Облыстың елтаңбасы

Логотипте Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің белгілері бар. Таңбаның түсі мемлекеттік рәміздер түсіне негізделген – көгілдір түстің алтын түспен үйлесуі тәуелсіз мемлекет халықтарының бірлігі мен гүлденуінің белгісі. Өткен салт-дәстүрлерімізді ұстану белгісі ретінде логотипте қазақ ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы елтаңбасының негізгі идеясынан алынған – киіз үйдің шаңырағы бар. Шаңырақ – отбасы құт-берекесінің, бейбітшілік пен тыныштықтың нышаны. Киіз үйдің түндігі көгілдір ашық аспан астындағы жарқыраған күнді елестетеді. Ал елтаңбаның ортасынан бастап көгілдір кеңістік бойымен таралған уықтар – өмір мен жылудың көзі есептелетін күн сәулесі іспеттес.