Қазпошта

Статистикалық мәліметтер бойынша, 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында пошталық және курьерлік қызметтен түскен табыс 1520,5 млн. теңгені құрады, бұл 2015 жылдың осы сәйкес мерзіміне 104,4 %-ды құрайды.

Павлодар облысының аумағында пошталық қызметті «Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалы көрсетеді, ол 196 құрылымдық бөлімшелерден тұрады (10 аудандық пошта байланыс торабы, 2 қалалық пошта байланысы торабы), соның ішінде 12 орталық операциялық учаскелер, 90 пошта байланысы бөлімшелері (оның ішінде 29 қалалық пошта бөлімшелері және 61 ауылдық пошта бөлімшелері), 70 пошта байланысы пунктері, 14 төлем қабылдау пунктері, 7 пошта байланысының қозғалмалы бөлімшелері, 3 сәлемдемелер супермаркеті.

Тұтынушыларға пошта-банктік қызметтерін ұсынуды жақсарту мақсатында 2016 жылы Павлодар облысында қосымша ашылған қызмет көрсету орындары: 1 орталық операциялық зал, 30 төлемақы қабылдау пункті, 2 сәлемдемелер супермаркеті.

Бүгінгі таңда облыстың кез-келген пошта бөлімшесінде зейнетақыдан басқа, атаулы әлеуметтік жәрдемді, жалақыны алуға, коммуналдық, салық және басқа төлемдерді жүзеге асыруға, ақша айырбастау операцияларын орындауға, агенттік қызметтер (тұтынушылық несиелер беру) алуға, газет пен журналдарға жазылым рәсімдеуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ «EMS-Kazpost» экспресс пошта қызметін, посттерминал және банкомат қызметтерін, құнды заттар инкассациясы бойынша қызметті, теміржол көлігінің пошта вагонымен стандартқа сай емес, ерекше көлемдегі жіберілімдерді жеткізу, теміржол билеттерін сату бойынша қызмет ұсынамыз.

Қазақстандық пошта айтарлықтай дамуда, осы кезеңде жаңа жобалар енгізілуде, олардың ішінде гибридтік электрондық пошта, Postmarket.kz сауда алаңы, Постамат терминалы, мобилдік қозғалмалы құрылғы.

Қазіргі уақытта «Қазпошта» АҚ ПОФ келесі қызметтерді ұсынады:

бүкіл әлем бойынша жазбаша түрде хат-хабар жөнелту және жеткізу;

ҚР, ТМД бойынша, алыс шетелдерге қиыр шегіне бандерольдермен сәлемдеме жөнелту;

ҚР теміржол көлігімен ерекше көлемді және аса салмақты жүктерді жөнелту;

сәлемдемелерді почтаматтар арқылы жөнелту және алу;

гибрид электронды пошта қызметі;

пошталық жөнелтілімдерді ақысы төленген қаптамада жөнелту;

ЕМS–Kazpost курьерлік қызметі – курьерлік қызмет, ЕМS – Kazpost экспресс почта: Мұнда сіздер «қолдан-қолға» принципі бойынша Қазақстан, ТМД және алыс шетел бойынша қысқа мерзімде жеткізу кепілдемесімен хат-хабар, құжаттар және почталық жөнелтілімдерді жібере аласыз. Сіз сондай-ақ «EMS – Kazpost» қызметінің курьерін 78-70-50 телефондары бойынша кеңсеге шақыра аласыз;

хабарлау-есептері және зейнеттік үзінділерін жеткізу;

арнайы байланыс қызметі;

каталогтар бойынша интернет сауда;

мерзімдік басылымдарға жазылым қабылдау.

Сіздерге 6 мыңнан астам түрлі журналдар мен газеттерге жазылым рәсімдеу мүмкіндігі ұсынылады.

Баспаға жазылым «Қазпошта» АҚ каталогтары бойынша жүргізіледі. Қоғамның каталогында Ресей, Украина, Белорусь және алыс шетел баспалары бар.

Сіздер әрбір пошта байланыс бөлімшелерінде өзіңізге жайлы уақытта қажетті ақпарат ала аласыздар және баспаға жазылуды рәсімдей аласыз.

 

Қосымша ақпаратты мына мекенжайлардан алуға болады:

«Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалының пошта және қаржы қызметтерін сату бөлімі, тел. 32-39-07

филиалдың анықтамалық қызметі, тел. 32-35-35

қаржылық қызметтер, тел. 32-34-88

пошталық қызметтер, тел. 32-49-93

Өзгертілді: 05.11.2014 15:19
Орналастырылды: 21.06.2017 09:06