Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде мемлекеттік қызметті көрсету

Нысандарының бірі жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, жеке тәртіппен жүзеге асырылып көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша және іске асыруға бағытталған олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттік қызметтерді көрсету болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңымен № 88-V

2013 жылғы 15 сәуірдегі мемлекеттік органдардың қызметін халыққа және бизнес тұтынушы ретінде мемлекеттік қызметтер бағдарын қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы екінші басым бағыттағы Қазақстан халқына Жолдауы «Үшінші Қазақстанның модернизациялауы: жаhандық бәсекеге қабілеттілігі», Мемлекет басшысы жаппай кәсіпкерлікті қолдау құралдарын жетілдіру көрсетіп, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдістерін оңтайландыру.

Қазақстан халқына Президенттің Жолдауын іске асыру мақсатында рұқсат беру құжаттарын қысқарту бойынша нормативтік актілерді өзгертуі кіреді, сондай-ақ тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

Павлодар облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру болып табылады, өйткені бүгүнгі күні кез келген азаматтың өзара іс-қимылы мемлекеттік органымен қызметтерді алумен байланысып, сыбайлас жемқорлықты құрайды.

Мемлекетпен көрсетілетін қызметтер қазіргі уақытта электрондық форматқа ауыстыру бойынша белсенді жұмысы жүйелі негізде жүргізіледі,

Қызметті алушыларға хабарлаймыз, ақпараттық технологиялардың дамуымен мемлекеттік қызмет көрсету өтініші тікелей үйден берілуі мүмкін www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Осыдан мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында куәландырылған қызметті беруші уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қызметті берушінің қолтаңбасымен жіберіледі.

 Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің: www.mz.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: www.kooz.mz.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» РММ келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

  1. «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру».
  2. «Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру».
  3. «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру».
  4. «І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру».
  5. «Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру».
  6. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін  біліктілік санатын беру туралы куәлік беру». 
  7. «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру».
  8. «Тиісті біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру».
  9. «Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу».
  10. «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ “Назарбаев Университетінде” немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберуге рұқсат беру үшін маман сертификатын беру».

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету талаптары регламенттелген №217 2017жылғы 28 сәуірдегі,ҚР Денсаулық сақтау Министрдің м а бұйрығымен бекітілді «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» және де «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 cәуірдегі № 294 бұйрығы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы қосымша ақпаратты мына мекенжайы бойынша алуға болады: Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 74/1 құрылыс үйі, тел. 8 (7182) 55-39-14. 

Медициналық қызмет сапасы

Медициналық қызмет сапасына байланысты азаматтардың өтініш жазу тәртібі

Медициналық көмектiң сапасы – көрсетiлетiн медициналық көмектiң уәкiлеттi орган бекiткен және медициналық ғылым мен технологияның қазiргi заманғы даму деңгейi негiзiнде белгiленген стандарттарға сәйкестiк деңгейi.
Ұсынылатын медициналық қызмет сапасын Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Тұрғындар мынандай жағдайда Комитет пен оның аумақтық бөлімшелеріне өтініш жазады:
– ұсынылған медициналық қызметтің сапасына көңілі толмаса;
– емдеу мекемелерінің медициналық қызметкеріне басқа да шағымдары болса;
– жоғары мамандырылған медициналық қызмет алуға жәрдемдесуге.
 
Өтініш жекелік немесе ұжымдық болуы мүмкін және ауызша немесе жазбаша түрде болуы мүмкін.
Азаматтар үндеуді беру де басқа тұлғамен өкілеттеуге құқы бар.
 
Бұл процессті жүргізу үшін арнайы өңделіп, қарастырылған нормативтік базалар болады.
Жасы жетпеген немесе қабілеттілігі жоқ тұлғалар заңды өкілдерімен үндеуді бере алады.
Азаматтар өтініштерін, шағымдарын, пікірлерін, сұраныстарын мемлекеттік тілде, халықаралық тілде, өз ана тілінде немесе басқа тілде де өзі сөйлей алатын бере алады. Жауап мемлекеттік немесе халықаралық тілде қайтарылады.
 
Азаматтардың өтініштерін қарау мерзімі
Азаматтардың үндеуін ұйымға түскен уақыттан бастап бір ай ішінде қарап және шешім шығару керек, ал қосымша тексеру мен үйренуді талап етпейтін үндеулерге кем дегенде 15 күн беріледі. Ал қосымша тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, тиісті ұйымдардың басшылығы тағы да 15 күнге тексеруді ұзартуы керек. Құзырлы ұйымға түскен үндеуде, қойылған сұрақтарды шешу рұқсат етілмеген жағдайда, кем дегенде 5 күн ішінде тиісті ұйымдарға жіберіледі.
Азаматтардың өтініштері мына жағдайларда қаралмайды:
– егер үндеу жасырын атпен жазылса;
– өтініш берушінің психикалық ауруы туралы мәлімет болса, ол болған жағдайды түпкілікті бағалай алмайды.
Өтінішті қарау Комитеттің құзырына кірмейтін болса, өтініш берушіге 5 күн ішінде хабарланып, нақты ұйымдарға жіберілуі тиіс.
 
Азаматтардың өтініштерін қарау комиссиясы
Азаматтардан сапасыз медициналық көмек көрсеткені туралы мемлекеттік ұйымдарға немесе аумақтық бөлімшелеріне алғашқы түскен үндеуді қарау үшін, аумақтық басқару Комитетінің бастығы бұйрығымен комиссия құрылады.
Азаматтардың үндеуі комиссия құруды қажет етпесе, аумақтық басқарманың мамандарының мамандық сараптамасын өткізу жолымен қарастырылады.
Арнайы комиссия Комитеттің Төрағасының бұйрығы негізінде құрылады, келесі жағдайларда:
– азаматтарға сапасыз медициналық көмек көрсетудегі өрескел, қиын, жанжал жағдайлардағы үндеуіне;
– азаматтардың Комитеттің аумақтық бөлімшелері жүргізген тексерістеріне риза болмағанда немесе келіспегенде, қателіктер қайтадан қайталанған кездегі үндеуіне;
– Комитеттің аумақтық бөлімшелері шешпеген үндеулерге;
– қосымша немесе қайтадан тексеруді жүргізуді қажет еткенде;
Жүйеленген комиссия құрамына Комитеттің салалық мамандары және оның аумақтық бөлімшелері, денсаулық сақтау мемлекеттік басқармасының жергілікті орындарының мамандары, ғылыми –зерттеу институттарының, ғылыми орталықтың мамандары кіреді.
 
Азаматтардың өтініштерін тексеруді тіркеу
 
Денсаулық сақтау субьектілерінің тексерулерін тіркеу медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау Комитетімен және оның аумақтық бөлімшелерімен, сол сияқты Комитеттің аумақтық ұйымдарының құқықтық статистикасымен және ҚР Бас прокураторасының арнайы есебімен жүзеге асырылады.
Шағын кәсіпкерлік субьектіні тексеретін мамандар бақылау ұйымдарының басшылығы бекіткен тексеруге тағайындалған кесімді(актіні) , қызметтік куәлігін және тексеру жоспарын көрсетуі керек.
 
Тексеру қорытындысымен өндіріп алу шараларын анықтау
 
Тексеру барысында тиісті заңдылық нормаларына сай емес орын алған кемшіліктерді анықтауда, тексеру материалдары жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасына, сот органдарына, прокуратора органдарына және қаржы полициясына жіберіледі. Жоғарыда көрсетілген органдардың қабылдаған шараларының қорытындысы аумақтық басқару Комитетіне жіберіледі.
Жергілікті мемлекеттік органдардың денсаулық сақтау басқармасы тәртіппен өндіріп алу шараларын талқыға салып, аумақтық бөлімше тексеру материалдарын көрсетуге Комитетке жібереді.

Медициналық қызметтер көрсету сапасына iшкi сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу

6. Медициналық қызметтер көрсету сапасына iшкi сараптаманы (бұдан әрi – iшкi сараптама) Iшкi бақылау (аудит) қызметi жүзеге асырады.
7. Iшкi бақылау (аудит) қызметiнiң құрылымы мен құрамын денсаулық сақтау ұйымының басшысы көрсетiлетiн медициналық қызметтер көлемiне қарай бекiтедi.
8. Iшкi бақылау (аудит) қызметi денсаулық сақтау ұйымының медициналық көмек сапасын басқару жөнiндегi қызметiн мынадай бағыттар бойынша үйлестiредi:
1) пациенттiң проблемаларын (шағымдарын) туындауына қарай сол жерде және 5 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде сауалнама жүргiзу арқылы медициналық қызметтер көрсету деңгейi мен сапасына пациенттiң қанағаттану дәрежесiн зерделей отырып, шешу;
2) кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарды пайдаланудың ахуалын және тиiмдiлiгiн бағалау;
3) пациенттерге медициналық көмек көрсету технологияларының белгiленген стандарттарға (клиникалық аудит) сәйкестiгiн бағалау және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды iрiктеу;
4) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету қағидаларын сақтау;
5) жұмыстағы ақаулардың алдын алу мен оларды жоюға бағытталған және медициналық көмектiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн бағдарламалық iс-шараларды әзiрлеу.
9. Iшкi бақылау (аудит) қызметiнiң функциялары:
1) жеке үдерiстер мен рәсiмдердi бағалау, денсаулық сақтау стандарттарын енгiзу, осы Қағидаларға 1-қосымшада белгiленген iшкi индикаторларды қолдану бойынша денсаулық сақтау ұйымы бөлiмшелерi қызметiнiң тиiмдiлiгiн талдау;
2) ауруханаiшiлiк комиссиялар қызметiн талдау;
3) денсаулық сақтау ұйымының басшылығына тиiстi басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн талдау нәтижесiнде анықталған мәселелер туралы ақпарат беру;
4) денсаулық сақтау ұйымының персоналына медициналық көмектiң сапасын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша оқыту және әдiстемелiк көмек;
5) ұйымдағы пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары туралы денсаулық сақтау ұйымы қызметкерлерiнiң пiкiрiн зерделеу және персоналды хабардар ету болып табылады.
10. Iшкi бақылау қызметi (аудит) ұйым басшысы бекiтетiн, медициналық көмектiң сапасын қамтамасыз ету және үздiксiз арттыру жөнiндегi бағдарламаны әзiрлейдi.
Бағдарлама мыналарды қамтиды:
1) бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi;
2) iшкi индикаторларды бағалай отырып, құрылымдық бөлiмшелердiң қызметiн, сондай-ақ, бөлiмшелер қызметiнiң белгiленген денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестiгiн талдау нәтижелерi;
3) әрбiр бөлiмше қызметiнiң көрсеткiштерiн жақсарту жөнiндегi iс-шаралар;
4) жоғарыда көрсетiлген iс-шараларға жауапты тұлғаларды және орындалу мерзiмдерiн айқындау;
5) бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер.
11. Iшкi сараптама медициналық көмектiң сапасын бағалау жолымен ретроспективтiк және пациенттердiң тiкелей медициналық көмек алу сәтiнде жүргiзiледi.
12. Iшкi сараптамаға жататын жағдайлар (орта медицина персоналы үшiн қызмет бөлiмдерi) және iшкi сараптама жүргiзу кезеңдiлiгi осы Қағидалардың 2-қосымшасында белгiленген.
13. Осы Қағидаларға 2-қосымшада санамаланғандардан басқа қалған медициналық көмек көрсету жағдайларының барлығы кездейсоқ iрiктеудiң статистикалық әдiсiмен қамтамасыз етiлетiн iшкi сараптамаға тартыла алатындай бiрдей мүмкiндiкке ие болады.
14. Орта медицина қызметкерлерi жұмыстарының сапасын iшкi сараптама пациенттерге мейiрбикелiк көмектiң қазiргi заманғы түрлерiн ұйымдастыру мен көрсетудi жетiлдiру және орта медицина қызметкерлерiнiң қызметiне медициналық көмек стандарттарын енгiзу мақсатында жүзеге асырылады.
15. Iшкi сараптама жүргiзу барысында:
1) медициналық көмек көрсету технологияларының денсаулық сақтау саласындағы белгiленген стандарттарға сәйкестiгi бағаланады;
2) кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарды пайдаланудың қамтамасыз етiлуi және тиiмдiлiгi бағаланады;
3) медициналық қызметтер сапасына негiзделген шағымдардың саны бойынша көрсетiлетiн медициналық көмектiң деңгейi мен сапасына азаматтардың қанағаттанушылық дәрежесi пациенттерге және (немесе) олардың туыстарына сауалнама жүргiзу жолымен айқындалады;
4) пациенттердiң тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алу құқығының сақталуы және пациенттердi жүргiзiлiп отырған инвазивтiк араласу туралы хабардар болуы бағаланады;
5) анықталған кемшiлiктердi жою және алдын алу бойынша ұсынымдар әзiрленедi.
16. Медицина қызметкерлерiнiң бiлiм деңгейiн арттыру және емдеу-диагностикалық үдерiске оңтайлы тәсiлдердi пысықтау мақсатында iшкi сараптаманың нәтижелерi ауруханаiшiлiк комиссиялардың отырыстарына, дәрiгерлiк конференцияларға шығарылады және талқыланады, кейiннен басқару шешiмдерi қабылданады.