Мұражайлар

Екібастұз тарихи-өлкетану музейі

Екібастұз тарихи-өлкетану музейі 1987 жылы Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің бір бөлімі ретінде құрылды.

1997 жылы Екібастұз қаласының 40-жылдығына музейдің ресми ашылуы болып өтті. Сол кезде музей қорында 4,5 мың экспонат болды. Қазіргі таңда музей қорында 28613 экспонат бар, оның 24263-і – негізгі қордан, 4350-і – қосымшадан.

Музейдің 9 экспозициялық залдарында Екібастұз тас көмір кен өндіретін орнының кен танушы Қосым Пішенбаев ашқаннан бастап қазіргі кезеңге дейінгі құрылу, даму кезеңінің бай тарихы көрсетілген, сонымен қатар өңіріміздегі алғашқы еңбек құралдары, тұрмыстық заттары, қазақ халқының этнографиясы, Павлодар облысының табиғаты көрсетілген.

Музейде 20 қызметкер жұмыс істейді. Үш бөлімдегі 10 қызметкер өңіріміздің тарихы туралы материалдарды жинау, зерттеу, сонымен қоса тарихи-мәдени мұраны насихаттау мен оны таныту, жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.

Жыл сайын музейге 10000-нан астам адам келсе, 200-ден астам экскурсия, тематикалық дәрістер, 40-тан астам көрме ұйымдастырылады. Музейдің көрме залында жеке және тематикалық көрмелер, сәнді-қолданбалы өнер көрмелері, мүгедектер жұмыстарының көрмелері, фотокөрмелер, түрлі шеберлік сабақтары және тренингтер өткізіледі.

Музей Екібастұз ауылдық округіндегі Қаражар ауылының ортағасырлық Әулиекөл қалашығындағы және Шідерті археологиялық кешеніндегі этноархеологиялық зерттеулерге қатысады. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейі, Ақмола облысының Бөгенбай атындағы Ерейментау аудандық өлкетану музейі, Солженицын атындағы қоғамдық қор (Мәскеу), С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің Ә. Марғұлан атындағы қоғамдық ғылыми-археологиялық орталық, ПМПИ археолого-этнологиялық зерттеу орталығы және Ақсау қаласының өлкетану музейі осы музейдің серіктестері болып табылады.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағ. 9.00-18.00; түскі үзіліс: сағ. 13.00-14.00 сенбі, жексенбі: сағ. 10.00-18.00, үзіліссіз

Музей директоры: Смаилова Нағима Бабылбекқызы

Мекенжайы: Екібастұз қаласы, Горняков көшесі, 34

Байланыс телефондары: (87187) 75-28-92 (факс), 22-26-98

Электрондық пошта: ekb_museum@mail.ru

Музейдің сайты: www.ekbmuseum.kz

Өзгертілді: 26.12.2014 12:08
Орналастырылды: 09.09.2016 14:51

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі

Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі “Қазақстанды зерттеу қоғамының” облыстық бөлімшесі негізінде 1942 жылы құрылған. 1959 жылы оған саяхатшы, Орта Азияны зерттеуші Г.Н.Потанин аты берілді. Музейдің негізін қалаушы – фотограф, өлкетанушы Дмитрий Поликарпович Багаев. Музей экспозициясы өлкеміздің тарихы мен мәдениетін ашатын 12 залда орналасқан. Ғылыми кітапхана, Д.П.Багаевтың мұражай-үйі, Майра Шамсутдинова атындағы ән өнер шығармашылығы музейі және Әскери Даңк музейі сияқты үш филиалы бар.

Музейдің негізгі қоры Ленин көшесіндегі 1890 жылы салынған сәулет ескерткіші ғимаратында орналасқан. Онда бірінші гильдия көпесі А.Деровтың сауда үйі болған. Әкімшілік, ішкі бөлімдер ғимараттың екінші қабатында – бұрынғы пошта-телеграф конторасында орналасқан.

Музей қоры жылдан жылға көбейіп, ғылыми өңдеуден өткізілуде. Онда жетпіс мыңнан астам экспонат бар.

Музей экспонаттарының негізін археологиялық, палеонтологиялық, этнографиялық, нумизматикалық, фотосуреттік топтамалар және құжаттар, жаратылыстану-ғылыми, өндірістік заттар мен қару-жарақтар құрайды.

Дәріс және экскурсиялық жұмыспен қатар музей республикалық музейлер мен өз қорынан көрмелер ұйымдастырады. Облыстық тарихи-өлкетану музейі жанынан Павлодардың Ертіс өңірін зерттеу үшін археологиялық және этнографиялық экспедициялар жүргізіледі. Шеберлік сағаттары, өлкетанулық сабақтар, дәріс-концерттер, шығармашылық кештер ұйымдастырылады.

Павлодар Ертіс өңірін зерттеу мақсатында облыстық тарихи-өлкетану музейінің негізінде археологиялық және этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылады.

ҚР-ның Тұңғыш Президентінің Музейі (Астана қаласы), ҚР-ның алтын музейі (Астана қаласы), Мемлекеттік тарихи-өлкетану музейі (Омбы қаласы), РҒА Сібір бөлімшесінің археология және этнография институты, Ә.Марғұлан атындағы археология институты, Мемлекеттік Орталық музей, Көкшетау, Қарағанды, Өскемен қалаларының өлкетану музейлері осы музейдің серіктестері болып табылады.

Мекенжайы: 140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 149

Қабылдау бөлмесі: тел./факс 61-81-36

Экскурсиялық қызмет көрсету үшін тапсырыс беру телефоны: 61-81-59

Музей директор: Нұрахметова Гүлнәр Бәркенқызы

Жұмыс уақыты: сағат 10:00 – 18:00

Демалыс: дүйсенбі

Музей сайты: http://www.pavlkraimuz.kz/

Электрондық поштасы: pavl_muzei@mail.ru

Өзгертілді: 26.12.2014 12:04
Орналастырылды: 09.09.2016 14:45

Шарбақты тарихи-өлкетану музейі

Шарбақты тарихи-өлкетану музейі өз қызметін 1999 жылдың қыркүйек айынан бастады. Музейдің негізгі мақсаты – ғылыми–зертеу және ағартушылық, жинақтау, сақтау, көрме-экспозициялық қамтамасыз ету, тарих ескерткіштерін және мәдениетін сақтауға көмектесу.

Тарих және мәдениет туралы материалдарды жариялау, зерттеулерді сақтау.

Облыстың және аудан тұрғындарының рухани және моралдық әлеуетін дамыту және көмек көрсету;

Музейде жеке заттар, фото және бейне таспа материалдары, ауданның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі, тарихы, ауданда тұратын халықтың тұрмысы мен салт–дәстүрі, қоныс аударушылардың тұрмыстық заттары жинақталған.

Әр жылғы музейге келушілердің саны 6000 асады, 40-тан астам көрме ұйымдастырылуда, оның ішінде 10 қозғалмалы көрме, 100 шақты шара, 40-тан астам дәріс, оның 10-ы ауылдарда өткізілді.

Музейде 2006 жылдан бастап дәріс–көрме залы жұмыс істейді, онда «дөңгелек үстел», жергілікті суретшілердің көрмелері, халықтық қолданбалы өнері жұмыстарының көрмелері, дәрістер мен түрлі шаралар, конкурстар, әдеби викториналар, кездесу кеші өткізіледі.

Музейде Павлодар облысының, алыс-жақын шетел, жергілікті авторлардың кітаптары, облыстық және жергілікті ән орындаушыларының және халық шығармашылығы жарияланады.

Бұхар жырау атындағы музей, Павлодар Потанин атындағы музей, көркем-сурет музейі, Н.Шафердің музей-үйі, Семей көркемдік музейі, Құлынды тарихи-өлкетану музейі, Славгорд музейі (Ресей) аталмыш музейдің әріптестері.

Музейде 5 зал бар:

  • этнографиялық зал;
  • тарих залы;
  • өсімдіктер мен жануарлар залы;
  • көші-қон үйі (екі кішкене бөлмеден тұрады);
  • дәріс-көрме залы

Телефоны: 871836-2-24-52; факс – 2-24-52

Директоры: Сидоренко Людмила Ильинична

Электрондық поштасы: sherbmuzei@mail.ru

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағ. 9.00-18.30

Түскі үзіліс: сағ. 13.00-14.30

Жексенбі: сағ.10.00-14.00

Демалыс: сенбі

Өзгертілді: 26.12.2014 12:00
Орналастырылды: 09.09.2016 14:36

Павел Васильевтің үй-музейі

Павлодар қаласындағы П. Васильев мұражай-үйі – кеңес үкіметі кезіндегі және Қазақстандағы қазақ пен орыс, еуропалық және азиялық мәдениеттің біріккен, ал шығармашылығы 20-шы ғасыр кеңес үкіметінің орыс әдебиеті қазынасына енген, тағдыры қасіретке толы көрнекті ақын Павел Николаевич Васильевтің бірден-бір мұражайы.

Павел Васильевтің маңдайына 27 жыл ғана өмір сүру жазылған екен. 20 жыл бойы П. Васильевтің төл шығармашылығына тыйым салынды. Ақын ақталғаннан кейін оның жесірі Е.А. Вялованың, баспашы И.М. Гронскийдің арқасында 1957 жылы П. Васильев шығармаларының алғашқы жинағы жарық көрді. П. Васильевтің ақындық мұрасы 200 өлең мен 14 поэмадан құралған, оның ішінде «Соляной бунт», «Песня о гибели казачьего войска», «Христолюбовские ситцы» атты поэмалары бар.

1987 жылы Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында әдеби бөлім ашылып, П. Васильев мұражай-үйінің құрылу тарихы осы жерден басталады. Васильев ұрпақтары мен Е.А.Вялованың сұранысы мен қолдау хатына сәйкес 1990 жылдың желтоқсанында әдеби бөлім ақынның үйіне орналастырылды. Бірақ 1866 жылы салынған үй апатты күйде болды, сондықтан ғимаратты қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Ақынның қайтыс болғанына тура 85 жыл толған күні, яғни 1994 жылы 23 желтоқсанда Павел Васильев мүсіні (мүсiншi Е.Мергенов пен сәулетшi К.Мантахаевтiң еңбегі) мен мұражай-үйінің салтанатты ашылуы өтті.

XX ғасырдағы көрнекті ақынның шығармашылығын зерттеу бойынша тарих және мәдениет саласындағы кеңес елдері аумағы мен Қазақстанның еш жерінде кездеспейтін жалғыз мемориалдық ескерткіші бар П.Васильевтің мұражай-үйіне ақын туралы бүкіл құжаттар жиналыды. Васильев жанұясының жәдігерлерімен танысу барысында кітіптар, жазбаша мәліметтер, қағаз кесуге арналған пышақ, күл салғыш, ақынның анасы Глафира Матвеевнаның сандықшасы, П.Васильевтің көзі тірісінде оқыған қолтаңбасы бар басылымдар мен фотосуреттері болды. Бұл аз ғана нәрселер бүгінгі күнге дейін сақталаып, өз құндылығын жоғалтқан емес.

Павлодарлықтар мақтан тұтатын «Васильев қорығының» қабырғасында поэзия әуесқойлары үшін әдеби-музыкалық кештер, белгілі әдебиетшілерімен кездесулер, Павел Васильев атындағы әдеби бірлестігінің отырыстары өткізіледі.

Мұражай-үйінің ғылыми-зерттеу, яғни П.Васильевтің ғана емес, сондай-ақ оның замадастарының, қазақстандық әдебиетшілердің шығармашылығын дәріптеу жұмыстары ерекше орын алады, сонымен қатар И.П.Шуховтың өмірі мен шығармашылығы туралы «Сын степного простора» және Н.Титов туралы «Я не был в этой жизни пустоцветом» атты фильмі көрсетіліп, С. Мұқанов пен М. Әуезовтың, С. Торайғыровтың, І. Жансүгіровтың және т.б. шығармашылығы туралы әдеби кештер өткізіледі.

Павлодар өз ұлын мақтан тұтады. П. Васильевтің құрметіне көше мен ескі кітапхананың облыстық әдеби бірлестігіне оның аты берілді.

Павлодарда Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Павел Васильев атындағы саябақ ашылып, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, павлодарлық мүсінші К.К.Баймолдин жасаған П.Васильевтің мүсіні орнатылды. Қызыл граниттен жасалған іргетасында П.Васильев өмір сүрген жылдардың қиын-қыстау кезеңін суреттейтін қисық сызық бар. Ақынның жүзінде алға деген ұмтылыс байқалады, өйткені ол зулап аққан жұлдыздай жарық етіп сөнді.

Ресейде Павел Васильев туралы, оның шығармашылығын біледі, сүйіп оқиды. Ақын шығармалары әлемнің бірнеше тіліне аударылды. Павел Васильев қазақстандықтар үшін аса қымбат, өйткені ақын өзінің өзгеше поэзиясы арқылы рухани еуропалық және азиялық сияқты екі мәдениетті біріктіре білді.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-сенбі, сағ. 9.00-18.00.

Сенбі: сағ. 9.00-18.00

Түскі үзіліс: сағ. 13.00-14.00

Демалыс: жексенбі

Мекенжайы: 140000, Павлодар қаласы, Чернышевский көшесі,121, тел: 32-45-72

Директоры: Мерц Зәкия Саясатқызы

Электрондық поштасы: pvasilyev@mail.ru

Өзгертілді: 26.12.2014 11:59
Орналастырылды: 09.09.2016 14:33

Ақсу тарихи-өлкетану музейі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2000 жылды «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялағанда Ақсу қаласының соғыс және еңбек ардагерлері, қаланың Құрметті азаматтары Ақсу тарихи-өлкетану музейін ашу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп «Ақсу тарихи-өлкетану музейі» КМҚК тарихы 2000 жылдың 18 қазанынан басталып, экспозициялық-көрмелік алаңы 146,4 шаршы метрді құрайды. Музейдің салтанатты ашылуы 2001 жылы 23 қазанда қаланың 40 жылдық мерейтойы қарсаңында болды.

Қаланың бар тарихы мен тарихи тұрмыстық заттар шағын музейдің экспозициялық-көрмелік залына сыйып кетті.

Музей ашылғанда бар-жоғы 200 экспонат болса, осы уақыт аралығында музей қоры 3086 экспонатқа дейін көбейді. Олар: фото құжаттар, мұрағаттық материалдар, күнделікті тұрмысқа қажетті құралдар.

Музейде археология, қала құрылысының тарихы, құрметті азаматтар, табиғат және өсімдіктер, өнеркәсіп және кәсіпорындар, этнография залы, мәдениет және спорт, бұқаралық ақпарат құралдары, ауыл шаруашылығы, Ұлы Отан және ауған соғыстарының ардагерлері – 4 стенд, тын игерудің 50 жылдығы сияқты бөлімдер жұмыс істейді. Мұндағы әр жәдігердің өз құпиясы мен тарихы бар. Қазақ жеріне тын игеруге келген қалалық бикештердің 50-60 жылдары киген туфлилі резеңке бот, аталарымыз күтабақ тыңдап, оған билеген патефон, 100 жылдық нағыз түлкі ішік, 60-жылдардың Монғолиядан әкелінген 2-де 1 (теледидар мен радио) теледидары, 80-жылдардың 3-те 1 (күйтабақ ойнатқыш, радио мен магнитафон), 70-жылдардың қабырға сағаты, Жапон соғысы жылдарындағы қобдиша, 1912 жылғы «Огонек» журналының 4 нөмірі, И.В. Сталиннің 1941 жылы халыққа соғыстың басталуы жайлы айтқан сөзі басылған газеттер, соғыс ардагерлері сақтаған орден-медальдар, майданнан келген хаттар.

Музейде іс-шаралар, лекциялар, дөңгелек үстелдер, ұлы отан соғысы ардагерлерімен,қаламыздың құрметті азаматтармен, ауған соғысы ардагерлерімен қызықты кездесулер өтеді. Ақсу қаласының қолөнер шеберлерінің қатысуымен қолданбалы өнер көрмелері ұйымдастырылып, атаулы мерейкүндерге стендтер безендіріледі. Сонымен қатар әрбір өткізілген іс-шараларға қорытынды жасалып, мақала ретінде жергілікті «Ақжол» газетінің бетіне жарияланады, «Ақсу толқыны» радиохабарының эфиріне шығады.

Музейдің сайты: aksumuseum.kz;

Электрондық поштасы: museum-aksu@rambler.ru

Байланыс телефоны/факс: 871837-6-46-99

Директоры: Ақшолақова Гүлжанар Нәскенқызы

Жұмыс уақыты: күн сайын сағ. 9.00-18.00; түскі үзіліс: сағ. 13.00-14.00; демалыс: сенбі, жексенбі

Өзгертілді: 26.12.2014 11:52
Орналастырылды: 09.09.2016 14:29

Академик Қ.И. Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайы

Мұражай 1964 жылы қыркүйек айында қоғамдық негізде ұйымдастырылып, 1967 жылдан бастап мемлекеттік басқарма қарамағында жұмыс істейді.

Қазіргі кезде мұражай 1973 жылы салынған типтік ғимаратта орналасқан. 1989 жылы академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай әкімшілік ғимарат, қор бөлмесі мен 60 орынға арналған кинозал салынды. Мұражай құрылымына М.Ж.Көпеев пен С.Торайғыров мемориалдық мұражайлары кіреді. Бұл мұражайлардың типтік ғимараттары 1993 жылы салынған.

Мұражайдың жалпы көлемі – 643.1 шаршы метр.

Жәдігерлердің жиыны – Қаныштың киген киімдері, құжаттарының көшірмелері, фотосуреттері, материалдары, академиктің өмір жолы мен ғылыми қызметі жөніндегі зерттеу жұмыстарынан құралған.

Академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы бүгінгі күні жастарды тәрбиелеуде үлесін қосатын, ғалымының рухани мұрасының ошағы. Мұражайға ауданның мектеп оқушылары, лицей студенттері, алыс-жақын шет елдерден келген қонақтар келеді.

Мұражайдың мекенжайы: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Ак. Сәтбаев көшесі, 38 үй.

Телефоны: 8 (71840) 9-13-44, 9-07-92

Электрондық пошта: bayan-muzei@mail.ru.

Директоры: Сағымбекова Үміт Сапарбекқызы

Мұражай аптаның барлық күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс: сағ.13.00-14.00, сенбі-жексенбі күндері кесте бойынша жұмыс істейді.

Өзгертілді: 26.12.2014 11:46
Орналастырылды: 09.09.2016 14:26

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің негізі 1990 жылдың 1 ақпанында қаланып, 1992 жылғы 22 наурызда салтанатты түрде ашылды.

Музей экспозициясы 7 (жеті) залда орналасқан: халық ауыз әдебиеті залы, көне түркі жазбалар ескерткіші залы, Бұқар жырау залы, ХХ ғасыр басындағы әдебиет, әдебиеттер достастығы залы, қазіргі заман әдебиеті залы, өнер залы.

Қазіргі кезде музейде 47 мыңнан астам экспонат бар. Оның ішінде 13 071 жуығы түпнүсқа. Жыл сайын музейді 32 мың келуші тамашаласа, 110 астам бұқаралық іс-шара, 260 тақырыптық дәріс, 320 музейге шолу дәрісі мен 100 көрме өткізіледі. Мектеп оқушылары мен студенттерге Павлодар өңірінің ақын-жазушылары шығармашылығына арналған мектеп бағдарламасымен сәйкестендірілген 50 астам тақырыптық дәрістер жүргізіледі.

Музей қорына көптеген бағалы жәдігерлер жинақталған. Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жүсіпбек Аймауытов, Иса Байзақов, Всеволод Иванов, Антон Сорокин, Қошке Кемеңгеров, Қадыр Тайшықов, Дихан Әбілев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Зейін Шашкин, Қалижан Бекхожин, Әлкей Марғұлан, Рамазан Тоқтаров, Аманжол Шәмкенов, Қалмұқан Исабаев, Мүбәрак Жаманбалинов, Сәбит Дөнентаев т.б. ақын-жазушылардың, Жаяу Мұса, Естай Беркімбаев, Майра Шамсутдинова, Жұмат Шанин, Қамар Қасымов, Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев, Қуат Әбусейітов, Суат Әбусейітов, Қали Байжанов т.б. өнер майталмандарының жеке заттары, жәдігерлері мен қолжазбалары, өздері жасаған заттары музейдің баға жетпес құнды қазыналары болып табылады.

Экспонаты мол әрі әсерлі бұрыштардың бірі Всеволод Ивановтың кабинеті. Мұнда жазушының жеке заттары, кітап шкафы, жазу үстелі, орындығы мен бес үзбелі қоршау-шымылдығы т.б. бар.

Шәкен Аймановтың апатқа ұшырағанда үстінде болған тоны, Иса Байзақовтың ауруханада жатқанда ұстаған шәйнегі, Жүсіпбек Аймауытовтың өз қолымен жасаған қағаз кесетін ағаш пышағы т.б. заттары, Қамар Қасымовтың Нұтфолла Шәкеновке жасап берген домбырасы, белгілі аспапкер Тоқбай Жұмағұловтың балалайкасы музейге келушілердің көзіне ыстық көрінетін, жүрекке ерекше әсер ететін мейлінше құнды жәдігерлер.

Өз экспонаттары негізінде музей Баянауыл ауданында Жұмат Шаниннің, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Жаяу Мұса Байжановтың, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұражайларын, Ақтоғай ауданында Естай Беркімбаевтің, Шарбақты ауданында Мұзафар Әлімбаевтың, Ертіс ауданында Иса Байзақовтың мұражайларын ашты. Музей қызметкерлерінің күшімен М.Ж. Көпеев атындағы орталық мешіт пен қаланың орта мектептерінде (№ 7, 4, 41, 42 ОМ) ислам діні тарихы мұражайы ашылды.

Жерлес ақын-жазушылардың, композиторлар мен мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығын таныту және насихаттау мақсатында музейде кездесу, шығармашылық және демалыс кештері, өлең оқушылар мен ән орындаушылардың облыстық және республикалық деңгейдегі байқаулары өткізіліп тұрады. Атап айтқанда, қалалық «Махаббат жыры» поэтикалық және прозалық шеберлік байқауы, Естай Ерботинді еске алуға арналған қалалық байқауын өткізу дәстүрге айналған. Музейде «Балалар үйі», «Музей күні» бағдарламалары сәтті жұмыс істеп, «Жауқазын», «Атамекен», «Таным» қазақ халқы салт-дәстүрлерін насихаттау жөніндегі дәрістер өткізіледі.

Музейдің орналасқан үйі ескі сәулет бойынша 1897 жылы салынған, айшықты оюлармен көмкерілген мейлінше көрікті ағаш үй. Ресми делегациялар, қала мен облыс қонақтары музейге жиі келеді. Франция, Индия, Венгрия, Польша мемлекеттерінің елшілері, Жапония елшілігінің атташесі, Австрия, АҚШ, Қытай, Германия мен Польша елдерінен келген бизнесмендер музейді көріп, таң-тамаша болды.

Музей қызметкерлері насихат жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізеді. Барлық ғылыми қызметкерлер екі тілде бірдей дәріс оқып, экскурсияларды да екі тілде қатар өткізуде. Сонымен қатар дарынды ақын-жазушыларды, өнер қайраткерлерін бұқара халыққа кеңінен насихаттау мақсатымен олар туралы мерзімді баспасөзде танымдық мақалалар жазып, теле-радиохабарлар беріп келеді.

Мекенжайы: 140000, Павлодар қаласы, Ак. Марғұлан көшесі, 97-үй, электрондық пошта: Litmuseum@mail.ru

Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-18.00, үзіліссіз, демалыссыз

1992 жылғы маусымнан бастап музей директоры Игібаева Роза Ержанқызы

Байланыс телефоны: 8-(718-2)32-01-24, 32-41-87, 32-32 -88

 

Өзгертілді: 26.12.2014 11:41
Орналастырылды: 09.09.2016 14:22

Павлодар облыстық көркемсурет музейі

Павлодар облдыстық көркемсурет музейі 1964 жылы құрылды. Бұл Қазақстанда құрылған екінші көркемсурет музейі болды. Бұған дейін тек Алматыдағы Т. Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясы ғана болды. 1965 жылдың 18 желтоқсанында музей келем деушілерге өз есігін айқара ашты.

40 жылғы жұмысында музейде кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының қайталанбас жинағы қалыптасты. Музей қорында 5500-ден астам экспонат бар. Жинақтаманың ең маңызды бөлігі – Республиканың кәсіби өнерінің қалыптасуы, дамуын түпкілікті бейнелейтін Қазақстан суретшілерінің еңбектері (ХХ ғасырдың басында салынған Н.Г. Хлудовтың пейзаждары, оның шәкірттері А. Бортниковтың, Н. Соловьевтың, Қазақстанның тұңғыш халық суретшісі Ә. Қастеевтің шығармашылығы). Сонымен қатар музей жинағында 1930-шы – 40-шы жылдары Қазақстанда жұмыс істеген көрнекті шеберлердің шығармалары өз орнын тапқан (А. Черкасский, В. Эйферт, Л. Леонтьев, П. Зальцман, С. Калмыков және т. б.). 1960-70-ші жылдар – Қазақстанда мықты ұлттық мектептің қалыптасқан уақыты. Осы кезде А. Ғалымбаеваның, Қ. Телжановтың, А. Степановтың, С. Айтбаевтың, Г. Исмаилованың, Е. Сидоркиннің, Ж. Шарденовтың және т. б. суреттері жазылды. 1980-90-шы жылдарда белсенді жұмыс істеген суретшілердің (Е. Төлепбаев, К. Моллашев, А. Карпыков, Р. Хальфин және т.б.) шығармалары да қызықты. Музей қорында Павлодардың алдыңғы қатарлы кәсіби суретшілері – Қ. Баймолдиннің, М. Колмогоровтың, Ғ. Қаржасовтың, П. Лысенконың, В. Мартынцевтың, А. Бибиннің, А. Гулиннің, Ө. Шурановтың, Ә. Игембаевтың және тағы басқаларының жұмыстары жинақталған. Павлодарда 1919 жылдан 1929 жылға дейін тұрған белгілі орыс суретшісі В. П. Батуриннің (1863-1938) картиналары жинақтаманың мақтанышы болып табылады.

1990-шы – 2000-шы жылдарың басында Қазақстанның көркем өмірінің қазіргі үрдістерін бейнелей отырып, Павлодар облыстық көркемсурет музейі коллекциясын кеңейтіп, өз дамуын жалғастырып келеді.

Жыл сайын музей 15-тен астам экспозиция ұсынады. Бұл – музей қорларынан алынған дәстүрлі тақырыптық іріктемелері, павлодарлық суретшілердің есептік және жеке көрмелері, фотокөрмелер, «М*АРТ» жастар жобасының көрмелері, балалар суреттерінің көрмесі, алдыңғы қатарлы музейлердің жинақтарынан алынған көшпелі көрмелер.

Музейде өткізілетін суретшілермен кездесулер, шеберлік сағаттаря, экскурсиялар, көркем-әдеби және музыкалық кештер, тұсаукесерлер мен бейнелеу өнері тарихы бойынша бейнефильм көрсетілімдері ерекше қызығушылық тудырады. Музей кеңес беру-сараптау қызметтерін де көрсетеді, қала және облыстың оқу орындары үшін білім беру бағдарламаларына белсенді ат салысады. Музей әріптестерінің ішінде тек Қазақстан музейлері мен галереялары ғана емес, сонымен қатар Омбы мен Новосібір музейлері, Британ Кеңесі, Гете Институты, Сорос-Алматы қазіргі заман өнер орталығы, Халықаралық «Ашық музей» қауымдастығы (ХАА), Ресей музейлерінің қауымдастығы (РМА) бар.

Мекенжайы: 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 44/1

Директордың міндетін атқарушы: Нұрғамысова Айгүл Нұрланқызы

Телефоны: 8(3182) 53 58 11, 53 61 04

Тел./ факс: 8 (3182) 53 69 19

Электрондық поштасы: pvlmusei@rambler.ru

Жұмыс уақыты: күнде сағ. 9.00-18.00, демалыс: дүйсенбі

Өзгертілді: 26.12.2014 11:35
Орналастырылды: 09.09.2016 14:19

Шафердің музей-үйі

Музей 2001 жылы профессор, музыкатанушы, композитор Наум Григорьевич Шафердің жеке күйтабақтар коллекциясының негізінде ашылды. 27000 күйтабақ (оның ішінен 2000 ауысымдық қордыкі) – бұл нағыз «тарихтың дауысты шежіресі». Онда IX мен XX ғасырдың аяғындағы музыкалық шығармалардың жазбалары, саяси қайраткерлердің, белгілі танымал әртістер мен ақындардың дауыстары, көптеген халықтың музыкасы бар. Коллекцияның ең бір нағыз қазынасы 14000 граммофондық және патефондық куйтабақтар/пластинкалар, ал олардың кейбіреуі бір-бір данадан ғана.

Фонотекада граммофон, патефон және винил күйтабақтары көрсетіліп ұсынылған. Ең алғашқы граммофон күйтабақтарының жазылуы 1898 жылмен белгіленіп, олар «Пате» фирмасында жасалынған. Онда ескі орыс әндері, шіркеулік хор өлеңдері мен сол кездегі белгілі жетекші опера әншілері Шаляпиннің, Собиновтың, Нежданованың және тағы да басқалардың дауыстары бар.

Коллекцияда жиырмасыншы ғасырдың басындағы патефон күйтабақтары – әлемдік классиканың ең бірінші жазбалары Глинка, Чайковский, Рахманинов, Бах, Моцарт, Гендель, Шопен, Верди, Мендельсонның шығармалары ұсынылған.

Күйтабақтарда барлық «ғасырдың жылдамдықтары» ұсынылған. Олар сондай нәзік (сынып қалатын) жылдамдықтары минутына 33, 45, 78 айналыммен, тіпті кейбірі 90 айналыммен айналатын дыбыс жазатын «Граммофон», «Сирена Рекордз», «Парлафон», «Colambia», «Zonophon», «His master s voice», «Мелодия» және басқа да фирмалардың патефон және винил күйтабақтарында сақталған.

Патефон күйтабақтарында қазақ халық әуендері, Ш.Қалдаяқов әндерінің, Е.Брусиловский мен А.Жұбановтың музыкасына жазылған алғашқы қазақ операларының жазбалары бар. Қазақ музыка бөлімінде ҚазССР халық артисі, қазақ операсының ең бірінші орындаушысы Күләш Байсейітованың орындауынды барлық әндердің жазбалары, сондай-ақ Жамал Омарова мен Роза Бағланованың орындауындағы ертеркетегі жазбалары бар.

Қаламбаев пен Мұхитовтың орындауындағы «Кеңес» пен «Балбырауын» күйлері жазылған 1935 жылы шыққан күйтабақ қазақ бөлімінің бірегейлілігін белгісі.

Қазақ музыкасы мен орындаушылар бөлімінде барлығы 500 күйтабақ бар .

Олардың арасында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтің өлеңіне жазылған ән опералық әнші С.Лемешевтің орындауында да, қазіргі заманғы эстрадалық орындаушылардың орындауында бар. Күйтабақтар коллекциясында опералық әншілер Сергей Лемешевтің,Федор Шаляпиннің, эстрадалық әншілер Марк Бернес пен Клавдия Шульженконың, бард Булат Окуджаваның және тағы басқалардың орындауындағы жазбалар бар.

Ерекше талғампаз есту қабылеті барларға нағыз тоба мен монғолдың кеңірдек өлеңін естуге болады. Күйтабақтарда спектакльдердің әдеби-драмалық дыбыс жазбалары, саяси қайраткерлердің, Гагарин мен Левитанның дауыстары бар. Жазбалардың дыбыс жолдарында құстардың сайрағаны, қоңыраудың даусын және де Құран сүрелерін естуге болады. Леонид Утёсов, Любовь Орлова, Евгений Евтушенко, Айман Мұсаходжаева, Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, т.б. қолтаңбалары жазылған күйтабақтар жинақтамада ерекше орын алады.

Музейдің 10 жылғы жұмысында 6 мың шығарма цифрленген. Фонотека материалдары бойынша 19 музейлік жоба дайындалған. Олар – Күләш Байсейітова мен Жамал Омарованың орындауындағы ең алғашқы жазбалар, бірінші қазақстандық бард Виктор Мильтоның орындауындағы павлодарлық ақындар Павел Васильев пен Нұтфолла Шәкеновтің өлеңдеріне жазылған әндер, Роберт Рождественскийдің өлеңдеріне жазылған әндер.

«Шафердің музей-үйі» Ертістің Павлодар өңірінің тұрғындары, жастары мен аймақтың қонақтары үшін үлкен мәдени-ағартушылық жұмыс жүргізеді.

Апта сайын, жұма күндері сағат 18.00-де музейдің концерт залында әдеби-музыкалық кештер, кездесулер ұйымдастырылып, тек қана «Шафердің музей-үйінің» қорында сақталған мүлдем ұмытылып кеткен сирек кездесетін музыканы тыңдайды. Кереғар пікірлерге қарамастан граммофондық жазбалар XXI ғасырда да музыкалық нарықтан кетпек емес. «Грампластинка – бұл ғажайып музыкалық музей. Музей қоры сарқылмас мол қазына».

Мекенжайы: Павлодар қаласы, 140002, Ак. Бектұров көшесі, 19

Телефоны: 55-26-73, т/факс 55-26-73

Сайт: www.shafermuseum.kz

Электрондық поштасы: museum_shafer@bk.ru

Директоры: Татьяна Сергеевна Корешкова

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-жұма, сағ. 9.00-18.00

Түскі үзіліс: сағ.13.00-14.00

Демалыс: сенбі-жексенбі

Өзгертілді: 26.12.2014 10:52
Орналастырылды: 09.09.2016 14:16