Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті «ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалы

Пресс – релиз

 Дүниежүзілік стандарттарын күніне орайластырылған дөңгелек үстел өткізу қорытындысы бойынша 12.10.2018 ж., 9:00 сағ.  Павлодар Облысының Акиматы Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көш., 49 үлкен зал

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалы «ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММмен бірлесіп «Дүниежүзілік стандарттарын күніне» орай дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының және Облыс Акимат, мемлекеттік органдардың өкілдері, Павлодар облысының Индустрияландыру және экспортқа бағдарланған картасына кіретін жобалары кәсіпорындардың басшылары, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысты.

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ басшысы А. Қ. Әлібаев алғаш сөзімен дөңгелек үстелдің жұмысын ашты.

Іс-шараның басты тақырыбы халықаралық үлгіге негізделген ұлттық стандарттау жүйесін қалыптастыруға бағытталған,  стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің рөлін арттыру, ұлттық стандарттардың мәртебесін көтеру, пайдаланушыларға стандарттау құжаттарының қолжетімділігін қамтамасыз етудегі «Стандарттау туралы» ҚР Заңының нормаларын түсіндіру болып табылды.

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалының директоры Е. Е. Куатов «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы» тақырыбына сөз сөйледі. Заңның өзі қазақстандық үлгіні халықаралық деңгейге шығаруға бағытталған. Стандарттаудың ұлттық жүйесі заңнамада субъектілердің жиынтығы ретінде және стандарттау жөніндегі іс-әрекеттер процесінде олардың қатынастары ретінде бекітілген.

 Стандарттау субъектілерінің өзара іс-қимылының нақты мақсаттары, міндеттері, стандарттау қағидалары, функциялары, құзыреттілігі және процедуралары анықталды.

Стандарттаудың барлық процестерін үйлестіру және сақтау үшін стандарттау жөніндегі Ұлттық орган анықталды.

Дөңгелек үстел жұмыс барысында күн тәртібі бойынша мүдделі пікір алмасу.

Дөңгелек үстел отырыс соңында стандарттау дамытуына  қосқан үлесі үшін үздік кәсіпорындарына және олардың мамандарына «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК және «ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММның Алғыс хаттар марапатталды.

 

Т/ф: 8 (7182) 32-79-41, е-mail: pvl_kazinst@mail.ru

Павлодар облысының Техникалық реттеу сұрақтары бойынша Аймақтық штабының 23-ші кезекті отырысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде Павлодар қаласында Павлодар облысының Техникалық реттеу сұрақтары бойынша Аймақтық штабының 23-ші кезекті отырысы өткізілді.

Бұл іс-шараны «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалымен бірлесіп ұйымдастырды. Отырыста Аймақтық штабының мүшелері, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, сынау зертханалардың өкілдері және Павлодар облысының кәсіпорын басшылары.

Күн тәртібіне сәйкес отырыста келесі Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламенттері талқыланды: «О безопасности легкорельсового транспорта, трамваев» (ЕЭО ТР ___/20__) және  «О безопасности высоковольтного оборудования» (ЕЭО ТР ___/20__).

Айта кету керек Ұлттық (мемлекеттік) стандарт болмаған жағдайда, халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) жоба Тізбесінің стандарттардың, «О безопасности легкорельсового транспорта, трамваев» ЕЭО ТР қортынды ретінде ерікті негізде қамтамасыз етіледі, Қазақстан Республикасының 35 мемлекетаралық стандарт, 6 ұлттық стандарт және Ресей Федерациясының 1 ұлттық стандарты енгізілді.

Өзектіленген халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың Жоба Тізбесіне, ережелері мен әдістерін қамтитын зерттеулер (сынақтар) және өлшеу, соның ішінде үлгілерді іріктеп алу ережелерін, қажетті талаптарын орындау және қолдану үшін жоғарыда аталған техникалық регламенттің жобасын жүзеге асыру және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауына 19 мемлекетаралық стандарттар енгізілді.

Техникалық регламеттерді талқылау барысында «Павлодар облысының көліктік бақылау инспеция» РММ және «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ-нан ұсыныстар түсті.

Штабпен бекітілген ұсыныстар ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне жіберу.

Сонымен қатар штаб отырысында Еуразиялық экономикалық одағының «О безопасности высоковольтного оборудования» (ЕЭО ТР ___/20__) техникалық регламенті талқыланды

Ұлттық (мемлекеттік) стандарт болмаған жағдайда, халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) жоба Тізбесінің стандарттардың, «О безопасности высоковольтного оборудования» ЕЭО ТР қортынды ретінде ерікті негізде қамтамасыз етіледі, Қазақстан Республикасының 70 мемлекетаралық стандарт және Ресей Федерациясының 29 ұлттық стандарты енгізілді.

Өзектіленген халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың Жоба Тізбесіне, ережелері мен әдістерін қамтитын зерттеулер (сынақтар) және өлшеу, соның ішінде үлгілерді іріктеп алу ережелерін, қажетті талаптарын орындау және қолдану үшін жоғарыда аталған техникалық регламенттің жобасын жүзеге асыру және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауға, 80 мемлекетаралық стандарттарды және 25 Ресей Федерациясының ұлттық стандарттарды қосты.

«О безопасности высоковольтного оборудования» Техникалық регламентпен өзара байланысты Жоба және стандарттары Тізбесін талқылау барысында «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалынан ұсыныс түсті.

Штабпен бекітілген ұсыныстар ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне жіберу.

 

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және

даму министрлігі

 Техникалық реттеу және метрология

 комитетінің Павлодар облысы

бойынша департаменті» РММ

 

 «Қазақстан стандарттау және сертификаттау

 институты» РМК Павлодар филиалы

«Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі облысында қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен даярлау» тақырыбында аймақтық семинарын өткізу қортындысы бойынша

2017 жылдың 22 – 24 мамыр аралығында Павлодар қаласында  «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі облысында қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен даярлау» тақырыбында 3 күндік аймақтық семинар өткізілді.

Аймақтық семинар мақсаты 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2020 жылға дейін техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру бойынша кешенді жоспарын жүзеге асыру.

Семинарды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитеті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК.

Аймақтық семинарда техникалық реттеу, стандарттау, Қазақстан Республикасы, Еуразиялық Экономикалық одағының және Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) заңнамасының сұрақтары.

Сәйкестікті бағалау және растау, аккредиттеу жұмыстарды жүргізу кезінде негізгі талаптар, заң шығарушы және қолданбалы метрология негіздері.

Қазақстан Республикасында менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу сұрақтары. Қазақстан Республикасы, Еуразиялық Экономикалық одағының және ДСҰ техникалық регламенттердің талаптары қаралды.

Семинардың жұмысына Қазақстанның индустрияландыру картасына, өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген, Павлодар облысы экспортқа бағдарланған кәсіпорындар басшылары мен мамандары қатысты.

Дәріскерлер: «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстан метрологи институты» РМК, «Ұлттық аккредиттеу орталағы» ЖШС, ҚР ИДМ байланыс, ақпараттандыру және ақпарат Комитеті басшылары мен сарапшылар-консультанттары. Аймақтық семинар жұмысы барысында аймақ кәсіпорындарының өкілдері қызықтыратын сұрақтарына бірінші қолдардан толық жауаптар алу мүмкіндігі  болды.

Тыңдаушыларға үлестірме материал ұсынылды, семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.