«Біз екпе үшін!» науқаны

Павлодар облысында «Біз екпе үшін!» науқаны аяқталды. Науқанда қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің, медициналық қауымдастық, білім беру ұйымдарының өкілдері, облыс қалалары мен аудандарының қызметшілері қатысты. Науқанды өткізу шеңберінде профилактикалық екпелердің қауіпсіздігін, тиімділігін, маңыздылығын белсенді насихаттай отырып, діни және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, флешмоб, спорттық іс-шаралар, «Ашық есік күндері» өткізілді. Облыс медициналық қызметкерлердің кәсіби білімдерін арттыру мақсатында профилактикалық егулерді жүргізу мәселелері бойынша жаттығу сабақтары жүргізілді. Инфекциялық аурулардың алдын алудағы иммундаудың маңыздылығы туралы халықтың ақпараттандырылу деңгейін бағалау  үшін 3000 астам тұлғаға сауалнама жүргізілді.

Облыс медициналық ұйымдарында ата-аналар балаларымен мықты вакцина туралы, вакцинаны қолдаймын және қарсымын атты роликті үлкен қызығушылықпен зерделеді.

Павлодар облысы ҚДСД және ҚДСБ бойынша «Call-орталық» телефондарының тізімі

«Call-орталық» телефондарының номерлері Орналасқан жері

(басшылардың қабылдау бөлмелері )

Жауапты тұлғаның Т.А.Ә.
(87182) 55-39-14

87055404727

Департамент Сулейменова Айгерим Толегеновна
(87182) 33-94-77

87056076480

Павлодар қалалық ҚДСБ   Ахметова Бахтылы Тохтаровна
(8718-37) 6-52-15

87476159215

Ақсу қалалық ҚДСБ  

 

Рыспекова Жулдыз Бауржановна
(8718-7) 77-50-24

87779399156

Екібастұз қалалық ҚДСБ   Каиржанова Асем Талгатовна
(8718-41) 2-12-79

87056317753

Ақтоғай аудандық ҚДСБ   Укибаева

Асем Саятовна

(8718-40) 9-15-64

87057084685

Баянауыл аудандық ҚДСБ   Мокрицкая

Анна Ивановна

(8718-2) 61-87-76

87470516343

Павлодар аудандық ҚДСБ   Жайлаубаева Алмагуль Кубайдуллаевна
(8718-31) 2-17-26

87054095016

Железин аудандық ҚДСБ   Лунь

Анна Николаевна

(8718-32) 2-19-75

87054013452

Ертіс аудандық ҚДСБ   Зазыбина Мария Валерьевна
(8718-33) 2-19-67

87773145816

Качир аудандық ҚДСБ  

 

Смайлова Гульжан Амангельдиновна
(8718-39) 2-12-99

8-705-386-20-92

Лебяжі аудандық ҚДСБ  

 

 Смагулова Нурсулу Мейрмановна
(8718-38) 9-17-53

87073981981

Май аудандық ҚДСБ  

 

Утельдинова Айгерим Мустафақызы
(8718-34) 9-19-75

87772856139

Успен аудандық ҚДСБ  

 

Шкода

Татьяна Валерьевна

(8718-36) 2-16-46

87717356523

Шарбақы аудандық ҚДСБ   Садвакасова Самал Нирмановна

 

Павлодар облысында жыл сайын ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиялық маусымы қарсаңында халыққа тұмауға қарсы иммундау жүргізіледі. Вакциналау жергілікті бюджет есебінен, жұмыс берушінің есебінен және тұрғындардың жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2017 жылғы 25 қазанда 66611 адам егілді, бұл облыс халқының 8,6% құрады, соның ішінде жергілікті бюджет есебінен – 54290, жұмыс берушінің есебінен – 12033, ақылы түрде 288 адам егілді.

Халықтың тұмаудан сырқаттануын, асқынуларының және өлім-жітімін төмендетудің жалғыз ғана және тиімді шарасы вакциналау болып табылады. Тұмауға қарсы иммунитет бүр күннің ішінде пайда болмайды: оның қалыптасуына уақыт керек. Екпеден кейінгі иммунитет 2-3 апта ішінде қалыптасады, 6-12 ай бойы сақталады.

Вакциналау үшін ең тиімді кезең – қазан-қараша, сол кезде эпидемиялық маусымның басында жеткілікті иммундық қорғаныс қалыптаса бастайды.

Тұмауға қарсы екпені алу үшін тұрғылықты жері бойынша емхана жүгіну қажет.

Халықты тұмауға қарсы вакциналау бойынша жұмыс жалғасуда.

Биологиялық активті қоспаларға жарнама

Жарнама деген не?

Жарнама – адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауарбелгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағамға биологиялық активті қоспалар жарнамасын орналастыру ол денсаулық сақтау және жарнама саласындағы заңнамаларға сәйкес келген кезде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 24 маусымдағы №284 бұйрығымен бекітілген«Тағамға биологиялық активті қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру қағидаларына»сәйкес ББҚ-ға жарнама мынадай талаптардан тұрады:

– мерзімді баспасөз басылымдарын қоспағанда, қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады;

– аудио жарнаманың жарнамалық мәтіндерін қоспағанда, жеңіл оқылатын, түсінікті және анық қаріппен басылады;

– дәрілік заттармен салыстыруға болмайды;

– емдік қасиеттерінің болуы туралы мәліметтерді қамтуға болмайды;

– дұрыс және түсінікті болып табылады (арнайы білімді қолданбай немесе арнайы құралдарды қолданбай);

– тұтынушыларды олардың сенімін асыра пайдалану арқылы, оның ішінде сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне, құнына (бағасына), қолданылуының болжамды нәтижелеріне, зерттеулер мен сынақтар нәтижелеріне қатысты жаңылыстырмайды;

– ұтымды қолданылуына ықпал етеді;

– мазмұнында жарнамаланатын тағамға биологиялық активті қоспаларды басқа жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларымен салыстыру, сондай-ақ олардың абыройына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне нұқсан келтіретін сөздер, бейнелер болмайды;

– жарнамада өзінің танымалдығына байланысты биологиялық активті қоспаларды қолдануды және (немесе) тағайындауды көтермелеуі мүмкін ғалымдардың, денсаулық сақтау мамандарының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұсынымдарына сілтеме жасауға болмайды.

Биологиялық активті қоспаларды жарнамалау әрбір жағдайда жарнамалау объектісі дәрілік зат болып табылмайтыны туралы ескертумен ілесе жүреді.

 

Техникалық регламенттер

талаптарын бақылау

бойынша бөлімі

Мұны әркім білуі тиіс

Балалар арасында энтеробиоз ауруының алдын алу

Энтеробиоз – бұл науқас адамнан сау адамға берілетін ішек құрт ауруы. Қарапайым ережелерді сақтамағанда пайда болады. Бұл ауруды кіші дөнгелек жылан құрт енгізеді. (ұзындығы 0,5-1 см, ақ түсті). Энтеробиоз балаларда ең жиі кездесетін паразиттік ауру болып табылады, олар гельминтоздардан зардап шегеді, өйткені олардың нәзік ағзасы паразиттердің зиянды әсеріне төтеп бере алмайды.

Аурудың негізгі белгілері – бөксенің қышуы, ұйқысыздық, іштің ауруы, лоқсу, тәбеттің жоғалуы, ашуланшақтық. Әсіресе қышу кешке және түнде пайда болады. Қышу жылан құрттарынан туындайды, қырғауылдар жұмыртқа салу үшін шығады. Әрбір самка жатыры 5000-нан 15000 жұмыртқаға дейін шығарады. 4-5 сағаттан кейін жұмыртқадағы жетілген құрттар адам үшін жұқпалы болуға айналады. Қышуының орындарын қасыса төсек орынға, аурудың киіміне, тырнақ астына, қоршаған нысандарға түсіп ауызға түсуі мүмкін, жұмыртқалар шаң тозаңмен де жетуі мүмкін.

Жылан құртының ағзада тұратын мерзімі 1 ай. Алайда жеке гигиена ережелерін бұзған жағдайда, өзін-өзі инфекциялау (саусақтарын сору, тырнақтарын мүжу) бірқатар науқастарда жылан құрты бірнеше ай, тіпті бірнеше жыл сақталады.

Аурудың қалай алдын алуға болады және ауруды жұқтырған кезде қандай шаралар қолдану керек? Тек жеке гигиена ережелерін сақтау қажет.

Бұл қандай ережелер?

Әжетханаға барғаннан кейін, далада ойнағаннан кейін қолды жақсылап жуу, тырнақты қысқартып алу, қолдың және киімнің тазалығын сақтау;

– Қыш құмыраларды ыстық суда сабынмен жуу;

– Таңертең және кешке уақытта жылы сумен сабынмен жуыну. Әсіресе бұтты, бөкселерді, қолды, аяқты жақсылап жуу;

– Ішкі киімді және төсек-орын тысын күн сайын және ай сайын ауыстыру және үтіктеу қажет;

Егер де бала энтеробиозбен ауырып қалса, онда:

– Түнде жамбаста резеңкемен қалың трусиктерді кигізу, ал перианальдік аймаққа вазелин, балаларға арналған крем немесе өсімдік майы жағылған мақта тампоны салынсын;

– Барлық бөлмелерді және жиһазды сабын-сода ерітіндісімен өңдеп, мұқият ылғалды тазалау;

– Қыш құмыраларды және унитаздарды ыстық қайнаған сумен өңдеу қажет.

Жылан құрттары адам ағзасында бір-екі айдан артық тіршілік ететінін есте сақтаңыз. Гельминттерден арылу үшін сәйкес ем тағайындайтын дәрігерге жүгіну қажет.

Өздігінен емдеумен айналыспаңыз, дәрігерлерге жүгініңіздер!

Өзгертілді: 19.05.2017 09:58
Орналастырылды: 19.05.2017 10:05

Жіті ішек инфекциялары

Жіті ішек инфекциялары – ол көптеген микроағзалармен (бактериялар, вирустар, қарапайымдылар) тудыратын жұқпалы аурулар тобы, сонымен қатар балалар мен ересек

Біріктірілген клиникалық белгілері адамдарда ас қорыту қызметі мен ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталады.

Ішек жұқпалы инфекциялары  әлемде ең көп таралған инфекциялардың қатарына жатады. Ішек инфекциялары тобына іш сүзегі, сальмонеллез, дизентерия және өзге ішек инфекциялары жатады. Инфекция көзі науқас адам немесе сау бактерия тасымалдаушы болып табылады. Ауруға көбінесе балалар шалдығады.

Дизентерия- ол Shigella бактериальды ауру тудыратын жіті ішек инфекциясы.Ішектің патологиялық процесс шырышты қабығыың бұзылуы. Дизентерия фекально-оральды жолмен (тамақ немесе су) беріледі. Дизентерия ауруымен ауыратын науқаста клиникалық белгілері диарея, іштің ауруы, әлсіздік, разбитость, жүректің айнуы байқалады. Дизентерия ауруының ауыр инкубациялық кезеңі бір күннен бір аптаға дейін созылуы мүмкін, көбіне  2-3 күнді құрайды.

Дизентерия ауруының белгілері: дене қызуы көтеріледі, интоксикация симптомдары басталады, асқа тәбет жоғалады, кей кезде  жүрек айну, құсу белгілері байқалады. Науқастар жиі іштің ауруына шағымданады, іш ауруы жиі диареяға ұласады (күніне 10 ретке дейін).

Ішек инфекцияларының қоздырғыштары ағзаға ас, су арқылы немесе тұрмыстық қатынасу жолымен лас ыдыс, мысалы ойыншықтар, ыдыс-аяқ арқылы түсуі мүмкін. Ас арқылы улану аса қауіпті болып табылады, өйткені тамақ өнімдері микробтардың механикалық таралу факторы ғана болып қоймай, сондай-ақ олардың көбеюіне қоректену ортасы да болып табылады. Әсіресе микробтар гомогенді құрылымы тығыз емес тамақ өнімдерінде – фарштан жасалған өнімдерде, дірілдекте, картоп езбесінде, кремде, сүт өнімдерінде, өкпе-бауыр және қан шұжықтарында жылдам өседі.

Ағымдағы жылғы 6 айда жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың 100 мың халық санына облыстағы көрсеткіші 21,8, өткен жылғы осы кезеңге 22,4 құрады. Сальмонеллезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 8,9-дан 10,7 дейін өсті.

Науқастардың басым бөлігіне жүргізілген сұраудың мәліметтері бойынша табиғатқа шығып, кәуәп дайындаған, күмәнды тамақ өнімдері мен салаттарды, салқында ұзақ уақыт сақталған сорпалы тағамдарды пайдаланған. Әбден қуырылмаған  немесе шала қуырылған ет, балық, құс еті сальмонеллездің себебіне айналуы мүмкін. Сальмонеллез қоздырғыштары температураға, ылғалдылыққа және жұғу массасына байланысты сыртқы орта объектілерінде төзімділік қабілетіне ие болады. Негізгі инфекция көзі ауыл шаруашылық жануарлары мен құстар болып табылады, оның ішінде аса эпидемиялық маңыздылары – тауық, ірі қара мал және шошқа.

Кеміргіштер, әсіресе егеуқұйрықтар мен тышқандар, сондай-ақ сальмонеллез инфекциясын таратуда күрделі резервуар болып табылады.

Зардап шеккендердің бөлігі тағамға стихиялық сауда орындарынан сатып алған өнімдерді пайдаланғанын айтты, жылдам бұзылатын тамақ өнімдері (сүт, ірімшік, қаймақ, фарш) сағаттап салқын емес жерде тұрады, сатушылардың өзі де бактерия тасымалдаушылар болуы мүмкін. жұқтырылған адам, әсіресе белгілері жоқ тасымалдаушы, тағамды дайындап, таратуға, сондай-ақ сатуға қатысы болған жағдайда аса қауіп төндіреді.

Әрқашанда шикі сүтті емес, пастерленген сүтті алыңыздар. Шикі өнімдерді алғанда оларды мұқият жуу қажет.

Тамақты дайындаған кезде технологиялық процессті сақтаңыз, өнімдерді, әсіресе ет, балық, құс етін және теңіз өнімдерін әбден қуырып, пісіріңіз. Өнімді суға қайнатқанда микробтар өліп, өнімдерді бұзылудан сақтайтынын ұмытпаңыз.

Бақша дақылдарының маусымы басталды. Ерте піскен, әсіресе басқа жақтан әкелінген қарбыздар құрамындағы нитраттардың жоғары мөлшерімен қауіпті. Нитраттар адамда ішектен улануды (құсу, іш өту, бас ауруы) және оттегінің жетіспеушілігін тудыруы мүмкін.

Сондықтан бақша дақылдарын сатып алған кезде олардың қауіпсіздігіне көз жеткізіп, сатушыдан сәйкестік декларациясын талап ету қажет.

Әрбір адам ішек инфекцияларының, сальмонеллездің алдын алуда қарапайым ережелерді ұмытпай, сақтаған жөн.

Жеке гигиена ережелерін сақтаумен қоса, өнімдерді сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз, әсіресе стихиялық сауда орындарынан сатып алмауды ұсынамыз.

Тамақ өнімдерін сатып аларда сатушыдан медициналық тексеруден өткен медициналық кітапшаның болуына көз жеткізіңіз.

Таза және қауіпсіз шөлмек немесе қайнаған суды пайдаланыңыз.

Қарапайым гигиена ережелерін сақтау – ішек инфекцияларынан қорғанудың сенімді жолы.

Өзгертілді: 19.05.2017 09:43
Орналастырылды: 19.05.2017 09:55

Сальмонеллезден қалай сақтануға болады?

Сальмонеллез – сальмонелла тұқымдас түрлерінен туындайтын адам мен жануардың кеңінен тараған жұқпалы ауруы. Сальмонеллез қоздырғыштарының температура, ылғалдылық және жұғу көлемділігіне байланысты сыртқы орта объектілерінде өмір сүруге қабілеті бар. Ауылшаруашылық жануарлары және құстар негізгі жұқпа көзі болып табылады. Қазіргі уақытта тауық, ірі қара мал және шошқа қоздырғыштың эпидемиялық маңызды көзі  болып есептеледі. Сол сияқты кеміргіштер, әсіресе егеуқұйрық пен тышқан сальмонеллез жұқпасының көлемді резервуары болып табылады. Сальмонеллез кезінде қоздырғыш көзі ретінде адамның рөлі де дәлелденді. Бұндай жағдайда ол кішкентай балалар мен егде жастағы адамдар, сондай-ақ иммунитеті әлсіз тұлғалар үшін өте қауіпті. Жұқтырылған адам (әсіресе симптомсыз тасымалдаушы) тағамды дайындап, таратуға, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін сатуға қатысы болған жағдайда ерекше қауіп төндіреді. Қоздырғышты жұқтыру механизмі көбінесе тамақ арқылы (алиментарлы) іске асырылады. Бұл ретте тағам өнімдері, әсіресе ет, ет құс өнімдері, жұмыртқа және крем өнімдері қоздырғышты тарату факторлары болып табылады. Тауық жұмыртқалағанға дейін жұқтырылған жұмыртқа, сондай-ақ одан дайындалған өнімдер ерекше қауіп төндіреді. Ірімшік, брынза, балық, соның ішінде ысталған балық және теңіз өнімдерін пайдаланумен байланысты сальмонеллез аурулары белгілі.

Сальмонелла үшін сілікпе, құйма тағамдар, кремдер, ет фаршы, салаттар, сүт өнімдері қолайлы орта болып есептеледі. Әсіресе бұл микробтар бөлме температурасында және жылыда дайын тағам өнімдерінде қарқынды дамиды. Сондықтан сальмонеллез ауруы жазғы маусымда, ыстықта өседі. Бұған қоса, аурудың жұғу қаупі дайын тағамдағы сальмонеллалардың тағам түрін, иісін, дәмін өзгертпестен көбеюінен артады.

Ағынды төгінділермен ластанған (кәріз төгінділері, ет комбинатынан, құс және мал шаруашылығы объектілерінен түсетін төгінділер) ашық су қоймаларының сулары шынайы эпидемиялық қауіп төндіреді.

Инкубациялық кезең 2-6 сағаттан бастап 2-3 күнге дейін созылады. Тұрмыстық тарау кезінде олар 4-7 тәулікке дейін артады. Микробтың ағзаға түскеннен кейін шамамен бір тәуліктен соң іштің ауруы сезіліп, жүрек айну, лоқсу, іштің өтуі басталады. Дене қызуы 37,5-38, ал кейде 39-40 градусқа дейін артады. Жұқпа ауыр интоксикацияны тудырады. Кішкентай балаларда бұл аурушаңдық, тіпті, дәрігер үшін өмірін сақтап қалу мәселесін тудыратын ауыр формада өтеді.

Сальмонеллезден қалай сақтануға болады?

Ветеринарлық бақылаудан өтпеген етті пайдаланбауды қағида ретінде ұстану қажет. Етті және құсты әбден пісіріп немесе қуыру тиіс.

Пастерленбеген сүтті қайнаған күйде ғана ішуді ұсынамыз.

Жұмыртқаны пайдаланар және дайындар алдында жуу керек, өйткені сальмонеллалар жұмыртқаның құрамына еніп, нашар піскен жұмыртқаның сары уызы мен ақ уызында сақталады. Кез-келген тағамды дайындау кезінде жұмыртқаны ұстағаннан кейін қолды мұқият жуу керек, өйткені жұмыртқаның қабығынан сальмонеллалар қолға түсіп, одан асқа түседі.

Шикі ет пен піскен ет үшін жеке турайтын тақтайлары болуы керек.

Егер Сіз шикі етті, құсты сатып алсаңыз, оны алдымен бір-біріне жанаспағандай, полиэтилен пакетіне, одан соң сөмкеге салыңыз.

Тоңазытқышта шикі еттің, құстың дайын тағаммен тікелей жақын сақталмауын қадағалаңыз.

Құйма тағам, сілікпе, салат, крем, желе, винегретті – бір сөзбен айтқанда, бұл екінші рет пісіруге немесе қуыруға жатпайтын тағамдарды тоңазытқышта ғана сақтаңыз.

Өкінішке орай, адам менсінбейтін қарапайым ережені еске алайық: ыдыс-аяқты, көкөніс пен жемісті жууға немесе ішуге құбыр немесе қайнаған суды ғана пайдалану.

Сальмонеллезге жиі шалдығудың себебі – лас қол және лас заттар, ауру үй жануарлары – мысық, ит. Айтпақшы, оларда бұл ауру ешбір белгісіз өтеді, сырт келбеті бойынша олар сау болып көрінеді, бұл жұғу қаупін қиындатады. Көгершіндер жиі жағдайда сальмонелла тасымалдаушылары болып есептеледі. Терезенің алдын, қылтималар, гүлзарларды, балаларға арналған құмсалғыштарды жұқтырылған қимен ластай отырып, олар жұқпа көзіне айналады. Қатынасу жолы арқылы жиі балалар жұқтырылады. Ендеше, балаға жануарларды дұрыс бағуды үйрету керек, мысық не иттің бетін жалатуға, көгершіндерді қолдан тамақтандыруға үйрету керек.

Егер бала немесе үйдегі үлкендердің бірі ауырса, дереу дәрігерді шақыртыңыз. Сальмонеллез қауіпсіз ауру емес. Сальмонеллалар ұзақ уақыт бойы толық емделмеген сырқаттың ағзасында сақталуы мүмкін. Өт қабында көбейіп, олар холецистит, холангит тудырады. Бұдан басқа, сальмонеллалар ішекте ұзақ өмір сүріп, микробтардың «сақтаушысы» оны таратушыға айналады. Міне, сондықтан сальмонеллез сияқты бұндай зұлым аурумен біз өздігімізше күресе алмаймыз.

Өзіңізді және денсаулығыңызды сақтаңыз, ішкен тамағыңыздың сапасына және тазалығына мән беріңіз!

Өзгертілді: 16.05.2017 09:44
Орналастырылды: 16.05.2017 09:48

«А» вирустық гепатиттің алдын алу

Алдын алу – бұл, ауруды ескертуге, денсаулықты сақтау мен өмірді ұзартуға бағытталған шаралар кешені.

Алдын алу шаралары жалпылай болуы мүмкін (гигиеналық, әлеуметтік, тәрбиелік және т.б.) – бұл арнайы емес алдын алу.

Бірақ та, арнайы алдын алу да бар, оның міндеті — ағзаның иммундық қорғалуын жетілдіру мен оны нақты қоздырғышпен кездесуге дайындау болып табылады. Осы мақсатқа вакциналарды қолданады – яғни, инфекциялық ауруларға қарсы препараттарды. Оларды әлсіз немесе жойылған микроағзалардан немесе олардың өмірлік азық-түліктерінен алады.

Арнайы емес алдын алу жеке гигиенаны сақтау ережелеріне теңеледі, тазалықты, ұқыптылықты сақтау. Егер де отбасында балалар тамақтанар алдында қолды сабынмен жууға, жуылмаған көкөніс пен жемістерді жемеуге, қайнатылмаған сүтті ішпеуге және т.б. дағдыланса «А» вирусты гепатитімен және басқа да ішек жұқпаларымен сырқаттанудан сақтануы әбден мүмкін.    

Қоғамдық гигиена да маңызды орын алады – көшелерді, аулаларды, пәтерлерді  көріктендіру, қоқыс жәшіктерін, демалыс аумақтарын және т.б. ұдайы тазарту.

«А» вирусты гепатитінің таралуын ескерту үшін отбасында және ұжым ішінде төмендегілерді есте сақтаған жөн: «А» вирусты гепатитімен науқастанған адам қоршаған адамдар үшін алғашқы күннен бастап қауіпті. Сондықтан, науқасты қоршаған адамдардан тым ерте оқшаулаған маңызды. Жіті «А» вирусты гепатитіне күдік пайда болған жағдайда, дәрігерлер шұғыл түрде науқасты инфекциялық бөлімшеге жолдайды. 

«А» вирусты гепатитін жұқтыруды және оның таралуын  болдырмау үшін төмендегілерді есте сақтау керек: 

— тамақтанар алдында қолды жуу;

— қайнатылмаған суды ішпеу, жеміс пен көкөністерді әрдайым жуу, азық-түліктерді термикалық өңдеу;

— науқас адам аурудың қай деңгейінде болсын инкубациялық аралық соңында және барлық маусым бойында қауіпті. Сарғыштық пайда болған мезеттен бастап, ол қоршаған адамдар үшін қауіпсіз;

— «А» вирусты гепатитімен сырқаттанған адаммен жанасқан тұлғалар 45 күн бойы дәрігердің бақылауында болуы тиіс;

— «А» вирусты гепатитімен науқастанған адам анықталған балалар мекемелерінде балаларды күн сайын дәрігердің қарауымен 45 күндік бақылау орнатылады;

— аурудың алғаш белгілері анықталған кезде дереу дәрігердің көмегіне жүгіну қажет.

Бірақ та, гепатитпен науқастану жолы жиі ретте белгісіз болып қалуда. Осыған алаңдамау үшін арнайы алдын алуды-вакциналауды өткізу қажет.

Қазақстанда «А» вирусты гепатитіне қарсы арнайы алдын алу (вакциналау) 2 жастағы балалар үшін екі мәрте 6 ай аралығымен өткізіледі. Вакцинамен қалыптасқан, ВГА қарсы қорғаныс 20 және одан да көп жылдар бойы сақталады.

Өзгертілді: 24.03.2017 10:21
Орналастырылды: 15.05.2017 10:13

Менингиттің алдын алу

Менингит – ағымы жұлынның және бас миының ауқымды қабынуымен сипатталатын инфекциялық ауру, оның қоздырғыштары ретінде әр түрлі типтегі вирустар және бактериялар болып табылады.

Бактериялық менингиттер арасында менингококк менингиті жиі жағымсыз болжаммен, аса ауыр түрде өтеді. Менингококк инфекциясы – жіті жаппай тарлған инфекция. Менингококк инфекциясы кезінде инкубациялық кезең 2-4 күн. Бактерия иеленушілері және назофарингитпен науқастанушылар көптеген жағдайларды жұқтыру көзі болып табылады. Беру жолдары жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезіндегі ауа-тамшылық. Жұқтыруға жағдай жасайтын факторлар: тығыз орналасқандық, ұзақ жақын қарым-қатынас, жайлардағы температура режимінің және ылғалдыллықтың бұзылуы.

Менингококк инфекциясымен сырқаттану жиі мектепке дейінгі балаларда тіркеледі.

Менингококк инфекциясының бактериясы (менингококк) мұрын-жұтқыншақтың сілемейлі қабығын, жұмсақ ми қабығын зақымдайды. Ассимптомды бактерия иеленушілік және бірқалыпты қызбамен, әлсіз білінетін белгілермен өтетін жіті менингококк назофарингиті түрінде өту мүмкін. Бірақ өкінішке орай жіті, қызбадан, бас ауруынан жеңілдік әкелмейтін лоқсудан басталатын менингококк сепсисі түріндегі асқынған, генерализацияланған формаларда болу мүмкін. Менингококк сепсисі (менингококкцемия) аяқасты сипатта болу мүмкін, қалтыраудан, қорқыныш сезімінен қызу басталады. Дене қызуы 40-41 градусқа дейін көтеріледі, инфекциялық улағыш шок үдейді, аурудың басталуынан 6-48 сағаттан кейін адам қайтыс болу мүмкін.

Менингококк инфекцияларын алдын алуда әр адамның тұмау белгілерімен өтетін ауруларға шыңдап қарау, менингококк инфекциясының белгілері (дене қызуының, қатты бас ауруының) пайда болған жағдайда дәрігерге ерте қаралу маңызды.

Сірнелі менингиттер вирусты шығу текті ауру, оларды жиі энтеровирустар туғызады. Медициналық көмекке мезгілінде жүгіну және тиісті емдеу кезінде науқастар жазылады.

Жұлын-милық сұйықтықты (ликворды) зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды диагнозды анықтауға және сірнелі менингитті іріңді менингиттен нақтылауға болады. Осыған байланысты менингитке күдіктенген жағдайда науқасты шұғыл жатқызу қажет.

Дер кезінде басталған ем Сіздің денсаулығыңызды сақтап қалады.

Өзгертілді: 24.03.2017 10:09
Орналастырылды: 15.05.2017 10:13

Көкжөтелдің алдын алу

Көкжөтел – балалар арасында кеңінен таралған жұқпалы ауру.

Науқас адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкірген кезде көкжөтел қоздырғышы ауа арқылы таралады. Көкжөтелді  жаңа туған сәбилер алғашқы өмір кезеңінде ауыр көтереді. Алдымен балада әдеттегі салқын тиу белгілері: мұрын біту, қызуының көтерілуі, жөтел пайда болады. Біртіндеп жөтел күшейіп, ұстамалы, көп қайталанатын жөтелге айналады. Көп қайталанып, қажытатын жөтел ұстамасы бас миының қан айналымының бұзылуы мен оттегінің жетіспеушілігінен жүйке жүйесінің бұзылуы және әртүрлі деңгейдегі ақыл естің кемуіне әкелуі мүмкін.

Жұқтырылу кезеңі бір аптадан жөтел пайда болғанға дейін және одан кейін 3 аптаға созылады. Әдеттегі жөтел пайда болғанға дейін көкжөтелді басқа инфекциялардан ажырату қиын болғандықтан бір апта ішінде жұқтырылғандар айналасындағы адамдарды жұқтыруға үлгереді.

Инфекция көзі науқас адам болып табылады, ол инкубациялық кезеңінің аяғынан және әсіресе аурудың линикалық белгілерінінің даму кезеңінен жұқпалы болады.

Көкжөтел өкпе қабынуы (пневмония) және бас миының зақымдануы сияқты  асқынуларымен қауіпті.

Аса жиі болатын асқыну көкжөтел таяқшасымен негізделген қабыну болып табылады. басқа асқынулардан жіті ларингит (жұтқыншақтың қабынуы), бронхиолиттер, мұрыннан кету, тыныс алудың тоқтап қалуы, кіндік, шат жарығы байқалады. Сондай-ақ сіңір тартудың туындауы салдарынан өлімге әкелетін немесе зақымдайтын (кереңдік немесе эпилепсиялық ұстамалар)  бас миының қабынбайтын өзгеруі энцефалопатия пайда болуы мүмкін. ересектерде асқыну сирек болады.

Көкжөтелдің алдын алу:

Жалғыз ғана арнайы алдын алу жолы – вакциналау болып табылады.

2 айдан бастап барлық балаларға интервалы 1 айды құрайтын 3 инъекциядан тұратын көкжөтелге қарсы вакциналау курсы жүргізіледі. Қайта вакциналау 1,5 және 6 жаста вакциналау курсынан кейін жасалады. Вакциналаудың 70-80%-ы аурудың туындауын ескертеді немесе ауру жеңіл түрде өтеді. Науқаспен қатынасқан, көкжөтелмен ауырмаған 7 жасқа дейінгі балалар қатынасу аяқталған сәттен бастап 14 күн бойы бөлектенуге жатады. Науқаспен қатынаста болған барлық балалар мен ересектер тасымалдаушылыққа тексерілуге жатады.

Өзгертілді: 24.03.2017 10:02
Орналастырылды: 15.05.2017 10:12