Кәсіпкерлікті қолдау

Өз ісін жаңа бастаған кəсіпкерге көмек

«Бизнестін жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту Бірінғай бағдарламасы шенберінде кіші және орта кәсіпкерліктің әрекет етуші және бастаушы субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетіледі, келесі құралдар бойынша:

– кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;

– кредиттер бойынша кепілдік беру;

– әрекет етуші бизнесті жүргізудің сервистік қолдау;

– өндірістік (индустрияалық) инфрақұрылымды дамыту.

1) Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі бөлігінде субсидий беру.

– субсидиялауға жатады:

  1. жана кредиттер немесе қаржылық лизинг келісімдері;
  2. ӨҮК шығаруына дейін 12 ай ішінде берілген жана кредиттер немесе қаржылық лизинг келісімдері;
  3. беру мерзімі 4 айдан аспаған, бұрын берілген кредиттерді қайта қаржыландыруға берілген кредиттер.

– субсидий мөлшері:

  1. 10% – моноқалаларда, шығын қалаларда, ауылдарда жобарды және МИИДБ сәйкес келетін бағдарламаларды субсидиялау.
  2. 7 % – экономиканың басым секторларына кіретін жобаларды субсидиялау.

2) Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру.

– ұсынылатын кепілдіктер мөлшері:

  1. 85 %-ға дейін – бастаушы кәсіпкерлерге және жас бастаушы кәсіпкерлерге;
  2. 50 %-ға дейін – әрекет етуші кәсіпкерлерге және экономиканың басым секторларындағы жобаларға;

3) Мемлекеттік гранттарды беру

– грантты әлеуетті алушылар:

  1. кіші кәсіпкерлік субъектілері;
  2. бастаушы кәсіпкерлер;
  3. бастаушы жас кәсіпкерлер;
  4. әйелдер, ерекше қажеттіліктермен тұлғалар және 50 жастан асқан тұлғалар;

– грант сомасы:

3 млн. теңгеге дейін.

Грантты әлеуетті алушылар – кіші кәсіпкерлік субъектілері, бастаушы, жас кәсіпкерлер, 50 жастан асқан тұлғалар, мүгедектер, әйелдер.

Моноқалалардың, кіші қалалардың, ауылдық елді мекендердің салалық кедергілерсіз кәсіпкерлері.

Грант қайтарымсыз негізде беріледі, сонымен бірге кәсіпкермен грант мөлшерінен 10 %-дан төмен емес есепте бірге қаржыландырылуы керек (сонымен бірге жеке меншікпен).

4) Өндірістік (индустрияалық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету

1. Өндірістік (индустрияалық) инфрақұрылымды дамыту кәсіпкерліктің кіші және орта жобаларына жетпейтін инфрақұрылымды жеткізуде болып табылады:

– жана өндірістерді құруға бағытталған, қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және кеңейтуде, басқа жобаларға жеке де (сонын ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету), сондай-ақ индустриялық аймақтарды құру шенберінде;

– бағдарлама шенберінде МИИДБ белгіленген экономиканың басым секторларында және өндеу өндірісі салаларында қызмет ететін, сондай-ақ Моноқалалардың, кіші қалалардың, ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлері;

– кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектілері территориямының шекарасына дейін асырылатын, сонымен бірге кәсіпкер объектісінің территориясы ішінде инфрақұрылымды жеткізуге қаржыну бөлу көзделмейді;

– құрылыс үшін жобаға дейінгі (технико-экономикалық дәлелдеу) немесе  жобалық (жобалық-сметалық) құжаттарды жасаумен байланысты шығындарды республикалық бюджеттен қаржыландыру берілмейді;

2. Жетпейтін инфрақұрылымды жеткізу кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, келесі талаптарға сай келетін жобалары үшін асырылады:

1) жобаға инвестициялар мөлшері 400 млн. теңгеден кем болмауы керек;

2) ифрақұрылымды құру (қайта құру) құны 100 млн. теңгеден кем болмауы керек.

Жетпейтін инфрақұрылымды жеткізу талаптарына сәйкес келмейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаорына жетпейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджет қаражы есебі арқылы жасалады.

5) кәсіпкерлерге қаржылық емес қолдау көрсету

1) КҚО (кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және) КҚМО (кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталығы) бизнестің серсвитік қолдауының келесі қызметтерін алуға болады: 

– бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен байланысты қызметтер;

– кедендік рәсімдер бойынша қызметтер;

– кеңес беру және менеджмент жүйесін ендіру барысы бойынша толық  сүйемелдеу;

– заңгерлік қызметтерді көрсету;

– маретинг мәселесі бойынша қызмет көрсету;

– ақпараттық технологиялар саласында қызмет көрсету бойынша кеңес беру;

2)  кіші және орта кәсіпкерліктің том-менеджментін үйрету.

3) іскерлік қатынастар.

4) үлкен сеньорлар

Бағдарламаның қатысушылары бола алмайды:

1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын;

3) қиыршықтас және құм карьерлерін қазуға, тұз өндіруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;

4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушы бола алмайды.

Шағын жəне орта бизнесті микроқаржыландыру, субсидиялау туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтер Павлодар облысның әкімдігімен бекітілген 2015 ж 22.05. № 144/5 мемлекеттік қызметтер Регламентіне сәйкес көрсетіледі.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру»

  1. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстың және қалалар жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі жүзеге асырады.    

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасының көшірмесі (бұдан әрі – көшірме).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағымен қарастырылған құжаттар топтамасын ұсыну болып табылады.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттарды қабылдайды, тіркейді және ұсынылған құжаттарды  көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсырады  – 20 (жиырма) минут;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны тағайындайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;  

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көшірмені немесе Стандарттың  9.1-тармағымен қарастырылған негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауапты (бұдан әрі – дәлелді жауап) дайындайды – 17 (он жеті) жұмыс күні;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көшірмені немесе дәлелді жауапқа қол қояды – 2 (екі) жұмыс күні;  

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беруді жүзеге асырады – 20 (жиырма) минут.  

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі көшірмені немесе дәлелді жауапты беру болып табылады.    

Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мынадай:

“Бизнестің жол картасы 2020” бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) бірінші, екінші және үшінші бағыттары бойынша:

осы стандартқа қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтініш-сауалнама;

кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (кәсіпкердің мөрімен (бар болған жағдайда)/қолымен расталған көшірме);

кәсіпкердің жобаны іске асыруының бизнес-жоспары, онда 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ынан төмен емес деңгейде жобаны іске асыруға жеке қаражатының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері, сондай-ақ Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша – ӨҮК шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірісті өсіруге, жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайтуға және бюджетке төленетін салықтардың көлемін 10 %-ға өсіруге қол жеткізу кезеңдері қамтылады;

кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржы жылы үшін қаржылық есептерінің көшірмесі, бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуі және кірістің өсімі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесі қоса беріледі. Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті үш жылдан аз жүзеге асырған жағдайда, ақпарат кәсіпкерлік қызметті нақты жүзеге асыру кезеңі үшін беріледі (Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);

өтініш берілетін күнге дейінгі күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

тауарларды/өнімді экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері қойылған кедендік жүк декларациялары (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгілері қойылған тауарға ілеспе құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);

соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);

банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкерге кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасасу немесе кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.

 

Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдіктер беру.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ұсыну:

1) облыстың және қалалар жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;

2) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының кеңсесі (бұдан әрі – қаржы агенттігі);

3) 180 миллион (бұдан әрі – млн.) теңгеден артық емес кредиттер бойынша www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – қаржы агенттігінің алдын ала кепілдік хаты не шешімінің себептері көрсетіле отырып, бас тарту туралы хабарламасы (бұдан әрі – кепілдік хаты);

180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша – Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме (бұдан әрі – көшірме). 

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз тасығышта жүгінгенде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.

Веб-портал арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» уәкілетті органның электрондық цифрлы қол таңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағымен қарастырылған құжаттар топтамасын ұсыну болып табылады.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырғаннан кейін:

1) 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша – қаржы агенттігі екінші деңгейдегі банктен/Даму банкінен (бұдан әрі – Банк) құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

Ұсынылған құжаттарға қатысты ескертулер және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулер және/немесе ақпаратты беру туралы сұратуды көрсетілетін қызмет беруші оларды жою үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 30 (отыз) минут ішінде тапсырады;  

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын тағайындайды;

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 (алты) жұмыс күні ішінде үзінді көшірмені немесе Стандарттың 9.1-тармағымен қарастырылған негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауапты (бұдан әрі – дәлелді жауап) дайындайды;   

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы үзінді көшірмеге немесе дәлелді жауапқа 2 (екі) жұмыс күні ішінде қол қояды;   

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді жүзеге асырады – 30 (отыз) минут.  

2) 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде. 

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 30 (отыз) минут ішінде тапсырады;   

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын тағайындайды;   

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде кепілдік хатын немесе дәлелді жауапты дайындайды;    

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы кепілдік хатына немесе дәлелді жауапқа 1 (бір) жұмыс күні ішінде қол қояды;    

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді жүзеге асырады – 30 (отыз) минут.   

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – кепілдік хаты немесе дәлелді жауап;

180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша – көшірме. 

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен  және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл жасау қарастырылмаған.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану:

Веб-портал қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алғаннан кейін – 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде;

Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулерді және/немесе ақпарат беру туралы сұратуды қаржы агенттігі жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Банкке жолдайды. Бұл ретте, қаржы агенттігінің құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады;

Банк қаржы агенттігіне көрсетілетін қызметті алушыдан «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық өтінім алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, қаржы агенттігі көрсетілетін қызметті алушыға кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады.

  1. Портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау:

1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) мен парольді енгізу үдерісі (авторландыру үдерісі);

1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН мен пароль арқылы порталда тексеру;

2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарламаның қалыптастыруы;

3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі); 

4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерге, бекітілген сканерленген құжатқа) қол қою; 

2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;

5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сының түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; 

6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) электрондық үкімет шлюзі/электрондық үкіметтің өңірлік шлюзі арқылы жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйесіне жіберу және көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызметті өңдеуі;   

7-процесс – көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық  құжат көрсетілетін қызметті беруші маманының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі. 

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар тізбесі:

180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтініш;

2) кәсіпкердің кепілдік сомасы есептелген кредит алу мүмкіндігі туралы Банктің оң шешімі бар хаты;

3) көрсетілетін қызметті алушының кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға келісімі (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша);

4) көрсетілетін қызметті алушының қаржы агенттігімен жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімі (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

5) кепілдікті тарту туралы шешім қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының шешімі.

180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес, қатысуға арналған өтініш;

2) кәсіпкер-заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі/қайта тіркелгендігі туралы куәлік немесе анықтама/жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (кәсіпкердің (кәсіпкердің-заңды тұлғаның уәкілетті тұлғасының) мөрімен (бар болса) және қолтаңбасымен расталған көшірмесі);

3) кәсіпкер қаржы агенттігіне жүгінген күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын берілген, бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің бар/жоғы туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

4) салық декларациясының көшірмесін және/немесе интернет-ресурстарда орналастырылған қаржылық жағдай туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпаратты, бірінші басшысы (заңды тұлғалар үшін) куәландырған дебиторлық және кредиторлық берешектердің таратылып жазылуларымен қоса бере отырып, кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржы жылындағы қаржылық есептерінің көшірмелері (оның ішінде, берешектің пайда болған сомалары, күндері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің атауы) (кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті үш жылдан аз жүзеге асырған жағдайда, ақпарат кәсіпкерлік қызмет нақты жүзеге асырылған кезеңге ұсынылады);

5) кәсіпкердің кепілдік сомасы есептелген кредит алу мүмкіндігі туралы банктің оң шешімі бар хаты;

6) қаржы агенттігінің кәсіпкерді кепілдендіру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының көшірмесі (банктің мөрімен куәландырылған);

7) 180 млн. теңгеден астам кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жеке қаражат жобасын (ақша қаражаты, жылжымалы/жылжымайтын мүлік), оның ішінде жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-нан төмен деңгейде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен іске асыруға, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде кәсіпкерлердің – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша кәсіпкердің жобасын іске асыруға қатысуды қамтамасыз ету мерзімдерін қамтитын кәсіпкердің жобасын іске асыру бизнес-жоспары – кірісті өсіруге қол жеткізу, жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту және ӨҮК шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін бюджетке төленетін салықтардың көлемін 10%-ға өсіру кезеңдері;

8) кірістің өсімі және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20%-ға өсуі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесін қоса бере отырып, кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің қаржылық есептерінің көшірмесі (Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);

Веб-порталға:

180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша

1) кәсіпкердің ЭСҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш;

2) кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға электрондық нысандағы келісімі;

3) оның жеке деректерін жинауға және өңдеуге электрондық нысандағы келісімі;

4) кепілдік сомасы есептелген кредит алу мүмкіндігі туралы Банктің оң шешімі бар хатының электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі).

Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі  –  көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстың және қалалар жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: грант беру туралы шарт (бұдан әрі – шарт).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағымен қарастырылған құжаттар топтамасын ұсыну болып табылады.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсырады  – 20 (жиырма) минут; 

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын тағайындайды;

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы шартты немесе Стандарттың 9.1-тармағымен қарастырылған негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауапты (бұдан әрі – дәлелді жауап) дайындайды – 44 (қырық төрт) жұмыс күні;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шартқа немесе дәлелді жауапқа қол қояды – 2 (екі) жұмыс күні;

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беруді жүзеге асырады – 20 (жиырма) минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі шартты немесе дәлелді жауапты беру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара  іс-қимыл тәртібін сипаттау

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен  және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану қарастырылмаған.

Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

осы стандартқа қосымшаға сәйкес гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім;

заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;

өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) расталған анықтама;

бизнес-жоба;

Бағдарлама және/немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға растаған).

Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

 

беру үшін конкурстық іріктеуге қатысуға
ӨТІНІМ

__________________________________________________________________

(бұдан әрі – Кәсіпкер)

__________________________________________________________________

(заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы; жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжаттың деректері)

__________________________________________________________________

(заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы; жеке кәсіпкердің тұрғылықты жері)

__________________________________________________________________

(қала (аудан) кодын көрсете отырып, байланыс телефонының нөмірі, электронды пошта мекенжайы)

__________________________________________________________________

(банктік деректемелері)

__________________________________________________________________

 (салық салу жүйесін көрсету)

__________________________________________________________________

 (негізгі қызмет бағытын көрсету)

__________________________________________________________________

(экономика саласын көрсету)

__________________________________________________________________

(өтінімді беру сәтіне жалдамалы жұмыскерлердің орташа санын көрсету)

__________________________________________________________________

 (ұйым басшысы (Т.А.Ә., лауазымы, байланыс телефоны)

__________________________________________________________________

 (жобаның жауапты орындаушысы (Т.А.Ә., лауазымы, байланыс телефоны)

 

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету»

  1. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстың және қалалар жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасының көшірмесі (бұдан әрі – көшірме).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағымен қарастырылған құжаттар топтамасын ұсыну болып табылады.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттарды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсырады – 20 (жиырма) минут;  

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын тағайындайды;

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көшірмені немесе Стандарттың 9.1-тармағымен қарастырылған негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауапты (бұдан әрі – дәлелді жауап) дайындайды – 11 (он бір) жұмыс күні; 

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көшірмеге немесе дәлелді жауапқа  қол қояды – 2 (екі) жұмыс күні; 

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді жүзеге асырады – 20 (жиырма) минут. 

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі көшірмені немесе дәлелді жауапты беру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен  және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану қарастырылмаған.

Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  • еркін нысандағы қатысуға өтінім;
  • бизнес-жоспар;
  • техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
  • жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.

ӨҮЙ кеңесінін жұмыс органы және Бірінғай бағдарламаның үйлестірушісі облыстың кәсіпкерлік, сауда жжәне туризм Басқармасы болып табылады, сонда Сіздер мемлекеттік бағдармалар шенберінде кәсіпкерлікті қолдау  іс-шаралары туралы  толық және жан-жақты ақпарат ала аласыз, Павлодар қ. Ленина көш., 61 мекен-жайы бойынша, байланыс телефоны:653069. Басқарма өзінің құзыреті шегінде қолдау көрсетуге дайын.