Театрлар

Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ  музыка-драма театры

1990 жылдың 7 желтоқсанында Павлодар облысы және республика үшін ерекше нақты қадам жасалды. Еліміз егемендік алғаннан кейін бірінші театр ашылды. 1990 жылы Павлодар облысының әкімшілігінің ықыласымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ерсайын Тәпенов жаңа қазақ театрын ұйымдастырып ашуы үшін шақырылды. 1990 жылдың 1-ші сәуірінде Павлодар облыстық мәдениет комитетінің төрағасы М.М. Омаровтың бұйрығымен театр директоры міндетіне Б.Т.Тапалшинов, бас режиссер қызметіне Е.К.Тәпенов тағайындалды. Бірінші театр маусымның шымылдығын жазушы Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясымен ашылды.  Қойылым симфониялық оркестрмен сүйемелденіп, дирижер – Болат Рахимжанов болды. 1992 жылдың 21-ші сәуірінде Қазақстан Республикасының қаулысымен театрға Жүсіпбек Аймауытов есімі беріліп, 2014 жылы ескерткіші орнатылды. Театр сахнасында әр түрлі жанрда, қазақ және әлемге әйгілі драматургтердің үздік шығармалары қойылып келеді. Театр қоржынында 100 ден астам спектакль көрермен көңілінен орын алды.

 Театрдың іргетасын қалап, алғашқы өнерпаздары атанған Сейітжан, Роза Тәжібаевтар, Талжібек Атамбек, Бейбіт Шәнім, Бахаргул Құрбанова, Жұмахан Доспаев, Қарлығаш Жексембаева, Дина Құспан, Гулжан Қайырбекова, Гүлжанат Омарова, Қарлығаш Мусанова,Айсұлу Балтабаева сынды ардагер әртістер бүгіндеде театр мақтанышына айналған.

Қазіргі таңда театрдың басшысы Арман Темірбек, көркемдік жетекші «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Жуасбек Ерлік Тілеуқұлұлы, бас режиссері Ақанов Әділет.

Қазақ ұлттық өнерінде өзіндік үлесі бар Ж. Аймауытов театры, музыка-драма театрларының  ішінде симфониялық оркестрі бар, бірден-бір театр. Дирижері Болат Рахимжанов.

Бүгінде Ж. Аймауытов театры жас өнерпаздармен толығып, ұйымшылдықпен ұлттық өнерге аянбай қызмет етіп келеді. Елімізде өтіп жатқан республикалық театр фестивальдеріне қатысып өзін үздік қырынан танытып жүр. Сондай-ақ, театр ұжымы мәдениетімізді дамыту мақсатында еліміздің қалаларына және облыстарына гастрольдік сапар жасап тұрады.

 

Театрдың басшы: Арман Темирбек

Көркемдік жетекшісі: Ерлік Тілеуқұлұлы Жуасбек

Мекен-жайыПавлодар қ., Ломова көш., 140

Қабылдау бөлмесі:+7 (7182) 31-02-06

Касса: +7 (7182) 65-35-28

E-mail: kazteatrpv@yandex.kz

Веб—сайт: www.teаtrpavlodar.kz

Жұмыс уақыты:

9.00 – 18.30, үзіліс 13.00-14.30 (администрация)

10.00 – 22.00, үзіліс 14.00-17.00 (шығармашылық құрам)

 

     
Өзгертілді: 31.12.2014 12:44
Орналастырылды: 10.01.2018 17:18

А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры

А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры 1945 жылы құрылды. Оның құрылуы және алдағы уақытта дамуына белгілі театр қайраткерлері В.Ермаков, В.Кузенков, И. Райский, Е.Еникеев сүбелі үлес қосты. Театр тарихы жарқын және есте қаларлық оқиғаларға толы, осындай маңызды кезеңнің бірі театрдың Мәскеу қаласына триумфальды гастрольдері болды.

Әр жылдары театр труппасында шоқтығы биік өнер шеберлері еңбек етті. Атап айтқанда, КСРО халық әртісі Ю.Струнина, Ресейдің халық әртістері О. Афанасьев, Л.Моностырский,  А.Булдаков, В.Еремин, Қазақстаннның еңбек сіңірген әртістері Ф.Миронов, И.Чистяков, Ю. Калашников және басқалары.

75 жыл ішіндегі белсенді, қызықты және өнімді жұмысында 650-ден астам пьеса қойылды, 70 мыңнан астам спектакль ойналды, оған шамамен 16 миллион көрермен келді.

Қазіргі таңда театр қызметінің қойылымдық палитрасын біртума ерекше спектакльдермен, ауқымды театр жобаларымен, жаңа нысандармен және жұмыс әдістерімен байыта отырып, өзінің үздік дәстүрлеріне деген адалдықты сақтайды.    

Театр репертуарында классикалық және заманауи драматургия пьесалары бойынша 60-дан аса спектакль бар. Атап айтқанда, А.П.Чеховтың «Чайка», «Три сестры», «Дядя Ваня», «Предложение»,  М.Булгаковтың «Мастер и Маргарита», Н.Гогольдің «Игроки», «Женитьба», Мёртвые души», Ғ.Мүсіреповтың «Махаббат дастаны», Ж.Б.Мольердің «Скупой», «Лекорь по неволе», Ф.Достоевскийдің «Дядюшкин сон», «Бесы», «Идиот»,  А.Островскийдің «Банкрот», «На всякого мудреца довольно простоты», «Женитьба Бальзаминова», М.Горькийдің «Васса», И.Гончаровтың «Без слез, без жизни, без любви», А.Вознесенский мен А.Рыбниковтың «Юнона и Авось», М.Гиндиннің, В Синакевичтің «Зверь», А.Карасайдың «Үміт сәулесі», Б. Шоудың «Пигмалион», Л. Герштін «Эти свободные бабочки», Е. Шварцтың «Тень», А Сухово-Кобылиннің «Оборотень», А Галиннің «Сорри», А. Эйкбурнның «Дверь в смежную комнату», Н Макиавеллидің «Мандрагора»    сондай-ақ, балалар мен жастарға арналған спектакльдер.

Театр сахнасында 2004 жылы Р.Паулстың музыкасына, Т.Драйзер романының желісі бойынша алғашқы қазақстандық мюзикл «Сестра Керри» қойылды.

2000 жылы Шағын сахна ашылды, онда тәжірибелік спектакльдер мен авангардты бағыттағы қойылымдар қойылады.

Театр труппасында 28 актер жұмыс істейді, солардың ішінде сахна ардагері ҚР Еңбек сіңірген әртісі Н.Запруднева, танымал әртістер: С.Хорошилова, О.Денисова, Х.Хазиева, А.Репин, О.Светенкова, Р.Шарипов, талантты орындаушылар Н.Белова, Т.Солдатова, И.Харитонов, Т.Головатенко, Д.Шмигель, Т.Кияшко, Е. Слесаренко, М.Тореев және т.б. 

Жыл сайын труппа жас актерлермен, Екатеринбург театр институты мен Новосібір театр училищесі түлектерімен, сонымен қатар, театрдың студия-мектебі тәрбиеленушілерімен толығып отырады.  

Соңғы жылдары театр Мәскеу, Санкт-Петербург, Самара, Омбы, Новосібірдің жетекші және белгілі режиссерлерімен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істейді, ол ұжымның тұрақты заманауи кезекті, үдерісті әдістемелері және шығармашылық-өндірістік процесті ұйымдастыру технологиясы ағымында болуына, репертуарлық саясатты құруға, нарық қатынастары жағдайында тиімді қызмет жүйесін құруға көмектеседі.

А.П.Чехов атындағы театр Театр фестивальдері мен конкурстарының лауреаты болып табылады, сондай-ақ, Республикамыздың ең үздік театр ұжымдарының бірі болып есептеледі. 2004 жылы беделді еуропалық «Who is who» басылымы комиссиясының шешімімен А.П. Чехов атындағы Павлодар театры Еуропаның өндіріс, бизнес және мәдениетінің жетекші объектілерінің энциклопедиялық сөздігіне енгізілді.

2005 жылы театр Халықаралық қордың «За высокое качество в деловой практике» алтын медалімен марапатталды.

2013 жылы театр Саранск қаласындағы Халықаралық театр фестивалінің лауреаты атанды.

 Театр труппасында 28 актер жұмыс істейді.

 

Театр реквизиттері:

140000, Павлодар қ, Астана көш, 166-үй

Театрдың басшы: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері ,

Павлодар облысының Құрметті азаматы,

«Құрмет» орденің кавалері – В.В. Аввакумов

Театр басшысының телефоны: 61-80-85

Анықтама телефоны: 61-80-87

Жұмыс уақыты:

Сейсенбі – жексенбі 9.00-ден 22.00-ге дейін

Дүйсенбі – демалыс күн

Сайт: www.teatrpavlodar.ru

Өзгертілді: 31.12.2014 10:27
Орналастырылды: 25.10.2019 14:25