Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы

Павлодар облыстық Мәдениет басқармасының 1970ж 26.01. №29-шы бұйрығы бойынша Павлодар қаласындағы №7-ші қалалық кітапхананың негізінде көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы ашылды.

Арнайы кітапхана көз мүгедектерімен  және басқа да санаттағы мүгедектермен жұмыс істейтін  ақпараттық, әлеуметтік оңалту, тифлоақпараттық, әдістемелік, мәдени әлеуметтік, бейімдеу, ақпараттық білім беру орталығына айналды.

Кітапхананың басым бағыттарының бірі мүмкүндігі шектеулі азаматтардың ақпаратқа тең қол жетімділігін қамтамасыз ету және әлеуметтік оңалту мен олардың қоғамға кірігуіне жағдай жасау болып табылады.

Арнайы кітапхана – бұл түрлі тасымалдағыштардағы ерекше кітап қоймасы: бедерлі-нүктелі шрифтімен жазылған кітаптары, электронды тасығыштардағы, кассеталардағы және орамдардағы дыбысталған кітаптар.

2018 жылы Республиканың арнайы кітапханаларының арасында алғашқы коворкинг-орталығы ашылды. Коворкинг-орталығының айрықша ерекшелігі – кітапхананың ерекше бағытын көрсететін бедерлі-нүктелі шрифтімен жазылған қабырғалардың тактильді безендірілуі мен атаулары бар түпнұсқа дизайні. Сонымен қатар, орталықта шахмат пен дойбыда ойнауға, дискі мен кассеталардағы аудиокітаптарды тифломагнитофонда тыңдауға болады. Мұнда түрлі мастер-класстар, әңгімелер, тұсау кесерлер ұйымдастырылып, тифлокомментариймен фильмдер көрсетіледі және аптасына екі рет «Макраме» үйірмесі өткізіледі. Топтасып немесе жеке түрде іс-шараға дайындық жүргізу мен өткізуге коворкинг орталығының пайдасы зор.

Ескі грампластинкаларға жаңа өмір сыйлауда кітапханада ретробұрыш жасалды. Радиоланы қолдана, көптеген музыкалық шараларда пластинкаларды тыңдауға мүмкіндік бар.

Облыстық арнайы кітапхана Республиканың ең үздік арнайы кітапханаларының қатарына кіреді.

Кітапханада тифлотехника мұражайы безендіріліп, «Жан алауы» дыбыс жазу студиясы жұмыс істейді.

Дыбыс жазу студиясына арнайы дыбыс аппаратурасы сатып алынды. Студияда Павлодар өңірінің көзі көрмейтін ақын-жазушыларының шығармаларын дыбыстандыру бойынша жобалар жүзеге асырылуда.

Арнайы кітапханада барлық қажетті тифлотехникалық құралдар бар. Компьютерлік сынып қазіргі заманғы тифлокешендермен жабдықталған: экрандық қол жеткізу бағдарламасы бар, Брайльдің шағын тактильді дисплейі, оқу машинасы, Брайльдің бедерлі-нүктелі шрифтімен басып шығаруға арналған принтер, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған электронды лупа.

Компьютер сыныбында мүгедектерді жеке компьютерде жұмыс жасауға үйретеді. «Брайльша оқимыз және жазамыз» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірмені ересек шамасындағы көзі көру мүмкіндігінен  айырылған адамдар жазу және оқу жүйесін меңгереді. Жыл сайын үйірме аясында Тұңғыш Президент күніне арналған «Брайльша  оқимыз және жазамыз» сайысы  өткізіледі.

Кітапхана өз пайдаланушыларына ақпараттық және электрондық ресурстар қорының бай қорын пайдалана отырып, маңызды ақпарат табыстайды. Кітапхана қызметкерлері пайдаланушыларға заманауи сервистік қызметтер кешенін ұсынады.

Ағартушылық жұмыс кітапхана қызметінің маңызды бөлігі болып табылады, ал оның негізгі принципі – барлық санаттағы мүгедектерге, студенттерге, оқушыларға, шағын аудан тұрғындарына қызмет көрсетудің жалпыға қол жетімділігі.

Облыс бойынша 17 кітапханалық пунктері бар,  оның  ішінде: 12 пункт  – аудандық жерлерде  және 5 пункт  – қалада  қызмет көрсетеді.

Облыста тұратын оқырмандарға кітаптарды беру кітапхана пункттері арқылы кітапхананың бірыңғай орының көмегімен жүргізіледі.

Пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру үшін қазірдің өзінде Новосибирск, Санкт-Петербург және Казань қалаларымен кітапханааралық абонемент  жұмысын жасайды.

Көз мүгедектердің «сөйлейтін» кітаптарға қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін 2017 жылдың қазан айынан бастап арнайы кітапхана «Михайлова кітапханасымен» бірлесіп жұмыс істейді – бұл «Логос» көру мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы интернационалдық онлайн-кітапхана (Мәскеу).

2009 жылдан бастап айына бір рет 15:30-да облыстық радиода 100.5 FM толқынында кітапхана «Шамшырақ» радиохабарларымен эфирге шығады. Осы бағдарлама арқылы радиотыңдаушылар кітапхана жұмысы туралы, көзі көрмейтін адамдардың өмірі мен қызметі туралы біледі.

Кітапхана Павлодар облысының әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету департаментімен,  Қазақ зағиптар қоғамының Облыстық басқармасымен, мүгедектермен жұмыс жасайтын мәдениет үйімен тығыз байланыста. Қоғамдық мекемелермен де, шығармашылық ұжымдарымен де, этно-мәдениеттік бірлестіктермен де  тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Оқырмандарды оқуға тарту және қарым-қатынас жасау арқылы арнайы кітапхана қызметкерлері азаматтардың ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыруға және кітапхана қоры мен ақпараттық ресурстарына еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге ұмтылады.

Кітапхананы денсаулық мүмкіндігі шектеулі адамдар, зейнеткерлер, мектеп, колледж оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері пайдаланады.

Оқырмандардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы кітапхана ұжымы келушілерге жайлы жағдай жасауға тырысады.

Арнайы кітапхананың есігі әрқашан бүлдіршіндер мен жасы үлкен адамдарға да ашық.

 

Мекеме басшысы: Кенжебекова Жамал Қиянқықызы

 

Телефон: 34-89-93, 34-89-82, 34-89-98

 

Е-mail: pavlspecbibl@mail.ru

 

Сайт: pavlspec.kz

 

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі-сенбі сағ. 9.00 – 18.00

Демалыс күні – жексенбі

Айдың соңғы жұмасы – тазалық күні

 

С.Торайғыров атындағы облыстык кітапхана

Павлодар облыстық кітапхананың тарихы ХІХ ғасырдың соңынан басталады, ол кезде Павлодар – уездік орталығы Семипалатинскі губерниясының құрамында болды. Павлодардың дамуына жүзден аса көпестер өз үлестерін қосты. Солардың арасында А.И.Деров, А.С. Сорокин, Нияз Айтыкин мен оның ұлдары, В.А. Агафонов және тағы басқалар болды. Ең алғашқы қаладағы мәдени мекеме 1892 жылы ашылған қоғамдық кітапхана еді. Кітапхана 1-ші гильдиялық көпес Артемий Иванович Деров пен басқа да жергілікті меценаттардың қаржысына салынды. Кітапхана №3 Мещанск тұйық көшесіндегі (қазіргі М. Есенәлиев көшесі) «Дворяндық жиналыс» ғимаратына орналасты. 

1896 жылдан бастап кітапхана уездік аталды және кейін осы күн облыстық кітапхананың мерейтойларын мерекелеуге негіз болды.

Қазіргі кезде Павлодар облыстық біріктірілген әмбебап ғылыми кітапхана – барлық жастағы оқырмандарга қызмет көрсететін, аймақтағы ақпаратты, білімді, мәдени мекеме, компьютермен жабдықталған. Кітап қоры – 500,0 мың қағазды және электронды ақпарат тасымалдағыштары.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуге арналған «Жанашыр» орталығы ашылды – бұл мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға қызмет көрсетілетін заманауи кешен: тифло кешен, «Оқитын машина», шағын трекбол (эргономикалық манипулятор), брайль шрифтімен жұмыс істейтін принтер және компьютер. Қажет болғанда оқырман өз дауысымен өз мәтінін сақтап қала алады. Нашар еститін азаматтар үшін коммуникациялық акустикалық жүйе орнатылған. 

Кітапхана қызметкерлерінің күш-жігері пайдаланушылардың осы санатының зияткерлік өсуіне жағдай жасауға бағытталған: ниет білдірушілердің компьютерлік сауаттылық негіздерін үйренуге мүмкіндігі бар. Нашар көретін және нашар еститін адамдарға арналған компьютерлік сауаттылық сабақтары, зағип және нашар көретін адамдардың жазуы мен оқуына арналған Брайль шрифтін оқыту курстары жүргізіледі.

 

Зейнеткерлер мен жұмыссыздарға арналған компьютер сабақтары өтеді. Компьютерлік технологияны қолдана білу зейнеткерлер мен жұмыссыздар үшін қолайлы және сұранысқа ие. Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы зейнеткерлер үшін электрондық жүйені оқытуды талап етеді, компьютер үйренем деушілердің қызығушылығын арттыра түседі.

 

Біздің кітапхана Қазақстанда алғашқылардың бірі болып RFID –технологиясын енгізу жобасын жүзеге асыруға кірісті, бұл пайдаланушыларға қызмет көрсетуді жаңа деңгейге көтеретін кітапханалық үрдістерді автоматтандырудың жаңа шешімі. 
РАБИС базасы негізінде автоматтандырылған кітап беру, электронды оқырман билеті дайындалды, кітапты түгендеу бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізілуде. Кіре берісте «ұрлыққа қарсы қақпа» тұр, оқырманды егер кітап тіркелмеген болса шығармайды. Кітапхана холында және абонементте арнайы терминал – өздігінен кітап беретін станция орналасқан.
Кітапханашылар үшін RFID-меткалары үшін сканерлермен жабдықталған автоматтандырылған жұмыс орындары бар. Қызметкерлер деректер базасынан керекті кітаптарын тез таба алады, RFID-есептеушіге тіркесе кітапты береді және қайтарып алады.

Облыстық кітапхана ауқымды әмбебап қорымен бай: сирек кітаптар жинақтары, ерекше өлкетану материалдары, заманауи ақпарат көздері. Өлкетану, сирек және бағалы кітаптар жинақтарының сақтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. Өлкетанулық құжаттарды сандық жүйеге көшіру орталығында 2 ATIZ BookDriveDIY кітап сканері және «Элар Скан А1» газет сканері бар.

 

ОӘҒК – ның 7 желілік жобасы бар: ресми сайт – www.pavlodarlibrary.kz.,  «Павлодар Ертіс өңірінің әдеби картасы»  – http://map.pavlodarlibrary.kz, «Павлодар-Қазақстанның индустриалды жүрегі» –  http://tehno.pavlodarlibrary.kz,  «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың» виртуалды энциклопедиясы –   http://toraygirov.pavlodarlibrary.kz,  «Павлодар Ертіс өңірінің заманауи авторлары «QR – кітапханасы» –  http://qr.pavlodarlibrary.kz,      «Есімдер шоқжұлдызы: Павлодар облысының мәдениеті мен өнері» –  http://esim. pavlodarlibrary.kz,  «Шекарадағы кездесулер» –       http://dialog.pavlodarlibrary.kz, Цифрлы энциклопедияда «Павлодар облысының ғалымдары»                               – http://galym.pavlodarlibrary.kz.

 

Кітапхана басшысы: Шахметова Шолпан Баяновна

 

Телефон: 32-08-02, 32-01-65

 

www.pavlodarlibrary.kz

 

Е-mail: pavlodarounb@gmail.com,

 

Күн тәртібі:

 

Дүйсенбі – бейсенбі  –  10.00 –  19.00

 

Жұма – демалыс күні

 

Сенбі – жексенбі –  10.00 –  18.00

 

С.Торайғыров атындағы облыстық біріктірілген әмбебап ғылыми кітапхана

1896 ж. құрылды.

Облыстың ең көне кітапханасының өмірнамасы 1892 жылдан басталады, 1-ші гильдиялық көпес Артемий Деров пен басқа да жергілікті меценаттардың қаржысына «үйде орналасқан тегін оқу залы бар қалалық көпшілік кітапхана» ашылды, ал 1896 жылы уездік кітапхана деген атқа ие болды. Кітапхана тарихында еліміздің тарихы айқындалады: уездік қаланың өмірі, бірінші дүниежүзілік соғыс, төңкеріліс, азаматтық соғыс, ұжымдастыру, Ұлы Отан соғысы, тың игеру, тоқырау жылдары, қайта құру, Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы.

Ұзақ тарихында облыстық кітапхана кітаптардың қазына қоймасына айналды. Жергілікті және өлкетану басылымдары аса мұқият таңдалады. Облыстық кітапхана қорының көлемі  500 мың данадан астам.

Кітап қорының мақтанышы онжылдықтар бойы қалыптастырылғын бірегей топтамалар: ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың ортасындағы басылымдар, қазақ баспасы, Қазақстан туралы кітаптар, факсимильді және репринтті басылымдар, миниатюралар, автографтар.

Ғылым, өнер мен әдебиет қайраткерлерінің қолтаңбаларымен сыйға тартылған кітаптар тарихи құндылыққа ие. Мәселен, қазақ әдебиеті мен өнерінің ұлы қайраткерлері Дихан Әбіліев, Қалижан Бекқожин, Қалмұқан Исабаев, Медеу Сәрсеке, Жұбан Молдағалиев, Олжас Сүлейменов, т.б. қолтаңбаларын қалдырған.

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана Қазақстан Республикасының аймақтық кітапханалар арасында қарқынды дамып келе жатқандар қатарында. Бұл – ақпарат, білім мен ойын-сауық саласындағы әмбебап орталық, облыстағы қоғамдық кітапханалар мен кітапхана мамандарының біліктілігін арттыру жүйесіндегі ғылыми-әдістемелік орталық, заманауи кітапхана қызметі саласында инновациялық технологияларды талдау, жинақтау және таратуға арналған форумдар, конференциялар мен семинарлар өткізетін бірден бір алаң.

Кітапханада «Жанашыр», «Анықтама», «Тілтаным», «Сұхбат», «Америка бұрышы» орталықтары, «Айна» галереясы, С. Торайғыров залы және фонотека жұмыс істейді. Олардың қызметтері – халыққа кітапханалық қызмет көрсету, олардың білімге, ақпаратқа, мәдениетке деген сұраныстарын қанағаттандыру.

Мұнда қорға қолжеткізуге болатындай ашық орта қалыптасқан. Мүмкіндіктері шектеулі оқырмандарға қызмет көрсету мақсатында «Жанашыр» орталығы мен «Анықтама» анықтамалық-ақпарат орталығы жұмыс істейді.

Электронды оқу залында зейнеткерлер үшін компьютерлік сауаттылық курстары ұйымдастырылған. «Анықтама» орталығында «Параграф», «Заң» электронды дерекетер қоры бар, ҚР е-үкіметі сайтына кіруге болады.

Кітапханада негізгі кітапханалық үдерістер автоматтандырылған, электронды деректер қоры құрылуда, сандық өлкетану баспаларының негізінде электронды кітапхана құрылады. Кітапхананың бөлімдері жергілікті желіге қосылған, пайдаланушыларға арналған автоматтандырылған жұмыс орындары жұмыс істейді, Wi-Fi аймағы ұйымдасырылып, вебинарлар өткізіліп тұрады. Аталмыш кітапхана Павлодар облысы кітапханаларының құрама өлкетану каталогын құрастырады, бл ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Екі ATIZ BookDriveDIY кітап сканерімен жарақталған сандық орталық қызмет етеді.

Мұнда радиожиілікті сәйкестендіру технологиясы сияқты жаңа технологияны белсенді енгізуде. RFID-технологиясын қолдану оқырмандарға қызмет көрсетуді жаңа деңнейге көтермек. Қазақстанда RFID-технологиясы отандық бағдарламалық өнім негізінде енгізіліп жатыр. Бұл жүйе оқырмандарға кітапханашының көмегінсіз өзбетінше кітап алып, оны тапсыруға мүмкіндік береді. Кітапхана дәлізі мен абонементте арнайы терминал – өздігінен тапсыру станциясы орналасқан. Оқырман сөреден қажет кітабын алып, электронды билетімен бірге терминалға жақындатады, ал кітап оның атына жазылады. Кітап тапсыру үшін оны электронды билетпен қоса терминалға жақындатқан да кітап электрондық билеттен өшіріледі.

Облыстық кітапхананың бес желілік жобасы бар: ресми сайт – www.pavlodarlibrary.kz, Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы – http://map.pavlodarlibrary.kz, Қазақстанның индустриялды жүрегі – http://tehno.pavlodarlibrary.kz, «Сұлтанмахмт Торайғыров» виртуалды эциклопедиясы – http://toraygirov.pavlodarlibrary.kz., «Павлодар Ертіс өңірінің қазіргі кездегі авторлары» QR-кітапханасы» – http://qr.pavlodarlibrary.kz

Аталмыш ресурстардың барлығы оқырымандар арасында үлкен сұранысқа ие.

 Басшының аты – жөні: Шахметова Шолпан Баянқызы

Телефоны: 32-08-02, 32-01-65

www.pavlodarlibrary.kz

Е-mail: pavlodarounb@gmail.com, pavlodarlibrary@rambler.ru

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі-бейсенбі, сағат 10.00-ден 19.00 – ге дейін

Жұма – демалыс

Сенбі-жексенбі, сағат 10.00-ден 18.00 – ге дейін