Жыл сайынғы менеджмент жүйесі бойынша оқыту Павлодарда өтті

Төрт жыл бойы Павлодар облысының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін менеджмент жүйесі бойынша ақысыз негізде оқыту семинарлары өткізіледі.

2019 жылғы 25-сәуірде 100 қатысушы мынадай тақырыптар бойынша оқытылды:

– ISO 9004 «Сапа менеджменті. Ұйымның сапасы. Тұрақты табысқа жету бойынша ұсыныстар»;

– ISO 50001 «Энергетикалық менеджмент жүйелері. Пайдалану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық».

Дәрісті “Астаналық сапа және метрология орталығы” ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның басшысы, менеджмент жүйелері бойынша сарапшы-аудитор Елена Булатова оқыды.

– ISO 9004 стандарты ISO 9001 стандартының талаптарын енгізу бойынша жетекшілік емес, жалпы ұйымның қызметін жақсартуға бағытталған ұсынымдарды қамтитын жүйені жақсарту бойынша жетекшілік болып табылады. ISO 9004 стандарты менеджмент жүйелерінің жекелеген аспектілерін жақсартудың көптеген жаңа идеяларын қамтиды, – деп атап өтті лектор.

Энергия менеджментіне жүйелі көзқарас бүгінде өте өзекті тақырып, өйткені ол үздік әлемдік тәжірибені ескеретін ISO 50001 стандартының ұсынымдарын ескере отырып процестерді құруды көздейді. Энергия ресурстарын басқару және энергия үнемдеу қазіргі кәсіпорындар үшін ең өзекті процестердің бірі болып табылады.

«Қазақстан алюминий» АҚ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ,  «Павлодар Таратушы Электржелілік Компания» АҚ, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «ТЕМIРМАШ» Павлодар зауыты» ЖШС, «Павлодар Құбыр Арматура зауыты» ЖШС сияқты ISO 50001 енгізілген кәсіпорындардың, сонымен қатар энергия менеджметін енгізуді жоспарлап отырған басқа  да кәсіпорындар зерттеліп отырған тақырыпқа ерекше қызығушылық танытты.

Семинар барысында тыңдаушылар тәжірибелік қызметте, сондай-ақ аудит барысында туындаған сұрақтарды қойып, білікті жауаптар алды.

Озық білім мен үздік тәжірибені тарату!

2018 жылы мамыр айының 18 Павлодар қаласында менеджмент жүйесі саласында халықаралық стандарттардың жаңа нұсқалары бойынша аймақтық оқыту семинары өтті.

Семинарға себепші: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитеті.

Ұйымдастырушылар: «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалы.

Семинар мақсаты: 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын, 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №256 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған  Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру болып табылады.

Қатысушылар: бизнес-қауымдастық өкілдері, өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының, облыстық басқармалар мен департаменттердің, сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың және сынақ зертханаларының, жоғары оқу орындарының және т. б.

Семинарды «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» ММ басшысы Әлібаев Айбек Қабидоллаұлыашты. Одан әрі «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалының директоры – Қуатов Ерлан Ержанұлы құттықтау сөз сөйледі.

Өңірлік оқыту семинарда келесі халықаралық стандарттар қаралды:

ISO/FDIS 45001 «Еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Басшылыққа пайдалануға қойылатын талаптар»;

 ISO/FDIS  22000  «Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесі. Азық-түлік  тізбегіндегікез келген ұйымға қойылатын талаптары»;

Сонымен қатар, дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі шеңберінде,  ішкі нарықтағы жеткізушілердің сапасын жақсарту сұрақтары қаралады.

ISO 45001 стандартын жоғарғы деңгейдегі бірыңғай құрылымы пайдаланады, заманауи стандарттарға ұқсас.

ISO 45001 стандартын пайдаланушылар OHSAS 18001 стандартымен таныс, олар көп ұқсас элементтерді табады. Сонымен қатар, стандарт бұрынғыдан да айтарлықтай ерекшеленеді. Жаңа құрылымға байланысты өзгерістер бөлімі туындаған, басқа енгізілген өзгерістер еңбек қорғаумен тікелей байланысты.

Ұсынылған стандарттар кәсіпорындарға келесідей мүмкіндіктер береді:

– үздік әлемдік практиканы енгізу және ұйымның еңбекті қорғау мәдениетін арттыруға;

– жазатайым оқиға мен қызметкерлердің сырқаттануының санын азайтуға;

– ұсталған шығындар мен бос тұруларды, уағдалы оқиғалардың санын азайтуға;

– басқа менеджмент жүйелерімен стандартталған интеграцияны жақсарту.

ISO 22000:2005 өзіне ISO 9001:2015 талаптарын және НАССР (Hazard Analysis and Critical Control Point – қауіпсіздік талдау бойынша бақылау нүктелері) біріктіреді, бұл концентрация назарына ықпал ететін тәуекелдер, тағам гигиенасы және азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етеді, жүйелі сәйкестендіруді осы тәуекелдер қамтамасыз етеді жәнеөндіріс процессі кезінде оларды төмендетуге мүмкіндік береді.

Халықаралық стандарттардың талаптарын түсіндіруді менеджмент жұйесінің сарапшы-аудиторы – Тоганасова Дина Нургазиновна ұсынды.

Осы стандарттарды енгізу отандық өндірушілермен  бәсекелестік артықшылықтарына қол жеткізуге, ішкі және сыртқы нарықтарда әкімшілік кедергілерді төмендетуге, менеджмент жүйесін енгізген және сертификатталған мемлекеттік органдардың, ірі, орта және шағын бизнес кәсіпорындардың санының ұлғайуына ықпал етеді және қолданыстағы менеджмент жүйесінің тиімділігін арттырады.

Семинар соңында 100 тыңдаушыға сертификаттар тапсырылды.

Техникалық реттеу сұрақтары жөніндегі Павлодар облысы Аймақтық штабының 22-ші кезекті отырысы өткізілді

2018 жылғы 13 ақпан айында Техникалық реттеу сұрақтары жөніндегі Павлодар облысы Аймақтық штабының 22-ші кезекті отырысы өткізілді.

Осы іс-шара «ҚР Инвестициялар және даму Министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ және «Қазақстан Стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалы бірлесе ұйымдастырып өткізді.

Отырысқа Аймақтық штабының мүшелері, уәкілетті мемлекеттік органдардың, облыс кәсіпорындардың басшылары, сәйкестікті растау органдардың және сынау зертханалардың  өкілдері қатысты.  Отырыстың күн тәртібіне сәйкес Кеден одағының «О безопасности упаковки» (бұдан әрі – КО ТР 005/2011) техникалық регламентіне Стандарттар өзектендірілген тізімдердің жобалары талқыланды, сонымен бірге Қазақстан Республикасының аумағында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар күшіне енгені туралы ақпарат берілді.

Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар өзектендірілген тізімі жобасына, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізімі жобасына ерікті негізінде қолданылған кезде КО ТР талаптарын сақталуын қамтамасыз ету үшін 108 мемлекетаралық стандарттары, Беларусь Республикасының 8 мемлекеттік стандарттары, Қазақстан Республикасының 3 ұлттық стандарттары, және Ресей Федерациясының 3 ұлттық стандарттары қосылды. КО ТР 005/2011 талаптарын сақтауды қамтамасыз ету, техникалық реттеу объектілердің сәйкестік бағалауын жүзеге асыру үшін, ережелер мен зерттеу (сынау) өлшем әдістері бар халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар өзектендірілген тізімі жобасына, КО ТР 005/2011 талаптарын, үлгілерді реттеу ережелерін сақтауды қамтамасыз ету, маңызды халықаралық стандарттарды қолдану жағдайларын жасау мақсатында 149 мемлекетаралық стандарттары, Беларусь Республикасының 13 мемлекеттік стандарттары, Қазақстан Республикасының 7 ұлттық стандарттары,  Ресей Федерациясының 8 ұлттық стандарттары, 6 аттестатталған және 44 аттестатталмаған зерттеу (сынау) әдістемелері қосылды.

«О безопасности упаковки» КО ТР 005/2011 өзектендірілген тізімдер жобасы бойынша «Тара и упаковка» ТК 93 төрағасының м.а. Мустафинова А.Б. ұсыныстарын жасады. «Тара и упаковка» ТК 93 ұсыныстарын талқылау үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне жіберуге  ұсынылды.

Штаб отырысында «Қазақстан Стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалының 2018 жылғы 01 қаңтарынан бастап күшіне енген стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары туралы ақпарат берілді. Оның ішінде: метрология саласында 95 нормативтік  құжаттар,  еңбек қауіпсіздігі жүйесінде -15,  ауыл шаруашылығы –  26, азық-түлік өнімдері – 67, жобалау жүйесінің азаматтық құрылыс саласындағы – 76, металлургия – 65, мұнай және газ өнеркәсібі – 43, ақпараттық технологиялар саласындағы – 8  нормативтік құжат, ыдыс пен тоғанағы саласында – 40  нормативтік құжат күшіне енді.

 

«Техникалық реттеу және метрология комитетінің

Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ

 «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты»

РМК Павлодар филиалы

Техникалық реттеу сұрақтары жөніндегі Павлодар облысы Аймақтық штабының 21-ші кезекті отырысы өткізілді

2017 жылғы 28 қараша айында Техникалық реттеу сұрақтары жөніндегі Павлодар облысы Аймақтық штабының 21-ші кезекті отырысы өткізілді.

Осы ұйымдастырған және  бірлесіп өткізді ҚР Инвестициялар және даму Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ және «Қазақстан Стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалы.

Отырысқа Аймақтық штабының мүшелері: облыс әкімдігі басқармалардың, уәкілетті мемлекеттік органдардың, Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының, облыс кәсіпорындардың басшылары, азық-түлік өнеркәсібін өндіретін кәсіпорындар  қатысты.

«О безопасности колесных транспортных средств» (КО ТР 018/2011) Кеден одағының техникалық регламентіне стандарттар тізімдердің жобалары актуальдандыру, сонымен бірге 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының аумағында стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар ақпарат берілді.

Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізімі жобасына, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттарға «О безопасности колесных траспорнтных средств» КО ТР (КО ТР 018/2011)  ерікті негізінде қолданылған кезде олардың сақталуы қамтамасыз етілу үшін техникалық шарттарды орнатқан 99 мемлекетаралық стандарттары, Беларусь Республикасының 29 мемлекеттік стандарттары, Қазақстан Республикасының 3 ұлттық стандарттары, және Ресей Федерациясының 109 ұлттық стандарттары қосылды.

Көлік құралдарын жасап шығарушыларға КО ТР 018/2011 талаптарын сақтау қамтамасыз ету, маңызды халықаралық стандарттарды қолдану жағдайларын жасау мақсатында және бірыңғай ережелер мен зерттеу (сынау) өлшем әдістері бойынша КО ТР 018/2011 техникалық реттеу объектілердің сәйкестік бағалауын жүзеге асыру үшін техникалық шарттарды орнатқан 96 мемлекетаралық стандарттары, Беларусь Республикасының 27 мемлекеттік стандарттары, Ресей Федерациясының 110 ұлттық стандарттары  қосылды.

Техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыруы үшін КО ТР 018/2011 бірыңғай ережелері мен әдістері бойынша зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер бұл мәселені талқылау барысында мамандандырылған сынау орталығы ЖШС «Тұлпар» берушілерден ұсыныстар келіп түсті. «Тұлпар» ЖШС ұсынысын талқылау үшін  Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрлігі техникалық реттеу және метрология Комитетіне жіберуге  ұсынылды.

2018 жылдың 01 қаңтар бастап күшіне енетін стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары туралы ақпарат назарға алынды. Оның ішінде: метрология саласында нормативтік құжаттар 95,  еңбек қауіпсіздігі жүйесін 15,  ауыл шаруашылығы  26, азық-түлік өнімдерін-67, жобалау жүйесінің азаматтық құрылыс саласындағы 76, металлургия – 65, мұнай және газ өнеркәсібі – 43, ақпараттық технологиялар саласындағы нормативтік құжаттың күшіне енеді және теңіз технологиялар кеме – 8  нормативтік құжат енгізіледі. Экологиялық менеджмент саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың – 6 енгізіледі. Экологиялық аспектілері экологиялық саясаттың маңызды  заңнамалық  және экологиялық таза өнім,  менеджмент жүйесіне осы стандарттар талаптар ескере отырып белгілейді.

 

 

«Техникалық реттеу және метрология комитетінің

Павлодар облысы боынша департаменті» РММ

 

 «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты»

РМК Павлодар филиалы

Пресс – релиз

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

«ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК

Павлодар филиалы

 

Дүниежүзілік стандарттарын күніне орайластырылған  «Стандарты делают города умнее» тақырыбына  дөңгелек үстел өткізу қорытындысы бойынша

 

10.10.2017 ж., 17:00 сағ. Павлодар облысының акиматы

Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көш., 49 үлкен зал

 

«ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалымен бірлесіп Дүниежүзілік стандарттарын күніне орай  «Стандарты делают города умнее» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының және облыс акимат, мемлекеттік органдардың өкілдері, Павлодар облысының Индустрияландыру және Кәсіпкерлікті қолдау картасына кіретін жобалары кәсіпорындардың басшылары, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысты.

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары  Д. Н. Тұрғанов алғаш сөзімен дөңгелек үстелдің жұмысын ашты. ИСО (Халықаралық стандарттау ұйымы) қызметінің маңыздылығын кіріспе сөзінде атап өтті. ИСО 14 қазан Дүниежүзілік стандарттар күні екенін  жариялады. Дәл осы күні, 14 қазан 1946 жылы Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында 65 делегат әлемнің 25 елінен ұлттық ұйымдардың стандарттау жөніндегі конференция ашылды. 2017 жылы ИСО өзінің 70-жылдығы тойлауда.

ИСО мақсаты жәрдемдесу және біріздендіру стандарттар үйлестіру ықпал ету,  оның мүшелері әзірленген,  олардың әрқайсысы өз елінде ұлттық орган стандарттау бойынша болып табылады.

Бүгінгі күні ұлттық стандарттау жөніндегі ұйымдар өздерінің 165 елдер ИСО құрамына кіреді. ИСО ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан ұсынады.

Стандарттау өте ұзақ жол өтті, Технология және бизнес аспектілері қазіргі уақытта барлығы қозғалуда, ИСО халықаралық стандарттар және  ары қарай біздің тұрақты дамушы әлемге  оң өзгерістер енгізуде.

«Стандарты делают города умнее» атты тақырыбы осы жылы Дүниежүзілік стандарттарын күнінің ұраны болып келеді. Бүгін қалалар экономиканың даму негізгі күші әлеуметтік және экономикалық сын жеткізуде жүлделі орынды иемденеді.

Қалаларға ерекше талаптар ұсынылады,  қолжетімді инфрақұрылым ретінде, жоғары ұтқырлық, қауіпсіздігі және экологиялығы, кең және сапалы спектр қызметті есебінен ұсынылады, сондай-ақ тұрғындар үшін жайлы өмірі қамтамасыз етілуде.

«ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ бөлім басшысы К.Е. Кәрімова  Стандарты делают города умнее» тақырыбына дөңгелек үстел қатысушыларына сөз сөйледі.

Таныстыру барысында  «Смарт сити» (Ақылды қала) жобасын іске асыру мәселелері айтылды.  «Смарт сити» (Ақылды қала) жобаны іске асыру қалалық қызметтердің пайдалану кешенді үшін ақпараттық коммуникациялық технологияларды  кеңінен қолдану, сапалы қызмет көрсету және қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету осы мәселелерді шешу жаңа тәсілдері берілді.

Стандарттау, аталған жобада,  стратегиялық және техникалық деңгейі өзара іс-қимыл көмекші жетуде тиімді,  инновациялық технологияларды ендіру және дамыту драйвер ретінде болады.

 «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалының бас маманы Р.А. Исина «Национальная стандартизация. План работ по государственной стандартизации. Технические регламенты Евразийского экономического союза» тақырыбына сөз сөйледі.  Таныстыру барысында ҚР мемлекеттік стандарттау жұмыс жоспарын қалыптастыру тәртібі,  Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламенттер талаптарын сұрақтары қарастырылған.

Дөңгелек үстел жұмыс барысында күн тәртібі бойынша мүдделі пікір алмасу.

Дөңгелек үстел отырыс соңында стандарттау дамытуына  қосқан үлесі үшін үздік кәсіпорындарына және мамандарына ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМКның алғыс хаттар марапатталды.

Т/ф: 8 (7182) 32-79-41, е-mail: pvl_kazinst@mail.ru

2017 жылғы 28 қыркүйек айында Техникалық реттеу сұрақтары жөніндегі Павлодар облысы Аймақтық штабының 20-ші кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа Аймақтық штабының мүшелері: облыс әкімдігі басқармалардың, уәкілетті мемлекеттік органдардың, Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының, Қазақстанды индустрияландыру картасына және кәсіпкерлікті қолдау аймақтық картасына жобаларын енгізген облыс кәсіпорындардың басшылары, азық-түлік өнеркәсібін өндіретін кәсіпорындар, сәйкестікті растау органдардың (СРО) және «Савар» тұтынушылардың құқықтарын қорғау облыс қоғамының өкілдері қатысты.

 О безопасности мяса птицы и продукций ее переработки» (ЕАЭО ТР /20) Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламентіне стандарттар тізімдердің жобалары, сонымен бірге «О безопасности пищевой продукции» (КО ТР 021/2011) Кеден одағының техникалық регламентіне өзектірілген стандарттар тізімдері талқыланды.

Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізімі жобасына, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттарға «О безопасности мяса птицы и продукций ее переработки» ЕАЭО ТР ерікті негізінде қолданылған кезде олардың сақталуы қамтамасыз етілу үшін құс еті және оны қайта өнделген өнімдері саласында техникалық шарттарды орнатқан 22 мемлекетаралық стандарт, Ресей Федерациясының 26 ұлттық стандарттары, Беларусь Республикасының 4 мемлекеттік стандарттары және Қазақстан Республикасының 9 ұлттық стандарттары, сонымен бірге Қазақстан Республикасының 1 ұлттық стандарттың тармағы бөлігінде қолданған кезде құс етін және оны қайта өнделген өнімдерін сәйкестендіруін қамтамасыз ету үшін қосуға ұсыныс берілгені туралы атап ету қажет. Қосымша ISO халықаралық стандарттарға ұқсас 24 ГОСТ, ИСО халықаралық стандарттарға ұқсас 10 ГОСТ Р, EN еуропалық өңірлік стандарттарға ұқсас 8 ГОСТ қосылды.

Қатысушыларға «О безопасности пищевой продукции» (КО ТР 021/2011) Кеден одағының техникалық регламентіне өзектірілген стандарттар тізімі ұсынылды.

Тамақ өнімдерін дайындаушыларға КО ТР 021/2011 талаптарын сақтау қамтамасыз ету, маңызды халықаралық стандарттарды қолдану жағдайларын жасау мақсатында және бірыңғай ережелер мен зерттеу (сынау) өлшем әдістері бойынша КО ТР 021/2011 техникалық реттеу объектілердің сәйкестік бағалауын жүзеге асыру үшін осы жұмыс атқарылды.

Талқылау кезінде «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалынан ұсыныстар берілді. Осы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетіне жіберу туралы ұсыныстар берілді.

 

 

 

«Техникалық реттеу және метрология комитетінің

Павлодар облысы боынша департаменті» РММ

 «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты»

РМК Павлодар филиалы

Жаңа халықаралық стандарттардың нұсқасы талқыланды

2017 жылы тамыз айының 14 Павлодар қаласында. «Кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізу» тақырыбы бойынша аймақтық оқыту семинары өтті.

Ұйымдастырушылар:

–    Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК.

Семинар мақсаты: 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, 2020 жылға дейін техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру кешенді жоспарын, 2014-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Стратегиялық жоспарын жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру.

Семинардың жұмысына Қазақстанның индустрияландыру картасына, өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген, Павлодар облысы экспортқа бағдарланған кәсіпорындар басшылары мен мамандары қатысты.

Семинарда менеджмент жүйелері бойынша халықаралық стандарттарды түсіндіру бойынша өзекті тақырыптар қаралды. Өңірлік оқыту семинар барысында халықаралық стандарттар қаралды:

–  ISO 31000 «Тәуекелдіқ менеджменті. Принциптер мен басшылық нұсқаулар»;

–  ISO/TR 31004:2013 «Тәуекелдіқ менеджменті. ISO 31000 енгізу бойынша жетекшілік»;

–  ISO 37001 «Парақорлыққа қарсы күрес менеджмент жүйесі. Талаптар және пайдалану жөніндегі басшылық».

Дәріскер С.К. Абельсеитова – ТОО «Республиканский центр сертификации» Бас директоры, Европалық сапа ұйымының аудиторы, ҚР менеджмент жұйесінің сарапшы-аудиторы, ғ.т.к.

Павлодар облысы кәсіпорындары мен ұйымдары басшылары мен мамандары үшін отандық кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізу семинарын өткізу, біліктілігі жоғары сарапшы-аудиторлардан ақпарат алу отандық өндірушілермен  бәсекелестік артықшылықтарына қол жеткізуге, ішкі және сыртқы нарықтарда әкімшілік кедергілерді төмендетуге, және де менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттаған және қолданыстағы менеджмент жүйесінің тиімділігін арттыраттың мемлекеттік органдардың, ірі, орта және шағын бизнес кәсіпорындардың санының ұлғайуына ықпал етеді.

Тыңдаушыларға үлестірме материалдар берілді, семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылды.

 

«Техникалық реттеу және метрология Комитетінің

Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ

 

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалы

тел.: 8 (7182) 32-79-41, е-mail: pvl_kazinst@mail.ru

 

Техникалық реттеу сұрақтары жөніндегі Павлодар облысы Аймақтық штабының 18-ші отырысы өткізілді

2017 жылдың 22 ақпан  айында техникалық реттеу сұрақтары жөніндегі Павлодар облысы Аймақтық штабының көшпелі отырысы «Қазақстан Темір Жолы» – Жүк тасымалы» – ЖТ Павлодар бөлімшесі» АҚ филиал базасында өткізілді. Отырысты Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Аймақтық штаб жетекшісі – Н.В. Дычко ашты.

Осы отырысқа мемлекеттік органдардың, Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының, сәйкестікті растау органдар және сынақ зертханаларының, темір жол саласы кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

«О безопасности железнодорожного подвижного состава» (ТР ТС 001/2011), «О безопасности высокоскоростного железнодорожного транспорта»  (ТР ТС 002/2011), «О безопасности инфраструктуры железнодорожного транспорта»  (ТР ТС 003/2011) Кеден Одағының техникалық регламенттеріне енгізілетін №1 Өзгерістер  жобалары қаралды.

Отырыс барысында өкілдері сөз сөйледі: Р.А. Исина – «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалының жетекші маманы, А.Е. Кривчиков – «Казахстанский центр сертификации на железнодорожном транспорте» ЖШС сынау орталығының жетекшісі, Д.А. Гузей – «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Павлодар филиалының машина жасау және электротехникалық өнім сәйкестігін растау секторының меңгерушісі, В.А. Круглова – «Проммашкомлект» ЖШС стандарттау және сертификаттау департаментінің директоры, Б.С. Сарсекенов – «Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ темір жол көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы, А.Ж. Смагулов – ЖІІБ станциясындағы Павлодар қызметі бойынша бастығының орынбасары, полиция подполковнигі, Филиппов С.А. – «Қазақстан Темір Жолы» – Жүк тасымалы» – ЖТ Павлодар бөлімшесі» АҚ филиалының бас инженері, онда жылжымалы құрамды қауіпсіздік,  темір жол көлігі инфрақұрылымы, және де осы саланың өнімнің сәйкестігін растау техникалық регламенттеріне өзгерістер жобаларымен байланысты мәселелері айтылды.

Сондай-ақ, отырыста сәйкестікті растау орган «ҰССО» АҚ Павлодар филиалынан, темір жол саласында бөлшектер шығаратын өндіруші кәсіпорындар «Проммашкомплект» ЖШС, «R.W.S. BINDING» (Р.В.С. БАИНДИНГ) ЖШС ұсыныстары мен ескертулері қарастырылды.

Күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар мен ескертулер одан әрі қарау үшін және шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

 

Павлодар облысының кәсіпорын және ұйым басшыларының назарына!

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалы және «ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ бірлесе «Қазақстан Республикасының 2015 – 2019 жылдары индустриалды-инновациалық даму Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шара жоспарын,  техникалық реттеу мен метрология жүйесін 2020 жылға дейін жақсарту бойынша Кешенді жоспарын орындау мақсатында 2017 жылдың  22 мамырдан бастап 24 мамырға дейін Павлодар қаласында, Инновациялық Евразиялық университет базасында «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі облысында қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен даярлау» атты 3 күндік аймақтық оқыту семинарын өткізетіні тұралы хабарлайды.

Семинар ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК

Семинар барысында техникалық реттеу, стандарттау, Қазақстан Республикасының және Еуразиялық Экономикалық одақтың заңнамасы бойынша мәселелер қарастырылады. Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімі. Каталогтау жүйесі. Аккредиттеу, сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды өткізуде негізгі талаптар. Заңнамалық және қолданбалы метрология негіздері. Қазақстан Республикасында сапа менеджментін енгізу мен әзірлеу. Қазақстан Республикасының және Еуразиялық Экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптары.

Семинардың жұмыс уақыты: сағат 10:00 бастап 17:10 дейін  (түскі ас 13:35 бастап 14:25 дейін).

Семинар қатысушыларын тіркеу сағат 9:30 бастап 10:00 дейін.

Анықтама бойынша «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалы, Павлодар қ., Қайырбаев көшесі, 34, 219 кеңсе, тел/факс: +7 (7182) 32-79-41, 32-95-35, е-mail: pvl_kazinst@mail.ru.