Табиғи байлық

Облысымыз Қазақстан Республикасының минералдық шикізат кешенінде жетекші рөл атқарады.

Ертістің Павлодар өңірінің қатты пайдалы қазбалары қорының жалпы құны 460 миллиард долларға бағаланады. Олар – алтын, құрылыс материалдары, көмір мен әртүрлі металдар. Кен орындарының бір бөлігі бағзы заманнан бері табысты өндірілуде, қалғандарында қосымша геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде, пайдалы қазбалардың нақты көлемі мен өндіру жағдайлары анықталуда.

Павлодар облысында Қазақстанның барлық көмір қорының үштен бір бөлігінен астамы шоғырланған. Ең ірі кен орындары – Екібастұз және Майкөбе, оларда сәйкесінше 10,5 миллиард және 2,2 миллиард тонна энергетикалық шикізат сақталған. Болашақта жалпы көмір қоры үш миллиард тоннадай  болатын басқа да тоғыз кен орнын игеру перспективасы бар.

Барлық кен орындарының ерекшелігі – көмірдің тереңде жатпауы, ал кей жерлерде тікелей жер бетіне жақын орналасқаны. Сондықтан ол ашық үнемді әдіспен өндіріледі. Алғашқы жарты ғасырда Екібастз бассейнінен 2 миллиард тонна көмір өндірілді. Қалған көмір көлемі бірнеше жүзжылдыққа жетерлік.

«Бозшакөл» мыс-порфироидты ірі кен орны игеруге дайындалуда. Мұнда пайдалы қазба жер бетіне жақын орналасқан және  өндірістік шоғырлануында мыс қана емес, сондай-ақ молибден, күміс және басқа да құнды металдар бар. Барлық кен орындарындағы мыстың жалпы қоры үш жарым миллион тоннаны құрайды.

Алтын қоры шамамен 150 тоннаға бағалануда, бл көрсеткіштің құрамында күміс, мыс, мырыш, барит та бар.

Кобальт кен орындары 14 мың тоннаға, никельдікі – 251 мың тоннаға, марганецтікі 70 мың тоннаға бағаланып отыр. Аймақтық кен қорларының басты ерекшелігі – олардың құрамының көп құрамдас бөліктердің болуы, мәселен, негізгі аталған металдардан басқа онда молибден, бериллий, индий, таллий, галлий, кадмий, германий, селен, теллур және тағы басқалары бар.

Облыста малахит пен феруза кен орындары да табылды. Кейбір мамандар техникалық және зергерлік алмаздарды табу үшін нақты алғышарттар бар деп есептейді.

Ертістің Павлодар өңірінде әзірше мұнай мен газ кен орындары ашылмаған. Бұл болашақтың еншісінде. Облыстың аумағының жартысына жуығын Ертіс ойпаттары алып жатыр. Геологтардың пікірінше,олардың көмірсутегі шикізаты қор жағынан  болашағы зор деп есептейді. Мұнайдың ресурсы 315 миллион тоннаға, ал газдікі 148 миллиард текше метрге есептелген.

Облыста кең тараған деген пайдалы қазбалардың 89 кен орны бар: бұл – әртүрлі құрылыс материалдарын өндіруге, өнеркәсіп мұқтаждықтары мен басқа да мақсаттарға арналған шикізаттар. Мысалы, Қарасор кен орны қорама құмның ТМД-дағы ең ірісі болып табылса, отқа төзімді каолин (ақ күйдірілген) сазының Суханов кен орнында шамамен 700 миллион тонна қоры сақталған.

Біздің өңір су ресурстары жағынан да кенде емес. Облыс аумағынан 140-тан аса өзен ағып өтеді. Ертіс суының жылдық ағып өту көлемі – жүз мың текше метрге жуық. Әлемде теңдесі жоқ Ертіс-Қарағанды каналының да әлемде теңдесі жоқ. Ертіс суы 500 шақырым ұзындығы бойынша тауға қарай ағып, биіктігі жарты шақырым суайырығын еңсеріп өтеді. Суды “сатылар” бойынша жоғары қарай 22 сорғы стансасы айдап отырады. Жоғарыда аталған каналсыз Екібастұзда көмір мен энергияны өндіру, Қарағандыда қара металлургияны дамыту мүмкін болмас еді.

Павлодар облысында 1200 үлкен және шағын көл бар. Оның ішінде жүз шақтысы – тұщы сулы, қалғандары тұзды болып келеді. Облыс аумағында қор суының тәулігіне 3,8 миллион текше метрін пайдаланатын жерасты суының он бір орны анықталған. Олардың барлығы ауыз су ретінде пайдалануға және суаруға жарамды.