Информация о ситуации на рынке труда Павлодарской области

По состоянию на 1 декабря 2018 года по области создано 13179 новых рабочих мест, в том числе 9129 постоянных (69,3%) (план на декабрь – 50).

Меры по обеспечению занятости населения реализуются в рамках Комплексного плана содействия занятости населения по Павлодарской области на 2018 год, куда включены мероприятия Программы продуктивной занятости и развития массового предпринимательства (далее Программа) и других программ.

За истекший период 2018 года при плане 22025 активными мерами занятости охвачено 26921 человек (122,2%), в том числе по Программе – 6186 чел. (план – 5645).

На учете в органах занятости области состоит 5122 безработных. Доля зарегистрированных безработных в численности экономически активного населения составляет 1,2 %.

Павлодар облысындағы тіркелген еңбек нарығындағы ахуал туралы ақпарат

2018 жылғы 1 қырқүйек  жағдайына облыс бойынша 9268 жаңа жұмыс орны ашылды, соның ішінде 6370 тұрақты (68,7%) (маусымға жоспар – 1000).

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) және басқа бағдарламалардың іс-шаралары енгізілген Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі 2018 жылға арналған Павлодар облысының кешенді жоспары шеңберінде іске асырылады.

2018 жылы өткен кезең ішінде 22025 жоспар бойынша белсенді жұмыспен қамту шараларымен 17565 адам (79,8 %) қамтылды, соның ішінде бағдарламасы бойынша – 3151 адам (жоспар-5645).  

Облыс жұмыспен қамту органдарының есебіне 6455 жұмыссыз алынды. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 1,6 %-ды құрайды.

Павлодар облысындағы тіркелген еңбек нарығындағы ахуал туралы ақпарат

2018 жылғы 1 тамыз  жағдайына облыс бойынша 8149 жаңа жұмыс орны ашылды, соның ішінде 5510 тұрақты (67,6%) (маусымға жоспар – 1200).

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) және басқа бағдарламалардың іс-шаралары енгізілген Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі 2018 жылға арналған Павлодар облысының кешенді жоспары шеңберінде іске асырылады.

2018 жылы өткен кезең ішінде 22025 жоспар бойынша белсенді жұмыспен қамту шараларымен 15210 адам (69,1 %) қамтылды, соның ішінде бағдарламасы бойынша – 2971 адам (жоспар-5645).  

Облыс жұмыспен қамту органдарының есебіне 6550 жұмыссыз алынды. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 1,6 %-ды құрайды.

Павлодар облысындағы тіркелген еңбек нарығындағы ахуал туралы ақпарат

2018 жылғы 1 сәуір  жағдайына облыс бойынша 1562 жаңа жұмыс орны ашылды, соның ішінде 1213 тұрақты (77,7%)(сәуір айына жоспар – 600).

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) және басқа бағдарламалардың іс-шаралары енгізілген Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі 2018 жылға арналған Павлодар облысының кешенді жоспары шеңберінде іске асырылады.

2018 жылы өткен кезең ішінде 22025 жоспар бойынша белсенді жұмыспен қамту шараларымен 5582 адам (25,3 %) қамтылды, соның ішінде бағдарламасы бойынша – 1026 адам (жоспар-5645).

Облыс жұмыспен қамту органдарының есебіне 4844 жұмыссыз алынды. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 1,2 %-ды құрайды.

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы туралы ақпарат

2015 жылғы 28 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы (бұдан ары – Заң) қабылданды. Бұл заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.  

Заңда қарастырылған жаңа тәсілдердің қолданыстағы жүйеден айырмашылығы және мәні:

атаулы әлеуметтік көмек (бұдан ары – АӘК) тағайындау үшін қолданылатын кедейлік шегінің мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 40 пайызынан 50 пайызға дейін ұлғайтылады және сәйкесінше, қолданыстағы көмек орнына көрсетілетін болады:

– көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар  (бұдан ары –АМЖ);

– аз қамтамасыз етілген отбасылары үшін 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар;

– аз қамтамасыз етілген үй шаруашылықтарына ұсынылатын атаулы әлеуметтік  көмектің мөлшерін арттыру;

Еңбекке қабілетті жастағы аз қамтылған адамдардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына міндетті түрде қатысуы – алушылардың (отбасының) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу бойынша және әлеуметтік көмек бөлімдерінің жұмысқа (оқуға) орналастыруға жәрдемдесу және өзге де әлеуметік қолдау көрсету бойынша міндеттері анықталатын отбасының белсенділігін арттыру әлеуметтік келісімшарты осы мақсатпен жасалады;

көмек алушылардың экономикалық дербестігін нығайту мақсатында (қолданыстағы жүйе бойынша – АӘК бір тоқсанға тағайындалады) әлеуметтік келісімшарттың (6 айға жасалатын және қажет болғанда 6 айға ұзартылатын) әрекет ету мерзімі кезеңінде, яғни, жыл бойы көмек тағайындау;

отбасын сүйемелдеу институтын енгізу – жоба қатысушыларының әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау бағытын қадағалайтын, сонымен қатар өмірлік қиын жағдайды өз бетімен еңсеру үшін қолдау көрсететін  кеңесшілер мен жоба ассистенттері іске асырады;

жұмыспен қамту орталығы негізінде «бір терезе» қағидасын және бір органға бір құжаттар пакетін ұсыну арқылы аз қамтылған азаматтарға кешенді қызмет көрсетуді енгізу, бұл, сәйкесінше, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау рәсімін жеңілдетеді.

Сонымен қатар, АӘК шартты және шартсыз ақшалай көмек болып 2 түрге жіктелетін болады.

Шартсыз ақшалай көмек шынымен көмекке мұқтаж немесе өмірлік қиын жағдайда жүрген және объективті себептермен (жасы, денсаулық жағдайы, мүгедектігі және басқа да әлеуметтік осалдық) одан өздігінен шыға алмайтын азаматтарға берілетін болады.  

Шартты ақшалай көмек құрамында кемінде бір еңбекке жарамды мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға отбасыны белсендірудің әлеуметтік келісімшартын жасасу және жұмыспен қамтуда қолдау көрсету шараларына (әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу, жұмысқа орналастыру және т.б.) міндетті қатысуы шартында берілетін болады. Бұл кәсіптік даярлық, әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау, жұмысқа орналастыру, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге орналастыруға жәрдемдесу және т.б. болуы мүмкін. Атаулы көмектің мерзімін шектеу және алушылардың міндетті «жауап іс-қимылы» еңбек ынтасын арттыруға және оларға өзін-өзі қамтамасыз етуге көшулеріне мүмкіндік туғызады.

Жаңаша бетбұрыс бойынша АӘК алушылардың жауапкершілігін арттырады. Әлеуметтік келісімшарт жасаудан бас тартқан немесе жасалған әлеуметтік келісімшарт міндеттемелері орындалмаған жағдайда Отбасының еңбекке қабілетті барлық мүшелері санынан АӘК алушыларына санкциялар қолданылатын болады. Яғни әлеуметтік келісімшартты орындауға байланысты ақшалай көмек бірінші рет бас тартқанда 50 пайызға азайтылатын немесе екінші рет бас тартқанда тоқтатылатын болады.  Сонымен қатар балаларға арналған әлеуметтік қолдау сақталып қалады, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу/қатыспауына қарамастан, әр балаға АӘК төленетін болады.

Павлодар облысындағы тіркелген еңбек нарығындағы ахуал туралы ақпарат

2017 жылғы 1 шілде жағдайына облыс бойынша 7186 жаңа жұмыс орны ашылды, соның ішінде 4775 тұрақты (66,4%).

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) және басқа бағдарламалардың іс-шаралары енгізілген Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі 2017 жылға арналған Павлодар облысының кешенді жоспары шеңберінде іске асырылады.

2017 жылы өткен кезең ішінде 18843 жоспар бойынша белсенді жұмыспен қамту шараларымен 9691 адам (51,4 %) қамтылды, соның ішінде бағдарламасы бойынша – 1729 адам (жоспар-3879).

2017 жылғы 1 шілде жағдайына облыс бойынша 4287 бос жұмыс орны бар.

Облыс жұмыспен қамту органдарының есебіне 3670 жұмыссыз алынды. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,9 %-ды құрайды.

Халықты жұмыспен қамту

Павлодар облысының еңбек нарығында тіркелген ахуал туралы ақпарат

2017 жылғы 1 мамыр жағдайына облыс бойынша 3039 жаңа жұмыс орны ашылды, соның ішінде 2080 тұрақты (68,4%).

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) және басқа бағдарламалардың іс-шаралары енгізілген Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі 2017 жылға арналған Павлодар облысының кешенді жоспары шеңберінде іске асырылады.

2017 жылы өткен кезең ішінде 18843 жоспар бойынша белсенді жұмыспен қамту шараларымен 5188 адам (27,5 %) қамтылды, соның ішінде бағдарламасы бойынша – 578 адам (жоспар-3879).

Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға жәрдем алу үшін 8161 адам жүгінді, 3510 жұмыссыз жұмысқа тұрғызылды.

Облыс бойынша жұмысқа тұруға өтініш білдіргендердің санына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың деңгейі – 43,0% құрайды.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде (Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсіптік білім берумен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету) еңбек нарығында талап етілетін кәсіптері және Бағдарламаның 937 қатысушысының дағыдылары бойынша қысқа мерзімді оқыту жоспарлануда. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен (жалпы сипаттың трансферттері) 156,2 млн. теңге  қарастырылды.  

Қаржыландыру жоспарына сәйкес қысқа мерзімді оқытудың басталуы ағымдағы жылғы мамырдан бастап жоспарланды.  

Жоспар кезінде әлеуметтік жұмыс орындарына 1438 жұмысқа орналасты, (81,0%) 1165 жұмыссыздар, соның ішінде бағдарлама бойынша 551 адам (бағдарлама бойынша жоспар 468 адам).

Жоспар кезінде жастар практикасы  оқу орындарының 538 түлегіне 135 ұйымдастырылды (25,1%), соның ішінде бағдарлама бойынша 27 адам (бағдарлама бойынша жоспар – 288).

Қоғамдық жұмыстарға 3159 жоспарланса, 1678 жұмыссыз (53,1%) қатысты.

2017 жылғы 1 мамыр жағдайына облыс бойынша 3953 бос жұмыс орны бар.

Облыс жұмыспен қамту органдарының есебіне 3496 жұмыссыз алынды. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,8 %-ды құрайды.

Өзгертілді: 13.01.2015 10:57
Орналастырылды: 29.05.2017 10:50

Павлодар облысы бойынша бос жұмыс орындардың тізімі (22.06.2017 ж. уәкілеттік органдардың мәліметтері) (49.6 Kb, zip)

Өзгертілді: 13.01.2015 10:42
Орналастырылды: 23.06.2017 12:14