«Қала келбеті» облыстық акциясы  

 

       

  Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында жастар жылына орай «Қала келбеті» акциясын жариялап, қорытындысын шығарды.

Шараның негізгі мақсаты облыс көшелеріндегі жарнама мәтіндерін орналастыруда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу, облыс тұрғындарының белсенділігін арттыру болды.

Акцияның талаптарына сәйкес акцияға облыстың кез-келген азаматы қатысып, 2019 жылғы 1-20 наурыз аралығында  қала көшелерінде орналасқан ресімделуі заңнамаларға сәйкес келмейтін немесе қателері бар жарнама өнімдерін фотосуретке түсіріп, басқармаға ұсынды.

Шараның қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар басқарманың алғысхаттарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Павлодар облысының тілдерді дамыту

жөніндегі басқармасы

«Изучаем всей семьей», «Отбасымен бірге үш тілді үйренейік»-2019» жобасының ашылу рәсімі

 

Ағымдағы жылдың 23 ақпанында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ана тілі» орталығында «Изучаем всей семьей», «Отбасымен бірге үш тілді үйренейік» атты отбасылық тілдік бранчтың ашылуы кезеңі өтті.

Әр сенбі, жексенбі сайын 2 ай бойы оқыту курсы өтетін болады.

Үш тілді оқыту бойынша курстың мақсаты тілдік ортаға ене отырып, қазақ халқының тарихымен, тұрмысымен, рухани құндылықтарымен таныстыру, отбасы институтында ұлттық тәрбиені дамыту.

Жалпы тіл үйренуге ниет білдірген отбасыларға ұйымдастырылған бранчта тыңдаушылар бос уақыттарын отбасымен бірге өткізіп, әрі тілдік және коммуникативтік дағдыларды меңгереді. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі тақырыптық сабақтар арқылы 30 тыңдаушылар өздерінің  сөздік қорларын толықтырып, мәдени-тілдік құзыреттіліктері мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар тілдік курстарда жоба авторы, қазақ тілі пәнінің оқытушысы Ш.Д. Кинжиковамен мастер-класстар өткізілетін болады.

Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жөнінде кездесу

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 8 ақпанда Павлодар қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясы № 6679 әскери бөлімінің офицерлер құрамы және келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен кездесу өтті.

Аталған шараға Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының өкілдері қатысып, шара барысында қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне лайықты болуы үшін елімізде жасалынып жатқан маңызды қадамның бірі – қазақ әліпбиі мен жазуын латын графикасына көшіру, сол арқылы елімізді рухани жаңғыруға бастайтын мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданыс аясын кеңейтуге қосатын үлесі жайында сөз қозғалды.

Жергілікті полиция қызметкерлерімен кездесу

 

2019 жылғы 8 ақпанда облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы облыс ішкі саясат басқармасымен бірлесіп жергілікті полиция қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Аталған кездесуге облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының және ішкі саясат басқармасының өкілдері, «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі Балтайбай Сыздықов және қоғам белсендісі Руза Бейсенбай тегі шақырылды.

Кездесу барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы мен латын әліпбиіне көшу мәселелері талқыланып, бүгінгі күннің өзекті тақырыптары қозғалды. Сонымен қатар қоғаммен жұмыс жасайтын полиция қызметкерлеріне мемлекеттік тілде сапалы қызмет көрсету, сондай-ақ құқық қорғау органдарының бөлімшелерінде көрнекі ақпараттарды заңнама талаптарына сай орналастыру бойынша ұсыныстар  айтылды.

Павлодарда латын қарпі негізіндегі қазақ тілі курстары басталды

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілін кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын жүргізу, Тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында барлық санаттағы азаматтарға латын қарпі негізіндегі қазақ тілі курстары және қазақ тілі бойынша флеш-тренинг курстары басталды.

Шараның мақсаты – жаңа әліпби бойынша дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыру, қазақ тілінің орфографиялық, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық нормаларын үйрету.

Курстар «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылы 26 қазандағы №569 Жарлығына сәйкес бекітілген латын әліпби бойынша өткізіледі. Сонымен қатар «Егемен Қазақстан» газетінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы санында жарияланған 2018 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссиямен мақұлданған «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» қолданылатын болады.

Курстарға мемлекеттік қызметшілер, мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілері және барлық санаттағы азаматтар қатысуда.

Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

«Тіл керуені – 2019» жобасы бойынша оқыту курстары басталды

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында мемлекеттік тілді дамыту мақсатындағы «Тіл керуені» жобасы бойынша қазақ тілі курстары басталды.

Курстың басты мақсаты – тіл-мәдениет-туризм арқылы шынайы тілдік ортаға ену және меңгеруге жағдай туғызу, тілдік қарым-қатынастың ситуациялық үрдісін жасау.

Аталмыш курстардың тыңдаушылары қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, мақал-мәтелдері мен шешендік сөз өрнектерін қазіргі заманға сай рухани сабақтастықта, ойын элементтері арқылы үйренеді.

Сонымен қатар курс барысында қатысушылар жергілікті тарихи-мәдени орталықтарға, музейлерге бару жоспарланған. Өткенге оралып, ұлттық құндылықты насихаттауды дәріптеуде басымдылық берілген жобаға Екібастұз қаласының, Шарбақты, Железин және Тереңкөл аудандарының орыс тілді азаматтары қатысуда.

Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

«Сіз латын қаріпін білесіз бе?» акциясы

2019 жылғы 17 қаңтарда Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен халық арасында және мемлекеттік органдар қызметкері арасында «Сіз латын қаріпін білесіз бе?» акциясы ұйымдастырылды.

Аталған шара қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес және латын негізді қазақ тілі әліпбиінің практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жазу – барлық халыққа ортақ, мәдениеттерді жалғастырушы, байланыстырушы құндылықтардың бірі. Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. Осы тұрғыда латын қаріпін жақын тану, меңгеру аса маңызды.

Акция барысында тұрғындардан сұхбаттар алынып, ой-пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды, сонымен қатар латын қаріптері көрсетілген жадынамалар халық назарына ұсынылды.

«Мәртебелі тіл – мәңгілік ел» атты дөңгелек үстел

Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 25 желтоқсанда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде «Мәртебелі тіл – мәңгілік ел» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысына облыстың этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Павлодар облыстық филиалының мүшелері, тіл жанашырлары, мемлекеттік тілді жетік меңгерген облыстың этнос жастары, сондай-ақ республикалық конкурстардың жеңімпаздары мен латынша үздік жазған диктант иегерлері  шақырылды.

Отырыстың күн тәртібінде өңіріміздегі тіл саясатының жүзеге асырылуы мен қол жеткізген аса маңызды жетістіктері, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы мен оны одан әрі халық арасында насихаттау жолдары талқыланып, тілдің бүгінгісі мен келешегі жайында терең ой-пікірлер тілге тиек етілді. Аталған шарада Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы С.Ғ. Османова, Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары С.Қ. Жетпісбаев, «Ана тілі» орталығы» ЖШС-ның директоры  Ш.Д. Кинжикова 2018 жылы бірлесе атқарылған маңызды іс-шараларға тоқталса, Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейі, өнер бөлімінің басшысы Бахатхан Оразбек және Жұмекен Нәжімеденов атындағы Көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауының 2-орын иегері Айбек Оралқанов сөз алып, жастар атынан тіл болашағын арттыруға жаңа ұсыныстар жасап, өз пікірлерін ортаға салды.

Шара соңында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мен дамытуға қомақты үлес қосқан азаматтар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ латын әліпбиінде жазылған диктант қорытындысы бойынша үздіктер мен республикалық конкурстардың жеңімпаздары Басқарманың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Павлодар облысының

тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

«Ана тілі» мобильдік қосымшасы таныстырылды

Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Ана тілі» орталығында қазақ тілін үйретуге арналған латын әліпбиіндегі мобильдік қосымшасының тұсаукесері өтті. Аталмыш шарада бірнеше тілдік жобалардың авторы Ш.Кинжикова қосымшадағы бөлімдермен таныстырды.

Мобильді қосымша қазақ тілін үйренуді көпшілікке қолжетімді ету, қазақ халқының рухани, әдеби және мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттау, қолданушылардың IT-білімдерін қалыптасыру мақсатында жасалған. Латын қаріпінде жазып үйренуге бағытталған қосымша «Флеш-тренинг», «Ayдио-storis», «Мақал-мәтелдер», «Тілектер», «Нақыл сөздер» және т.б. функцияларды қамтып отыр.

Қосымшаны Play Market немесе App Store-дан жүктеуге болады. Жүктеу құны 2 мың теңге. Сонымен қатар барлық жаңартулар мен техникалық қолдау тегін көрсетіледі.

Таныстыру рәсіміне мемлекеттік қызметшілер, мекеме мен ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

 

Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

«Білімді бүлдіршін» атты викторинасы

Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде 2018 жылдың 20 желтоқсанында Павлодар қаласының № 122 мектепке дейінгі гимназия балабақшасында «Білімді бүлдіршін» атты викториналық сұрақ-жауап шарасы ұйымдастырылды.

Бұл шараның мақсаты мектепке дейінгі бүлдіршін жастардың өлкетану, мәдениеттану, салт-дәстүр, туған жер туралы мемлекеттік тілдегі білімдерін бағалап, алғыр, тапқыр балаларды ынталандыру. Сонымен қатар, тәрбиеші ұстаздарға тіл үйрету мәселелері бойынша оқу-әдістемелік кеңес беру,  тәжірибе алмасу.

Сайыс түрінде ұйымдастырылған шараға дайындық топтарының балалары белсенді қатысып, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерін қызығушылықпен таныта білді.

Павлодар облысының тілдерді

дамыту жөніндегі басқармасы