Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпарат

2018 жылғы 1 желтоқсандағы  жағдай бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 247,0 млн. теңге сомасында 6781 аз қамтылған азаматқа  тағайындалды. Осы көмек табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға көрсетіледі, 2018 жылғы 4 тоқсанда 14142 теңгені құрайды.

Коммуналдық қызметтер үшін шекті ұйғарынды нормалардың үлесі жиынтық табысының 7% асатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегі беріледі. Жыл басынан бастап тұрғын үй көмегі 79,1 млн. теңге сомасында 4095 аз қамтамасыз етілген отбасыға тағайындалды.

Қайырымдылық көмек әртүрлі қаржыландыру көздерден  111,9 млн. теңге сомасында 14 мыңнан аса аз қамтамасыз етілген азаматқа көрсетілді. Соның ішінде қайырымдылық асханаларда, тегін бір жолғы тамақтану орындарда 23,6 млн. теңге сомасында 5818 адамға  қызмет көрсетілді;  халыққа киім, аяқ киім жинау және тарату орындарының қызметімен 970,0 мың теңге сомасында 91 адам пайдаланды, 3656 адам 18,7 млн. теңге сомасына жеңілдікпен рецепт алды.

Атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат

2018 жылғы қаңтардан бастап облыста жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек енгізілді.

Осыған байланысты 2017 жылы кең ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді. Осылай, аз қамтамасыз етілген азаматтарды жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмекпен барынша қамту мақсатында облыс қалалары мен аудандарында ауылдық елді-мекендерге шығумен халық жиындарын өткізу, радиода, телеарналарда сөйлеу, баспа басылымдарында мақалалар жариялау арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Халық радиода» 3 сөз сөйлеу, «Ирбис», «Ертіс» облыстық телеарналарында 6 рет сұхбат беру өткізілді, облыстық, аймақтық баспа басылымдарында 32 мақала жарияланды, ауылдық елді мекендердің тұрғындарымен 380 жиындары өткізілді.  

Қалалар мен аудандардың орталық көшелерінде жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат орналастырылған баннерлер, led-экрандар орнатылды, ХҚКО, жұмыспен қамту орталықтарына, денсаулық сақтау ұйымдарына, Казпошта бөлімшелеріне және т.б. келушілері үшін визиттік кәртішкесі мөлшерінде жиналмалы түрінде баспа өнімдері жасалынды. Осы нысандағы ақпарат тұрғындары үшін ыңғайлысы – үнемі «қол астында» болу.

Ағымдағы жылы ақпараттық жұмыс жалғастырылуда. «Ертіс» және «Ирбис» телеарналарында жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек туралы сұхбат, облыс әкімінің баспа-қызметінде брифинг өткізілді, облыстық және аудандық баспа басылымдарында мақалалар жарияланды.

2018 жылдың басынан бастап атаулы әлеуметтік көмекке жазған өтініштерді Халықты жұмыспен қамту орталықтары мен ауылдық округтарының әкімдері қабылдайды.

Ағымдағы жыл басынан бастап жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек 188,2 млн. теңге жалпы сомасында 5893 аз қамтамасыз етілген азаматқа тағайындалды, оның ішінде шартты ақшалай көмек – 4175 адам, шартсыз ақшалай көмек – 1718 адам.

Шартты ақшалай көмек алушыларымен отбасының жұмысқа жарамды мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік келісім шарттар жасалынады.

Жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек енгізілген басынан бастап жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 581 жұмыссыз еңбекке жарамды азамат тартылды, соның ішінде 399 адам – тұрақты жұмысқа, 24 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, қоғамдық  жұмыстарға – 113 адам, қайта оқуға және біліктілікті арттыруға – 44 адам, жастар практикасына – 1 адам жіберілді.

Атаулы әлеуметтік көмектің 7 алушысы меншікті ісін ашты.

Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпарат

2018 жылғы 1 қыркүйектегі  жағдай бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 163,1 млн. теңге сомасында 5651 аз қамтылған азаматқа  тағайындалды. Осы көмек табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға көрсетіледі, 2018 жылғы 3 тоқсанда 14142 теңгені құрайды.

         Коммуналдық қызметтер үшін шекті ұйғарынды нормалардың үлесі жиынтық табысының 7% асатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегі беріледі. Жыл басынан бастап тұрғын үй көмегі 62,8 млн. теңге сомасында 3993  аз қамтамасыз етілген отбасыға тағайындалды.

Қайырымдылық көмек әртүрлі қаржыландыру көздерден 64,8 млн. теңге сомасында 7 мыңнан аса аз қамтамасыз етілген азаматқа көрсетілді. Соның ішінде қайырымдылық асханаларда, тегін бір жолғы тамақтану орындарда 18,1 млн. теңге сомасында 4362 адамға  қызмет көрсетілді;  халыққа киім, аяқ киім жинау және тарату орындарының қызметімен 507,0 мың теңге сомасында 41 адам пайдаланды, 407 адам  1122,0 мың теңге сомасына жеңілдікпен рецепт алды.

Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпарат

2018 жылғы 1 тамыздағы  жағдай бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 139,0 млн. теңге сомасында 5422 аз қамтылған азаматқа  тағайындалды. Осы көмек табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға көрсетіледі, 2018 жылғы 3 тоқсанда 14142 теңгені құрайды.

         Коммуналдық қызметтер үшін шекті ұйғарынды нормалардың үлесі жиынтық табысының 7% асатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегі беріледі. Жыл басынан бастап тұрғын үй көмегі 58,5 млн. теңге сомасында 3971  аз қамтамасыз етілген отбасыға тағайындалды.

Қайырымдылық көмек әртүрлі қаржыландыру көздерден 64,8 млн. теңге сомасында 7 мыңнан аса аз қамтамасыз етілген азаматқа көрсетілді. Соның ішінде қайырымдылық асханаларда, тегін бір жолғы тамақтану орындарда 18,1 млн. теңге сомасында 4362 адамға  қызмет көрсетілді;  халыққа киім, аяқ киім жинау және тарату орындарының қызметімен 507,0 мың теңге сомасында 41 адам пайдаланды, 407 адам  1122,0 мың теңге сомасына жеңілдікпен рецепт алды.

Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпарат

2018 жылғы 1 сәуірдегі  жағдай бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 43,8 млн. теңге сомасында 3731 аз қамтылған азаматқа  тағайындалды. Осы көмек табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға көрсетіледі, 2018 жылғы 1 тоқсанда 10819 теңгені құрайды.

Коммуналдық қызметтер үшін шекті ұйғарынды нормалардың үлесі жиынтық табысының 7% асатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегі беріледі. Жыл басынан бастап тұрғын үй көмегі 27,5 млн. теңге сомасында 3650  аз қамтамасыз етілген отбасыға тағайындалды.

Қайырымдылық көмек әртүрлі қаржыландыру көздерден  26,8  млн. теңге сомасында 4000 аса аз қамтамасыз етілген азаматқа көрсетілді. Соның ішінде қайырымдылық асханаларда, тегін бір жолғы тамақтану орындарда  9,6 млн. теңге сомасында 2238 адамға  қызмет көрсетілді;  халыққа киім, аяқ киім жинау және тарату орындарының қызметімен 383,0 мың теңге сомасында 41 адам пайдаланды, 371 адам 842,5 мың теңге сомасына жеңілдікпен рецепт алды.

Орнатылды: 24.04.2018 19:05

Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпарат

2017 жылғы 1 шілдедегі  жағдай бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 7,4 млн. теңге сомасында 381 аз қамтылған азаматқа  тағайындалды. Осы көмек табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға көрсетіледі, 2017 жылғы 2 тоқсанда 8022 теңгені құрайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың орташа статистикалық әлеуметтік сипаты мынадай: барлығы – 381 адам, соның ішінде: 18 жасқа толмаған балалар – 63,2%, жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар – 6,0%, жалданып істейтіндер – 3,9%,  зейнеткерлер-2,4%, барлық топтағы мүгедектер – 2,4%, студенттер – 4,4%, балаларды күтуімен айналысатын адамдар – 17,1%, басқалар – 0,3%, өз бетімен жұмыс істейтіндер – 0,3%.

Балаларға арналған жәрдемақы 28,9 млн. теңге сомасында 985 отбасыға (оның ішінде 2679 балаға) тағайындалды. Балаларға арналған жәрдемақыны жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен төмен отбасылар алады, ол 2017 жылғы 2 тоқсанда 12034 теңгені құрайды.

Коммуналдық қызметтер үшін шекті ұйғарынды нормалардың үлесі жиынтық табысының 7% асатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегі беріледі. Жыл басынан бастап тұрғын үй көмегі 60,3 млн. теңге сомасында 4556 аз қамтамасыз етілген отбасыға тағайындалды.

Қайырымдылық көмек әртүрлі қаржыландыру көздерден  68,6 млн. теңге сомасында 11,0 аса аз қамтамасыз етілген азаматқа көрсетілді. Соның ішінде қайырымдылық асханаларда, тегін бір жолғы тамақтану орындарда 17,9 млн. теңге сомасында 3958 адамға  қызмет көрсетілді;  халыққа киім, аяқ киім жинау және тарату орындарының қызметімен 842,2 мың теңге сомасында 127 адам пайдаланды; 1151 адам 2,6 млн. теңге сомасына жеңілдікпен рецепт алды.

Павлодар облысында ҰОС қатысушыларын әлеуметтік қорғау туралы

2017 жылғы 1 шілдеде Павлодар облысында 112 мыңнан астам зейнеткер тұрады, соның ішінде 137 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, 2016 – соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар, 7685 – 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен адамдар тұрады.  

Облыстың қалалар мен аудандарында соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне жергілікті бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, тіс протездеуге, тұрғын үйді жөндеуге, бұқаралық ақпарат құралдарының баспасөз басылымдарына жазылуды ұйымдастыруға арналған шығындардың орны толық толтырылады.

2017 жылдың ішінде ҰОС-ның 3 қатысушысына пәтер кілті берілді. Тұрғын үй алуға кезекте тұрған адамдар жоқ, ауылдық жерлерден қалаға қоныс аударушылар объектілерді пайдалануға енгізу шаралары бойынша тұрғын үй алады.    

Екінші тоқсандықтың қорытындысы бойынша:

– тіс протездеу қызметі 70,0 мың теңге жалпы сомасына 5 ардагерге  көрсетілді;

– тұрғын үй жөндеуге 2366,1 мың теңге жалпы сомасына ҰОС-ның 9 қатысушысына көрсетілді. 

– бұқаралық ақпарат құралдарының мерзімді басылымдарына жазылу 39 адамға ұйымдастырылды – 241,8 мың теңге жалпы сомасына.

– 1246 ардагер, соның ішінде ҰОС-ның 139 қатысушысы 16203,0 мың теңге сомасына коммуналдық қызметтерді төлеуге материалдық көмек алды; ҰОС-ның 2 қатысушысы 45,4 мың теңге жалпы сомасында отынмен қамтамасыз етілген.  

Қиын өмірлік жағдайға түскен қарт адамдарға стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі, тіршілік әрекет жағдайлары жасалады, күтіммен, медициналық қызмет көрсетумен, оңалтумен қамтамасыз етіледі, бос уақытты өткізу мен демалыс ұйымдастырылады.

 Бұл үшін облыс бойынша қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жанында 22 әлеуметтік көмек бөлімшесі және ауылдық округтерде 99 бөлімше қызмет етеді.

3 ведомстволық бағынысты мекеменің базасында («Ардагерлер үйі» облыстық оңалту орталығында, Павлодар және Ақсу қалаларының жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы) күндізгі бөлімшелер ашылды, мұнда ай сайын 100-ге жуық адам оңалту курсын өтеді.

Стационар, жартылай стационар жағдайында және үйде әлеуметтік қызмет  727 адамға көосетілді, соның ішінде ҰОС қатысушылары – 26 адам, жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар – 16 адам, тыл еңбекшілері – 662 адам, еңбек ардагерлері – 5 адам.

827 медициналық тексеру өткізілді, соның ішінде ҰОС қатысушылары – 17,  жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар – 228 адам, тыл еңбекшілері – 582 адам.

ҰОС мүгедектері оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілді (гигиеналық құралдар, есту аппараттары).

Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпарат

2017 жылғы 1 мамырдағы  жағдай бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  4,9 млн. теңге сомасында 353 аз қамтылған азаматқа  тағайындалды. Осы көмек табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға көрсетіледі, 2017 жылғы 2 тоқсанда 8022 теңгені құрайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың орташа статистикалық әлеуметтік сипаты мынадай: барлығы – 353 адам, соның ішінде: 18 жасқа толмаған балалар – 64,0%, жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар – 5,9%, жалданып істейтіндер – 3,4%,  зейнеткерлер-1,9%, барлық топтағы мүгедектер – 2,5%, студенттер – 3,7%, балаларды күтуімен айналысатын адамдар – 17,8%, басқалар – 0,3%, өз бетімен жұмыс істейтіндер – 0,3%.

Балаларға арналған жәрдемақы 18,9 млн. теңге сомасында 909 отбасыға (оның ішінде 2522 балаға) тағайындалды. Балаларға арналған жәрдемақыны жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен төмен отбасылар алады, ол 2017 жылғы 2 тоқсанда 12034 теңгені құрайды.

Коммуналдық қызметтер үшін шекті ұйғарынды нормалардың үлесі жиынтық табысының 7% асатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегі беріледі. Жыл басынан бастап тұрғын үй көмегі 42,8 млн. теңге сомасында 4378 аз қамтамасыз етілген отбасыға тағайындалды.

Қайырымдылық көмек әртүрлі қаржыландыру көздерден  47,6 млн. теңге сомасында 10,0 аса аз қамтамасыз етілген азаматқа көрсетілді. Соның ішінде қайырымдылық асханаларда, тегін бір жолғы тамақтану орындарда 14,4 млн. теңге сомасында 3486 адамға  қызмет көрсетілді;  халыққа киім, аяқ киім жинау және тарату орындарының қызметімен 693,2 мың теңге сомасында 126 адам пайдаланды; 824 адам 2,2 млн. теңге сомасына жеңілдікпен рецепт алды.

Өзгертілді: 16.01.2015 10:44
Орналастырылды: 29.05.2017 10:51

«Қарт адамдар үшін арнаулы көмек ұйымдастыру» МЖМС жобасы

Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Қарт адамдар үшін арнаулы көмек ұйымдастыру» МЖМС жобасын бастамашылық етті.

Жоба Павлодар облысы мен Павлодар қаласының қарт азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетуді қарастырады.

Аталған қызметтер мыналарды: санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы талаптарға сәйкес келетін, қажетті жиһаз бен және төсек орындармен қамтамасыз етілген тұруға арналған жайлар беруді, төрт уақытылы ас беруді қамтиды.

Емдеу бойынша қызметтерді ұйымдастыру, атап айтқанда: ЕДТ, ұқалау, емдеу кабинеті, физиотерапевтік емдеу, галокамера, панты ваннасы, фито-бар, скандинавты жүріс.

Жаңа өмір сүру шарттарына бейімделу үшін психологиялық тренингтер, психологиялық қарбаластықты анықтайтын жұмыстар жүргізу.

Түрлі шараларды ұйымдастыру (концерт, тақырыпты кештер, театрлар және мұражайларға бару, балық аулауға бару, саңырауқұлақтарды жинауға орманға бару және т.б.).

Аталған жоба қамқорлықтағы адамдарды тексеру және кеңес беру үшін білікті мамандарды жұмылдыруды көздейді.

Жоспарлаған МЖМС жобасын іске асыруға қызығушылық танытқан әлеуетті жеке серіктестер өздері туралы негізгі ақпаратты көрсете отыра, баламалы ұсыныс енгізуде, соның ішінде:

әлеуетті жеке серіктестің атауы және мекенжайы;

мемлекеттік тиістілік (заңды тұлғалар үшін), азаматтық (жеке тұлғалар үшін);

әлеуетті жеке серіктестіктің басшылығы туралы немесе заңды және жеке серіктестікті уәкілі туралы ақпарат;

2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 «Жеке меншік серіктестіктің жобаларын іске асыру және жобалау тәртібі» 137-тармағына сәйкес әлеуетті серіктестің интелектуалды шығармашылық қызметінің қорытындысына рұқсат, немесе объектінің ұзақ уақытқа жалға алу немесе жеке мүлкіні растайтын құжат.

Іске асыру туралы баламалы ұсыныстар 2017 жылғы 21 сәуірге дейін Павлодар қаласы, Ленин көшесі 59, 101 каб. қабылданады. Облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының байланыс телефондары: 764024, 764011.

Өзгертілді: 24.03.2017 08:47
Орналастырылды: 24.03.2017 17:45

Мүгедектің жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы (2.7 Mb, pdf)

Өзгертілді: 12.02.2016 11:26
Орналастырылды: 12.02.2016 11:40