Индустрияландыру картасы мен Кәсіпкерлікті қолдау картасы

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы екінші бесжылдығының өзектендірілген картасы 40 жобадан тұрады, инвестиция көлемі 1,1 трлн.теңге,   8929 жұмыс орны құрылады.

Соның ішінде:

– индустрияландыру картасының 3 жобасы (инвестиция көлемі 640,1 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны – 2131);

Анықтама:

  1. Бозшакөл КБК салу, «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС. Инвестиция көлемі – 406,0 млрд. теңге, жұмыс орнының саны – 1500, жобалық қуатты – жылына 100,0 мың тонна концентрат. Іске асыру мерзімі – 2010-2015 жылдар.
  2. Павлодар МХЗ жаңғырту, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС. Инвестиция көлемі – 180,0 млрд.теңге, жұмыс орнының саны – 161, жобалық қуаты – жылына 5,1 млн. тонна шикі мұнай. Іске асыру мерзімі – 2013-2017 жылдар.
  3. Теміржол мақсатындағы доңғалақтар өндіретін кешен, «Проммашкомплект» ЖШС. Инвестиция көлемі – 54,1 млрд.теңге, жұмыс орнының саны – 435, жобалық қуаты – жылына 200,0 мың дана доңғалақ. Іске асыру мерзімі – 2013-2018 жылдар.

– Павлодар облысының кәсіпкерлігін қолдау картасының 37 жобасы (инвестиция көлемі – 468 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны – 6770).

2015 жылы 4 жоба іске қосылды, инвестиция көлемі 435,3 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны – 1987.

2016 жылы 7 жоба пайдалануға енгізілді, инвестиция көлемі –  17,4 млрд. теңге, 404 жұмыс орны құрылды.

2017 жылы Индустрияландыру картасы мен Кәсіпкерлікті қолдау картасының 189,9 млрд. теңге сомасына 8 жобасы пайдалануға енгізілді, жұмыс орындарының саны – 462.

2018-2022 жылдары жалпы 470,3 млрд.теңге инвестиция көлемімен 21 жобаны пайдалануға енгізу жоспарлануда, 5929 жұмыс орны құрылады.

2018 жылы 122,9 млрд. теңге инвестиция көлемімен 8 жобаны пайдалануға енгізу жоспарлануда, 1171 жұмыс орны құрылады.

Анықтама:

  1. Теміржол мақсатындағы доңғалақтар өндіретін кешен, «Проммашкомплект» ЖШС. Инвестиция көлемі – 54,1 млрд.теңге, жұмыс орнының саны – 435.
  2. №2 циклды-ағынды аршылым кешені, «EЭК» АҚ. Инвестиция көлемі – 11,3 млрд.теңге, жұмыс орнының саны – 22.
  3. Құрылыс материалдарын өндіру, «Павлодар-Водоканал» ЖШС. Инвестиция көлемі – 14,3 млн.теңге, жұмыс орнының саны – 22.
  4. № 5 энергия блокты жаңарту, «EЭК» АҚ. Инвестиция көлемі – 55,2 млрд.теңге, жұмыс орнының саны – 9.
  5. Фр. 0-10мм жоғары көміртекті феррохромды балқытудан шлактарды байыту, «ПК «КАЗРУДПРОМ» ЖШС. Инвестиция көлемі – 850,0 млн.теңге, жұмыс орнының саны – 200.
  6. Павлодар АЭА аумағында композиттік коагулянттар дайындайтын цех салу, «ASCOR» өндірістік бірлестігі» ЖШС. Инвестиция көлемі – 180,0 млн.теңге, жұмыс орнының саны – 20.
  7. Алюмосиликат бос микросферасының дайын өнімін шығару және минералдық шикізатты қайта өңдейтін өндірістік цех (АСПМ), «METALLOGAMMA» ЖШС. Инвестиция көлемі – 360,7 млн. теңге, жұмыс орнының саны – 46.
  8. «Ақсу ферроқорытпа зауытының металлургиялық шлактарынан құрылыс толтырғыштарын өндіру» – бірінші сатысы – «ЭКОСТРОЙ-АКСУ», «Минерал ИндастриГрупп» ЖШС. Инвестиция көлемі – 850,0 млн. теңге, жұмыс орнының саны – 400.