігіңіздің көшірмесі, ҚР жалпыазаматтық паспорттың көшірмесі, қызметтік паспорттың рәсімделуіне түбіртек (төлеу қажет емес);
  • Тәуліктік төлеу үшін – жеке басыңыздың куәлігі мен СТН көшірмесі және банк атауы мен карточка нөмірі қажет.

Республикалық немесе жергілікті атқарушы органдары бюджетінен Шетелге біліктілігін арттыруға жолдама алар алдын мемлекеттік қызметші өкілетті органмен келісім-шарт түзеді.

Келісім-шарттың мазмұны:

  • келісім-шарт мәні;
  • тараптардың құқықтары мен міндеттері;
  • егерде мемлекеттік қызметші оқу бағдарламасынан белгісіз себептермен шығып кетсе немесе келісім-шартта көрсетілген міндеттерін орындамаған жағдайда, мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттыруға жұмсалған қаражаттарды қайтару міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері;
  • келісім-шарт мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға ақша аудару негізі болып табылады.

Біліктілігін арттыруға бөлінген қаражаттың ішіне оқуға байланысты барлық шығындар енгізілген, олар рұқсатнаманы, шетел оқу орындарының сауалнама түрлерін рәсімдеу, қабылдайтын елдің өкілетті органында тіркелу, мемлекеттік қызметкердің шетел оқу орнына орналасуы, телефондық, электрондық, басқа да байланыс түрлеріне, тұру, тамақтану, оқу құралдары, медициналық сақтандыру, Қазақстандағы тұрақты жерінен оқуға дейінгі және оқудан кейін кері қарай қайту жол шығындары. 

Мемлекеттік басқару Академиясының аспирантурасы

Академия аспирантурасына жоғары кәсіби немесе жоғары ғылыми-педагогикалық білімі бар мемлекеттік қызметкерлер қабылданады(магистр дәрежесі).

Аспирантураға түсу үшін қажетті құжаттар:

  • аспирантураға қабылдау туралы ректор атына өтініш (тиісті үлгіде Академия аспирантурасының бөліміне);
  • жоғары кәсіби білімі туралы дипломның көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
  • дипломға қосымшаның көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
  • кадрлар есебі жөніндегі жеке парақша суретімен (жұмыс орнының кадр бөлімімен куәландырылған);
  • реферат (көлемі 15 беттен кем емес) немесе таңдаған мамандығы бойынша кемінде 3 жарияланған ғылыми жұмыстың көшірмесі;
  • кандидатық емтиханды тапсырғандығы туралы куәлік (түсуші тұлғада болған жағдайда тапсырған кандидаттық емтиханның нәтижелері);
  • еңбек кітапшасының көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
  • өмірбаян;
  • 086-У үлгідегі медициналық анықтама;
  • мемлекеттік орган басқарушысының ұсыныс хаты;
  • жоо бітіргендігі туралы паспорт пен дипломды түсуші аспирантура бөліміне тапсырады;
  • екі конверт, және папка (скоросшиватель);
  • 3×4 см фотосурет – 6 дана.

 

Аспирантура мамандықтары:

  • 07.00.02 – Отандық тарих (Қазақстан Республикасының тарихы);
  • 08.00.05 – Халықтық шаруашылықтың экономикасы және басқару;
  • 09.00.11 – Әлеуметтік философия;
  • 22.00.04 – Әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар және процестер;
  • 23.00.02 – Саяси институттар және процесстер, этносаяси қақтығыс, ұлттық және саяси процесстер мен технологиялар.

Мемлекеттік басқару Академиясында және мемлекеттік орталықтары мен басқа да білім беру ұйымдарында

Мемлекеттік қызмет Академиясына және мемлекеттік орталықтарына басқа да білім беру ұйымдарына ( біліктілікті арттыру салалық институттарына ) біліктілігін арттыруға, мемлекеттік қызметте 3 жылдық стажы бар мемлекеттік қызметкерлер жіберіледі. Мемлекеттік органдардың кадр қызметтері тиісті қызметкерлерді құрып – мемлекеттік қызмет Академиясына ал, аймақтық бөлімшелердің және жергілікті орындау органдарының қызметкерлерін – аймақтық орталықтарын жібереді. 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының магистратурасы жайлы мағлұмат

Академияның магистратурасына Қазақстан Республикасының азаматтары, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын және жоғары кәсіптік білімі бар шетел азаматтары қабылданады.

Басқа шетел азаматтары Академияның магистратурасына Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар мен келісімдер негізінде қабылданады.

 

Мамандықтар:

  • 6N0510 – “Мемлекеттік және жергілікті басқару” (Мемлекеттік және жергілікті басқару институты)
  • 6N0301 – “Юриспруденция” ( Әділ сот институты)  
  • 6N0202 – “Халықаралық қатынастар” (Дипломатия институты)

Академия магистратурасында оқу мерзімі – 2 жыл.

Академияның магистранттар контингентін қалыптастыру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі – бюджеттік бағдарламаның әкімшісі айқындайтын қаржыландыру көлемінің шегінде жүзеге асырылады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен магистратураға қабылданатын азаматтардың санын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бекітеді.

Академияның магистратурасына түсу емтихандарын өткізу және оқуға қабылдау кезеңіне қабылдау, пәндік емтихандық және апелляциялық комиссиялар құрылады, оның құрамы мен өкілеттігін Академия ректоры бекітеді.

Академияның ректоры қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады. Қабылдау комиссиясы магистратураға қабылдау мәселелерін шешеді.

Академияның қабылдау комиссиясы мыналарды айқындайды және хабарлайды:

  • Академияның магистратурасына қабылдау ережелері;
  • құжаттарды қабылдау жарияланған мамандықтардың лицензияға сәйкес тізбесі;
  • әрбір мамандық бойынша республикалық бюджеттен қаржыланатын орын саны;
  • әрбір мамандыққа түсу емтихандарының тізбесі, олардың бағдарламалары, оларды өткізу тәртібі, сондай-ақ оқуға түсушілердің білімін бағалау жүйесі;
  • бюджеттен қаржыланатын орындарға қабылдауды ұйымдастыру;
  • оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша апелляцияларды беру және қарау ережелері;
  • Академия магистратурасына қабылдау тәртібі. 

Академияның магистратурасына мемлекеттік секторда жұмыс істейтін, жоғары кәсіптік білімі бар, мамандығы бойынша еңбек өтілі 2 жылдан кем емес, 35 жасқа дейінгі, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының жолдамасы бойынша қабылданады.***

«6N0202-Халықаралық қатынастар» мамандығына мемлекеттік қызметшілер қатарынан – дипломатиялық қызмет персоналы, жоғары кәсіптік білімі бар, дипломатиялық қызмет саласындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес және дипломатиялық дәрежесі 3-хатшыдан төмен емес, 40 жасқа дейінгі азаматтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР СІМ) құрылымдық бөлімшелері басшыларының жолдамасы бойынша қабылданады.

  

Оқуға түсу емтихандарын өткізу тәртібі.

Магистранттар қатарына оқудың алдыңғы деңгейлеріндегі жалпы рейтингілік балы 4,0 кем (5 балдық шкала бойынша) балл жинаған азаматтар қабылдауға жіберілмейді.

Академияның қабылдау комиссиясына мына құжаттар өткізіледі:

  • ректордың атына жазылған өтініш;
  • жоғары кәсіптік білім туралы құжат қосымшасымен (түпнұсқа);
  • 3х4 көлемді 6 фотосурет;
  • 086-У үлгідегі медициналық анықтама;
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • жұмыс орнынан жолдама және мінездеме;
  • еңбек кітапшасының нотариалды расталған көшірмесі;
  • жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған істеген қызметтерінің тізімі, мемлекеттік қызметтегі санаты мен еңбек өтілі көрсетілген анықтама.

Магистратураға түсушілер шет тілінен, арнайы пәннен оқуға түсу емтихандарын тапсырады.

Академияның қабылдау комиссиясы шет тілі мен арнайы пән бойынша емтиханды жоғары кәсіби білімнің алдыңғы деңгейлерінің бағдарламасы көлемінде жүргізеді.

Емтихандарды қайта тапсыруға жол берілмейді. Академияның магистратурасына қабылдау емтихандарының бағдарламалары жоғары кәсіптік білім пәндері бойынша типтік бағдарламалар негізінде қалыптасады.

Қабылдау комиссиясының шешімімен келіспеген оқуға түсушінің апелляциялық комиссияға өтініш беруге құқығы бар. Апелляциялық комиссия өтініштерді қарастырып болғаннан кейін, емтихан жұмыстарының бағасы туралы соңғы шешімді шығарады.

 

Магистратураға қабылдау тәртібі        

Қабылдау комиссиясы магистранттар қатарына қабылдауды оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырады. Конкурстың қорытындысын шығару кезінде Академияға магистрлік білім бағдарламасын игеруге аса қабілетті және дайындығы мол азаматтар қабылданады.

Магистранттар қатарына қабылдауға шет тілі және арнайы пән бойынша оқуға түсу емтихандарынан 8 балдан кем (әрбір пән бойынша білімін бағалаудың 5 балдық шкала кезінде) балл жинаған азаматтар жіберілмейді.

 Бірдей балл жинаған жағдайда үздік үлгідегі жоғары кәсіптік білімі туралы дипломы бар азаматтар басым құқыққа ие болады.

Қабылдау комиссиясы Академияның Ғылыми кеңесіне магистранттар қабылдауды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарының қорытындысы туралы есеп береді.

Мемлекеттік қызметшінің жұмыс орны (лауазымы) сақталады, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1611 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы туралы Ереженің 31-тармағына сәйкес жұмыс орны бойынша мемлекеттік стипендия төленетін болады (соңғы жұмыс орны бойынша лауазамдық жалақы мөлшерiнде).