Бизнестің жол картасы – 2020

Бірыңғай бағдарламаның іске асырылуынан бастап облысқа 21,7 млрд. теңге бөлінді:

Анықтама:

2010 жылы – 0,4 млрд. теңге,

2011 жылы – 1,7 млрд. теңге (индустриалды инфрақұрылым – 730,7 млн. теңге),

2012 жылы – 3,0 млрд. теңге (индустриалды инфрақұрылым – 2,4 млрд. теңге),

2013 жылы – 3,8 млрд. теңге (индустриалды инфрақұрылым – 1,7 млрд. теңге),

2014 жылы – 3,3 млрд. теңге (индустриалды инфрақұрылым – 1,5 млрд. теңге),

2015 жылы – 3,9 млрд. теңге (индустриалды инфрақұрылым – 1,4 млрд. теңге),

2016 жылы – 3,7 млрд. теңге (индустриалды инфрақұрылым – 1,1 млрд. теңге).

2017 жылы Бірыңғай бағдарламаны іске асыру үшін жалпы сипаттағы трансферттер шенберінде 1 876, 3 млн. теңге бөлінді.

Анықтама:

–  кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау – 1 807,3 млн. теңге;

– кредиттер бойынша кепілдік беру – 46,0 млн. теңге;

– гранттық қаржыландыру – 23,0 млн. теңге:

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау жене дамыту Бірінғай  бағдарламасының іске асырылуы басталуынан Өнірлік үйлестіру кеңесімен  (бұдан әрі – ӨҮК) 127,7 млрд. теңге инвестициялар сомасына 1558 жоба, оның ішінде:

– кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау – 948 жоба, жалпы сомасы 116,7 млрд. теңге;

– кредиттер бойынша кепілдік – 184 жоба, жалпы сомасы 2,6 млрд. теңге;

– жобаларды  гранттық қаржыландыру бойынша – 80 жоба, жалпы сомасы 210,2 млн. теңге;

– микрокредиттер беру бойынша – 344 жоба,  жалпы сомасы 986,4 млн. теңге;

– жетпейтін өндірістік  (индустриалды) инфрақұрылымды жеткізу  бойынша – 32 жоба, жалпы сомасы 7,3 млрд. теңге.

2015 жылы «2012-2020 жылдарға моноқалаларды Дамыту» Бағдарламасы «Бизнестің жол картасы -2020» бизнесті қолдау жене дамыту Бірінғай бағдарламасымен біріктірілді.

Солай, «моноқалалар, шағын қалалар жəне ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жана бизнес – бастамаларын қолдау» Бірыңғай бағдарламасының бірінші бағыты шенберінде   21 658,7 млн. теңге сомасына 697 жоба қабылданды, оның ішінде:

– кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау құралы бойынша 19 623,8 млн. теңге сомасында 230 жоба мақұлданды;

– кредиттер бойынша бөлшектік кепілдеу құралы бойынша  840,2 млн. теңге сомаға 67 жоба мақұлданды;

– гранттық қаржыландыру құралы бойынша  150,0 млн. теңге сомаға 54 жоба мақұлданды;

– микрокредиттеу құралы бойынша 986,4 млн. теңге сомаға 344 жоба мақұлданды;

– өндірістік  (индустриалды) инфрақұрылымды жеткізу құралы бойынша  58,3 млн. теңге сомаға 2 жоба мақұлданды.

«Экониканын басым секторларында және қайта өңдеу өнеркәсібі саласында қызмет ететін кәсіпкерлерге салалық қолдау» Бірыңғай бағдарламасының екінші бағыты шенберінде 99,1 млрд. теңге сомасына 878 жоба мақұлданды, оның ішінде:

– кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша жалпы сомасы 80,2 млрд. теңге 691 жоба мақұлданды;

– кредиттер бойынша бөлшектік кепілдеу құралы бойынша жалпы сомасы 1,6 млрд. теңгені құрайтын 117 жоба мақұлданды;

– гранттық қаржыландыру құралы бойынша 74,0 млн. теңге жалпы сомасына 26 жоба мақұлданды;

– өндірістік  (индустриалды) инфрақұрылымды жеткізу құралы бойынша жалпы сомасы 7,3 млрд. теңгені құрайтын 30 жоба мақұлданды.

– «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасының «кәсіпкерлік секторын сауықтыру» бағыты бойынша жалпы сомасы 10,0 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба мақұлданды. 2012 жылдан бастап 2-ші бағыт бойынша қолдау жасалмайды, ЕДБ өтінімдер қабылдау тоқтатылды.

Бірыңғай бағдарламаның үшінші бағыты «Валюталық қауіптің төмендеуі» шенберінде 6,9 млрд. теңге сомаға 13 жоба мақұлданды.

Бірыңғай бағдарламаның төртінші бағыты «кәсіпкерлікке қаржылық емес қолдау көрсету» бойынша іске асырылуы басталғананн бері 11 204 сервистік қызмет ұсынылды.