Автомобиль жолдары

Павлодар облысындағы автомобиль жолдары желісінің жалпы ұзындығы 5441,1 шақырым құрайды, соның ішінде:

–      республикалық маңызы бар автомобиль жолдары – 1662,8 шақырым;

– облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 975,0 шақырым (асфальтбетон төсемі – 764,7 шақырым, қиыршықтасты төсем – 201,3 шақырым, қара жол – 9 шақырым);

– аудандық маңызы бар автомобиль жолдары – 2803,3 шақырым (асфальтбетон төсемі – 835,8 шақырым, қиыршықтасты төсем – 1369,7 шақырым, қара жол – 597,8 шақырым).

Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 391,6 шақырым 15,3 млрд. теңге сомасына (ОБ7,6 млрд. теңге, РБ – 7,7 млрд. теңге) жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша жұмыстар аяқталды, бүгінгі күні 14,9 млрд. теңге (97%) игерілді, соның ішінде:

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жалпы ұзындығы 116,1 шақырым 11 учаске жөндеумен қамтылды.

        Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының барлық 11 учаскесі бойынша жұмыстар аяқталды. Соның ішінде:

        Қайта жаңарту, жалпы ұзындығы 48 шақырым жалпы сомасы 2 453,5 млн.теңгеге 3 автомобиль жолының учаскесі

        Анықтама үшін:

  1. Шақат-Восточное-Шалдай, 98-121,6 (22,44) шақырым, а/ж қайта жаңарту.
  2. 2. Чернорецк-Ольгино-Успен-Шарбақты 96-119 (23) шақырым, а/ж қайта жаңарту.
  3. Панфилов-Бестөбе 36-42 (6) шақырым, автомобиль жолын қайта жаңарту.

                Жалпы ұзындығы 68,1 шақырым жалпы сомасы 2 091,3 млн.теңге 8 учаскеге орташа жөндеу:

            Анықтама үшін:

–  Қашыр-Михайловка РФ шекарасы, 42-62 (20) шақырым, автомобиль жолы                       

Қашыр-Михайловка РФ шекарасы, 62-82 (20) шақырым, автомобиль жолы   

Беловка-Қалқаман, 41-44 (3) шақырым, 46-50 (4) шақырым, автомобиль жолы.

Чернорецк-Ольгино-Успен-Шарбақты, 79-82 (3) шақырым, 87-88 (1) шақырым, 90-91 (1) шақырым, 92-94 (2) шақырым, автомобиль жолы

 Ивановка-Трофимовка, 57-60 (3) шақырым, автомобиль жолы

Екібастұз-ГРЭС2, 1,3-2,2 (0,9) шақырым, автомобиль жолы

–  Екібастұз-ГРЭС2, 6-10 (4) шақырым, автомобиль жолы 

–  Ертіс -Пятирыжск, 0-6,2 (6,2) шақырым, автомобиль жолы (өткел

Ағымдағы жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жалпы сомасы 7,6 млрд. теңгеге 56 учаске немесе 275,5 шақырым жөндеумен қамтылды (күрделі жөндеумен – 60,6 шақырым; орташа жөндеумен – 214,9 шақырым).

        Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 56 учаскесінен 52 учаскеде жұмыстар аяқталды, 2 объект 2019 жылға ауысады (Екібастұз-Бесқауға, Железин-Веселая Роща-Мыңкөл), 2 аяқталмаған объект Баянауыл ауданында (Алексеевка-Жаңажол, Жаңажол-Ескелді).

“Алексеевка – Жаңажол” автомобиль жолын орташа жөндеу, 0-37 шақырым.

Іске асыру мерзімі 2018 жыл, қазіргі уақытта 37 шақырым автомобиль жолдан 37 шақырымның негізі дайындалды. Жұмыстар аяқталған жоқ.

2018 жылдың 29 қарашасына 540,5 млн.теңге игерілді (РБ – 540,5 млн. теңге)

Ағымдағы жағдай: Алексеевка – Жаңажол, 0-37 (37) шақырым, аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу. Келісім шарты мердігерлік ұйымы «САПА+» ЖШС-мен 924,9 млн. теңге сомасына жасалды, жұмыстар орындалды және жалпы сомасы 540,5 млн. теңге игерілді.

Мердігермен келісім шарттық міндеттемелерін орындамауға байланысты ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдарының комитеті қазіргі уақытта Алексеевка – Жаңажол автомобиль жолын орташа жөндеу объектісінен қалған 384,4 млн. теңге ақшалай қаражатын келесі объектілерге қайта бөлу туралы өтінімге рұқсат берді:

– 266,0 млн.теңге сомасын Железин – Веселая Роща – Мыңкөл, 43-84, 79 ( 8,818) шақырым, аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеуге;

– 118,4 млн.теңге сомасын Екібастұз-Басқауға, 0-41,651 шақырым (2018 жылы 19 шақырым), аудандық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеуге.

 12 шақырым, “Жаңажол – Ескелді“, 0-12 шақырым, автомобиль жолын орташа жөндеу.

Іске асыру мерзімі 2018 жыл.

Бөлінді: 318,8 млн.теңге (РБ – 318,8 млн. теңге).

2018 жылдың 29 қарашасына 318,8 млн.теңге игерілді (РБ – 318,8 млн.теңге).

Ағымдағы жағдай: Қазіргі уақытта ресайклинг 100 % орындалды, ұзындығы 13 шақырымға асфальт төселді (85 %). Жалпы орындалуы (85 %).

Жаңажол-Ескелді, 0-15 шақырым 0-15 (15) шақырым, аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу. Келісім шарты мердігерлік ұйымы «САПА+» ЖШС-мен 368,4 млн. теңге сомасына жасалды, жұмыстар орындалды және жалпы сомасы 318,9 млн. теңге игерілді.

Мердігермен келісім шарттық міндеттемелерін орындамауға байланысты ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдарының комитеті қазіргі уақытта Алексеевка – Жаңажол автомобиль жолын орташа жөндеу объектісінен қалған 49,5 млн. теңге ақшалай қаражатын келесі объектіге қайта бөлу туралы өтінімге рұқсат берді:

49,5 млн.теңге сомасын Екібастұз-Басқауға, 0-41,651 шақырым (2018 жылы 19 шақырым), аудандық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеуге.

Сондай-ақ, Май ауданындағы «Қызыл Октябрь-Жаңа Ақшиман» автомобиль жолын ағымдағы жөндеу толық көлемде орындалмады, мердігерлік ұйымы «Мироторг» ЖШС. Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымды мемлекеттік сатып алулардың жауапсыз қатысушысы ретінде тану бойынша сот ісі жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында басқарманың мамандарымен апта сайын авторлық, техникалық байқау, «Павлодаржоллаборатория» РММ бірге комиссиялық шығулар жүргізілді.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасы үнемі басқарманың бақылауында тұрды.

2018 жылы орындалған жұмыстардың қорытындылары бойынша «Жақсы және қанағаттанарлық     жағдайда облыстық пен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі» индикаторы 78,1%-дан  80%-ға дейін артты (3023 шақырым).

 

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының күтіп ұстауы

 

2018 жылы 975 шақырым облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 736,7 млн.теңге бөлінді (автомобиль жолдарын сақтау бойынша қаржыландырудың нормативтеріне сәйкес).

695,3 млн.теңге игерілді (94 %).

2018 жылы ұзындығы 2803,3 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 344,5 млн. теңге бөлінді. 317,9 млн.теңге игерілді (92 %).

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанына жағдай бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға, соның ішінде қысқы уақытта,  бөлінген қаражаттың қалдығы 68 млн. теңгені құрайды (облыстық маңызы бар жолдарға – 41,4 млн. теңге, аудандық маңызы бар жолдарға – 26,6 млн. теңге).

Жолдағы жағдайды жақсарту және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарды ағымдағы жылдың қысқы уақытында пайдалануға дайындау мақсатында келесі жұмыс түрлері орындалды:

– шөп ору (бір жылда 4 рет) 975 шақырым бойы;

– талшілікті және ағашты жерді тамырмен қопарып тастау 37 шақырым бойы;

– ағымдағы жөндеу (тегістеуші қабат құрылғысы бойынша жол-жөндеу жұмыстары – 5,5 шақырым, ресайклинг тәсілімен – 1 шақырым);

– қиыршықтасты төсем 24000 м2.                   

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында:

– шөп ору (бір жылда 2 рет) 2803,3 шақырым бойы;

– талшілікті және ағашты жерді тамырмен қопарып тастау 15 шақырым бойы;

– шұңқыр жөндеу – 5 мың шаршы шақырым.

Түнгі уақытта жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 21 автономды жарықтандыру бағаны орнатылды. Облыстық маңызы бар жолдардың эстетикалық түрін жақсарту үшін 6 аялдама павильоны ауыстырылды, сондай-ақ «Екібастұз-Майқайың» автомобиль жолының өтпежолында жарықдиодты жол маркерлері (Кошачий глаз) орнатылды.

Баланс ұстаушы мен ТЖД және ӘПБ жедел қызметтерінің нөмірлері көрсетілген 13 ақпараттық тақтасы орнатылды. 

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының қысқы сақталуын 9 мердігерлік ұйымы іске асырады, 156 бірлік жол техникасы бар (шнекоротор – 5 бірл., ҚЖМ  – 11 бірл.,автогрейдер – 22 бірл.; трактор (К-700, МТЗ және т.б.) – 54 бірл.;      бульдозер – 16 бірл.; жүк тиегіш – 21 бірл.; өздігінен аударғыш машина – 27 бірл.). Заготовлено 137 тонна дизель отыны, 5750 тонна көктайғаққа қарсы материал  КҚМ (құм, тұз).

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының қысқы сақталуын 35 мердігерлік ұйымы іске асырады, 249 бірл. жол техникасы бар, дизель отыны – 375,9 тонна, көктайғаққа қарсы материал КҚМ (құм, тұз) – 5087 тонна дайындалды.

        Автомобиль жолдарын сақтау бойынша жұмыстар жалғасуда және күн сайын басқарманың бақылауында.

        Күрделі мәселелердің бірі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша қаржыландырудың жетіспеушілігі болып табылады.

        Ағымдағы жылы ұзындығы 2803,3 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 344,5 млн. теңге бөлінді. 2019 жылы қалалар мен аудандар бюджет қаражаты есебінен 403,6 млн. теңге бөлу жоспарлануда (1 шақырымға 144,0 мың теңге, қаржыландырудың нормативі бойынша 1 шақырымға – 958,5 мың теңге). Автомобиль жолдарын күтіп ұстауға қаржыландырудың жетіспеушілігі жөндеуаралық мерзімдердің қысқаруына әкеледі және автокөлік құралдарының қауіпсіз қозғалысы толық көлемде қамтамасыз етілмейді.

        Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға ішінара қаржыландыруды облыстық бюджет есебінен қамтамасыз етуге ұсынылады (жазғы уақытта сақтап қалуға). Қалалар мен аудандар әкімдері облыстық бюджеттен қаражатты бөлу үшін автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша негізделген есептер дайындасын.   

 

 

 

2019 жылға жолдарды жөндеу бойынша жоспар

2019 жылы «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайының облыстық пен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі» индикаторын 80,5%-ға дейін арттыру жоспарлануда.

        Осыған байланысты, 2019 жылы облыстың автомобиль жолдарын жөндеуге 11 510,3 млн. теңге мөлшерінде сома қарастырылады, соның ішінде республикалық бюджеттен 7 508,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен 4 001,4 млн. теңге. 231,3 шақырым автомобиль жолын жөндеумен қамту жоспарлануда, соның ішінде:

        3 342,8 млн. теңге сомасына ұзындығы 34,9 шақырым облыстық маңызы бар автомобиль жолының 5 учаскесін қайта жаңарту (РБ-1 834,9 млн. теңге, ОБ-1 507,9 млн. теңге), олардан 1 учаске 2018 жылдан ауыспалы объект, 1 учаске 2020 жылға ауыспалы объект:

        623,3 млн. теңге сомасына – 7,2 шақырым Шақат-Восточное-Шалдай, 86,8-94 (7,182) шақырым;

                708,0 млн. теңге сомасына – 6 шақырым Чернорецк-Ольгино-Успен-Шарбақты, 37-43 (6) шақырым;

                1 073,7 млн. теңге 7 шақырым Панфилов-Бестөбе,42-49 (7) шақырым;

                286,4 млн. теңге сомасына – 2,7 шақырым Панфилов-Бестөбе, 36-42 (2,7) шақырым, 2018 жылдан ауысатын объект;

                651,4 млн. теңге сомасына – 12 шақырым Чернорецк-Ольгино-Успен-Шарбақты, 25-37 (12) шақырым, 2020 жылға ауысатын объект;

            2 448,7 млн. теңге сомасына ұзындығы 59,5 шақырым облыстық маңызы бар автомобиль жолының 3 учаскесін орташа жөндеу (РБ-2 203,8 млн. теңге, ОБ-244,9 млн. теңге):

          753,5 млн. теңге сомасына – 20 шақырым Қашыр-Михайловка-РФ шекарасы, 0-20 (20) шақырым;

                793,0 млн. теңге сомасына – 20 шақырым Қашыр-Михайловка-РФ шекарасы, 20-40 (20) шақырым;

                902,2 млн. теңге сомасына – 20 шақырым Қашыр-Михайловка-РФ шекарасы, 83-102,5 (19,5) шақырым;

4 531,2 млн. теңге сомасына ұзындығы 136,9 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолының 9 учаскесін күрделі және орташа жөндеу (РБ-3 470,2 млн. теңге, ОБ-1 061,0 млн. теңге), олардан 2 учаске 2018 жылдан ауыспалы объект, 1 учаске 2020 жылға ауыспалы объект:

          169,8 млн. теңге сомасына – 6,6 шақырым Ақсу к.-Ленинский к. 5,5-12,1 (6,6) шақырым;

                112,0 млн. теңге сомасына – 33 шақырым Железин-Веселая Роща-Мыңкөл 51,8-84,79 (33) шақырым, 2018 жылдан ауысатын объект;

                174,2 млн. теңге сомасына – 7,6 шақырым Новоямышево-Ольгинка,13,1-20,73 (7,6) шақырым;

                461,2 млн. тенге сомасына – 14,2 шақырым Шарбақты-Галкино-Мақпал 51,2-65,4 (14,2) шақырым;

                152,5 млн. теңге сомасына – 5,1 шақырым Шиқылдақ ауылына кіреберіс жолы, 0-5,1 (5,1) шақырым;

                647,5 млн. теңге сомасына – 18,7 шақырым «ЖарСор» ЖШС өндірістік базасына кіреберіс жолы,5,1-23,8 шақырым (18,7 шақырым) сужүргізу құбырының құрылғысымен11 шақырым;

                1 211,3 млн. теңге сомасына – 17,4 шақырым Екібастұз-Бесқауға,41,671-59 (17,4) шақырым, 2020 жылға ауысатын объект;

                1 444,8 млн. теңге сомасына – 22,7 шақырым Екібастұз-Бесқауға, 19-41,671 (22,7) шақырым, 2018 жылдан ауысатын объект;

                157,9 млн. теңге сомасына –11,6 шақырым Бозшакөл станциясы-Шиқылдақ а. 0-11,6 (11,6) шақырым.

          Сондай-ақ, облыстық бюджет қаражаты есебінен 300,0 млн. теңге  сомасына Павлодар қаласының көшелерін ағымдағы жөндеу жоспарлануда.

          2019 жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 887,6 млн. теңге сомасын қаржыландыру жоспарланды.  

2019-2020 жылдары 23 694,2 млн. теңге сомасына ұзындығы 662,2 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеу бойынша 77 жоба жобалық-сметалық құжаттамамен қамтамасыз етілді, соның ішінде:

2019 жылы – 10 322,6 млн.теңге сомасына ұзындығы 231,2 шақырым 17 ЖСҚ;

2020 жылы – 13 371,6 млн.теңге сомасына ұзындығы 431,0 шақырым 60 ЖСҚ.

2021 жылға ЖСҚ 2019 жылы көктемгі байқау өткізілгеннен кейін әзірленеді.

2019 жылы қалалар мен аудандар бюджет қаражаты есебінен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 453,2 млн. теңге сомасына жол-жөндеу жұмыстарын орындау жоспарлануда, соның ішінде:

– 42,4 млн. теңге сомасына 2,5 шақырым орташа жөндеу;

– 403,6 млн. теңге сомасына сақтап қалу;

– 7,2 млн. теңге сомасына ЖСҚ әзірлеу.

2019 жылы қалалар мен аудандар бюджет қаражаты есебінен елді мекендердің көшелерінде 2 245,2 млн. теңге сомасына жол-жөндеу жұмыстарын орындау жоспарлануда, соның ішінде:

– 109,7млн. теңге сомасына 6,8 шақырым орташа жөндеу;

– 2 129,3 млн. теңге сомасына сақтап қалу;

– 6,2 млн. теңге сомасына ЖСҚ әзірлеу.

 

Көлік

       

Павлодар облысының жолаушылар маршруттық желісі тұрады:

– 167 автомобиль маршрутынан (59 облысішілік, 58 қалалық, 29 ауданішілік, 9 облысаралық және 12 халықаралық маршруттар);

– 10 теміржол маршруты (3 тура, 2 өтпелі, 3 тіркемелі және 2 қала маңы)

–  5 әуе маршруты (3 тұрақты Астана, Алматы және Мәскеуге дейін, маусымдық Анталья, Минск және Новосібір);

2018 жылдың 10 айына көліктің барлық түрімен 110,2 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2017 жылдың кезеңіне  101,2%-ды құрайды,  1 млрд. 24 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2017 жылдың кезеңіне 100,7%-ды құрайды. 2018 жылдың 12 айы ішінде 133,2 млн. тонна жүк және 1 млрд. 245 млн. адам тасымалдау жоспарлануда.  

Басқарманың басты мақсатының бірі автомобиль тасымалдауларының сапасын жақсарту болып табылады.  2018 жылы 11 облысішілік және 11 облысаралық тұрақты маршруттар бойынша  конкурстар өткізілді, 2018 жылы келісім шарттың әрекет ету мерзімі аяқталған.  

2018 жылы облысішілік және облысаралық маршруттарында 177 бірлік автокөлік құралдары жаңартылды, бұл 359 бірліктің 49%-ын құрайды (2017жылы 92 бірлік жаңартылды).

Көлікті цифрландыру аясында басқармамен «SMART BUS» жүйесі әзірленді, ол жолаушылардың тасымалдаудың сапасын, қозғалыс сызбасы мен кестесін бақылауға мүмкіндік береді.

Аталған жүйе GPS-трекерлері базасында навигациялық құрылғысы үшін әзірленді.  Осыған байланысты, облысішілік маршруттарында орнату үшін басқармамен 130 GPS-трекер сатып алынды.

Теміржол тасымалдаудың сапасын жақсарту мақсатында 2018 жылдың қаңтарынан бастап «Павлодар-Алматы» қатынастағы № 31/32 пойызы «Тұлпар – Тальго» ЖШС вагондарымен жылжымалы құрам жаңартылды, ол 29 вагондардан құрылды.   

Әуе қатынасын дамыту аясында облыста келесідей іс-шаралар өткізіледі:

Ағымдағы жылы S7 Airlines әуе компаниясы Embraer 170-LR лайнерінде 30 мамырдан бастап 16 қыркүйекке дейін орындалған Новосібір-Павлодар бағыты бойынша рейс енгізді. Қызмет көрсету кезінде 1200 жуық жолаушы тасымалданды.  Аталған маршрутты 2019 жылы жаңарту жоспарлануда.

2018 жылы Баянауыл ауылында ұзындығы 1,2 шақырым, ені 21 м асфальт-бетон төсемімен жергілікті әуе желілерінің терминалы және ұшып-қону жолағы салынды.  

 «Казаэронавигация» РМК қаражаты есебінен Баянауыл а. аэродромында ұшуды қамтамасыз ету үшін қажетті метео қондырғылары орнатылды (2019 жылғы 2 тоқсанның аяғына дейін РМП-200 жетекші навигациялық шамшырағы қойылады).

Қазіргі уақытта Баянауыл ауданының әкімдігімен аэродромды пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аэродром пайдалануға берілгеннен кейін   Павлодар-Баянауыл, Астана-Баянауыл, Қарағанды-Баянауыл қатынастағы әуе маршруттары жоспарлануда.  

 «Жетісу әуе компаниясы» АҚ-мен  Астана-Баянауыл-Астана, Қарағанды-Баянауыл-Қарағанды, Павлодар-Баянауыл-Павлодар қатынастағы аптасына 3 рет жүретін әуе маршруттарын қаражаттандыру бойынша жоспарлы қаржы есептері ұсынылды (жылына әр бағытты қаражаттандырудың орташа құны 153 млн. теңгені құрайды).

 

Байланыс

 

Қазіргі уақытта 368 ауылдық елді мекені цифрлық телефон байланысымен қамтылды, 357 – интернет желісіне қосылумен қамтамасыз етілді (11 қамтылмаған), 339 – ұялы байланысы бар (29 – жоқ), 103 елді мекені талшықты-оптикалық байланыс желісімен (ТОБЖ) қамтылды.  

Ағымдағы жылы Успен ауданында «Қазақтелеком» АҚ филиалымен ұзындығы 21 шақырым Успен-Қозыкеткен талшықты-оптикалық байланыс желісі салынды.

Басқарма білім және денсаулық сақтау басқармаларымен, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ бірге білім және денсаулық сақтау объектілерінде Интернет жылдамдығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізді.  

Қазіргі уақытта барлық 362 мектеп мекемесі және 344 денсаулық сақтау объектісі Интернет желісіне қосылды және интернет жылдамдығы 4 Мбит/с және одан жоғары.

Ұялы байланыстың сапасын жақсарту үшін «Кар-Тел» ЖШС (Билайн) филиал желісін дамыту жобасына сәйкес Майқоныр, Шарбақты, Парамоновка, Қозыкеткен, Красиловка ауылдарында, Жасыбай курорттық аймағында 5 жаңа байланыс объектілерін іске қосты. Аталған объектілер дыбыстық байланыс пен UMTS 3G технологиясы бойынша интернетпен қамтамасыз етеді. Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында, Шарбақты аудан орталығында және Жасыбай курорттық аймағында 4 G сервисін жақсарту үшін объектілер іске қосылды.

2018 жылы «Кселл» ЖШС Павлодар (11 станция) және Екібастұз (10 станция) қалаларында  4G (LTE) стандартында жоғары жылдамдықты ұялы байланыс желісін енгізу бойынша жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, Ақтоғай ауданының  Харьковка ауылында қосымша 3G станциясы салынды.

Облыс бойынша Қазақстан Республикасының Радиожелілік жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен анықталған барлық міндеттемелер орындалды және тұрғындар саны 500 және одан да көп барлық елді мекендер ұялы байланыспен қамтылды.

        Ұялы байланыспен қамтылмаған 29 елді мекенді (тұрғындар саны 500 адам) қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін басқарма қалалар мен аудандар әкімдіктеріне күшейткіштер көмегімен ұялы байланыспен қамту бойынша ұсыныс жасады. Қазіргі уақытта аталған мәселе Аққулы ауданының Баймолдин ауылында қарастырылуда. Оң көрсеткіш жағдайында осы әдісті ұялы байланысы жоқ ауылдарға енгізу ұсынылды. 1 күшейткіштің бағдарлы құны 1 млн. теңге көлемінде  ( 29 ауыл үшін 30 млн. теңгедей).

Сонымен қатар, ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздікті қысқарту мақсатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен тұрғындар саны 50 және одан да көп ҚР елді мекендерін Интернет желісін кең жолақты мүмкіндікпен қамтамасыз ету бойынша Жол картасы әзірленді.

Жоғарыда аталған жол картасы аясында «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясы бойынша мүмкіндігімен қамту» мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобасы іске асырылуда. Павлодар облысында 34 АЕМ қамтылатын болады.

Анықтама үшін: «Қазақтелеком» АҚ 2018-2019 жж.  9 ауылдық елді мекенінде және 36 бюджеттік ұйымда (Кеңтүбек а., Малайсары а., Қаратерек а., Жолболды а., Андриановка а., Башмачное а.,  Шақа а., Парамоновка а., Константиновка а.),2020 жылы 20 АЕМ ТОБЖ салу, 62 бюджеттік және мемлекеттік ұйымды қосу (Ивановка а., Қараоба а., Березовка а., Алакөл а., Веселая Роща а., Валиханов а., Михайлово а., Прииртышск а., Жаңа Жұлдыз а., Байзаков а., Қызылжа а., Луговое а., Северное а.,Федоров а., Набережное а.,  Мамаит Омаров ат. а., Шиқылдақ а., Галицкое а.; Қоңыр Өзек а.

 «Транстелеком» АҚ 2020 жылы 5 АЕМ ТОЮЖ салу, 13 бюджеттік және мемлекеттік ұйымға қосу (Ақжар а.,Майской а., Ақжар а., Жұмыскер а., Құркөл а.).

        Жыл қорытындылары бойынша басқарма мен облыс әкімінің Бірінші орынбасары Ұ.Е. Жазылбек арасындағы Меморандумы шеңберінде НКИ көрсеткіші 100 %-ға жету қажет.   2018 жылдың 10 айы бойынша байланыс қызметінің НКИ көлемі ұқсас кезеңмен салыстырғанда 102%-ды құрады (2017 жылдың 10 айы бойынша байланыс НКИ 96,3%-ды құрады немесе 10,9 млрд. теңге).

 

Мемлекеттік қызмет көрсету

Басқарма 3  (үш) мемлекеттік қызмет көрсетеді, 2018 жылы барлығы 201 қызмет көрсетілді, мемлекеттік қызметті көрсету бойынша бұзушылықтар жоқ, олар:

Анықтама үшін:

қалааралық облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, микроавтобустармен жолаушыларды тұрақты емес, сондай-ақ халықаралық қатынаста автобустармен, микроавтобустармен жолаушыларды тұрақты  тасымалдау құқығына ие болу туралы лицензиялар беру (13 лицензия).

өздігінен жүретін шағын өлшемді кемені басқаруға куәліктер беру (188 куәлік).

облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру 

Автомобиль жолдары

Павлодар облысының жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бойынша аналитикалық ақпарат

2016 жылда жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына бөлінген қаражаттар сомасы 3366,016 млн, теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен – 149,6 млн, теңге, облыстық бюджеттен – 3216,416 млн, теңге.

 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ

2016 жылға «Жұмыспен қамтылу 2020 жол картасы» бағдарламаны іске асыру щеңберінде бөлінген қаражаттар сомасы 166,2 млн, теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен – 149,6 млн, теңге, калалық және аудандық бюджеттерден – 16,6 млн, теңге. Бөлінген сомаға аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелердің ағымды және 8 шақырым орташа жөндеу жұмыстарын өткізілуге жоспарланған. Бағдарламаны іске асыру щеңберінде 89 жұмыс орыны, соның ішінде 46 жұмыс орыны жұмыспен қамтылуы орталығынан құруы жоспарланды.

 

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ

Облыстық бюджеттен сомасы 2889,816 млн, теңгеге, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 194 шақырым орташа жөндеу жұмыстарын өткізілуге жоспарланған.

Бөлінген сомаға орындауға жоспарланды:

Облыстық маңызы бар автомобиль жоларының 144,9 шақырымы, сомасы 2222,2 млн. теңгеге, соның ішінде:

Ленин-Ертіс-Русская Поляна а/ж, 34 шақырым, сомасы 535,9 млн, теңгеге;

Ертіс-Ертіс бекеті а/ж, 27,8 шақырым, сомасы 336,2 млн, теңгеге;

Ивановка-Трофимовка а/ж, 16,1 шақырым, сомасы 358,3 млн, теңгеге;

Ақтоғай-Шолақсор а/ж, 17 шақырым, сомасы 256,9 млн, теңгеге.

Чернорецк-Ольгино-Успенка-Шарбақты а/ж, 25 шақырым, сомасы 391,9 млн, теңгеге;

Беловка-Қалқаман а/ж, 13 шақырым, сомасы 173,2 млн, теңгеге;

Шақат-Восточное-Шалдай а/ж, 12 шақырым, сомасы 169,8 млн, теңгеге;

Аудандық маңызы бар автомобиль жоларының 49,1 шақырымы, сомасы 667,616 млн. теңгеге, соның ішінде:

Ақтоғай ауданы – 5 шақырым, сомасы 64,9 млн, теңгеге (Разумовка-Басқамыс а/ж шақырым 19-24);

Лебяжі ауданы – 5 шақырым, сомасы 42,016 млн, теңгеге (Аққу-Қазы-Майқарағай а/ж шақырым 1-5, шақырым 13-14);

Павлодар ауданы – 7,3 шақырым, сомасы 73,8 млн, теңгеге (Қаратоғай ауылыны кіреберіс жолы 3,1 шақырым, Новоямышево ауылыны кіреберіс жолы 0,8 шақырым, Новочерноярка ауылыны кіреберіс жолы 1 шақырым, Мичурино ауылыны кіреберіс жолы 2,4 шақырым);

Успенка ауданы – 10,5 шақырым, сомасы 82,8 млн, теңгеге (Дмитриевка ауылыны кіреберіс жолы 3,1 шақырым);

Железинка ауданы – 20 шақырым, сомасы 390,1 млн, теңгеге (Башмаччное-Озерное а/ж шақырым 19-24);

Майск ауданы – 1,3 шақырым, сомасы 14 млн, теңгеге (Қаратерек ауылыны кіреберіс жолы 3,1 шақырым).

Облыстық бюджеттің есеп-шотынан орындауға жоспарланды:

  • облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының күтіп ұстау жұмыстарына сомасы 270 млн, теңге.
  • жобалы-сметалық құжаттаманы жасауы, жалпы сомасы 40 млн, теңге.
Өзгертілді: 03.11.2014 14:56
Орналастырылды: 03.02.2017 18:17