ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ 2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАУСЫМ ІШІНДЕГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

  1. Экономиканың өсу серпіні

Статистикалық деректерге сәйкес 2019 жылдың 1-тоқсан ішінде облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі (алдын ала деректер бойынша) 562,6 млрд. теңгені құрады (2018 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 100,9%). Жалпыреспубликалық көлемде облыстың ЖӨӨ үлес салмағы – 4,3%.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ мөлшері                            746,3 мың теңгені құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 4,3%-ға жоғары (ҚР – 715,5 мың теңге).

Облыс бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚЭИ)* 2019 жылғы қаңтар-маусым ішінде 2018 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 101,8%-ды құрады (НКИ – 104,3%).

 Индикаторды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті ай сайын базалық салалар бойынша есептейді: ЖӨӨ-ден 60%-дан жоғары құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік  және байланыс). 

                           

  1. Экономиканың нақты секторы

2.1. Өнеркәсіп

2019 жылғы қаңтар-маусым ішінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 969,1 млрд. теңгені құрады, НКИ – 100,2% (ҚР – 102,6%).

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 210,8 млрд. теңгеге өнім шығарылды, НКИ – 2018 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 110,3%.

Көмір өндіру көлемі 33,5 млн. тоннаны (101,4%) құрады, соның ішінде: тас көмір – 31,5 млн. тонна (102,0%), лигнит – 2,0 млн. тонна (93,0%).

Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 630,6 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2018 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 99,4%.

Келесі салаларда өндіріс көлемінің өсуі қамтамасыз етілді: ағаш және тоздан жасалған бұйымдар (НКИ – 253,1%), қағаз және қағаз өнімінің өндірісі (НКИ – 158,6%),  жиһаз өндірісі – (НКИ – 125,4%), жеңіл өнеркәсіп (НКИ – 114,8%), металлургия – (НКИ – 103,4%), машина жасау – (НКИ – 102,6%), тамақ өнімдерін шығару (НКИ – 100,5%).

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда  өндіріс көлемі 121,4 млрд. теңгені құрады, 2018 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда НКИ – 89,9%.

Сумен жабдықтау саласында шығарылған өнімнің көлемі             6,3 млрд. теңгені немесе 2018 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 101,2%-ды құрады.

 

Индустрияландыру картасы

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бес жылдығы шеңберінде (2015-2019 жылдар) Павлодар облысының индустрияландыру және кәсіпкерлікті қолдау карталары бойынша 862,8 млрд. теңге инвестиция көлемімен 35 жоба іске асырылуда (7126 жұмыс орны).

Оның ішінен:

3 жоба – Индустрияландыру картасы шеңберінде 640,1 млрд. теңге инвестициялар көлемімен, жұмыс орын саны – 2096;

– 32 жоба – Павлодар облысының кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша, инвестициялар көлемі – 222,7 млрд. теңге, жұмыс орын саны – 5030.

2015-2018 жылдар ішінде 713,2 млрд. теңге инвестиция көлемімен 27 жоба іске қосылды (3981 жұмыс орны құрылды).

2019 жылғы 55,4 млрд. теңге инвестияцияның жалпы көлемімен  және 45 жұмыс орнын құрумен 3 жобаны іске қосу жоспарлануда.

 

2.2. Ауыл шаруашылығы

2019 жылғы қаңтар-шілде ішінде ауыл, орман және балық шаруашылығының өнімін (қызметтерін) жалпы шығару                                59,5 млрд. теңгені немесе 2018 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 103,1%-ды, соның ішінде өсімдік шаруашылығында – 100,0%, мал шаруашылығында – 103,2%.

 

Өсімдік шаруашылығы. Облыстың ауыл шаруашылық тауарын өндірушілері астық дайындау жұмыстарын, парларды өңдеу және арамшөптерді химиялық шабу жүргізуде. 

190,9 мың га (14%) шабындық жерлер шабылды, 95,4 мың га (10%) пішен, 17,0 мың га (31,2%) пішендеме дайындалды, 1-ші өңдеу –        174,9 мың га,  2-ші өңдеу – 73,2 мың га, 448,5 мың га (98%) аумаққа химиялық шабу жүргізілді.

Жедел деректер бойынша егістік аумағы 1396,7 мың га немесе өткен жылғы деңгейден 126,4 мың гектарға көп.

астық – 712,5 мың га (101,0%)

майлы – 223,1 мың га (104,0%)

біржылдық шөптер – 62,0 мың га (100,0%)

көпжылдық шөптер – 52,9 мың га (100,0%)

көкөністер – 7,6 мың тонна (100,0%)

18,9 мың га картоп (101,0%) салынды

сүрлем дақылдары – 15,6 мың га (100,0%)

 

Мал шаруашылығы. 2019 жылғы 1 шілдеге мал басының саны: жылқы – 188,6 мың басты (2018 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 110,9%), ІҚМ – 523,1 мың басты (104,3%), шошқа – 85,0 мың басты (111,6%), құс – 1 751,0 мың басты (115,1%), қой – 627,6 мың басты (101,8%), ешкі –     85,8 мың басты (101,5%) құрады.

41,8 мың тонна (102,8%) – тірідей салмақтағы ет,  188,7 мың тонна (102,8%) – сүт,  117,8 млн. дана (116,5%) – жұмыртқа өндірілді.

 

Ауыл шаруашылық шикізатын өндеуді қамтамасыз ету және нарықты жергілікті кәсіпорындардың өнімдерімен толтыру үшін          266 өңдеу объектісі және 204 дайындау пункті жұмыс істейді.

2019 жылы бойынша облыс бойынша 321 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, 1470,7 млн. теңге сомаға өнім сатылды.

 

2.3. Құрылыс, тұрғын үйді іске қосу

2019 жылғы қаңтар-маусым ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 61,7 млрд. теңгені немесе 2018 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 107,8%-ды құрады.

Барлығы облыс бойынша 85,2 мың ш. метр тұрғын үй  немесе 2018 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 105,0% пайдалануға берілді.

 

  1. Инвестициялар

2019 жылғы қаңтар-маусым ішінде облыс экономикасына       171,3 млрд. теңге инвестиция тартылды немесе 2018 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 102,7%.

Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 39,0 млрд. теңге   (22,7%), кәсіпорындардың меншік қаражаты – 124,1 млрд. теңге (72,4%),  банк кредиттері – 4,6 млрд. теңге (2,7%), басқа қарыз қаражаты –                 3,7 млрд. теңге (2,2%).

  1. Сыртқы сауда айналымы

2019 жылғы қаңтар-сәуір ішінде сыртқы сауда айналымының көлемі 982,0 млн. АҚШ долларын құрады (2018 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 72,2%), соның ішінде экспорт – 672,3 млн. АҚШ доллары (64,3%), импорт – 309,7 млн. АҚШ доллары (98,5%). Сауда балансының сальдосы оң қалыптасты және 362,5 млн. АҚШ долларын құрады.

ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 2019 жылғы қаңтар-сәуір ішінде 529,2 млн. АҚШ долларын құрады (2018 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 96,5%), соның ішінде экспорт – 312,8 млн. АҚШ доллары, импорт – 216,4 млн. АҚШ доллары.

         

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік

2019 жылғы 1 шілдеге шағын және орта кәсіпкерліктің істеп тұрған субъектілерінің саны 2018 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда                    7,8%-ға ұлғайды және 46,2 мың бірлікті құрады.

2019 жылғы 1 сәуірде ШОК өнімін, тауарларын және қызметтерін шығару 142,9 млрд. теңгені (113,9%), жұмыспен қамтылғандар саны – 133,4 мың адамды (106,5%) құрады. 

2019 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыруға 2,8 млрд. теңге бөлінді.

 

  1. Көлік және байланыс

6.1. Көлік

2019 жылғы қаңтар-маусым ішінде облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі (теміржол көлігін есепке алмағанда) 61,5 млн. тоннаны (2018 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 101,5%), жүк тасымалы айналымы – 17,0 млрд. тонна шақырымды (106,9%) құрады. Жолаушы айналымы     0,8 %-ға ұлғайды.

2019 жылға облыс автожолдарын жөндеуге және күтіп-ұстауға 13 757,5 млн. теңге бөлінді (2019 жылғы 1 шілдеге 4 023,3 млн. теңге немесе 29,2% игерілді).

6.2. Байланыс

2019 жылғы қаңтар-маусым ішінде байланыс қызметінен түскен кіріс 7,1 млрд. теңгені құрады (2018 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 104,1%).

Пошталық және курьерлік көрсетілетін қызметтен түскен кіріс 1,0%-ға ұлғайды (383,3 млн. теңге).

  1. Сауда

2019 жылғы қаңтар-маусым ішінде бөлшек сауда айналымы                           180,7 млрд. теңгені құрады (103,7%).

Көтерме сауда көлемі – 210,1 млрд. теңгені (100,3%) құрады.

 

  1. Инфляция

Барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге инфляция деңгейі 2019 жылғы маусымға 2018 жылғы желтоқсанға қарағанда 102,2%-ды құрады (ҚР – 105,0%), соның ішінде: азық-түлік тауарларына – 105,0%, азық-түлік емес тауарларға – 101,9%, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 99,0%.

Азық-түлік тауарлары бойынша 2018 жылғы желтоқсанға қарағанда бағаның балыққа және теңіз өнімдеріне – 15,1%-ға, көкөністер мен жеміс-жибектерге – 6,5%-ға, еттерге (ет өнімдерін қосқанда) – 6,0%-ға, сүт өнімдеріне – 2,8%-ға, кондитерлік өнімдерге – 2,6%-ға, майларға – 1,7%-ға өскені байқалады.

Азық-түлік емес тауарлар құрылымында бағалар киімге және аяқ киімге – 2,4%-ға, үй тұрмысы заттарына – 2,3%-ға көтерілді.

          Ақылы көрсетілетін қызметтер саласында баға индексінің білім беру қызметіне – 3,5%-ға және денсаулық сақтау – 5,7%-ға өскені байқалады.

Республиканың 19 қаласы бойынша бөлшек бағалардың салыстырмалы талдауы Павлодар қаласында қараша айында келесілерге ең төменгі бөлшек бағалар белгіленгенін көрсетеді: 1-сұрыпты ұн, ұсақ қант, тұздалмаған сары май, 5-9% ірімшік, күнбағыс майы, жұмыртқа, тауық еті, қарақұмық жармасы, сиыр еті, картоп, қырыққабат, сәбіз, өңделген күріш.

 

  1. Әлеуметтік сала

9.1 Еңбек нарығы

2019 жылғы 1-тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады (ҚР – 4,8%).

1 шілдеге облыста 6648 жаңа жұмыс орны құрылды, соның ішінде 4707-і тұрақты.

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметтерінде 7919 жұмыссыз азамат тіркелді. Экономикалық белсенді халық санатында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 1,9%-ды құрады.

Кедейлік шегінен төмен тұратын, аз қамтылған 27176 азаматқа            1103,8 млн. теңге жалпы сомаға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Жыл басынан 2953 аз қамтылған отбасыға 35,7 млн. теңге жалпы сомаға тұрғын үй көмегі тағайындалды.

6500 астам әлеуметтік осал азаматқа әр түрлі қаржыландыру көздерінен 42,8 млн. теңге жалпы сомаға ақшалай және заттай түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

 

9.2 Еңбекке ақы төлеу

2019 жылғы қаңтар-наурыз ішінде бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы 145845 теңгені немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 108,9%-ды құрады.

Нақты жалақы индексі 103,9%-ды құрады.

 

  1. Білім беру

Білім беру жүйесі 362 мемлекеттік жалпы білім беретін мектепті (101,4 мың оқушы), 47 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесін қамтиды.

Мектептердің компьютерлік паркі 20,4 бірлікті құрайды. Тұтас алғанда облыс бойынша бір компьютерге 5,0 оқушыдан келеді.

Кең жолақты Интернетке барлық мектептер қосылған.

Тегін оқулықтармен қамтамасыз ету 100%-ды құрайды.

Ағымдағы жылы ҰБТ-ға 2764 түлек немесе жалпы санынан   77,1%-ы қатысты (2017 жылы – 69,5%).

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 412 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді (43,6 мың бала), соның ішінде 162 балабақша мен           250 шағын орталық.

Облыс бойынша 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту 80,1%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін 100%-ды құрайды.

 

  1. Денсаулық сақтау

Облыстың денсаулық сақтау желісінде 333 медициналық ұйым есептеледі, соның ішінде 19 аурухана ұйымы мен 9 АЕҰ, 1 ауылдық учаскелік аурухана, 3 диспансер, 57 дәрігерлік амбулатория, 22 фельдшерлік-акушерлік пункт, 215 медициналық пункт, 7 өзге медициналық объекті (СӨС орталығы, жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциялары, облыстық бала үйі және басқалары).

2019 жылғы 31.03. жағдай бойынша мемлекеттік медициналық ұйымдарда 2512 дәрігер және 6449 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді.  

«Мединформ» ЖШС жедел деректері бойынша 2019 жылғы қаңтар-маусымда облыста 5576 нәресте дүниеге келді, туу көрсеткіші 2018 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 3,9%-ға төмендеді және 1000 адамға шаққанда 14,8 құрады (2018 жылы – 5809 нәресте, көрсеткіш – 15,4).

2019 жылы жалпы облыс бойынша туберкулез аурулары көрсеткішінің – 0,5%-ға (100 мың адамға шаққанда 46,7) төмендеуі байқалуда.        

 

  1. Мәдениет

Мемлекеттік желіде 520 мәдениет мекемесі жұмыс істейді, соның ішінде: 240 кітапхана, 252 клуб мекемесі, 15 жылжымалы мәдени-бос уақыт кешені, 9 мұражай, 2 театр, филармония, мәдениет және демалыс саябағы.

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-ойын-сауық қызметі орталығы және облыстық филармония 237 іс-шара өткізді. 

Облыс мұражайлары 2087 экскурсия өткізді, 686 дәріс оқыды,   291 көрме ұйымдастырды.

Облыс театрларында 46,4 мың көрермен қамтылып, 209 қойылым қойылды.

Кітапханалардың компьютерлік паркі – 690 бірлікті құрайды. «РАБИС» бағдарламасымен 205 кітапхана жабдықталды, оның ішінен 129-ы Интернет желісіне қосылды. 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыс бойынша 248,8 мың оқырман кітапхана қызметін пайдаланды.

 

  1. Дене тәрбиесі және спорт

Спорт объектілері мен имараттарының желісіне барлық меншік түрінің 3519 бірлігі кіреді, соның ішінде 1962 – ауылда. Облыста          22 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді (24028 бала).

Жыл басынан облыстың спортшылары Халықаралық және Республикалық жарыстарда 1163 медаль (383 алтын, 356 күміс, 424 қола) жеңіп алды.

2019 жылғы 1 маусымға облыс бойынша барлығы 110,1 мың адам қамтылып, 757 бұқаралық спорт іс-шарасы өткізілді, соның ішінде  ауылдық жерде – 48,6 мың адам қамтумен 484 іс-шара.

 

  1. Қоғамдық қауіпсіздік

2019 жылғы қаңтар-шілде ішінде 4337 қылмыс тіркелді, құқық бұзған 1900 адам анықталды.

Ауыр және аса ауыр қылмыстарды жалпы ашу 86,4%-ды құрады.

Облыс жөнінде

Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Қазақстанның ең әдемі қалаларының бірі – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертістің жағасында орналасқан.

Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасып, солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.

Аймақтың осылай орналасуы оған басқа мемлекеттермен және Қазақстан облыстарымен Онтүстік-Сібір және Ортасібір теміржол магистралі бойынша автомобиль, авиациялық, электрондық, құбырлық және өзен көлігімен қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Ертістің Павлодар өңірінде бәрі бар: ұшы-қиырсыз дарқан дала, қайыңға оранған тоғайлар, қарағайлы ормандар, таулар мен көлдер. Облысты ежелгі қара Ертіс өзені қақ бөледі деп айтуға болады. Оның жайылмасы да бірегей әрі өсімдікке өте бай.

Өңірдің аса ірі бөлігін қазақтар ежелден «Сарыарқам – Алтын далам» деп атап кеткен тегіс дала алып жатыр. Бұл жер, шынымен, қазба байлықтарға тұнып тұр.

Облыс аумағында Ертістің Павлодар өңірінің інжу-маржаны, Қазақстан Республикасының әсем жерлерінің бірі Баянауыл орналасқан. Шексіз жазық даладағы табиғаттың осы бір бірегей туындысының сұлулығы таңқаларлық. Таулары, қарағайлы ормандары, жануарлар әлемі, Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері ұмытылмас әсер қалдырады. Бұл жер жыл сайын Қазақстан мен Ресейдің түкпір-түкпірінен келетін мыңдаған туристердің сүйікті демалыс орнына айналған.

Павлодар облысының климаты шұғыл континентті, оған ұзаққа созылатын қыс (5,5 ай) пен ыстық әрі қысқа жаз (3 ай) тән болып келеді.

Павлодар облысы – Қазақстанның басты индустриалдық өңірлерінің бірі. Мұнда дәстүрлі күрделі өндірістер мен минералды және көмірсутекті шикізатты игерумен айналысатын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесімділігі бар ТМД-нің экономикалық кеңістігіндегі аса ірі аумақтық-өндірістік кешен қалыптасқан.

Облыстың орасан зор табиғи-ресурстық және жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы, оның Орталық Азия мен Сібір арасындағы байланыстырушы рөлі өзге елдер мен континенттердегі өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің назарын өзіне аударуда.

Сонымен қатар экономикалық деңгейдің осы көрсеткіштеріне өңірдің өзге де салаларын, мәселен, дамыған банк саласын, шағын және орта бизнестің қарқынды дамуын, біліктілігі жоғары мамандар, қазіргі заманғы көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды, шетелдік инвесторларды, мемлекеттік даму бағдарламаларын қосуға болады

Павлодар облысы аумағында көп салалы индустриялдық кешен қалыптасқан. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті ірі экспортқа бағытталған өнеркәсіптік компаниялармен анықталады. Олар көмірді, электр және жылу энергиясын, алюминий тотығын, ферроқорытпаларды өндіреді. Облыс үлесіне республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7%-ы, республикалық көмір өндірісінің 70%-ы, ферроқорытпалар өндірісінің 3/4, электр энергиясы мен мұнай өнімдері өндірісінің 40%-ы тиесілі. Облыстың әлеуеті химия, машина жасау және металл өңдеу салалары кәсіпорындарының дамуына жеткілікті.

Облыста түрлі меншіктік нысандағы 5 мыңға жуық кәсіпорын белсенді қызмет етеді. Бұдан басқа, өңірде ауылшаруашылық өнімдерінің шикізат базасы мен оларды өңдеуге арналған өндірістік қуаттылығы бар. Екібастұз электр станциялары, Ақсу ГРЭС, сондай-ақ Павлодар өнеркәсіп кешенінің энергияны қажет ететін кәсіпорындарына қызмет етуші бірқатар ірі жылу станциялары Қазақстанның энергетикалық жүрегі болып табылады. Осы электр станцияларының артықшылығы – көмір және электр мен жылу энергиясын тұтынушыларға жақын орналасуы.

Облыста ауыл шаруашылығына да көп мән беріледі. Өңірдің ауылшаруашылық алқаптарының ауданы 11,2 млн. га құрайды. Өңірде негізгі өндірілетін дақыл – бидай, ол егіс алқаптарының жартысынан көбінде егіледі. Егін алқаптарының 15-17%-ға жуығы басқа дәнді дақылдарға тиесілі. Бұдан басқа, облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі.

Аймақтағы өнеркәсіп әлеуеті көлік коммуникациялары мен көліктік-экономикалық байланыстарды кеңейту қажеттілігін туғызды. Облыста күрделі көліктік-коммуникациялық торап бар: мұнда Қазақстан ішіндегі оңтүстікке қарай өтетін (Шымкент қаласына) ең ірі мұнай құбыры басталады, Қазақстан мен Ресейдің түрлі өңірлеріне тартылған электр қуатын алысқа тарату желілері, Ертіс-Қарағанды-Жезқазған арнасы, Ресейге, елдің орталығы мен оңтүстігіне баратын темір жолдар өтеді.