Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы саласында өнімді өндірумен 462 ауылшаруашылық құрылымдар мен 3251 шаруа қожалықтары айналысады.

Ауылшаруашылық өнімін өндірудің негізгі бағыттары ет, сүт, жұмыртқа, астық, картоп және көкөністер болып табылады.

2019 жылдың қаңтар айы бойынша жалпы өнім көлемі 7,4 млрд. теңге, НКИ – 104,7% құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 0,2 млрд. теңге (100,0%), мал шаруашылығы – 7,2 млрд. теңге (104,9%).

Қаржыландыру.

2019 жылға барлық бюджеттік деңгейлерден 19,0 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде:

республикалық бюджеттен 8,2 млрд. теңге;

облыстық бюджеттен – 10,8 млрд. теңге.

«ҚазАгро» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерімен 730,8 млн. теңге сомасына несиелер берілді, олардан:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 730,8 млн. теңге:

– «Агротехника» бағдарламасы бойынша – 10,5 млн. теңге (1);

– «Агробизнес» бағдарламасы бойынша – 369,3 млн. теңге (29);

– «Кең-дала» бағдарламасы бойынша – 49,0 млн.теңге (4);

– «Сыбаға» бағдарламасы бойынша – 302,0 млн. теңге (4).

Өсімдік шаруашылығы.

Облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілері қыстың агро іс шараларына-қар тоқтату жұмыстарына кірісті.

Қар тоқтату 1-ші із – 207,0 мың га (52%) алаңда, 2-ші із 47,8 мың га (12%) алаңда жүргізілді.

Мал шаруашылығы.

2019 жылғы 1 ақпанға ІҚМ басының саны – 423,4 мың бас (2018 жылдың ұқсас кезеңіне 104,6%), қойлар – 489,8 мың бас (102,1%), ешкілер –63,7 мың бас (102,1%), шошқалар – 75,2 мың бас (115,8%), жылқылар – 160,3 мың бас (110,5%) және құстар – 1586,1 мың бас (113,6%).

Өндірілген сүт – 15,8 мың тонна (103,5%), тірі салмақтағы ет – 6,5 мың тонна (102,6%) және жұмыртқа – 17,1 млн. дана (123,6%).

2019 жылғы 22 ақпаны бойынша 208,3 тонна ет және ет өнімдері экспортталды.

Қалалар мен аудандар ауыл шаруашылығы бөлімдерінің деректері бойынша мал қыстағы ұйымдастырылып өтуде, барлық категориялы шаруашылықтарда әлсіз және қоңдылығы нашар мал басы жоқ.

Мал шаруашылық нысандар электр қуатымен, тұрақты сумен, жемшөпті тиеу, тасу және үлестіріп-тарату техникасымен қамтамасыз етілді.

Тұрақты электр қуаты жоқ алыс шалғайдағы учаскелер автономды электрстанциялармен қамтамасыз етілген. Қыстау орындарына ірі азықтар, сондай-ақ көмір, отын жеткізілді. Жолдар бар. Учаскелердің мұздануы жоқ.

Қайта өңдеу. Ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді және жергілікті кәсіпорындардың өнімімен нарықты толтыруды қамтамасыз ету үшін 204 дайындаушы пунктер және 276 қайта өңдеуші объектілер жұмыс істейді.

Жылдың басынан 52 ауылшаруашылық жәрмеңкелер өткізілді, 269,2 млн. теңге сомасына өнім сатылды.

Кооперативтер. 121 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтер құрылды, олардан (сүтті бағытта – 32, етті – 67, басқа бағыттарда – 22).

Жұмыс істеп тұрғандар 91 немесе 75 %, соның ішінде сүтті бағыттағы – 26, етті – 46, басқа бағытарда – 19. 

Ауыл шаруашылығы

 

Ауыл шаруашылығы саласында өнімді өндірумен 443 ауылшаруашылық құрылымдар мен 3303 шаруа қожалықтары айналысады.

Ауылшаруашылық өнімін өндірудің негізгі бағыттары ет, сүт, жұмыртқа, астық, картоп және көкөністер болып табылады.

2018 жылдың қаңтар-шілде айлары ішінде жалпы өнім көлемі 68,8 млрд. теңге, НКИ – 103,9% құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 100%, мал шаруашылығы –104,4%.

Қаржыландыру

2018 жылға барлық бюджеттік деңгейлерден 11227,7 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

республикалық бюджеттен 4750,8 млн. теңге;

облыстық бюджеттен – 6476,9 млн. теңге.

Несиелеу негізінен «ҚазАгро» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерімен агроөнеркәсіп кешенінің барлық бағыттары бойынша көктемгі-егіс жұмыстарынан бастап инвестициялық жобаларды іске асыруға дейін жүзеге асырылады.

«ҚазАгро» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерімен 300,5 млн. теңге сомасына несиелер берілді, олардан:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ – 300,5 млн. теңге:

– «Агро бизнес» бағдарламасы бойынша – 286,0 млн. теңге (22 АШТӨ);

– негізгі құралдарды сатыл алуға – 14,5 млн. теңге (1 АШТӨ);

Өсімдік шаруашылығы

Ағымдағы жылы облыс бойынша егінді жалпы жинау алаңы 1054,7 мың га құрайды, бұл өткен жылдың деңгейінен 49,8 мың га немесе 5,3 %-ға көп, оның ішінде:

–  дәнді дақылдар – 729,0 мың га (2017 жылы – 675,4 мың га);

– майлы дақылдар – 215,9 мың га (196,9 мың га);

– азықтық дақылдар – 82,2 мың га (63,6 мың га);

– картоп – 17,8 мың га (17,0 мың га);

– көкөністер және бақша дақылдары – 9,8 мың га (9,7 мың га).

 Ағымдағы күнге дәнді дақылдар – 27,0 мың га шабылды, 16,8 мың га жиналды, жалпы түсім – 17,7 мың тонна, орташа өнімділік 10,6 ц/га кезінде (2017 жылы – 8,6 ц/га) құрап өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға жоғары.

Күздік дақылдар 3,3 мың га алаңда жиналды, жалпы түсім 3,7 мың тонна, орташа өнімділік – 11,2 ц/га (7,8 ц/га) өткен жылмен салыстырғанда 45 пайызға жоғары.

Арпа 5,5 мың га алаңда жиналды, жалпы түсім 6,5 мың тонна, орташа өнімділік – 11,9 ц/га, сұлы 2,1 мың га алаңда жиналды, жалпы түсім 2,8 мың тонна, орташа өнімділік – 13,8 ц/га.

Дәнді дақылдардың ең жоғары өнімділігі Тереңкөл ауданында (14,0 ц/га) және Ертіс ауданында (13,9 ц/га). Ал төмен өнімділік Шарбақты ауданында 8,6 ц/га.

Картоп 620 га алаңда жиналды, жалпы түсім 16,1 мың тонна, орташа өнімділік 260 ц/га, көкөністер 420 га алаңда жиналды, жалпы түсім 10,5 мың тонна, орташа өнімділік 249 ц/га, бақша дақылдары 215 га алаңда жиналды, жалпы түсім 6,0 мың тонна, орташа өнімділік 280 ц/га.

Азық дайындау

1223,3 мың га (87%) алаңда шабындық жерлер шабылды, 926,0 мың тонна пішен (102%) дайындалды, орташа өнімділік 7,6 ц/га.

51,0 мың тонна (75%) пішендеме салынды.

Жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету.

Облыс күзгі-дала жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының жалпы қажеттілігі 21,0 мың тонна құрайды, соның ішінде шілде айына – 6 000 тонна, тамыз айына – 7 000 тонна, қыркүйек айына – 8 000 тонна. Шілде айына бөлінген көлемнен 6599 тоннаға шарттар жасалды (110%), 5728 тонна (95%) төленді, шығарылғаны – 4390 тонна (73%).

Суландыру.

Жер балансы бойынша облыста үнемі суарылатын жерлердің алаңы – 74,8 мың га құрайды, олардан 51,8 мың га (69%) қолданылады.

2018 жылы жасалған Меморандумға сәйкес 3,5 мың га немесе 101% суарылатын жерлер енгізілді.

Павлодар облысы бойынша тамшылатып суарудың алаңы 494 гектарда пайдаланылады.

Қазіргі уақытта ауылшаруашылық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында суармалы суды жеткізу бойынша шығындар субсидияланады. Ағымдағы жылғы маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін шамамен 55 миллион теңге сомасына 112 шаруашылық субсидияланды.

Мал шаруашылығы

2018 жылғы 01.08. жағдайы бойынша ІҚМ – 465,9 мың бас (2017 жылдың ұқсас кезеңіне 102,7%), қойлар – 558,2 мың бас (95,9%), ешкілер – 79,1 мың бас (97,6%), жылқылар – 171,7 мың бас (106,6%), шошқалар – 70,8 мың бас (105,8%) және құстар – 1672,1 мың бас (106,8%) бар.

232,2 мың тонна сүт (103,4%), 47,6 мың тонна тірі салмақтағы ет (104,5%) және 120 894,3 мың дана жұмыртқа (131,6%) өндірілді.

799,0 тонна ет және ет өнімдері экспортталды, бұл жоспардан 79,9% (жоспар 1000 тонна) құрайды.

 

Облыста ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау және оны қайта өңдеуді дамыту туралы ақпарат

2018 жылы қайта өңдеу кәсіпорындары өндірген өнімдер: еттен, етті қосымша өнімдерден жасалған дайын және көнсервіленген өнімдер – 2946тонна, шұжық өнімдері – 2405 тонна, сүт өнімдері – 32167 тонна, сары май – 556 тонна, ірімшік пен сүзбе – 796 тонна, бидай ұны – 33637тонна, нан – 20667 тонна, жарма – 18813 тонна, макарон өнімдері – 4928 тонна, күнбағыс майы – 1848 тонна.

Ауылшаруашылық жәрмеңкелері тұрақты негізде өткізіледі. 2018 жылдың басынан бастап облыста 1040,9 млн. теңге жалпы сомаға барлығы 398 жәрмеңке өткізілді, оның ішінде облыс орталығында 31 жәрмеңке 633 млн. теңге.