Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Павлодар қаласы бойынша Мемлекеттік кірістербасқармасындағы 2019 жылдың 2 тоқсанына арналған жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ

Лауазымы Тегі, аты, әкесінің аты Қабылдау күні мен уақыты Орналасқан орны Қызметтік телефоны
Басқарма басшысы Серікбаева Бағлан Мухамеджанқызы Бейсенбі          сағат 16-00-ден 17-00-ге дейін Жеңіс алаңы көшесі, 5А 210 кабинет      32-13-25
Басшының орынбасары Бекеев Арлан Сапарұлы Сәрсенбі сағат 16-00-ден 17-00-ге дейін Жеңіс алаңы көшесі, 5А 210 кабинет      32-13-25
Басшының орынбасары Жанғазина Динара Толеуканқызы

 

Дүйсенбі сағат 16-00-ден 17-00-ге дейін Жеңіс алаңы көшесі, 5А 210 кабинет      32-13-25
М.а.басшының орынбасары Жузбаев Қанат Кенесбекұлы Жұма сағат 16-00-ден 17-00-ге дейін Жеңіс алаңы көшесі, 5А 210 кабинет      32-13-25


Қабылдауға жазылу телефондары (7182) 32-13-25

Тауарлармен электронды сауда

Салық кодексінің 88-баптың 1 тармақтың 10) тармақшаның бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.

Сонымен қатар тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілердің жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.

Осы хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Осы уақытта Уәкілетті ұйымдардың қолма-қол шетелдік валютамен жасалатын айырбас операциялары және тауарлармен электрондық сауда – жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның (бұдан әрі – Хабарлама)функционалыБСАЖ АЖжәне «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасында іске асырылған.

Кезең-кезеңімен онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануға көшу туралы

2018 жылдың 23 желтоқсанынан «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы

№ 206 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 1029 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) күшіне енеді.

Аталған Бұйрық 2019 жыл ішінде тоқсан сайын салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі – онлайн-БКМ)  қолданатын  қызмет түрлерін ұлғайтуды қарастырады.

2019 жыл ішінде тоқсан сайын онлайн-БКМ қолдануға 633 қызмет түрі:

2019 жылдың 1 сәуірінен 323 қызмет түрі (қызмет түрлерін сілтеме бойынша қарауға болады);

2019 жылдың 1 шілдесінен 86 қызмет түрі (қызмет түрлерін сілтеме бойынша қарауға болады);

2019 жылдың 1 қазанынан 224 қызмет түрі өтеді (қызмет түрлерін сілтеме бойынша қарауға болады).

Осылайша, ҚР ҚМ МКК-мен 2019 жыл ішінде толық онлайн-БКМ қолдануға көшіру жүзеге асырылады.

Онлайн-БКМ қолдану бойынша талап, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге таратылмайтынын ескерген жөн.

          Жоғарыда көрсетілген бұйрық тек, салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-БКМ қолданатын қызмет түрлерін анықтайтынын атап өтеміз.

         БКМ қолдану тәртібі Салық кодексінің 166-бабымен реттеледі.

         ҚР Салық кодексінің 166-бабының 1 – тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiлетініне назар аударамыз.

         Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудан:

         1) жеке тұлғалар

         2) адвокаттар мен медиаторлар

         3) қызметін:

         патент негізінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;    

         ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін;

         бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер  (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;

         4) билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;

         5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;

         6) екінші деңгейдегі банктер босатылады.

Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында http://kgd.gov.kz/kk/content/bakylau-kassa-mashinalaryn-koldanu-1 сілтемесі бойынша орналастырылған.

Бизнес үшін салықтық рақымшылық

2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы: табыс пен өмір сүру сапасының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеуші негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару жолымен шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылық жасауды тапсырды.

Біздің елімізде салықтық рақымшылық бірнеше рет өткізіліп, әр жолы бизнеске жинақталған борыштардан арылуға және заңды коммерциялық қызметті жалғастыруға мүмкіндік берді. Мәселен, Тәуелсіз Қазақстан тарихында үш рет (1997-1999 жылдары, 2011 және 2015 жылдары) бизнес субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметін сауықтыру үшін өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жасалды. 

Соңғы екі акция аясында (2011 және 2015 жылдар) жалпы сомасы 143,7 млрд теңге, оның ішінде 2011 жылы – 23,1 млрд теңге, 2015 жылы – 120,6 млрд теңге өсімақы мен айыппұл бойынша берешек сомасы есептен шығарылды.

Рақымшылық барлық салық төлеушілерге таралды, бұған салық уақытында төлеуге мүмкіндігі бар дәстүрлі жоғары пайда нормасы бар салаларда қызметін жүзеге асыратындар кірмейді.

Айта кету керек, бұл акциялар оң нәтиже берді, осылайша, 2015 жылғы соңғы салықтық рақымшылық жасау қатысушыларының 67% – да салық берешегі жоқ. Бұл 680 мыңнан астам салық төлеушілер, оның 17 мыңнан астамы – заңды тұлғалар, 105 мыңы – жеке кәсіпкерлер, 557 мыңы – жеке тұлғалар, яғни қарапайым халық.

Мемлекеттік кірістер комитетінің алдын-ала есебі бойынша 2019 жылы рақымшылыққа 90 000 аса орта және кіші бизнес субъектілері жатады (31 000 астам заңды және 59 000 жеке кәсіпкерлер).  Әзірленген түзетулер 2018 жылғы 1 қазандағы негізгі борышты 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін өтеу шартымен шағын және орта бизнеске өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығаруды көздейді. Бұл ретте айыппұл сомасы 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша есептен шығарылады.

Павлодар облысында  3 199 орта және кіші бизнес субъектілерін, 18 395,2 млн. теңге рақымшыландыру жоспарлануда.

2019 жылғы 1 наурызға облысымыздағы 217 салық төлеуші 2018 жылғы 1 қазанға берешек ретінде тұрған 67,3 млн.теңге соммасы көлеміндегі негізгі қарызды төлеп, 11,7 млн. теңге көлемінде өсімпұл кешірілген.

Мемлекет басшысының салықтық рақымшылық жүргізу туралы тапсырмасы бизнеске жұмысты таза парақтан бастау мүмкіндігін беруге бағытталғанын ескере отырып, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару салық кодексіне немесе оңалту және банкроттық туралы заңнамаға сәйкес салықтарды төлеу бойынша кейінге қалдырылған немесе оңалту рәсімінде тұрған салық төлеушілерге де қолданылатын болады.

Сонымен бірге, әзірленген түзетулерге сәйкес:

– мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;

– жер асты суларын, емдік балшықты өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар;

– акцизделетін өнімді өндірушілер;

– кәсіпкерлік қызметпен немесе жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғалар рақымшылық жасалмайды.

Салық берешегі болып танылмайды және есептен шығаруға жатады:

– 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотындағы өсімпұл сомасы;

– әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұл сомасы.

Шешуге көмек көрсету, салықтық мәселелерді кәсіпкерлерге әрине обернется салмағы оң нәтижелері. Бизнестің негізгі қарызын төлеу және салық ауыртпалығынан толық босату үшін ынталандыруы пайда болады. Бұл, өз кезегінде, оған шоттарды ашуға, мүлікті пайдалануға шектеулерді алып тастауға және заңды бизнесті жүргізуді жалғастыруға мүмкіндік береді. Ал бизнес-бұл ең алдымен жұмыс орындарын құру, өндірісті ұлғайту, яғни қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, олардың табысы мен өмір сүру сапасын арттыру.

«Астана-1» АЖ

2019 жылғы 1 сәуірінен бастап Республиканың облыс, аймақтарында барлық кеден рәсімдері бойынша «АСТАНА-1» электрондық декларациялау ақпараттық жүйесі толығымен жұмыс істей бастады.

Электрондық декларациялау жүйесі кедендік рәсімдеудің үрдістерін жеңілдетіп, кедендік операцияларға жұмсалатын уақытты қысқартты, сондай-ақ кедендік декларацияны тапсыру үшін кедендік бекетке келудің қажеті жоқ, бұның барлығы интернет-портал арқылы құжаттарды ұсынусыз жүзеге асырылады.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде үстіміздегі жылдың 1 қаңтардан бастап 1 сәуіріне дейін 2274 тауар декларациясы рәсімделді  (ЭК-10 – 1309, ИМ-40 – 607, баска- 358), олардың, яғни тауарлардың декларациясының  84% «АСТАНА-1» АЖ бағдарламасында автоматтық түрде шығарылды.

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің артықшылығы СЭҚ-қа қатысушылар мен кеден органдарының тікелей байланысын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне әсер ететінін атап өту керек.

 Павлодар облысы бойынша МКД Кедендік бақылау басқармасы

Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен енгізу бойынша ұсыныс енгізілді

Қолданыстағы заңнамамен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары Жалпыға бірдей декларация тапсыруды енгізу көзделген. Осыған байланысты заңнамалық базаны, ақпараттық жүйелерді дайындау, уәкілетті органдардың деректер базасын өзектендіру, өңірлерде пилотты өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қарағанды облысының Осакаровка ауданындағы пилоттық жобаның нәтижелері проблемалық мәселелерді анықтады, оларды шешуге қосымша уақыт қажет етіледі.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізді.

Бірінші кезеңде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары декларация тапсыруды бастау ұсынылады.

Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларды қоса алғанда) және олардың жұбайлары.

Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.

Төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – халықтың қалған санаттары.

Бұл ретте, әр кезеңнің қорытындысымен талдау жасалатынын, проблемалық мәселелер анықталатынын және заңнаманы, әдістемені және ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданатынын атап өткен жөн.

Қазіргі уақытта жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулер дайындалуда. Олар Қазақстан Республикасының Парламентіне белгіленген тәртіпте ұсынылады.

 Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жиынтық төлем енгізілуде

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-VI Қазақстан Республикасының Заңымен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бірыңғай жиынтық төлемнің енгізілуі қарастырылған.

Салық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;

2) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

3) тек қана жеке тұлғаларға қызмет көрсететін және (немесе) акциздік өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн тек жеке тұлғаларға ғана өткізетін, дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеушілері деп танылады.

Осыған байланысты, басқа жеке тұлғаларға қызмет атқаратын және (немесе) жеке қосалқы шаруашылық өнімдерді өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлейді. Мысалы, егер заңды тұлғаға және (немесе) дара кәсіпкерге қызмет көрсетілсе, осындай қызметті көрсететін жеке тұлғаның – БЖТ қолдануға құқығы жоқ.

Сонымен қатар, бірқатар шектеулердің заңнамамен қарастырылғанына назар аударамыз.

БЖТ төлеушілері болып мыналар танылмайды:

1) коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерi аумағында, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын, оның iшiнде меншік құқығындағы, жалдау, пайдалану, сенiмгерлiк басқару сауда объектілерін қоса алғанда, қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;

2) тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті жалға (мүлiктiк жалдау) беретін тұлғалар;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) оралмандарды қоспағанда, шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;

5) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуі бар адамдар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер ретінде танылмайды.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген немесе жекеше практикамен айналысатын тұлғалар және стационарлық орындар арқылы қызмет атқаратын (коммерциялық объектілер – сауда объектілері, базарлар және т.б),  (тұрғын үйді қоспағанда) мүлікті жалға беретін тұлғалар БЖТ төлеушілері бола алмайды.

Осыдан басқа, БЖТ төлеушінің  табыс мөлшері күнтiзбелiк жыл үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіштің 1 175 еселенген мөлшерінен аспауы тиiс.

Жеке тұлғалар, бірыңғай жиынтық төлем жасалған күннен бастап мұндай төлем жүргізілген айдың соңғы күніне дейін БЖТ төлеушілер деп танылады.

БЖТ жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің төленуге жататын сомалары қосылады. 

БЖТ мөлшері:

1 АЕК – республикалық және облыстық маңызы бар қалалар, астана үшін;

0,5 АЕК – басқа елді мекендер үшін.

Бюджет пен қорлар арасында төлемдердің бөлінуі ыңғайлы болу үшін, бiрыңғай жиынтық төлем банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына аудару жолымен бір төлем тапсырмасымен жалпы сомамен төленуге жатады, ал «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БЖТ-ді төмендегіше бөледі:

– жеке табыс салығы (бюджетке 10%);

– әлеуметтік төлемдер (ӘСМҚ-на 20 %);

– зейнетақы аударымдары (БЖЗҚ-на 30 %);

– МӘМС –ға аударымдарына (ӘМСҚ-на 40 %).

Павлодар облысы тұрғындарының назарына!!!

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті кейінгі кездері бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда қаржы пирамидалары туралы жиі жазылып жатқандарына азаматтардың назарларын аударады.

Қазақстан аумағындағы қаржы пирамидалары (соның ішінде шетелдіктер) қазақстандықтардың қаражаттарын «ақшаларыңды салып көп пайда табыңдар» деп жар салып, алдау арқылы пайдаланып кетуде. Бұл компаниялардың бәрі заңсыз. Бұған дейінгі компаниялар халықтың миллиардтаған қаражаттарын «қалталарына басып», жабылып қалып жатыр. Біздің отандастар осындай алдаулардың құрбаны болып, банкіден несиелер алып, алтындарын, бағалы заттарын ломбардқа салып, немесе автокөлігін, үйлерін сатып, ақшаларын осы қаржы пирамидаларына салып пайда табамын деп, пайдасы түгіл салған ақшасынан айрылып, «көк тиынсыз» қалып жатыр.   

Әсіресе бір алданған адамның қайтадан тағы алданғанын түсіну қиын. Бұндай азаматтарды, осындай фирмалар жұмысы жүрмей қалған кезде, «сенің салған ақшаңды қайтара алмаймыз, тағы да сондай көлемде ақша салсаң екі есе қайтарамыз» ден сендіріп қайтадан қолға түсіреді.

Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға сақ болуды ескертеді, күмән тудыратын қаржы мекемелеріне (немесе азаматтарға) қаражаттарыңызды (ақшаларыңызды) салмаңыздар. Бұл алаяқтық әдістер және Сіздерді ашықтан-ашық алдау!!! Сенім телефоны: 8 (7182) 61-32-81

 

Павлодар облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті 

Уәкілетті экономикалық оператор

Сыртқы экономикалық айналымды ынталандыру мақсатында, ірі компаниялардың жұмысын жеңілдету үшін кеден органдары «уәкілетті экономикалық оператор» статусын енгізу сияқты шаралар қолдануда. Уәкілетті экономикалық оператор дегеніміз, кедендік операцияларды жүргізгенде қаржылық және уақыт шығындарын азайтуға мүмкіндік туғызатын арнаулы жеңілдетілген процедуралар берілген заңды тұлғалардың белгілі бір категориясы.

Уәкілетті экономикалық оператор статусын Мемлекеттік кірістер комитеті заңды тұлғаға Уәкілетті экономикалық операторлар Реестріне тіркелгені туралы куәлік тапсыру арқылы береді.

Отандық заңнамаларда Уәкілетті экономикалық оператор статусы жаңалық және ол Кедендік процедураларды жеңілдету туралы Халықаралық конвенциияға сәйкес жасалынды.

Кеден органдары мен бизнес-қоғамдастықтың арасындағы серіктестіктің негізгі талаптарының бірі болып сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға осы статусты беру  табылады. Бұндай статусты алғандар сыртқы экономикалық қызметінде едәуір жеңілдіктерге ие болады, мысалы: – Біріншіден – тауарларды декларацияны ұсынбау тұрып ақ шығару мүмкіндігі, Екіншіден – тауарларды уақытша сақтау оператордың өз ғимараттарында немесе өз аймағында сақтау және тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жүргізу мүмкіндігі, Үшіншіден – кедендік транзитте кедендік баж бен салықтарды қамтамасыз етуді тапсырудың болмауы.

Осының нәтижесінде, кедендің шекарадан өту процедурасы қысқарады, қаржылық шығын азаяды, тауарды декларация тапсырмай тұрып пайдалану, алдын ала және электронды декларациялау мүмкіндігі, транзитте қамтамасыз етпеу, құжат айналымының қысқаруы, тасымал маршрутын белгілемеу, пилоттық жобаға кезексіз қатысу, азғантай көлемдегі құжаттар мен кедендік баж бен салықтарды 40 күнге бөгеп төлеу сияқты мүмкіндіктер туады. Толығырақ www. pvl.kgd.gov.kz сайтында немесе Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жүгініп танысуға болады.

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі

Кедендік әкімшілендіру жұмысындағы бүгінгі күнге маңызды мәселелердің бірі болып, тауар декларациясын тапсырғанда «адам факторын» болдырмау мақсатында электронды декларациялауды енгізу болып отыр. Осы электронды декларациялауды енгізу үшін кедендік және салықтық әкімшілендіруге «АСТАНА-1» интеграцияланған автоматтық ақпарат жүйесі енгізілді.  

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі Дүниежүзілік сауда үйінің нормаларына сәйкес келетін ASYCUDA бағдарламасы негізінде жасалған және 90-нан аса мемлекеттерде қолданылады.

 «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі бүгінгі күнге дейін жұмыс жасап тұрған 5 кедендік жүйенің басын құрайды және уәкілетті органдардың жүйелерімен интеграцияланады, яғни құжаттарды алдын ала қағаз жүзінде тапсырмай ақ тауарлар декларациясын электронды түрде тапсыруға мүмкіндік туғызады.

Тауарлар декларациясын электронды түрде тапсырғанда онда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса беру қажет емес. Айта кететін жағдай, тауарлардың негізгі бөлігі қауіпті басқару жүйесі арқылы тексеріліп, оның барысында қауіп анықталмаған жағдайда, тауарлар автоматты түрде, лауазымды тұлғаның қатысуынсыз ақ, шығарыла береді.

Сонымен қатар, электронды декларациялауға көшу кедендік құнды және тауарларды классификациялауды кедендік бақылауды тауарларды шығарудан кейін жасау арқылы тауарларды шығару уақытын қысқартуға мүмкіндік туғызады. 

Құрметті салық төлеушілер – сыртқы экономика қызметіне қатысушылар, осы «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесін енгізуге  байланысты, Сіздерге кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жеке шоттарыңыз бойынша салыстырма, яғни акт сверки, жасау қажеттігін естеріңізге саламыз. Толығырақ www. pvl.kgd.gov.kz сайтында танысуға болады.