Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі облыстық комиссияның отырысы

2019 жылғы 21 мамырда облыс әкімі Б. Ж. Бақауовтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында сыбайлас жемқорлық қаупін жою және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс жағдайы туралы, сондай – ақ сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы (“Ертіс-адалдық алаңы” жобасы аясында) облыс денсаулық сақтау басқармасының басшысы О. С. Мұқашев және облыс білім басқармасының басшысы Д. Болатханұлы тыңдалды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша барлық мемлекеттік органдарға, қала және аудан әкімдеріне, облыс басқармаларына келесі тапсырмалар берілді:

– 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша

облыстың қалалары мен аудандарының Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі;

– қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласында;

– “сыбайлас жемқорлықтан азат аймақтар” жобасын іске асыруға бағытталған жұмысты жандандыру»;

– Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және электрондық форматта ұсыну мәселелерін бақылауға алу;

– Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша 2018-2020 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмысты жалғастыру.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасы:

– тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде азаматтардың дәрілік заттармен қамтамасыз етілуіне және медициналық мекемелердің цифрландыру енгізілуіне бақылауды күшейту;

Облыстың білім басқармасы Облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен бірлесіп:

– оқу орындарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия жұмысының ашықтығы мен өзектілігін, оның ішінде олардың құрамына студенттер мен ҮЕҰ өкілдерін енгізу жолымен қамтамасыз ету;

– оқу орындарының оқушылары мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты күшейту.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шарасы ретінде

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біздің мемлекетте кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға көп көңіл бөлінуде, оның басты міндеті халыққа және мемлекетке қызмет ету болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас  жемқорлыққа қарсы стратегиясында негіз қалаушы бағыт болып сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындауына ілеспе жағдайлар мен себептерді анықтау және төмендету айқындалған.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау сияқты институт енгізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау – құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен лауазымды тұлғаларына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды өз бетінше анықтауға және зерделеуге, органның немесе лауазымды тұлғаның азаматтардың құқықтары мен міндеттерін қозғайтын, көзделмеген басқарушылық шешім қабылдау немесе оны қабылдаудан негізсіз бас тарту мүмкіндігін уақтылы тоқтатуға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу келешекте лауазымды тұлғаның өз құзыретіне кірмейтін шешімдер қабылдау қызметін тоқтатуға, азаматтарға қолданыстағы заңнаманың ережелеріне негізделмеген қиын немесе ауыр талаптарды қоюға жол бермеуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды зерделеу азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын іске асырумен байланысты қандай да бір істі қарау кезінде лауазымды тұлғаның белгіленген тәртіптен ауытқитын не оны өз қалауы бойынша өзгертетін шешімдерін анықтауға және жоюға мүмкіндік береді.

2018 жылы облыстық арнайы мониторингтік топтың 12 отырысы өткізілді, оның ішінде 10-ы облыс қалалары мен аудандарына барумен, онда өңірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясат мәселелері бойынша әкімдер аппараты басшыларының есептері тыңдалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру сапасын арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге қатысты 60-тан астам ұсыным әзірленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауда және жоюда, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігінде жұртшылықтың рөлін күшейту қоғамды одан әрі дамытуда, мемлекеттің беделіне және мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын арттыруда үлкен маңызға ие.

 Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі

А. Әмірин

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері

План мероприятий на каз

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Павлодар облысының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы (2016.22.01. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы Жарлығы

 

Павлодар облысының қалалары мен аудандарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар құрылды, оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, «Нұр Отан» партиясы филиалының, жастар бастамаларын дамыту орталығының, жұртшылықтың, мемлекеттік органдардың өкілдері және мәслихаттар депутаттары кірді, сондай-ақ мобильді топтардың жұмыс кестелері бекітілді.

Мобильді топ өз жұмысын 2017 жылғы қазаннан бастайды.

 

Ағымдағы жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруды сыртқы талдау және бағалау арнайы мониторингтеу тобының отырысы аясында Жоспар жобасы талқыланған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау тетіктері» тақырыбы бойынша конференция өткізілді.

Конференция жұмысына облыс жоғары оқу орындарының оқытушы-профессор құрамының, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының және Павлодар облысы жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.

 

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанында азаматтарға, мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ басқа да тұлғаларға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттандыру жүйесін дамыту мен таратуды ұйымдастыру мақсатында 1424 Call-center (Кеңес беру орталығы) құрылып қызмет көрсетуде. Бұл туралы толық ақпаратпен Агенттіктің anticorruption.gov.kz  сайтынан танысуға болады.

Кеңес беру орталығына қоңырау бүкіл республика бойынша қалалық телефон мен ұялы байланыс операторлары арқылы абоненттермен «1424» (қоңыраулар тегін) нөмірін теру бойынша жүзеге асырылады.

Кеңес беру орталығының басты міндеті мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, тұрғындарға сапалы құқықтық көмек көрсету және азаматтардың, сонымен қатар өзге де мүдделі тұлғалардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады.  

Осы міндеттерді жүзеге асыру барысында Орталық қызметкерлері тұрғындарға заңнама нормаларын және мемлекеттік қызметтердің ұсынылу тәртібін түсіндіреді, сонымен бірге азаматтардың сыбайлас жемқорлық сипатындағы өтініштерін қабылдайды.