ТҚШ мәселелері

Жалгерлік тұрғын үй алу үшін есепке қою туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының «Тұрғын қатынасы туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу Павлодар қаласында 4 тізім бойынша жүргізіледі:

1) Мүгедектер және Ұлы Отан соғысына қатысушылар

2) Халықтың әлеуметтік қорғалатын тұрмысы төмен жіктері

Оған келесі категориядағы азаматтар жатады:

  • Ұлы Отан Соғысына қатысушыға теңестірілген тұлғалар;
  • 1 және 2 топ мүгедектері;
  • мүгедек баласы бар немесе мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • созылмалы аурулардың кейбір ауыр түрлерімен азап шегуші тұлғалар;
  • жетім балалар және 23 жасқа толмаған ата-ананың қамқорлығысыз қалған балалар, кәмелет жасқа дейін ата-анасынан айырылған;
  • оралмандар;
  • экологиялық апаттың, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде тұрғын үйлерінен айырылған тұлғалар;
  • көп балалы отбасылар;
  • адам өмірін сақтау, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау барысында қаза болғандардың отбасылары;
  • толық емес отбасылар.

3) Мемлекеттік қызметкерлер, ұйым қызметшілері және әскери қызметкерлер

4) Жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған тұлғалалар

 «Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйіне, немесе жеке баспана қорында жергілікті атқарушы органдармен жалға алынған баспаналарға мұқтаж азаматтарды тіркеу және кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында есепке қою үшін келесі құжаттар қарастырылған:

  1. Арыз берушіні әлеуметтік қорғалатын азаматтарға жататынын растайтын әлеуметтік қорғау органдарының анықтамасы, Павлодар қаласы Кривенко к-сі 25, 322 каб. беріледі немесе мемлекеттік қызметкерлер, ұйым қызметшілері және әскери қызметкерлер үшін жұмыс орнынан берілетін анықтама;
  2. Азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі және отбасының барлық мүшелеріне салыстырып тексеру үшін құжаттың тұпнұсқасы;
  3. ҚР Әділет министрлігінің аумақтық органының анықтамасы (өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің тұрғын үйі болмауы, жеке меншік құқығындағы және соңғы 5 жыл ішінде иеліктен шығарылған тұрғын үй туралы) отбасының барлық мүшелеріне.

Құжаттарды есепке алуды «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» ММ қалалық филиалдары жүргізеді, мекенжайы: Павлодар қаласы, Павлов к-сі 48, Исиналиева к-сі 24 және Кутузов к-сі 204 дүйсенбіден сенбіге дейін 9.00-ден 20.00-ге дейін.