Павлодарская областная филармония имени Исы Байзакова

Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы

 

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет басқармасының  «Иса Байзақов атындағы  Павлодар облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2012 жылдың 20-шы сәуірінен – 106/4 Павлодар облысы әкімдігінің қаулысы бойынша ашылды.Қазіргі таңда ұжымда 250-ден астам адам қызмет етеді.Оның ішінде 8 шығармашылық ұжым бар. Олар:

Қазақ ұлт аспаптар оркестр – бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі   ҚР Мәдениет қайраткері Кәрімов Талғат Бәритұлы;

Симфониялық оркестрі – дирижері әрі көркемдік жетекшісі  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Рахымжанов Болат  Сағатұлы;

Камералық хор – дирижері әрі көркемдік жетекшісі ҚР Мәдениет қайраткері  Жармұхамбетова Мәдина Қайырбекқызы;

«Ретро» вокалдық ансамблі – көркемдік жетекшісі ҚР Мәдениет саласының үздігі Балтина Сәуле Рамазанқызы;

Джаз оркестрі- дирижері әрі көркемдік жетекшісі ҚР Мәдениет қайраткері Шейкин Виктор Тимофеевич;

«Нұр» би ансамблі – көркемдік жетекшісі ҚР құрмет грамотасының иегері Дайырбаева Айгүл Рамазанқызы;

Орыс ұлт аспаптар ансамблі – көркемдік жетекшісі  Петрушкина Оксана Викторовна;

«VIVO»  вокалдық ансамблі – жетекшісі  Нұрғожинова Мәдина  Қанатқызы;

Дәстүрлі домбырамен ән, классикалық, эстрадалық жеке ән орындаушылар қызмет етеді.

Кәсіпорын қызметінің мәні Павлодар облысы мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін көтеру. Облыстың қалалары мен аудандарында, Қазақстан Республикасында және шетелдерде концерттік – гастрольдік қызметті ұйымдастырып өткізген және қойылған мақсаттарды, қызметтерді іс жүзіне асыру мақсатында көзделген іс-шараларды ұйымдастырып өткізіп келеді.Филармонияға облыстағы кәсіби музыканттардың дені топтасқан. Қайта жасақталып жұмысқа кіріскелі бері қойылатын әр концерттің санына ғана емес, сапалы етіп жасауға күш салып келеді. Бүгінде облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары мен жеке ән орындаушылары түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Сондай-ақ, дәстүрлі гастрольдік концерттерді де ұйымдастырумен айналысып келеді.Оның ішінде Қазақстанның барлық облыстары мен  республикалық, шетелдік фестивальдер мен конкурстарға қатысып үлгерді.2013 жылы Астана қаласының 15 жылдығына арналған «Серпер» қазақ ұлт аспаптар оркестрінің  фестивалі; 2013 жылы дәстүрлі «Жұлдызды Жасыбай»  Ертіс –Баян әуендері ІІІ ретро фестивалі; 2014 жылы  Нұр би ансамблі мен қазақ ұлт аспаптар оркестрінен шағын ансамблі «Les Sacres Du Foiklor» атты Францияда өткен халықаралық фестивальде өнер көрсетті; 2014 жылы Астана қаласында өткен ҚР мәдениет қайраткері, дирижер А.Жайымовтың қатысуымен қазақ ұлт аспаптар оркестрінің шығармашылық концерті ұйымдастырылып өткізілді; 2014-2015 жылдары симфониялық оркестрдің концерттік кезеңі     Туркия елінде  өткен Түркі тілдес халықтардың мәдениеті  фестивалінде  Трабзон, Самсун, Амасья, Анкара, Болу, Стамбул қалаларында және Германиядағы Нойштадте, Ландау, Шпайерде шығармашылық кештермен жалғасты; 2015 жылы Лейла Сейсенбаева   Армения Республикасы, Гюмри қаласындағы  «Возрождение»   VII  халықаралық музыкалық орындаушылар фестивалінде  30 елден келген  қатысушылардың ішінен 1  орын иегері атанды; 2015 жылы Ресей Федерациясы, Красноярск қаласында, «Геликон – опера» Мәскеу музыкалық театры ұйымдастырып өткізген Петр Словцов атындағы жас опера әншілері мен режиссерлар байқауында 42 қатысушының ішінен арнайы дипломмен Олеся Скорикова марапатталды.2015 Астана қаласында өткен XVIII Халықаралық «Шабыт» жастар шығармашыл  фестивалінде 45 елден келген өнер майталамандарының ішінен Олеся Скорикова қатысып  дипломант атанды;Жылсайын ұйымдастырылып өткізілетін «Шахимардан достарын шақырады» атты ХІ халықаралық классика  өнер  фестивалі ұйымдастырылып өткізілді. Фестивальде Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері – Айман  Мұсақоджаева, Ресей Федерациясының Еңбек сіңірген қайраткері – Валерий Ворона қатысты.Түркі елінен арнайы келген Халықаралық байқаулардың лауреаты Стамбул қаласының симфониялық оркестрдің дирижері – Михаил Искров. Халықаралық конкурстардың лауреаты, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жеке орындаушылары  – Медет Шотобаев,  Салтанат Ахметова сынды  классика  өнерінің  майталмандары  қатысты;Тәттімбет  Қазанғапұлының 200 жылдығына арналған «Бес төре» атты аймақтық күйшілер байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Бұл байқауға Қарағанды, Астана, Жезқазған, Теміртау, Павлодар облысының шертпе күйдің  шебер орындаушылары қатысты. Әділқазылар алқасының төрағасы Қазақстан Республикасының  Еңбек  сіңірген  қайраткері  Жанғали  Жүзбаев  болды; Нұр би ансамблі Әбу Даби қаласында шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен өткен Халықаралық қолөнер фестивалі Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өтуі шеңберінде «Нұр» би ансамблінің гастрольдік – сапарда болып келді; Қостанай қаласы Е.Өмірзақов атындағы филармониясында  өткен «Джаз – Бомонд 2015» атты Х- халықаралық фестиваліне джаз  оркестрі қатысып, жоғары деңгейлі кәсіби шеберлігімен көрермендердің ризашылығына бөленді;Шығыс Қазақстан облыстық Семейдің Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының  70 жылдық мерейтойы қарсаныңда өткен  І халықаралық «Түркі мұрасы» дирижерлар фестиваліне Иса Байзақов атындағы облыстық филармониясы атынан қазақ ұлт аспаптар оркестрінің дирижері, әрі көркемдік жетекшісі Кәрімов Талғат Баритұлы қатысты; 2016 жылдың 5-8  қаңтар аралығында  Астана қаласында өткен халықаралық  «Рождественские звезды» конкурс-фестивалінен, кәсіби ән орындаушылардың  арасынан Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының «VIVO» вокалдық тобы (жетекшісі Нұрғожинова Мәдина)  І орынға, ал «Ретро» вокалдық ансамблі (жетекшісі  ҚР Мәдениет саласының үздігі Балтина Сәуле) ІІ жүлделі  орынға ие болды.  2016 жылдың наурыз айында Астана қаласында өткен Еркеғали Рахмадиев атындағы  І халықаралық байқауда Лейла Сейсенбаева  лауреат атанды;2016 жылдың 22-23 сәуірі аралығында Ақтөбе қаласында өткен “Жұбанов көктемі – 2016” атты Халықаралық аспаптар оркестрлері және ансамбльдерінің xалықаралық фестивалінде Уфа, Қырғызстан, Эстония, Татарстан, Түркі мемлекеті  және Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінен қатысқан 11 оркестрлік ұжымның ішінен Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрі І – орынды иеленді. Дирижері әрі көркемдік жетекшісі  ҚР Мәдениет қайраткері Талғат Кәрімов. Сондай-ақ, фестивальде жеке өнер көрсеткен оркестрдің  әртісі Аманжол Жұмалин (шертер) және  Артем Александровқа (гитара) фестиваль лауреаты атағы   берілді. 2016 жылдың 27-28 сәуірінде Қызылорда қаласында өтетін Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері, әнші композитор  Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған  «Отан- Ана» атты республикалық  әншілер конкурсына Павлодар облысынан Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының әншісі Руслан Жұмабаев қатысып дипломант атағына ие болды.

 

Басшы: Қожанов Амангелді Қасенұлы

Реквизиттер: ҚР, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Кутузов к-сі 1, эл.адресі: filarmoniya2012@mail.ru

Жұмыс кестесі:  9.00-ден 18.30, үзіліс: 13.00-ден 14.30-ке дейін, демалыс күндері – сенбі, жексенбі

Байланыс телефоны: 8 (718) 2 68 00 71

«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы» КМҚК

«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы мен мәдени – сауық қызметі орталығы 2003 жылы құрылды.

«Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени – сауық қызметі орталығы» аймақтағы ұйымдастырушылық – әдістемелік және мәдени – сауық қызметінің аймақтағы негізгі базасы болып табылады, ондағы жұмыстың шешуші бағыттары қазақ халқы мен облыста тұратын  халықтардың  мәдени құндылықтардың музыкалық, этнографиялық мұраларын жаңғырту, дамыту және сақтау, облыстың мәдени – сауық мекемелерінің бұқараға әдістемелік ықпалына жағдайлар туғызу, облыстық фестивальдер, байқаулар, көркемөнерпаздық өнер мен халық шығармашылығы сайыстарын ұйымдастыру.

Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени – сауық қызметі орталығының басты ерекшелігі – облыс клуб мекемелерін басқаруды бір жерге топтастыруы, оларға әдістемелік көмек беруді, халық шығармашылығының түрлі жанрларын тамаша үлгілер арқылы  дамуына ықпал етуі, «Шаңырақ» орталығының шығармашылық ұжымдарының базасында көркемөнерпаз ұжымдарына тәжірибелік көмек беруі.

Штаттық кестеге сәйкес 2017 жылы 108 штаттық бірлік бекітілген. «Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени-сауық қызметі орталығы» КМҚК-ның қызметкерлерінің жалпы құрамы -96 адам құрады. Оның ішінде 56 шығармашылық қызметкерлер. Жоғары кәсіби білімдері бар –25 қызметкер, орта – кәсіби біліммен – 47 қызметкер.  

«Шаңырақ» орталығында жұмыс атқаратын шығармашылық ұжымдар

  • «Томирис» «үлгілі» қазақ-шығыс би ансамбілі 2003 жылы құрылған болатын.  Ансабльдің жетекшісі Әділханова Алтынай Женісқызы
  • «Пламя» «халықтық» вокалдық ансамблі 2003 года құрылды көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Павлодар қаласының құрметті азаматы Пульга Михаил Николаевич
  • «Шаңырақ сазы» «халықтық» фольклорлық этнографиялық ансамблі 2003 құрылды, ансамблдің жетекшісі Садыков Ризолла Нурланович, Музыкалық жетекшісі  Асылбек Абдикаримов
  • «Шанырақ» хореографиялық ансамбль 2011 жылы құрылды, Көркемдік жетекшісі Сарбасова Ж. С
  • «Өнеге» домбырашылар триосы 2012 жылы құрылды, көркемдік жетекшісі Сабекова Рыскуль Аусаубаевна
  • «Желдірме» ақындар мектебі 2003 жылы құрылды, көркемдік жетекшісі Тұрғанбек Асығат
  • «Жас канат» эстрадалық студия 2003 жылы құрылған жетекшісі Калтаева Айгуль Ауганбековна
  • «Нартұлға» ардагерлер қоғамы  2002 жылы құрылды, төрайымы Шапиға Токкожина 
  • «Замандас» жастар клубы 2004 құрылды, меңгерушісі  Муканова Гульсамиға Егешқызы
  • Солистер: Серік Рыспек, Сауле Арынгазина, Мұса Құтманов, Наурыз Көшен

«Шаңырақ» орталығының басшысы: Аяпбергенова Риза Шайхықызы

Мекен-жайы: 140000, Павлодар қаласы, Кутузов көшесі 1-үй,

Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30 дейін,

                              демалыс  сенбі, жексенбі

Байланыс телефоны: 8-(7182) 68 03-00 -факс; 68-03-01;68-02-97;68-02-98

Электрондық мекенжайы – shanyrak_001@maiI.ru

сайт: www.shanyrak.org.kz

Көрермендер залы: Үлкен зал-383 орын, кіші зал -100 орын