Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мына мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

  1.  «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» – орындау мерзімі: 15 жұмыс күні.
  2. «Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру» – орындау мерзімі: 7 жұмыс күні.
  3. «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» – орындау мерзімі: 15 жұмыс күні.
  4. «І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» – орындау мерзімі: 15 жұмыс күні.
  5. «Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» – орындау мерзімі: 10 жұмыс күні.
  6. «Тиісті біліктілік санатын бере отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» – орындау мерзімі: 22 жұмыс күн.і
  7. «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» – орындау мерзімі: 5 жұмыс күні.
  8. «Тиісті біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру» – орындау мерзімі: 5 жұмыс күні.
  9. «Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу» – орындау мерзімі: 45 жұмыс күні.
  10. «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ “Назарбаев Университетінде” немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберуге рұқсат юеру үшін маман сертификатын беру» – орындау мерзімі: 5 жұмыс күні.

 

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

 

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі  

 

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен нәтижелері

сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін қабылданып, беріледі,

түскі үзіліс уақыты – 13.00-ден 14.30-ға дейін

Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

Тамаққа “Сайвелин” биологиялық белсенді қоспаларды қауіпсіздігі өндіру және өткізу мониторингі

Павлодар қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы ақпараттандырады: қоғамдық денсаулық сақтау Комитетімен «Сайга-БИО» және «Даригер 2» ЖШС өндірушілерінен «Сайвелин» тағамдық биологиялық белсенді қоспасын өнім қауіпсіздігінің мониторингі шеңберінде бақылаулы сатып алу жүргізілді, кейін өнім Кеден одағының «Маркерлік белгісі негізіндегі тағам өнімі» 022/2011 техникалық регламент талаптарына сай келуіне сараптама жүргізілді. Осыған байланысты, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен 2017 жылғы 12 мамырда №1-ГПВр, ҚР территориясында қолдану мен сатуға тыйым салу туралы Қаулысы шығарылған, сонымен қатар Комитетпен 2017 жылғы 12 мамырдағы «Сайвелин» ЖШС (мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктері №KZ.16.01.78.003.Е.001600.08.14 26.08.2014ж; мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктері №16.01.78.003.Е.001600.08.14 11.01.2011ж) «Тағамдық биологиялық белсенді қоспасының» 100мг капсулалар мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктерін алу туралы №27-ОД бұйрығы негізінде жоғарыда көрсетілген тағамдық биологиялық белсенді қоспасының мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктері алынып, жарамсыз деп танылған.

 

Біздің балалардың қолындағы қауіпсіз ойыншық

2017 жылғы 1 маусымда «Халықаралық балалрды қорғау күні» шеңберінде Павлодар қаласының ойын-сауық орталығының аумағында Павлодар облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлерімен «Біздің балалардың қолындағы қауіпсіз ойыншық» тақырыбы бойынша акция өткізілді. Жүргізілген іс-шара барысында ата-аналарға балаларға ойыншақ  тандау кезде неге назар аудару қажеттігі түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.

Өзгертілді: 02.06.2017 16:35
Орналастырылды: 02.06.2017 17:56

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесi деген не?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесi (МӘМС) – денсаулық сақтау мүддесiн әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттiк жүйе болып табылады.

МӘМС Казакстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетiмдiлiк жасауға кепiлдiк береді.

Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру (МЭМС) – ауру, жарақат алу, туу және жүктiлiк, мүгедектiк және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығының мүддесiн әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны.

Көптеген дамыған елдер мұқтаждығы артық тұрмысы төмен адамдарға ресурстарды кайта бөлуге мүмкiндiк беретiн МӘМС жүйесiн таңдаган.

Қазақстан үздiк халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, медициналық сақтандырудың аралас моделін енгiзетiн болады.

Бұл қамтамасыз етедi:

  • Денсаулық сақтау қаржылық тұрақтылығын
  • Медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділік жоғары деңгейi,
  • Денсаулық сақтау пакетi.

Міндетті медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтары:

Аз қаражатпен МӘМС шеңберінде қызметтердің толфқ пакетін алу!

Барлығы айкын түрде болады!

Сақтандырылған азамат жеке электрондық денсаулық сақтау жүйесіндегі жеке кaбинeтi арқылы көрсeтiлeтiн медициналық қызметтердің, денсаулық жағдайын, ақылы жарналары туралы барлық ақпаратты көре алады.

Мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесi қалай жұмыс жасайтын болады?

Жарналар жасалған болса, азамат автоматты түрде сақтандырылған болады. Осылайша, сақтандыру жарналарының ең төменгі мөлшeрiмeн, ол кымбат, соның iшiндe қызметтердің барлық пaкeтiнe қол жеткізе алады.

Қоры, өз кезегінде, бeлгiлi бiр талаптарға сай медициналық қызметтер жeткiзушiлeрiмeн кeлiсiм-шaрттaр жасасады және медициналық көмектің сапасын катаң бақылайды.

МӘМС жүйесiнде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмек ала алады?

  • Алғашқы медициналық-санитарлық көмек амбулаториялық тегiн қамтамасыз етiледi және күндiзгi күтiм, профилактика, диагностика, аурулар мен жағдайларды емдеу, жүктiлiк кезеңiн бақылау, медициналық манипуляция, т.б. кiредi.
  • Мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек, оның iшiне профилактика, диагностика, арнайы техниканы және күрделi медициналық технологияларды пайдалануды талап ететiн ауруларды емдеу кiредi
  • Жедел медициналық жәрдем жедел медициналық араласуды талап ететін жағдайларда (апаттар, жарақат, улану, кенеттен пайда болған қатты ауру) медициналық ұйымдарды тыс шұғыл немесе төтенше түрiнде қарастырылған амбулаториялық немесе стационарлық көмек
  • Жоспарлаған медициналық көмек науқастың өмiрiне қaуiп төндiрмeйтiн, аурулар мен жағдайлары үшiн ауруханада қарастырылған
  • Дәрі – дәрмек қамтамасыз ету – амбулаторлық медициналық көмек керсету кезінде
  • Медбике күтiмi – ауру нәтижeсiндe тұрақты үй көмeгiнe мұқтаж болган немесе өздeрi қамқорлық жасай алмайтын тұлғаларға көмек көрсету
  • Пaллиaтивтiк – жазылмайтын, өмiрiнe қaуiп төндiрeтiн аурулар және ауру адамға жайлылықтың ықтимал деңгейде жатқан ауыратын науқастардың өмiр сүру сапасын қамтамасыз ету.

Есте сақтаңыз!

Мeмлeкeттiк тeгiн медициналық көмектің мынадай түрлeрiнe кeпiлдiк бeрeдi:

– жедел жәрдем және санитариялық авиация;

– әлeумeттiк маңызы бар ауруларға медицианлық көмек (онкологиялық аурулар, туберкулез, диабет және т.б.) және төтенше жағдайларда

– Профилактикалық егу

Мемлекет сiз үшiн төлейтін болады,

Егер сiз осы санаттардың бiрiнe кiрсeңiз, онда сiз автоматты түрде медициналық сақтандырудың мүшeсi боласыз:

1) балалар;

2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» табыс eтiлгeн немесе «Ардақты ана» атағын алған, сонымен катар, I және II дәрeжeлi «Ана даңқы» ордeндeрiмeн марапатталған көп балалы аналар;

3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгeдeктeрi;

4) мүгедектер;

5) жұмыссыз рeтiндe тіркелген тұлғалар;

6) интернаттық мекемелерде оқитын және тәрбие алушы адамдар;

7) орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кeйiнгi, жоғары бiлiм және резидентура түріндегі жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндiзгi оқу бөлiмiнде оқитын адамдар;

8) бала (балалар) туу бойынша, бала асырап алу, жаңа туған баланы (балаларды) (бала асырап алу), үш жасқа дейінгі бала күтiмi бойынша (балаларды)) демалыстағы адамдар

9) жұмыс жасамайтын жүктi әйелдер, сондай-ақ баланы iс жүзiнде тәрбиелеп отырған жұмыссыздар (үш жасқа дейінгі);

10) зейнеткерлер;

11) соттың үкiмi бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің (ең төменгi қауiпсiздiк ұйымдарын қоспағанда) мекемелерінде жазасын өтеп отырган адамдар;

12) уакытша ұстау изоляторларында мен уакытша ұстау изоляторларында ұсталатын адамдармен.

Бұл жағдайда арнайы мемлекеттiк органдардың, әскери, қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi жарналар төлеуден босатылады, бiрақ олар жеке желi мекемелерiнде медициналық көмек алуды жалғастырады.

Мiндеттi медициналық сақтандырудың мерзiмiн шегеру туралы не білу кажет?

2016 жылдың 22 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы денсаулық сақтау мәселелеріне байланысты Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осы құжатқа сәйкес, мeмлeкeттiң Қорға медициналық сақтандыру жарналарын төлеу мeрзiмi 2017 жылдың 1 шiлдeсiнeн 2018 жылдың 1 каңтарына ауыстырылды.

Жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алушы жеке тұлғалардың қорға жасалатын аударымдары мен жарналары 2017 жылғы 1 каңтардан 2017 жылдың 1 шілдесіне ауыстырылды. Қызметкерлерге жарналары төлеу мeрзiмi өзгeрiссiз калады, яғни 2019 жылдан бастап.

Өзгертілді: 17.05.2017 16:34
Орналастырылды: 19.05.2017 15:25

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мына мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

  1. «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» – орындау мерзімі: 15 жұмыс күні.
  2. «Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру» – орындау мерзімі: 15 жұмыс күні.
  3. «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» – орындау мерзімі: 15 жұмыс күні.
  4. «І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» – орындау мерзімі: 15 жұмыс күні.
  5. «Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісутуралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыберу» – орындау мерзімі: 15 жұмыс күні.

6.«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру»  – орындау мерзімі: 22 жұмыс күні.

  1. «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» – орындау мерзімі: 5 жұмыс күні.
  2. «Тиісті біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру» – орындау мерзімі: 5 жұмыс күні.
  3. «Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу» – орындау мерзімі: 45 жұмыс күні.
  4. «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ “Назарбаев Университетінде” немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберуге рұқсат юеру үшін маман сертификатын беру» – орындау мерзімі: 5 жұмыс күні.

 

Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жылдам көрсетіледі. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

 

Мүгедектер мен ҰОС қатысушыларына қызмет кезектен тыс көрсетіледі

 

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен нәтижелері

сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін қабылданып, беріледі,

түскі үзіліс уақыты – 13.00-ден 14.30-ға дейін

Өзгертілді: 04.05.2017 17:41
Орналастырылды: 16.05.2017 17:06

Павлодар облысының тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау департаменті  мүделлі тұлғаларға мынаны хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына байланысты «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1, 21-1 және 62-баптарына түзетулер енгізілген.

Заңға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына (бұдан әрі – Құрылыс жобалары), қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының, жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына (бұдан әрі – Қала құрылыстарының жобалары) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша функциялары алып тасталды.

Эпидемиялық маңызы бар объектілерді салу жобаларына, Қала құрылысы жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамада белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады.

62-баптың 3-тармағында көзделмеген жобалар бойынша(қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймағы бойынша, шикізатқа және өнімге нормативтік құжаттамалар жобалары) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны бере отырып санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары жүргізеді. 

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Департамент «Мемлекеттік сараптама» АЖ шеңберінде, кеңсе, халыққа қызмет көрсету орталықтары және «электрондық үкімет» порталы арқылы Құрылыс жобаларына және Қала құрылысы жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға өтініштерді қабылдауды 2017 жылғы 13 наурыздан бастап тоқтатты.

Бұрын түскен жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны беру жөніндегі өтініш (ағымдағы жылғы 11 наурызға дейін) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралатын болады.

Өзгертілді: 14.03.2017 12:00
Орналастырылды: 14.03.2017 15:36