Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Электрмен жабдықтау

 

Облыстың қалалары мен аудандарында электр энергиясын тасымалдау мынадай электр желілері арқылы жүзеге асырылады:

– «Павлодар электр желістік тарату компаниясы» АҚ (бұдан әрі – ПЭТК) – Павлодар, Ақсу қалалары мен облыс аудандары;

– “Горэлектросеть” ЖШС – Екібастұз қаласы.

Электр желілерінің жалпы ұзындығы 17,5 мың км, оның ішінде: ӘЖ-220-110 кВ – 2,7 мың км, ӘЖ-35-10-0,4кВ – 13,6 мың км, кабельдік желі – 10-6-0,4 кВ – 1,2 мың км.

Қосалқы станциялар саны 4349 дана, оның ішінде 220-110 кВ қосалқы станция – 78 дана, 35-10-0,4 кВ – 128 дана, ТҚС, ЖТҚС-6-10/0,4 кВ – 4 143 дана.

Орта пайдалану мерзімі 30-35 жылды құрайтындықтан, электр желілерінің орташа нақты тозуы 58,5%-ды құрайды.

 

Сумен жабдықтау

 

Облыс қалаларындағы сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 1263,1 км, ал су бұру желілері 892,9 км құрайды

Жөндеуді талап ететін желілердің ұзындығы бүгінгі күні сумен жабдықтау 65,5%, су бұру 54,4%-ды құрайды.

Желілердің және құрылыстардың жағдайын жақсарту мақсатында 2019 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде 15 жоба іске асырылды.

Жоба шеңберінде барлығы 33,5 км су бұру, 34,9 км сумен жабдықтау және 19 көтергіш сорғы станциясын салу және қайта жаңарту орындалды.

Амортизациялық аударымдар мен меншікті қаражат есебінен коммуналдық кәсіпорындар 2019 жылы 13,7 км сумен жабдықтау және 4 км су бұру желілерін күрделі жөндеу мен қайта жаңартуды орындады.

2020 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейінгі дамыту» бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру объектілерінде 17 жобаны іске асыру жоспарланған. Жобалар шеңберінде 22,5 км су бұру және 27,3 км сумен жабдықтау желілерін салу және қайта жаңарту орындалады.

 Амортизациялық аударымдар мен меншікті қаражат есебінен коммуналдық кәсіпорындар ағымдағы жылы 22,2 км сумен жабдықтау және 9 км су бұру желілерін күрделі жөндеу мен қайта жаңартуды жоспарлауда.

 

 Жылумен жабдықтау

 

Облыстағы жылу желілерінің ұзындығы 932,9 км-ді құрайды, оның ішінде магистральді – 155 км; кварталдық — 754,9 км; ыстық сумен қамту желісі – 23 км. Бүгінгі күні жөндеуді талап ететін жылумен жабдықтау желілерінің үлесі 61,6%-ды құрайды.

Тозған желілердің ұзындығын төмендету мақсатында жыл сайын облыста Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жобалар іске асырылады, одан басқа пайдаланушы ұйымдар инвестициялық бағдарлама шеңберінде желілерде жөндеулер жүргізеді.

2019 жылы «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде 4,8 км жылумен жабдықтау желілерін және 4 орталық жылу пунктін салу және қайта жаңарту жүргізілді.

Амортизациялық аударымдар мен меншікті қаражат есебінен коммуналдық кәсіпорындар 2019 жылы 24,1 км жылумен жабдықтау желісін күрделі жөндеу мен қайта жаңартуды орындады.

2020 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 6 жобаны іске асыру жоспарланған. Жобалар шеңберінде 19,4 км жылумен жабдықтау желілерін салуды, күрделі жөндеуді және қайта жаңартуды орындау жоспарланған.

Амортизациялық аударымдар мен меншікті қаражат есебінен коммуналдық кәсіпорындар ағымдағы жылы 2,5 км жылумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеу мен қайта жаңарту орындауды жоспарлауда.

 

Тұрғын үй қоры

 

Облыстың тұрғын үй қорының жалпы ауданы 16,2 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде 11,57 млн. шаршы метр қалалық болса, 4,67 млн. шаршы метр ауылдық елді мекендерге тиесілі.

Қазіргі уақытта облыста 2480 көп қабатты тұрғын үй (2314 – облыс қалаларында, 166 – облыс аудандарында) бар. Бүгінде кондоминиум басқармасының 443 органы жұмыс істейді, оның ішінде 256 – ЖШС, ЖК, ПИК және 207 – барлық пәтер иелерін бірлесіп басқару.

ТҮКШ жаңғырту және Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламалары шеңберінде 188 тұрғын үй жөнделді, оның ішінде: республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 156 КТҮ және қайтарымды қаражат есебінен 32 КТҮ.

Бұдан басқа, 2019 жылы қалалардағы тұрғын үйлердің күрделі жөндеуі Павлодар қ. 12 тұрғын үйінің және Екібастұз қ. 1 үйінің пәтер иелерінің қайтарымды қараждаты есебінен жүргізілді.

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша күрделі жөндеуді талап ететін көп қабатты тұрғын үйлер саны үйлердің жалпы санынан 24,5%-ды құрайды (600-ден астам КТҮ).

Қазіргі уақытта Павлодар, Екібастұз қалаларының әкімдіктері 2020-2021 жылдарға жалпы сомасы 502,8 млн. теңгеге 20 тұрғын үйді жаңғыртуға сараптама қорытындысымен жобалау-сметалық құжаттама бар, оның ішінде Павлодар қаласында – 212,3 млн. теңге сомасына 12 КТҮ, Екібастұз қаласында – 290,5 млн. теңге сомасына 8 КТҮ.

Бүгінгі күні пәтер иелерінің қайтарымды қаражат сомасы 1 150,55 млн. теңге жоспарда 811,38 млн. теңгені немесе кезең жоспарынан 70,5%-ды құрайды.

 

Абаттандыру

 

Павлодар облысы тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы 342 балалар ойын алаңдарын жөндеу және жайластыру, 1 358 кіші сәулет формаларын орнату және жөндеу бойынша жұмыстар орындалды, 59 спорт алаңы жайластырылды, 339 аулаішілік аумақ абаттандырылды, 9 653 м. көше қоршауы орнатылды және жөнделді, 687 қоғамдық көлік аялдамасы жайластырылды және жөнделді, 36 км көше жарықтандыру желісі қалыпқа келтірілді, 4 327 шам орнатылды және жөнделді.

Сондай-ақ, 48 сквер мен саябақты абаттандыру және 215-ін күтіп-ұстау орындалды, 270 388 ағаш отырғызылды, оның ішінде 189 963 ағаш – бюджеттен тыс қаражат есебінен. 56 122м2 гүлзар және 7 417 м2 газон орнатылды.

Санитарлық жай-күйді қолдау мақсатында елді мекендер аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар орындалды, 105 рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлер жойылды.

 

Газбен жабдықтау

 

Павлодар облысында табиғи газ бен газ таратушы желілер жоқ. Тұрмыстық және өнеркәсіптік қажеттіліктер үшін өндірісімен «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС айналысатын баллондардағы сұйытылған мұнай газы (бұдан әрі – СМГ) пайдаланылады. Тұрғындарды газбен жабдықтау жеке газ баллон құрылғыларымен (бұдан әрі – ЖГБҚ) жүзеге асырылады.

Облыс аумағында СМГ сатуды 11 аккредиттелген газ желісі ұйымы жүзеге асырады.

Сұйытылған газдың бір баллонының (27 л.) бағасы 1 100-ден 1400 теңгеге дейін құрайды, 50 л. баллонның бағасы 1 900-ден 2 400 теңгеге дейін.

Облыстың комммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін СМГ-нің жалпы тұтынушылығы маусымдық тұтынкшылыққа байланысты шамамен 1 505,7 тоннаны құрайды.

СМГ-ны мұнай-газ өнімін өндіру үшін шикізат ретінде қолданатын өнеркәсіптік кәсіпорын «Нефтехим LTD компаниясы» ЖШС-нің ай сайынғы тұтынушылығы шамамен 17 000 тоннаны құрайды.

 

2019 жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жол-жөндеу жұмыстарының барысы туралы ақпарат

            Жалпы ұзындығы 18 шақырым 1300,5 млн. теңге сомасына 2 жоба іске асырылуда (РБ – 607,7 млн. теңге, ОБ – 692,8 млн. теңге, одан: 

– Чернорецк-Ольгин-Успен-Шарбақты, 25-37 (12) шақырым, а/ж қайта жаңарту

Іске асыру мерзімі – 2019-2020 жж.

2019 жылы бөлінді – 592,5 млн. теңге. (ОБ – 333,4 млн. теңге, РБ-259,1 млн. теңге).

Келісімшарт ҚМЖ бойынша 1 495,2 млн.теңге сомасына жасалды.

2019 жылға келісімшарттың жалпы сомасы – 592,5 млн.теңге;

Ағымдағы жағдай: Келісімшарт 2019 жылғы 23 қаңтардан мердігерлік ұйымы «АБК Автодор НС» ЖШС-мен жасалды, инертті материалдың тасып жеткізілуі, айналып өту жолы 6 шақырым;

15 адамға жұмыс орны ашылды.

Чернорецк-Ольгин-Успен-Шарбақты, 37-43 (6) шақырым, а/ж қайта жаңарту

Іске асыру – 2019 жылы.

Бөлінді:708,0 млн. теңге (РБ-348,6 млн. теңге, ОБ-359,4 млн. теңге).

ҚМЖ келісімшарты жасалды – 675,3 млн.теңге сомасына;

Ағымдағы жағдай: Келісімшарт мердігерлік ұйымы «АБК Автодор НС» ЖШС-мен жасалды, инертті материалдың тасып жеткізілуі, құнарлы жер қабатын алу.

15 адамға жұмыс орны ашылды.

Орташа жөндеу аясында ұзындығы 59,5  шақырым 2 448,7 млн. теңге сомасына 3 жоба жүзеге асырылуда, соның ішінде РБ – 2 203,9        млн. теңге, ОБ – 244,8 млн. теңге, соның ішінде:

– Қашыр-Михайловка-РФ шекарасы, 0-20 (20) шақырым, а/ж орташа жөндеу     

Іске асыру мерзімі – 2019 жылы.

Бөлінді: 753,5 млн. теңге (РБ-678,2  млн. теңге, ОБ – 75,3 млн. теңге).

Келісімшарт 664,5 млн. теңге сомасына жасалды.

Ағымдағы жағдай: келісімшарт мердігерлік ұйымы «Гордорстрой» ЖШС-мен жасалды, инертті материалдың тасып жеткізілуі іске асырылды;

10 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Қашыр-Михайловка-РФ шекарасы, 20-40 (20) шақырым, а/ж орташа жөндеу

Іске асыру мерзімі 2019 жылы.

Бөлінді: 793,0 млн. теңге (РБ – 713,7  млн. теңге, ОБ – 79,3 млн. теңге).

Келісімшарт 699,4 млн. теңгеге жасалды.

Ағымдағы жағдай: келісімшарт мердігерлік ұйымы «Гордорстрой» ЖШС-мен жасалды, 9 (40-35) шақырым ресайклинг бойынша жұмыстар орындалды;

10 адамға тұрақты жұмыс орны ашылды.

  1. Қашыр-Михайловка-РФ шекарасы, 83-102,5 (19,5) шақырым, а/ж орташа жөндеу

Іске асыру мерзімі – 2019 жылы.

Бөлінді: 902,2 млн. теңге (РБ – 812,0 млн. теңге, ОБ – 90,2 млн. теңге ).

Ағымдағы жағдай: келісімшарт мердігерлік ұйымы «АЗА» ЖШС-мен жасалды, инертті материалдың тасып жетікізілуі іске асырылуда.

16 адамға тұрақты жұмыс орны ашылды.

 

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер

Электрмен жабдықтау
Облыстың қалалары мен аудандарында электр энергиясын тасымалдау мынадай электр желілермен жүзеге асырылады:
– «Павлодар электр желілерін таратушы компания» АҚ (бұдан әрі – ПЭТК) – Павлодар, Ақсу қалалары мен облыс аудандары;
– “Горэлектросеть” АҚ – Екібастұз қаласы.
Электр желілерінің жалпы ұзындығы 17,5 мың км, оның ішінде: ВЛ-220-110 кВ – 2,7 мың км, ВЛ-35-10-0,4кВ – 13,6 мың км, кабельдік желі – 10-6-0,4 кВ – 1,2 мың км.
Өңірде 4349 дана қосалқы станция бар, оның ішінде 220-110 кВ қосалқы станция – 78 дана, 35-10-0,4 кВ – 128 дана, ТП, КТП-6-10/0,4 кВ – 4 143 дана.
Орта пайдалану мерзімі 30-35 жылды құрайтындықтан, электр желілерінің орташа нақты тозуы 65%-ды құрайды.
 
Сумен жабдықтау
Облыста жабдықтау желілерінің ұзындығы 1075,7 км, ал су бұру желілері 857,1 км құрайды. Тозығы жеткен су құбырлары желісінің ұзындығы 1217 км асса (60%), су тарту желісі 365 км (43%) болып отыр.
2011-2013 жылдары сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 123 шақырымы қайта қалпына келтірілді.
2011-2013 жылдары бюджеттің 4 961,0 млн. теңге қаражатына облыста 22 жоба іске асырылып, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 63,5 км, сондай-ақ 3 су тазарту қондырғысы мен 8 көтергіш насос станциясы қалпына келтірілді.
2014 жылғы 1 қаңтардағы қорытындылар бойынша жөндеуді қажет ететін сумен қамтужабдықтау желілері 5 пайызға төмендеп, 591,6 км немесе 55%-ды (жоспар бойынша 56%), ал су бұру желісі 7,5 пайызға азайып, 304,3 км немесе 36%-ды (жоспар бойынша 37%) құрады.
Ағымдағы жылы бағдарлама бойынша 2 772,7 млн. теңге қаражатқа (оның ішінде 2 421,5 млн. теңге республикалық бюджет , ал 351,2 млн. теңге жергілікті бюджет қаражаты есебінен) 9 жоба іске асырылуда. Олардың ішінде 8 жоба Павлодар қаласы бойынша болса, біреуі Екібастұз қаласына тиесілі.
Жобаларды іске асыру аясында 13,6 км сумен жабдықтау желісі және 4,8 км су бұру желісін қайта қалпына келтіру, сондай-ақ насос су тазарту және кәріз тазарту қондырғыларын жаңғырту жоспарланып отыр.
2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жобаларды іске асыру қорытындысы бойынша тозған су құбыры желісінің үлесі 52%-ға (жоспар бойынша 53%), ал су бұру желісі 35%-ға (жоспар бойынша 35%) төмендейтін болады.
 
Жылумен жабдықтау
Облыстағы жылу желілерінің ұзындығы 903,7 км-ді құрайды, оның ішінде магистральді – 155 км; кварталдық — 725,7 км; ыстық сумен қамту желісі – 23 км. Оның ішінде 560 км астамына немесе желінің 62 %-на қалпына келтіру немесе күрделі жөндеу жүргізу қажет.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын 2020 жылға дейін жаңғырту» бағдарламасын іске асырылғаннан бері жылумен қамту желілерінің 6,0 шақырымы қалпына келтіріліп, 4,2 км желі мен 1 қазандық күрделі жөндеуден өтті.
 
Тұрғын үй қоры
Облыстың тұрғын үй қорының жалпы ауданы 14,4 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде 10,0 млн. шаршы метр қалалық болса, 4,4 млн. шаршы метр ауылдық елді мекендерге тиесілі.
Қазіргі уақытта облыста 2434 көп қабатты тұрғын үй (2328 – облыс қалаларында, 106 – облыс аудандарында) бар. Бүгінде кондоминиум басқармасының 446 органы жұмыс істейді, оның ішінде 206 – ЖШС, ЖК, ПИК және 240 – барлық пәтер иелерін бірлесіп басқару.
Аймақта көпқабатты тұрғын үйлердің 40%-дан астамы үйішілік инженерлік желілерді, жабындарды, лифт шаруашылығы мен тірек құрылымдарының күрделі жөндеу жұмыстарына мұқтаж.
ТҮКШ жаңғырту бағдарламасының екінші бағытын іске асыру мақсатында 2011-2012 жылдары облыста тұрғын үйлерде жөндеу жүргізу үшін республикалық бюджеттен 1 117,5 млн.теңге бөлінді.
Осы сомаға 121 тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді.
Тұрғын үйлерде терможаңғырту жүргізу мақсатында 36 үйдің жабындарын қайта жаңарту, 14 тұрғын үйде ағаш терезе блоктарын қазіргі заманғы энергия үнемдейтін шыны пакеттерге ауыстыру және 7 үйдің қасбетін қалыңдату жұмыстары жасалып, 16 үйге жылу энергиясын есептегіш аспап орнатылды.
Бүгінгі күні үй-жай меншік иелерінің қайтарым қаражатының сомасы 80,1 млн.теңгені немесе 65%-ды құрайды, жоспар – 123,2 млн.теңге.
Жалпы республика бойынша 2013 жылы ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы аясында көп пәтерлі тұрғын үйлерде жөндеу жүргізу үшін республикалық бюджеттен ақша бөлінбеген. Осыған байланысты Павлодар мен Екібастұз қалаларында үй-жай меншік иелерінің қайтарым қаражаты есебінен 34,0 млн.теңге сомасына 4 тұрғын үйге жөндеу жүргізілді.
Ағымдағы жылы 33 тұрғын үйде жөндеу жүргізу мақсатында республикалық бюджеттен 699,0 млн.теңге бөлінді, соның ішінде Павлодар қаласы бойынша 16 үйді жөндеуге 370,0 млн.теңге, Екібастұз қаласындағы 9 үйді жөндеуге 219,0 млн.теңге, Ақсу қаласы бойынша 8 үйді жөндеуге 110,0 млн.теңге қарастырылған.
 
Абаттандыру
Павлодар облысы тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы қалалар мен аудандарды абаттандыру және санитарлық тазалықта ұстау жөніндегі іс-шараларды орындауға бюджет қаражатынан 6 002,5 млн.теңге бөлінді. Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 4 300,8 млн.теңге игерілген.
Бөлінген қаражат аясында 38,9 км жол мен жаяусоқпақтар жөнделіп, 126,7 мың м2 жол жабынына ағымдық жөндеу жүргізілген, сондай-ақ жеке сектордың 921,3 км топырақ жабынды көшелерін тегістеу, 45 аулаішілік аумақтарды жайластыру, 4712,6 қ.м. көше қоршауы мен 198 қоғамдық көлік аялдамасын орнату және жөндеу жұмыстары орындалды.
81 бақ пен саябақ, 142 көше, 21 субүркек, 477,7 км әуе желісі, 88,5 км кәбіл желісі мен 137 бағдаршам объектісін күту жұмыстары жүзеге асырылуда.
Көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі іс-шаралар аясында 154 771 ағаш отырғызылып, 23870 м2 гүлзар мен 71033 м2 гүлбақ орналастырылды.
Санитарлық жай-күйді қолдау мақсатында қоқыс жинау және оны тасып шығару, сонымен қатар рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою жұмыстары орындалды.
 
Газбен жабдықтау
Экономикалық тұрғыдан мақсатқа сай келмеуіне байланысты облыс қалаларының тұрғындары орталықтандырылған газбен жабдықтаудан бас тартты. 2000 жылға дейін газбен жабдықтау топтық резервуар қондырғылары (ТРҚ) арқылы жүзеге асырылатын. Осыған байланысты облыстың Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған қалалардың әкімдіктері мен мәслихаттарының шешімдерімен топтық резервуар қондырғылары толық газсыздандырылып, бөлшектенді. Екібастұз және Ақсу қалаларында ТРҚ толық газсыздандырылды және бөлшектенді. Павлодар қаласында коммуналдық меншіктегі 162 ТРҚ пайдаланудан шығарылып, қолданыстағы ТРҚ-ны газсыздандыру әрі тоқтату жұмыстары жүргізілді.
Тұрмыстық және өнеркәсіп мұқтаждықтарға тек сұйытылған мұнай газы ғана қолданылады, оның өндірумен «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС айналысады.
Бөлшек сауда нарығында 7 газбен жабдықтаушы кәсіпорын сұйытылған мұнай газын жеткізіп, оны өткізумен айналысады. Олар тұрғындар мен заңды тұлғалардың газға деген қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етіп отыр. Тұрғындар сыйымдылығы 27 л және 50 л жеке газ-баллон қондырғылары арқылы газбен жабдықталады.
Бір сұйытылған газ баллон (27 л) 1300-1500 теңге, 50 л баллон 3000-3200 теңге тұрады
Орташа есеппен маусымдық қажеттіліктерге қарай газдың ай сайын іске асырылуы тұрғындар үшін 500 тоннаны, ал заңды тұлғалар үшін 1300 тоннаны құрайды.
Сұйытылған газды іске асыру пункттеріне газды автокөлікпен жеткізу және газ баллондарын ауыстырудың қолданыстағы тетігі облыста газ тасымалдау желілерін салуды қажет етпейді.