“Ашық үкімет”: қалай жұмыс істейді

Азаматтарға ашық есеп беретін мемлекетті құру, азаматтардың мемлекетті басқарудағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды пайдалану, билік органдарының жұмысын барынша ашық және түсінікті ету — бұлар «Ашық үкімет» бағдарламасының алдында тұрған міндеттер.

 

 Ашық үкімет 5 компоненттен тұрады: “Ашық деректер”,” Ашық НҚА”, ” Ашық бюджеттер”, ” Ашық диалог” және “мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау”.

  Ашық деректер – бұл мемлекеттік органдардың жалпыға қолжетімді деректері орналастырылатын алаң. Мұндай ақпаратты тізім түрінде де, картада да көруге болады. Бір нұсқаумен кез келген Павлодар емханасының, мектептің, мұражайдың және басқа да мемлекеттік және әлеуметтік мекемелердің мекен-жайы мен жұмыс шарттарын білуге болады. Барлық нысандар санаттарға бөлінеді – білім беру, денсаулық сақтау, сауда тағы басқасы бар.

    Ашық НҚА – әзірленіп жатқан заң жобаларын, мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын және рұқсат беру құжаттарын талқылауға арналған бірыңғай алаң. Кез келген өз пікірін білдіре алады және НҚА әзірлеуге қатыса алады. Ашық НҚА әрбір азаматқа мемлекеттік орган мен жоғары тұрған инстанцияларға келісуге барғанға дейін жобамен танысуға мүмкіндік береді.

     Ашық бюджеттер – портал бірінші кезекте азаматтардың мемлекеттегі “бюджет” ұғымы туралы түсінігін жеңілдету және бюджет қаражатының жұмсалуын қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға ықпал ету үшін құрылды. “Ашық бюджеттер” порталында: бюджеттік есептілік; шоғырландырылған қаржылық есептілік; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері, бюджеттік бағдарламалардың жобалары; бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер орналастырылады. 

   Ашық диалог – бұл қашықтықты, кезек тұру сияқты кедергілерді жоятын халық пен мемлекет арасындағы диалог құратын ашық алаң. Мұнда пайдаланушылар тікелей мемлекеттік органның немесе жергілікті әкімдікке басшының қабылдауында жеке қатысудың қажеттілігінсіз тікелей сұрау салады және ұсыныстар жібере алады.  Портал үш негізгі сервистен тұрады: АҚ бірінші басшыларының блог-платформасы, интернет-конференциялар, сауалнама. Мемлекеттік қызметшілердің блог-платформасында өтініштерді қарау және қарау тәртібі «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңда белгіленген.  «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 11-бабының 5-тармағына сәйкес блог платформасына сұраныс жіберу жазбаша сұранысқа теңестіріледі. Электрондық үкімет порталында аккаунтың болса және оған абоненттік нөмір қосылған болса, сұрау қол қоюды қажет етпейді.

       Сондай – ақ, компонентке жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен интернет-конференциялар кіреді. Осындай конференциялар кезінде азаматтар өз сұрақтарына интерактивті режимде жауап алады. Сондай-ақ, порталда сауалнамалар жүргізіледі, оның негізгі мақсаты жарияланған сауалнамалар арқылы пайдаланушылардың пікірлерін жинау, олармен байланыс құру, шағымдары мен үміттерін білу болып табылады.

     Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау азаматтарға: мемлекеттік органдарды бағалау жүйесімен танысуға, әрбір мемлекеттік органның бағалау нәтижелерін жалпы түрде және бағалау блоктары бөлінісінде көруге, бағалау нәтижелеріне сәйкес мемлекеттік органдардың рейтингін көруге, ОМО стратегиялық жоспарларын іске асыру туралы есептермен және ЖАО аумақтарын дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есептермен танысуға, мемлекеттік органдардың қызметін жария талқылауға қатысуға мүмкіндік береді.