Шалдай қарағайлы тоғайы

Шалдай қарағайлы тоғайы 2003 жылы құрылған “Ертіс орманы” мемлекеттік орман табиғи резерватының құрамына енеді.

Резерваттың аумағы – 279 мың гектар, соның ішінде 150 мың га –орманды аймақ: қарағайлы тоғайлар, көктеректі ормандар мен қайыңдықтар. Суыртпақтап өскен тоғайлар – құм басудан қорғайтын бірегей табиғи тежеуіш, дымқыл қабатты сақтаушы, орманы аз даламыздың тынысы, яғни өңірдің барынша тиімді экологиялық реттеушісі.

Шалдай қарағайлы тоғайы – Ертіс Павлодар өңіріндегі көрікті жерлердің бірі. Бұл жер ғарыштан түсірілген фотосуреттерде Обь пен Ертіс өзендерінің арасында жіңішке және ұзын (жүздеген шақырымға созылған) қарықтар түрінде көрінеді. Олардың саны бесеу, соның ішінде екеуі ғана қазақстандық-ресейлік шекарадан асып, Ертіске жетеді: біреуі кішірек – Семейге өте жақын болса, екіншісі ауқымдырақ – Ертіс деп аталып, Павлодар облысымен өтеді.

Айтылған көп пікірдің бірі бойынша, ежелгі мұзарт солтүстік-шығыстан сырғи келе ағаш тұқымдары мен қолайлы құмды топырағы бар даланы жырып өту салдарынан суыртпақтап өскен тоғайлар пайда болған.

Шалдай қарағайлы тоғайы ақ тиіннің жергілікті түрі – телеуітпен әйгілі. Олар мұнда көп. Көкшіл түсті тиінді кеңестік дәуірде аулап, жүнін Италияға жіберетін, онда бағалы жүнді тігіншілері әйелдер әшекейлеріне қосқан.