Отын-энергетикалық кәсіпорындар

Қазіргі уақытта облыс аумағында жалпы белгіленген қуаттылығы 8450 МВт болатын 7 жылу электр стансасы жұмыс істейді. Олар:

  • «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – 4000 МВт;
  • «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ – 1000 МВт;
  • «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ – 2465 МВт;
  • «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО – 350 МВт;
  • «Павлодарэнерго» АҚ-ның ЖЭО-2 – 110 МВт;
  • «Павлодарэнерго» АҚ –ның ЖЭО-3 – 525 МВт;
  • «Павлодарэнерго» АҚ –ның Екібастұз жылу орталығы – 12 МВт.

 

Облыс энергетикасын ірі кәсіпорындар көрсетуде

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 стансасы» ЖШС

«Екібастұз ГРЭС-1 стансасы» ЖШС – облыстағы ең ірі электр стансасы. Электр стансада жалпы белгіленген қуаты 4000 МВт болатын 8 энергоблок орнатылған. Бүгінгі таңда қуаттылығы 3500 МВт болатын 7 энергоблок жұмыс істесе, № 1 энергоблок қалпына келтірілуде.

 

«Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ

Электр стансасында жалпы қуаттылығы 1000 МВт 2 энергоблок орнатылған. Белгіленген қуаттылығы 630 МВт болатын жаңа энергоблоктың құрылысы жүргізілуде.

 

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ

Мұнда жалпы қуаттылығы 2450 МВт құрайтын 8 энергоблок орнатылып, бүгінгі таңда белгілінген қуаты 2150 МВт 7 энергоблок жұмыста.

2015 жылы қуаты 325 МВт №5 энергоблокты қайта құру бойынша құрылыс монтаж жұмыстары басталды.

 

«Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО

Бұл электр стансада 8 қазандық агрегат пен 6 турбинаның белгіленген электрлік қуаты – 350 МВт, ал жылулық қуаттылығы – 1170Гкал/сағ.

 

«Павлодарэнерго» АҚ-ның ЖЭО-2

Электр стансасында 5 қазандық агрегат пен 3 турбоагрегат орнатылған. Белгіленген электрлік қуаттылығы – 110 МВт, ал жылулық қуаты – 332 Гкал/сағ.

 

«Павлодарэнерго» АҚ-ның ЖЭО-3

Мұнда 6 қазандық агрегат пен 5 турбоагрегат орнатылған. Олардың белгіленген электрлік қуаттылығы – 525 МВт, жылулық қуаттылығы – 808 Гкат/сағ.

Өзгертілді: 31.12.2014 10:57
Орналастырылды: 22.02.2016 17:51

Энергия кәсіпорындарын перспективалы дамыту жоспарлары

Жалпы облыстың электр станциялары 2017 жылға дейін электр қуатын 655 МВт (8447 МВт-тан 9102 МВт-қа) дейін көбейтуді жоспарлап отыр.

«Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ-да қуаттылығы 630 МВт болатын № 3 энергоблоктың құрылысы жүріп жатыр.

Іске асыру кезеңі: 2009 жылғы желтоқсан – 2017 жылғы желтоқсан. Құны – 174,9 млрд теңге.

Бүгінде негізгі бас мердігер бойншы келісімшартпен қоса жоба бойынша барлық басты келісімшарттарға қол қойылды. Бірінші кезекте тұрған жұмыстар аяқталды. 23.12.2013 жылы жобалау-смета құжаттамасын түзету және «Мемсараптама» РМК-мен келісу берілді.

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ қолданыстағы жабдықтар жағдайында электр стансанын қалпына келтіру кешендік бағдарламасы негізінде энергоблоктың қуаттылығын көтеру мақсатында техникалық қайта жарақтауды жүзеге асыруда. 2011 жылғы маусымда қалпына келтірілген № 2 энергоблок іске қосылса, 2013 жылы электрлік қуаттылығы 325 МВт болатын №6 энергоблок қолданысқа берілді. Бүгінгі күнге қуаты 325 МВт №5 энергоблокты қайта құру бойынша құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде, пайдалануға берілу мерзімі 2017 жыл.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-де «Екібастұз ГРЭС-1-ді қайта құру және жаңғырту» жобасы жүзеге асырылуда. Осы проект аясында жұмыс істемей тұрған барлық энергоблокқа жаңа күл ұстаушы электросүзгіштерді орнату арқылы қайта құру жоспарланған. Электросүгішті іске қосу әрбір энергоблоктың ауа қабатына шығарылатын күлді жылына 17,5 мың. тоннаға (20,0 мың тоннада жылына 3,0 мың тоннаға) дейін азайтады.

Бүгінгі күнге қуаты 500 МВт №1 энергоблокты қайта құру бойынша құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде, пайдалануға берілу мерзімі 2017 жыл.

2012 жыл. Желтоқсанда қуаттылығы 500 МВт болатын № 8 блок пайдалануға берілді. Жобаның құны – 23,4 млрд теңге.

2013 жыл. Маусым айында № 7 энергоблогындағы электрсүзгіштер іске қосылды. Жобаның құны – 2,61 млрд теңге. Электрсүзгішті іске қосу ауа қабатына шығарылатын күлді жылына 17,5 мың тоннаға (20,0 мың тоннадан жылына 3,0 мың тоннаға дейін) азайтады.

2014 жыл. Желтоқсан айында қуаттылығы 500 МВт құрайтын № 2 блок қолданысқа берілді. Жобаның құны – 61,47 млрд теңге.

2017 жыл. Желтоқсанда қуаты 500 МВт № 1 блокты іске қосу жоспарланып отыр. Жоба құны – 69,1 млрд теңге.

“Павлодарэнерго” АҚ ЖЭО-2 және ЖЭО-3 қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтаудың жеке инвестициялық бағдарламаларын іске асырады. ЖЭО-3 электр қуаты 65 МВт-қа дейін өссе, Екібастұз ЖЭЩ-да 30 МВт-қа артатын боады, ал ЖЭО-2-де белгіленген қуатты көбейтпей-ақ техникалық қайта жарақталады.

“Қазақстан алюминийі” АҚ ЖЭО күзгі-қысқы жүктеме максимумында белгіленген қуатты толық жүктеу кезінде жұмысының тұрақты болуымен ерекшеленеді. “Қазақстан алюминийі” АҚ жоспарлары кәсіпорын әлеуетін сақтауға бағытталады. Сол үшін бу өндіруді арттыра отырып, қазан агрегаттарын кезең-кезеңмен қайта жарақтау қарастырылады.

 

Жылу желілері

Облыстағы жылумен қамту желілерінің ұзындығы 903,7 шақырымды құрайды. Оның 407,2 шақырымы – Павлодар қаласында, Екібастұзда – 341,6 шақырым болса, Ақсу қаласына 78,8 км, аудандарға 76,1 км тиесілі.

Қалалардың жылумен қамтылуын «Павлодар жылу желілері» ЖШС мен «Жылусервис-Ақсу» КМК сияқты екі кәсіпорын жүзеге асырады. Аудан орталықтарын мемлекеттік және жекеменшік коммуналдық кәсіпорындар жылумен қамтамасыз етеді.

 

Электрмен қамту

Өңірдегі электрлік желілердің жалпы ұзындығы 17,5 мың шақырым, оның 2,7 мың шақырымы – ВЛ-220-110; 13,6 мың шақырымы – ВЛ-35-10-0,4кВ, ал 10-6-0,4 кВ кәбілді желі – 1,2 мың шақырымды құрайды.

4349 қосымша станса бар, оның ішінде 220-110 кВ қосымша станса – 78, 35-10-0,4 кВ қосымша станса – 128, КТП-6-10/0,4 кВ-4 – 143.

 

Газбен қамту

Павлодар облысы аумағында табиғи газбен және орталықтандырылған газбен қамту жоқ.

Бөлшекті сауда нарығында баллондағы сұйытылған көмірсутекті газды жеткізу және өткізу жұмысымен газбен қамтушы 8 кәсіпорын айналысады. Олар халық пен заңды тұлғалардың қажеттіліктерін толық көлемде қамтамасыз етуде. Халықты газбен қамту сыйымдылығы 27 л және 50 л болатын газ баллонды құрылғылармен жүзеге асырылады.ы толтырады. Тұрғындар газдың көлемі мен жеткізілу сапасына риза.

Өзгертілді: 31.12.2014 10:58
Орналастырылды: 09.11.2016 13:31