Жіті респираторлық вирустық инфекциялармен эпидемиологиялық жағдай туралы

Облыста жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі – ЖРВИ) бойынша кезенді эпидемиологиялық жағдай тіркелуде. Тұмау тіркелген жоқ.

50-аптада (2017 жылғы 07.12-нан 13.12-ға дейін) ЖРВИ ауырған 754 сырқат тіркелді (2016 жылы осындай кезеңде 536  жағдай), оның ішінде 386  жағдай  балалар арасында (51%).Облыста 100 мың халық санына аурушаңдық көрсеткіші 97,6, бақылау деңгейі – 287,3 құрады.

Вирусологиялық зертханада 1 қазаннан бастап 14 желтоқсанға дейін 189 науқастан алынған талдаулар зерттелді, оң нәтиже табылған жоқ.

Тұмауға қарсы егу жалғасуда.

1 қазаннан бастап 6 желтоқсанға дейін тұмауға қарсы 93613 адам егілді, бұл облыс халқы санынан 12,1 % құрады. Оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 76350, жұмыс беруші есебінен және ақылы негізде 17263  адам егілді.

Жіті респираторлық вирустық инфекциялармен эпидемиологиялық жағдай туралы

Облыстағы жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі – ЖРВИ) бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тұмау тіркелген жоқ.

45-аптада (2017 жылғы 02.11-дан 08.11-ға дейін) ЖРВИ ауырған 429 сырқат тіркелді (2016 жылы осындай кезеңде 559  жағдай). Облыста 100 мың халық санына аурушаңдық көрсеткіші 55,5, бақылау деңгейі – 296,5 құрады.

Вирусологиялық зертханада 1 қазаннан бастап 8 қарашаға дейін 86 науқастан алынған талдаулар зерттелді, оң нәтиже табылған жоқ.

1 қазаннан бастап 8 қарашаға дейін тұмауға қарсы 88434 адам егілді, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 73970, жұмыс беруші есебінен және ақылы негізде 14464 адам егілді.

Тұмауға қарсы егу жалғасуда.

Жіті респираторлық вирустық инфекциялармен эпидемиологиялық жағдай туралы

Облыстағы жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі – ЖРВИ) бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тұмау тіркелген жоқ.

44-аптада (2017 жылғы 26.10-дан 01.11-ға дейін) ЖРВИ ауырған 382 сырқат тіркелді (2016 жылы осындай кезеңде 651  жағдай). Облыста 100 мың халық санына аурушаңдық көрсеткіші 49,5, бақылау деңгейі – 309,5 құрады.

Вирусологиялық зертханада 1 қазаннан бастап 1 қарашаға дейін 45 науқастан алынған талдаулар зерттелді, оң нәтиже табылған жоқ.

1 қазаннан бастап 1 қарашаға дейін тұмауға қарсы 82553 адам егілді, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 69556, жұмыс беруші есебінен және ақылы негізде 1 адам егілді.

Тұмауға қарсы егу жалғасуда.

ЖРВИ ішінде тұмау ең қияметті және қауіпті болып табылады. Тұмау асқынуларымен қауіпті.      

Туындауы ықтимал асқынуларды болдырмау үшін тұмаудың алдын алу маңызды. Тұмаудың алдын алудың жалғыз  тиімді әдісі вакцинация болып табылады. Тұмауға қарсы екпені барлығына алған дұрыс. Егер әрқайсымыз тұмауға қарсы екпені уақытылы алсақ, онда тұмаумен жұқтырылғанның өзінде аурудың ауыр өтуіне, тіпті оның асқынуларына шалдықпайды.

Павлодар облысы бойынша 2017 жылғы 8 айға арналған инфекциялық, паразиттік сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

2017 жылғы 8 айдың қорытындылары бойынша инфекциялық және паразиттік сырқаттанушылық тұрақты денгейде сақталып отыр.

Инфекциялық сырқаттанушылықтың өсуі және топтық жағдайлары тіркелген жоқ.

Іш сүзегі, полиомиелит, дифтерия,  қызамық, қызылша, паротит, сіреспе жағдайлары тіркелген жоқ.

Cальмонеллезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 33%, этиологиясы нақтыланбаған вирусты ішек инфекциялары 67%, этиологиясы нақтыланған басқа ішек инфекциялары 8% төмендеді.

Сальмонеллезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 халық санына 9,9, дизентерияның көрсеткіші 6,3, жіті ішек аурулардың нақтыланған түрі 12,9, нақтыланбаған түрі 1,8 құрады.

Менингококк инфекциясының бір жағдайы және көкжөтелге қарсы егілмеген балалар арасында 4 жағдай тіркелді.

Жіті  вирустық гепатитінің 21 жағдайы анықталды. Оның 18 жағдайы жіті вирустық гепатит «А», 1 жағдай жіті вирустық гепатит «В», 2 жағдай вирустық гепатитінің нақтыланбаған түрі.

Созылмалы вирустық гепатиттің 32 жағдайы тіркелді, 9 тұлғада  созылмалы «В» вирустық гепатит, 23 тұлғада созылмалы «С» вирустық гепатит түрі анықталды.

Паразиттік аурулардан трихоцефаллёз, трихиниллёз, токсоплазмоз тіркелген жоқ. Лямблиозбен зақымдалғандардың саны 16%, энтеробиозбен 14%, сторнгилоидозбен 55%, описторхозбен 32% төмендеді. Аскаридозбен 14, альвеококкозбен 1 және  дерматомикозбен 186 жұқтырылған тұлға анықталды.

Инфекциялық және паразиттік сырқаттанушылық бойынша тұрақты жағдайды ұстап қалу мақсатында мақсатында алдын алу және індетке қарсы іс-шаралар жүргізілуде.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 459 білім беру және тәрбиелеу объектісіне, медициналық ұйымға жоспардан тыс тексеру жүргізілді және анықталған бұзушылықтар бойынша 113 айыппұл салынды. 201 семинар жүргізілді, жергілікті атқарушы органдарға 293, басқа мекемелер мен қызметтерге 940 ақпарат жіберілді. Баспа басылымдарына 58 мақала дайындалып, жіберілді, 170 мақала ресми сайтқа орналастырылды, 61 дөңгелек үстел (мүдделі ұйымдардың, қызметтердің, ведомстволардың, қоғамдық бірлестіктердің, «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің қатысуымен) өткізілді, көрнекі құралдарына 45 мәтін дайындалып, әзірленді, 12 мың тұлға арасында сауалнама жүргізілді. Телеарнадан 40 астам сөз сөйлеу, 83 науқан жүргізілді, көп адам жиналған орындарда (сауда үйлерінде, базарларда, қоғамдық көлікте) 256 радиодәріс оқылды. 2000 астам дәріс оқылды, 5,5 мыңнан астам әңгіме жүргізілді.

Павлодар облысы бойынша 2017 жылғы 6 айға арналған инфекциялық, паразиттік сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

2017 жылғы 6 айдың  қорытындылары бойынша инфекциялық және паразиттік сырқаттанушылық тұрақты денгейде сақталып отыр.

Инфекциялық сырқаттанушылықтың өсуі және топтық жағдайлары тіркелген жоқ.

Іш сүзегі, сал, қызылша, қызамық паротит, дифтерия,  сіреспе жағдайлары тіркелген жоқ.

Жіті ішек аурулардың нақтыланған түрі 7,7%, ал  нақтыланбаған түрі 74% сальмонеллезбен сырқаттанушылық 32% төмендеді.

Сальмонеллезбен  сырқаттанушылық көрсеткіші 100 халық санына 7,2, дизентериянын  көрсеткіші 5,05, жіті ішек аурулардың нақтыланған түрі 10,7, нақтыланбаған түрі 1,04 құрады.

Көкжөтелдің 2 жағдайы осы жұқпаға карсы екпе алмаған балаларда тіркелді.

Жіті вирустық гепатитінің 21 жағдайы анықталды. Оның 18 жағдайы жіті вирустық гепатит «А», 1 жағдай жіті вирустық гепатит«В», 2 жағдай вирустық гепатитінің нақтыланбаған түрі.

Созылмалы вирустық гепатиттің 29 жағдайы тіркелді, 8 тұлғада  созылмалы вирустық гепатиттің «В», 21  созылмалы вирустық гепатиттің «С» түрі анықталды .

Паразиттік аурулардан трихоцефаллёз, трихиниллёз, токсоплазмоз тіркелген жоқ. Лямблиозбен зақымдалғандардың саны 13,9%, энтеробиозбен 14%, сторнгилоидозбен 60%, описторхозбен 30% төмендеді.  Аскаридозбен 11 (11 -2016ж.), альвеококкозбен 1, аскаридозбен 1 және  дерматомикозбен 137 жұқтырылған тұлға анықталды.

Инфекциялық және паразиттік сырқаттанушылық тұрақты денгейде сақтап

төмендету мақсатында алдын алу және індетке қарсы іс-шаралар жүргізілуде.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша бұзушылық анықталған және сол бойынша 76 айыппұл салынған 354 білім беру және тәрбиелеу объектісіне, медициналық ұйымға жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 166 семинар жүргізілді, жергілікті атқарушы органдарға 220, басқа мекемелер мен қызметтерге 809 ақпарат жіберілді. Баспа басылымдарына 45 мақала дайындалып, жіберілді, 131 мақала ресми сайтқа орналастырылды, 52 дөңгелек үстел (мүдделі ұйымдардың, қызметтердің, ведомстволардың, қоғамдық бірлестіктердің, «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің қатысуымен) өткізілді, көрнекі құралдарына 36 мәтін дайындалып, әзірленді, 10 мың тұлға арасында сауалнама жүргізілді. Телеарнадан 30 астам сөз сөйлеу, 62 науқан жүргізілді, көп адам жиналған орындарда (сауда үйлерінде, базарларда, қоғамдық көлікте) 171 радиодәріс оқылды. 1500 астам дәріс оқылды, 3,5 мыңнан астам әңгіме жүргізілді.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай

2017 жылғы 5 айдын қорытындылары бойынша инфекциялық және паразиттік сырқаттанушылық тұрақты денгейде сақталып отыр.

ЖІИ тобымен сырқаттанушылық 1,2 % төмендеді. Жіті ішек аурулардын 66 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылығының көрсеткіші (100 мың халық санына) 9,1, құрады (10,9-2016ж.).

Оның ішінде дизентерия 1,1 % өсті. Дизентерия сырқаттанушылығының көрсеткіші 4,6 құрады (2016ж.- 4,0), 36 жағдайы тіркелді (30 ж. – 2016 ж.). Сальмонеллезбен сырқаттанушылық 1,4 % төмендеді.

Жіті «А» вирустық гепатитінің 19 жағдайы тіркелді. Созылмалы вирустық гепатиттің 27 жағдайы тіркелді. «А» және «В» вирустық гепатиттің алдын алу мақсатында халыққа жоспарлы вакциналау жалғасуда.

Көкжөтелдің 2 жағдайы осы жұқпада карсы екпе алмаған балаларда тіркелді.

Паразиттік аурулардан аскаридоздың 8, энтеробиоздің 248, стронгилоидоздың 7, дерматомикоздың 123, описторхоздың 131, альвеококкоздың, эхинококкоздың 1 жағдайлары тіркелді.

Сырқаттанушылықты төмендету мақсатында алдын алу және індетке қарсы іс-шаралар жүргізілуде.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 281 білім беру және тәрбиелеу объектісіне, медициналық ұйымға жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Баспа басылымдарына 36 мақала дайындалып жіберілді, 110 мақала ресми сайтқа орналастырылды, 50 дөңгелек үстел өткізілді, көрнекі құралдарына 40 мәтін дайындалып, әзірленді, 7215 тұлға арасында сауалнама жүргізілді. Телеарнадан 36 астам сөз сөйлеу, 154 радиодәріс оқылды. Көп адам жиналған орындарда 59 акция, Жаттығу сабағында 336 нұсқаулар таратылды. 1212 астам дәріс оқылды, 3086 астам әңгіме жүргізілді. Ашық есік күндері 26 тұлғаға анықтама берілді.

Өзгертілді: 31.10.2014 15:29
Орналастырылды: 16.06.2017 11:44

Павлодар облысында ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың жағдайы 2016-2017 жылдары қолайсыз болды. Эпидмаусымның басынан 2016 жылғы 1 қазаннан бастап 2017 жылғы 30 сәуірге дейін 24290 жағдай тіркелді ( 2015-2016ж.- 33750), оның ішінде тұмаудың 225 жағдайы тіркелді (2015-2016ж.-30 жағдай). Маусымдық тұмаудың 85 жағдайы балалар арасында, 140 жағдайы ересек азаматтар арасында расталды.

Эпидемияға қарсы жедел шараларды қабылдау мақсатында департамент 1 қазаннан бастап апталык, 1 желтоқсаннан бастап халықтың жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттану жағдайына, тұмау вирусының айналымына күн сайын мониторинг жүргізді.

Апта сайынғы жүргізілген мониторинг деректері бойынша 2017 жылғы 2-ші аптадан (қаңтардың 5-нен 11-не дейін) ЖРВИ маусымдық көтерілуі белгіленді. Жоғарғы денгейі 3-ші аптада (қаңтардың 12-нен 18-не дейін) тіркелді. Аурушаңдық көрсеткіші 3-ші аптада 223,3 ал бақылау дәрежесі 274,5 құрады. Бірақ 3-аптада (2017 жылғы қаңтардың 12-нен 18-не дейін) ЖРВИ-мен сырқаттанғандардың саны 2-ші аптамен салыстырғанда 1,5 есеге өсті (1322-ден 1677 жағдайға дейін). ЖРВИ ауруының таралуына, артуына, өршуіне және топтық жағдайларға жол бермеу мақсатында медициналық және білім беру ұйымдарында шектеулі шараларды енгізу туралы 2017 жылғы 20 қаңтардағы №1 Қаулы шығарылды. Мектептер мен сыныптар бойынша тіркелген сырқаттанғандардың үлес салмағына байланысты (%) оқу үрдісін тоқтату жөнінде түсініктеме берілді.

Аурушаңдық көрсеткіші 4-ші аптадан 7-ші аптаға дейін тұрақты 203,2-210,9 денгейде сақталды, бақылау дәрежесінен артқан жоқ.

Аурушаңдық көрсеткіші 8-ші аптадан (ақпанның 16-нан) төмендей бастады .

2016-2017 ж. кезенде тұмау вирусының айналымы ерте байқалды. 2016 жылғы 8 желтоқсаннан бастап 2017ж. 1-ші наурызға дейін тұмаудың 225 жағдайы тіркелді (2015-2016ж. – тұмау вирусының айналымы 4-ші ақпаннан басталып, 30 жағдай тіркелген). Оның ішінде 2016 жылғы желтоқсанда 1630 жағдай, 2017 ж қаңтарда-149 жағдай , ақпанда – 59 және наурызда – 1 жағдай тіркелді.

ЖРВИ сырқаттанып жатқызылғандар саны 2,3 есе өсті (өткен маусымның 588 жағдайына қарағанда биылғы жылы 1348 жағдайға дейін), бұл сырқаттанудың ауырлығын көрсетеді.

ЖРВИ сырқаттанып жатқызылғандар саны 2087 (8,6% барлық жағдайына шаққанда).

Пневмония тұмаудан жиі тіркелетін асқыну. Пневмония саны 3 есеге асып, 1 өлім жағдайы тіркелді (тұмауға қарсы екпе алмаған 3 жастағы бала).

Зертханада 737 тұлға тексерілді (3% барлық сырқатандардан), оң нәтиже 229 тұлғада расталды, 225 тұлғада – тұмау вирусы, 4 тұлғада тұмау емес басқа вирус расталды (риновирус, парагрипп, метапневмовирус, РС-вирус).

ЖРВИ, тұмау бойынша эпидмаусым кезеңінде індетке қарсы, алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру бойынша 71 семинар, 40 мәжіліс өткізілді. Әкімдіктерге 90-нан астам ақпарат жіберілді. 2500 астам дәріс оқылды, 18 дөңгелек үстел өткізілді, үнпарақтар, жаднамалар таратылды. Тұмау сырқаттанушылығын, асқынулар мен өлім-жітімді төмендетуде жалғыз ғана тиімді шара халықты вакциналау болып табылады.

2016 жылға арналған облыстық бюджет есебінен 40 мың доза сатып алынды, бұл облыс тұрғындарының 5% ғана (жабық мекемелердегі балалар, қарттар мен мүгедектер үйінің контингенті, жүкті әйелдер, медқызметкерлер, созылмалы аурулармен ауыратын балалар мен ересектер) иммундауға мүмкіндік берді. Жұмыс беруші есебінен 25409 тұлға егілді, ақылы түрде 2129 адам егілді.

Эпидемиологиялық маусымда тұмаудың алдын алу бойынша жалпы шараларды сақтау  қажет.  Алғашқы белгілер пайда болған кезде медициналық қызметкерді үйге шақырту керек. Қоғамдық орындарға баруды шектеу. Көшеге шығар алдында мұрын жолдарына оксалинді мазь жағу, ол вирустың тыныс алу жолдарына енуін төмендетеді.

Ата-аналар ЖРВИ-дің алғашқы белгілері пайда болған кезде баланы бала-бақшаға немесе мектепке жібермеуі тиіс, медициналық қызметкерді үйге шақыртып, көрсету қажет, балаға қолды жиі жууды, әсіресе жөтеліп, түшкіргеннен кейін жуу қажеттелігін үйрету керек. Пәтерді, үй-жайларды желдету, сондай-ақ жиі жуып-тазалап отыру қажет.

Эпидемиологиялық маусымда тұмаудың алдын алу бойынша жалпы шараларын білу қажет:

  1. Алғашқы белгілер пайда болған кезде медициналық қызметкерді үйге шақырту керек.
  2. Қолды жиі сабынмен жуу, әсіресе жөтеліп, түшкіргеннен кейін;
  3. Пәтерді, үй-жайларды желдету, сондай-ақ жуып-тазалау.
  4. Қоғамдық орындарға баруды шектеу.

5.Көшеге шығар алдында мұрын жолдарына оксалинді мазь жағу, ол вирустың тыныс алу жолдарына енуін төмендетеді;

  1. Бір рет пайдаланатын маскаларды киіп, жүйелі түрде ауыстырып отыру (3-4 сағат сайын).
  2. Өзіңді салқынданудан сақтау (ауа-райына қарап киіну);
  3. Жаттығу жасау, салқын су құю, дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану. Көбірек көкөністерді, жемістерді жеп, табиғи шырын, компот ішу керек.
Өзгертілді: 14.10.2015 11:49
Орналастырылды: 10.05.2017 12:48