Ақпараттық хабарлама

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін келетін азаматтардың саны күрт өскенін хабарлайды.

Осы орайда, азаматтар жүргізуші куәліктерін (ЖК) мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, кез-келген уақытта электрондық үкімет порталы арқылы ауыстыра алатынын естеріңізге саламыз. Бұл әдіс ұзын-сонар кезекте тұру мәжбүрлігінен құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге де мүмкіндік береді.

Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру қызметін алу оңай әрі жылдам. Алдымен еgov.kz порталына кіріп, электрондық өтінішті толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суреті де жолданады. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң (мобильді азаматтар базасына тіркелген жағдайда хабарлама SMS түрінде келеді) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын ЖК алып кетуге болады.

Бөлімге барғанда, ауыстыратын ЖК, жеке басыңызды куәландыратын құжатты, өтініш пен баж салығын төлеу туралы электрондық чекті ұсыну қажет. Айта кетсек, жүргізуші куәлігінің баж салығы бұрынғыдай 1,25 АЕК, яғни 3 006,25 теңгені құрайды.

Егер ЖК мерзімі өтіп кетсе, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.

Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру қызметін биыл жыл басынан бері 1,6 мың адам пайдаланған.

 

Бейне клип

Енді көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін ауылдық ХҚО арқылы ауыстыруға болады

Ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан бөлімдерінің қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пилоттық тәртіпте жұмыс істей бастады. Олар көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша құжаттарды қабылдайды.

ҚР ІІМ-нің әкімшілік полициясының ТЭБ қызметкерлерін аудандық ХҚО бөлімдерінде орналастыру туралы шешім ҚРПремьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев төрағалықететін ведомствоаралық комиссиядақабылданды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы арнайы мониторингтік тобы ұсынғанжаңа жүйеніңартықшылығын алғашқы болып Қарағанды облысы Осакаров ауданының және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғындары бағалай алады. Көп ұзамай бұл жоба «Азаматтарға арналған үкіметтің» тағы 21 фронт-офисінде жүзеге асырылады.

Жаңашылдықтың арқасында автокөлік иелері үшін жүргізуші куәлігін ауыстыру және көліктерді тіркеу жұмыстары айтарлықтай жеңілдейді. Енді оларға облыстық мамандандырылған ХҚО-ға бару немесе ішкі істер органдарына тікелей жүгінудің қажеті жоқ. Ескеретін жайт, жүргізуші куәлігін алғашқы рет алушыларға бұл жоба аясында қызмет көрсетілмейді.

Осакаров аудандық №1 бөлімі Осакаров ауылы Пристанционная көшесі, 12 үй мекенжайы бойынша, ал Тайынша аудандық бөлімі Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 208 үй мекенжайы бойынша орналасқан.

Еске сала кетсек, 2012 жылдан бері Қазақстанда бір терезе қағидаты бойынша азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру және көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда елімізде 14 мамандандырылған ХҚО және 3 сектор бар. Биыл Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында мамандандырылған ХҚО бөлімдерін ашу жоспарланып отыр.

 

Анықтама үшін:

ТЕБ-нің қызметкерлері орналасатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері:

  1. Ақмола облысы Целиноград ауданының №1 ХҚО бөлімі;
  2. Ақмола облысы Жарқайын ауданының ХҚО бөлімі;
  3. Ақмола облысы Есіл ауданының ХҚО бөлімі;
  4. Ақмола облысы Атбасар ауданының ХҚО бөлімі;
  5. Ақмола облысы Ақкөл ауданының ХҚО бөлімі;
  6. Ақмола облысы Степногорск қ. ХҚО бөлімі;
  7. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының ХҚО бөлімі;
  8. Жамбыл облысы Талас ауданының ХҚО бөлімі;
  9. Жамбыл облысы Сарысу ауданының ХҚО бөлімі;
  10. Павлодар облысы Ақсу қ. ХҚО бөлімі;
  11. Батыс Қазақстан облысы Бурлинский ауданының ХҚО бөлімі;
  12. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының ХҚО бөлімі;
  13. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ХҚО бөлімі;
  14. Атырау облысы Жылыой ауданының ХҚО бөлімі;
  15. Қызылорда облысы Қазалы ауданының ХҚО бөлімі;
  16. Қызылорда облысы Жалағаш ауданының ХҚО бөлімі;
  17. Қызылорда облысы Арал ауданының ХҚО бөлімі;
  18. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының ХҚО бөлімі;
  19. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының ХҚО бөілімі;
  20. Қызылорда облысы Шиелі ауданының ХҚО бөлімі;
  21. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының ХҚО бөлімі (ЖК беру қызметі);
  22. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қ. ХҚО бөлімі;
  23. Қарағанды облысы Осакаров ауданының №1 ХҚО бөлімі.

Енді мекенжай бойынша онлайн-тіркелуге жиырма минут қана жеткілікті

Қазақстанда электрондық үкімет порталында тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркелу рәсімі өзгерді. Енді бұл үшін азаматтарға 20 минут жеткілікті.  Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес биыл  қаңтар айынан бастап тіркеуге мемлекеттік баж алынбайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын электрондық үкімет порталы арқылы тіркелгенде 10 % АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеу керек болатын. Сосын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне келіп, жеке куәлік чипына тіркеу туралы деректер жазбасын енгізу үшін көші-қон қызметкеріне жүгіну қажет еді. Ал биылғы наурыз айынан бастап портал арқылы  тұрғылықты жері бойынша тіркелу рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді.

Енді жылжымайтын мүлік иесі және тіркелетін азамат egov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін, тіркелетін азамат өтініш беріп, меншік иесі өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен растауы тиіс.

Өтініш берілгеннен кейін  деректер шамамен 10 минутта өңделеді, содан кейін тіркелген мекенжай бойынша  анықтама  алуға  тапсырыс беруге болады.

Бұл қызметке ЭЦҚ-сы бар кез-келген азамат Қазақстанның барлық аймақтарында қол жеткізе алады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Баспасөз қызметі

 тел.: 8 7172 647 920

e-mail: pressa_nao@goscorp.kz