Облыс жас зияткерлерінің кешенді олимпиадасы

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Финист» компаниясымен бірлесіп 2018 жылғы 20 желтоқсанда 5-6 сынып оқушыларына арналған  VІI облыстық кешенді олимпиадасын өткізді. 

Олимпиада онлайн режимде 5 мамандандырылған мектебі негізінде өткізілді: Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған мектебінде, Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясында, дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінде.

Іс-шараға 143 оқушы қатысты, соның ішінде 22 оқушы – үш қаладан, 41 оқушы –10 ауданнан, 80 оқушы – мамандандырылған мектептерден.

Қатысушылар математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын тексеру мақсатында кешенді және құрылымдық тапсырмалар орындады. Жеке мәтіндер ретінде дайындалған әр бағыттағы тапсырмалар қатысушылардың әр түрлі пәндік саладағы білімдерін анықтайтын мәселелерді, дұрыс дәйектелген математикалық ой-пікірлерін айта білу, қоршаған әлемді түсінуге қажетті қорытынды жасау, білімді тәжірибеге айналдыру ептіліктерін қамтыды. Бұндай тапсырмалар орта буын оқушыларының жоғары деңгейдегі дербестігін, функционалдық сауаттылығын, мәтіндік тапсырмаларымен жұмыс жасау ептілігін дамытып, зияткерлік іс-шаралардың заманауи талаптарына сәйкестенеді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар осылайша үлестірілді: І орын – 9, ІІ орын – 20, ІІІ орын – 28 оқушы.

Ең көп жүлделі орынды иеленген: дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі (13 қатысушыдан – 12), дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы (11 қатысушыдан – 7), дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебі (9 қатысушыдан – 6),  «Жас дарын» мамандандырылған мектебі (10 қатысушыдан  – 6), Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясы (8 қатысушыдан – 5) және Павлодар қ. мектептері (7 қатысушыдан – 5).

Өкінішке орай, ауылдық жалпы орта білім беру мектептері олимпиадада нәтиже көрсете алмады.

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Жасөспірімдердің зияткерлік сайысы

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы төрт пән бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі 4 мамандандырылған мектеп негізінде өткізілді: дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында (математика), дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінде (биология), дарынды балаларға арналған №3 гимназияда (химия), облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында (физика).

Шараға 7-8 сыныптардың 195 оқушысы қатысты. 

Олимпиада қорытындысында 52 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде І дәрежелі дипломға – 10; ІІ дәрежелі дипломға – 18; ІІІ дәрежелі дипломға – 24.

 Жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары Астана қаласында өтетін оқу-жаттықтыру жиындарына  шақырылады.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Павлодарлықтардың X Еуразиялық олимпиадасындағы қола медальдері

Алматы қ. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2018 жылғы 8-10 желтоқсан күндері өткізілген информатика пәнінен X Еуразиялық олимпиадасына Қазақстан, Тәжікістан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 60 команда қатысты.

Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың ақпараттық  құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық мәдениетін дамыту, компьютерлік модельдеу, есеп ғылымдар және ақпараттық технологиялар саласындағы талантты жастарды анықтау.

Іс-шара қорытындысы бойынша Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушылары Басалаев Максим, Лущ Иван, Смородинникова Анастасия және дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы Дюсенова Ашера қола медальмен марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Э.Суханбердиеванын республикалық және халықаралық пән олимпиада жеңімпаздарымен кездесуі

 

Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ҚР Білім және ғылым вице- министрі Э.Суханбердиеванын республикалық және халықаралық пән олимпиада жеңімпаздарымен кездесуін өткізді.

Кездесу мақсаты – еліміздің болашақ зияткерлік элитасымен таныстыру, дарынды балалар мен талантты жастарды іріктеу жүйесін қолдау мен дамыту.

Биылғы жылы 42 оқушының қатысуымен өткен кездесу «Нұр Алем» ұлттық павильонында жүргізілді

Павлодар облысынан кездесуге республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушылары  Черданцев Владислав пен Басов Ярослав қатысты. 

Вице-министр олимпиадашыларға тілек сөзін білдірді. Сөз кезегінде оқушылар зияткерлік сайыстарға қатысу тәжірибесімен, жетістіктерімен бөлісіп, Елбасына, Білім және ғылым министрлігіне, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығына өздерін танытуға үлкен көкжиектер ашатын олимпиадаларға қатысу мүмкіндігі үшін үлкен алғыстарын білдірді.

Кездесу қатысушыларына Ұлттық павильонға танымдық экскурсия жасалып, Білім және ғылым министрлігінің естелік сыйлықтары табыс етілді.

Аймақтық жас математиктер зияткерлік жарысы

Павлодар қаласында 2018 жылғы 27-30 қараша  аралығында облыстық  білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік  орталығының ұйымдастыруымен VІ Аймақтық жас математиктер  турнирі өткізілді. 

Турнирге барлығы 16 команда құрамында 7-8 сыныптардың 96 оқушысы қатысты:  Астана қ.  4 команда,  Алматы қ. – 3, Алматы облысынан – 1, Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінен  – 2, Павлодар облысынан – 6.

Қазылар алқасы құрамында – Павлодар облысы математика пәні мұғалімдері қауымдастығының мүшелері, «Жалын» олимпиадалық резерв мектебінің жаттықтырушылары, команда жетекшілері.

Ережеге сәйкес турнир екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезең командаларды екі лигаға  бөлу мақсатында жазбаша командалық олимпиада түрінде  өтті. Екінші кезеңде командалар 3 күн бойы турнирдің негізгі бөлігі – математикалық жарыстарда күрделі тапсырмалардың шешімдерін қорғады.  

Қызықты да қажырлы күрес нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей үлестірілді.

Бірінші лигада Бас жүлде мен турнирдің Үлкен Кубогы Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің «Интеграл» командасына табысталды. I орын мен турнирдің Кіші Кубогына Павлодар облысының «Бірлік»  құрама командасы ие болды. II  орынды  Астана қ. дарынды балаларға арналған  №9 «Зерде» мектебінің командасы мен Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің «Константа» командасы иеленді. III орында – Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің «OPTIMA» командасы мен Астана қ. «NURORDA» мектеп-лицейінің командасы.

Екінші лигада І орынды Павлодар облысының «Жалын»  құрама командасы жеңіп алды. ІІ орынға Астана қ. «Білім-Инновация» лицей-интернатының «MAGIC MATHEMATICIANS» командасы ие болды. ІІІ орында – Алматы облысының «ПАРАСАТ» құрама командасы. Құрмет грамотасымен екінші лигада Павлодар облысының «QUADRO» құрама командасы марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

«Тәуелсіздік-жыр, әнім» республикалық шығармашылық фестивалінің қорытындысы

Тәуелсіздік күні қарсаңында, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 28 қарашада өткізілген «Тәуелсіздік-жыр, әнім» атты республикалық шығармашылық фестиваліне  11 облыстан 33 оқушы қатысты.

Фестиваль мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында туған жеріне, Отанына, еліміздің рухани құндылығы-төл өнерімізге сүйіспеншілігін тәрбиелеу мен шешендік, жыршылық, ақындық қабілеттерін шыңдау.

Ұлы дала елінің ұлдарын жиған фестивальде дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин ат. облыстық қазақ гимназия-интернатының  9, 10 сынып оқушылары Урдабеков Авезхан, Гулнар Жанболат және Ақсу қ. Береке орта мектебінің 10 сынып оқушысы Бекер Назым бақтарын сынады.

Шара қорытындысы бойынша «Көмекейден жыр ағылсын..» жыршылар байқауында Урдабеков Авезхан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, Гулнар Жанболат «Тіл – мірдің оғындай» номинациясына ие болды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Жас зерттеушілер – ғылым болашағы

Оқушылардың ғылыми-зерттеу және зияткерлік шығармашылығын дамыту мақсатында 2018 жылғы 23 қарашада Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Қазылар алқасы мүшелерінің пікірі бойынша жылдан жылға ұсынылған ғылыми жобалардың саны мен сапасы артуда. Биылғы жылы іс-шараға аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері – 491 оқушы 16 секция бойынша (физика, Жер және Ғарыш туралы ғылымдар, техника, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, химия, биология, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, тарих, адам және қоғам, өлкетану, әдебиет, этномәдениеттану және тіл білімі) 356 жобамен қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша 275 қатысушы 198 жобамен жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде І дәрежелі дипломымен – 23 оқушы 17 жобамен,  ІІ дәрежелі дипломымен – 94 оқушы 67 жобамен, ІІІ дәрежелі дипломымен – 158 оқушы 114 жобамен марапатталды.

Ғылыми жобалар конкурсында командаларға «Мамандандырылған мектептер арасындағы оқушылардың үздік ғылыми қоғамы»,  «Қалалар арасындағы оқушылардың үздік ғылыми қоғамы»,  «Аудандар арасындағы оқушылардың үздік ғылыми қоғамы» номинациялары берілді.

«Мамандандырылған мектептер арасындағы оқушылардың үздік ғылыми қоғамы» номинациясы «Жас дарын» мамандандырылған мектебіне, қалалар арасында – Павлодар қ. құрама командасына, аудандар арасында –Павлодар ауданының құрама командасына табысталды.

Облыс кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері – 9-11 сынып оқушылары – 2018 жылғы 14 желтоқсанда жалпы орта білім беру пәндерінен тестілеуге қатысады. Осы тестілеу қорытындысы бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы жобалар республикалық конкурсқа қатысу үшін алдын ала сараптамаға жіберіледі. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 6 секция бойынша ең жоғары ұпай жинаған 12 оқушы республикалық кезеңге қатысады.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Павлодар облысының жас зерттеушілер конкурсы

Павлодар қ. 2018 жылғы 2 қарашада 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.  

Зерттеу жұмыстарымен айналысатын оқушылардың белсенділігі жыл сайын артуда. 2017-2018 оқу жылы конкурсқа 399 оқушы қатысса, биыл қатысушылар саны 420-ге дейін өсті.

Конкурс қорытындысы бойынша 196 жобаның авторы (240 қатысушы) жеңімпаз бен жүлдегер атанды, оның ішінде І-ші орында – 16 жобаның авторы (22 қатысушы), ІІ-ші орында – 71 жобаның авторы (89 қатысушы), ІІІ-ші орында – 109 жобаның авторы (129 қатысушы).

Алғыс хаттармен 5 ең жас зерттеуші – 1 сынып оқушылары ынталандырылды.

Жоғары қатысу рейтингін дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің, дарынды балаларға арналған Абай ат. №10 лицей-мектебінің,  Павлодар қ. №№21,  25 орта мектептерінің оқушылары көрсетті.

Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық конкурсқа жолдама алды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Екібастұздағы «Ертіс дарыны» күні

Екібастұз қаласында 2018 жылғы 19 қыркүйек күні «Ертіс дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы семинар өткізді. Іс-шараға аймақ мектептерінің директор орынбасарлары және дарынды балалармен жұмысы бойынша әдіскерлері мен үйлестірушілері қатысты.

Пленарлық отырыста «Ертіс дарыны» орталығының басшысы Г.Тұрсынов пен ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Г.Журсунова Екібастұз қаласындағы дарынды балалармен өткізілетін жұмысқа экспресс-талдау жасады. Сонымен қатар, орталықтың 2017-2018 оқу жылғы қызметінің қорытындысы мен соңғы он жылда облыс білім беру тәжірибесінде әзірленіп енгізілген инновациялық жобалардың нәтижелілігі туралы баяндады және ауылдық мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетудегі сайт мүмкіндіктерімен таныстырды.

Семинардың екінші бөлігінде диалогтық жұмыс алаңдарын келесі тақырыптар қамтыды: 1) «Шығармашыл оқушы қандай?» – оқушылардың дарындылығын анықтау мен дамыту бойынша жұмыс; 2) Зерттеу жұмыс арқылы шығармашылық дарындылықты арттыру; 3) Дарынды оқушыларды сүйемелдеу (профильдік оқыту, элективтік курстар); 4) Ғылыми-зерттеушілік жұмысты ұйымдастыруда психологиялық қызмет рөлі.

Қорытынды бөлімде өткізілген іс-шараға онлайн-бағалау жасалды. Барлық қатысушылар өткізілген іс-шараның практикалық құндылығына оң баға берді.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Халықаралық ғылыми-жаратылыстану жасөспірімдер олимпиадасына дайындық

Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушылары, физика пәнінен облыстық жасөспірімдер олимпиадасының, Қ.Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиадасының, облыстық жалпы орта білім беру пәндер олимпиадасының, Халықаралық ғылыми-жаратылыстану жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары атанған Драганчук Антон, Рахимжанов Динмухамед және Лим Владимир 2018 жылғы 22-31 қазан аралығында Ресейдің Долгопрудный қ. Мәскеу физика-техникалық институты негізінде өткізілетін оқу-жаттығу жиындарына қатысады. Бұл жиынға Қазақстан Республикасы құрама командасының 8 мүшесі қатысады. Жиын рейтингісінің қорытындысы бойынша биылғы жылы Ботсвана Республикасында өткізілетін халықаралық ғылыми-жаратылыстану жасөспірімдер олимпиадасының қатысушылары анықталады.

Халықаралық ғылыми-жаратылыстану жасөспірімдер олимпиадасы (ағылш. International Junior Science Olympiad, IJSO) – 15 жастан аспаған оқушыларға арналған беделді халықаралық олимпиадаларының бірі, 2004 жылдан бастап өтеді. Әр мемлекет 6 оқушыдан тұратын команданы қатыстыра алады.

Үш кезеңде (теориялық, практикалық және тәжірибелік) өткізілетін олимпиада қатысушыларында биология, химия, физикадан білімдерінің болуы қажет.

Жас физиктерімізге жиында жоғары рейтинг көрсетіп, халықаралық олимпиадада жеңіске жетулерін тілейміз!