ЖТҚ бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабының 8-тармағына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру тек дайындалған алаңқайларда егжей-тегжейлі жоспарлау және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобалары болған кезде ғана берілуі мүмкін. Дайын алаңқайлар болмаған кезде азаматтардың өтініштері кезекті тәртіпте номерін бере отырып арнайы есепте тұрғандардың тізбесіне енгізіледі және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады.

ЖТҚ жер учаскелерін беру кезектілікпен жүргізіледі, арнайы есептілік 3 қалада, Баянауыл және Павлодар аудандарында, ал облыстың қалған аудандарында ЖТҚ жер учаскелерін бөлу өтініштердің түсу шамасына қарай беріледі.

Кезекте тұрғандардың тізімі туралы мәліметтер жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың веб-порталдарында, жер қатынастары бөлімдерінің, жер учаскелерінің орналасу орнына байланысты ауылдық округтердің ақпараттық стендтарында қолжетімді.

ЖТҚ арнайы есепте тұрғандардың тізімі:

  • Павлодар қаласы әкімінің сайтында «Жер қатынастары» рубрикасында,, қаланың жер қатынастары бөлімінің сайтындаozempavlodar.gov. kz;               
  • Екібастұз қаласы жер қатынастары бөлімінің сайтындаzemel.ekb.gov.kz;
  • Ақсу қаласы жер қатынастары бөлімінің сайтында zem.aksu.pavlodar.gov.kz.,  тоқсан сайын аудандық «Акжол-Новый путь» газетінде;
  • Баянауыл ауданы әкімдігінің сайтында bayanaul.pavlodar.gov.kz.
  •  Баянауыл ауылдық округінің ақпараттық стендте;
  • Павлодар ауданы ауылдық округтердің әкімдіктерінің ақпараттық стендтарында орналастырылған және жаияланған.