Тарихи тұлғалар

Бұқар Жырау Қалқаманұлы (1693 – 1787жж.) – жырау, философ, қоғам қайраткері, әнші, Абылай ханның кеңесшісі, халық ауыз әдебиетінің көркем сөз шебері. «Ақтабан шұбырынды» жылдары елді бірлікке шақырды.

Григорий Николаевич Потанин (1835-1920жж. Лебяжі ауданы Ямышево ауылы) – 19 ғасырдың 2-ші жартысындағы ірі Сібір қоғам қайраткері, ғалым географ әрі этнограф. 19 ғасырдың ортасы мен соңында Қазақстанды зерттеу мақсатында бірқатар ірі саяхат жасады. Оның 500-ге жуық ғылыми және публицистикалық сипаттағы еңбектері жарияланған.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931 жж. Баянауыл ауданы Қызылтау ауылы) – ақын, жазушы, философ, қазақ халқы тарихының білімпазы, ағартушы, 19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың басындағы қазақ ақындары ағымының өкілі, қазақ фольклорын жинақтаушы, шежіреші.

Сұлтанмахмт Торайғыров (1893ж. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылту ауданы – 1920ж. Баянауыл ауданы) – қазақ ақын-демократы, «Алаш» партиясы әнұранының авторы. Ақын өлеңдері тақырып жағынан әртүрлі болғанымен, әлеуметтік сарын басым.

Жүсіпбек Аймауытов (1889ж. Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1931ж. Мәскеу қаласы) – жазушы, драматург, ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, педагог. 1917-1919 жылдары Алашорда құрамында болды. 1929 жылы репрессияға ұшырап, 1931 жылы атылды.

Сәбит Дөнентаев (1894ж. Ақсу ауданы №4 ауыл – 1933ж.) – қазақ ақыны, демократ, журналист, ағартушы. Революцияға дейінгі шығармаларында ағартушылық идея, феодалдық тәртіп пен әлеуметтік әділетсіздікті сынға алу басым.

Қаныш Сәтбаев (1899ж. Павлодар уезінің №4 Ақкелін болысы – 1964ж.) – ғалым әрі қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш президенті, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, КСРО ҒА акдемигі, ҚазКСР ҒА академигі, Ленин сыйлығының лауреаты, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жезқазғандағы тау-металлуригиялық комбинат құрылысы, Қарағанды мен Балқаштағы металлургиялық зауыттар, Ертіс-Қарағанды каналы, еліміздің минералды-шикізат базасының ірі нысандарын меңгеру Сәтбаевтың атымен байланысты.

Әлкей Марғұлан (1904ж. Баянауыл ауданы – 1985ж. Алматы қаласы) – ғалым-археолог, Ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, өнертанушы, филология ғылымдарының докторы, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚазКСР ҒА академигі.

Олжабай Толыбайұлы (1709ж. Түркістан қаласының маңында туған – 1783ж.) – қазақ батыры, 18 ғасырдағы жоңғар басқыншылығына қарсы шыққан қолбасшысы.

Жасыбай Өмірұлы (18 ғасырдың бірінші жартысы) – қазақ батыры, жоңғар басқыншылығына қарсы шыққан қолбасшысы. Баянауыл даласын басып алмақ болған жоңғарларға қарсы соғыста қаза тапты. Баянауылда оның атымен көл аталған.

Малайсары (1700-1756жж.) – Орта жүздің батыры, Абылай ханның сұлтан кезіндегі сенімді серігі болған. Қазақ-қалмақ соғысын тоқтатып, екі хандық арасында бейбіт бітім жасау саясатын станды.

Майра Уәлиқызы Шамсудинова (1890ж. Павлодар қаласы – 1927ж.) – халық әншісі, жыршы-ақын. Өз өнерін Иса Байзақов және Әміре Қашаубаевтардың қатарында Баянауыл және Қоянды жәрмеңкелерінде көрсеткен.

Естай Беркімбайұлы (1873-1946жж. Екібастұз ауданы Қаражар ауылы) – халық әншісі, ақын, сазгер, ҚазКСР еңбек сіңірген қоғам қайраткері. Естайдың атын шығарған ән – «Қорлан».

Иса Байзақов (1900ж. Ертіс ауданы Үлгілі ауылы – 1946ж. Алматы қаласы) – халық ақыны, әнші, сазгер.

Павлодар облысының тумалары, белгілі адамдар

  1. Әбділдин Жабайхан Мүбәракұлы – филол.ғ.д., академик (1933)
  2. Әбділдин Мейірхан Мүбәракұлы – ф-м.ғ.д., профессор (1938)
  3. Бекмаханов Ермұхан Бекмаханұлы – тарих ғ.д. профессор (1915-1966)
  4. Бектұров Әбікен Бектұрұлы – техн.ғ.д., академик (1901-1985)
  5. Бейсембаев Серікбай Бейсембайұлы – тарих ғ.д., академик (1912-1990)
  6. Ержанов Жақан Сүлейменұлы – техн.ғ.д., академик (1922-2003)
  7. Жұматов Хамза Жұматұлы – мед.ғ.д., академик (1912-1972)
  8. Каюпов Арықтай Каюпұлы – г-м.ғ.д., академик (1914-1993)
  9. Марғұлан Әлкей Хақанұлы – филол.ғ.д., академик (1904-1985)
  10. Сағынов Әбілқас Сағынұлы – техн.ғ.д., академик (1915)
  11. Онаев Ибрагим Әбілғазыұлы – техн.ғ.д., академик (1913-1994)
  12. Сәтбаев Қаныш Имантайұлы – г-м.ғ.д., ҒА бірінші президенті (1899-1964)
  13. Цефт Адриан Лукоянович – техн.ғ.д., академик (1904-1971)
  14. Шөкин Шапық Шөкіұлы – техн.ғ.д., академик (1912-2003)
  15. Бекжанов Ғинаят Рахметоллаұлы – г-м.ғ.д., академик (1927)
  16. Ақышев Кималь Ақышұлы – т.ғ.д. (1924-2003)
  17. Арғынбаев Халел Арғынбайұлы – т.ғ.д., профессор (1924-1998)
  18. Аймауытов Жүсіпбек – драматург, жазушы (1889-1931)
  19. Айманов Шәкен – актер, режиссер (1914-1970)
  20. Әбілев Дихан – ақын, жазушы (1907)
  21. Ақышев Зейтін – жазушы, драматург (1911-1991)
  22. Исабаев Қалмұқан – жазушы, өлкетанушы (1925)
  23. Көпеев Мәшхүр-Жүсіп – ақын, фольклор жинаушы (1857-1931)
  24. Торайғыров Сұлтанмахмұт – ақын, демократ (1893-1920)
  25. Шашкин Зейін – жазушы, драматург (1912-1966)
  26. Шанин Жұмат – режиссер, драматург (1892-1938)
  27. Қасымов Қамар – ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1893-1966)
  28. Байжанов Жаяу Мұса – ақын, композитор (1835-1929)
  29. Байжанов Қали – ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1877-1966)
  30. Байзақов Иса – ақын, әнші (1900-1946)
  31. Жаманбалинов Мүбәрак – ақын, жазушы (1924)
  32. Иманжүсіп Құтпанұлы – суырып салма ақын (1863-1929)
  33. Кемеңгеров Қошмұхамбет – драматург, әдебиеттанушы (1898-1937)
  34. Шамсутдинова Майра – әнші, композитор (1890-1927)
  35. Кенжетаев Кәукен – ҚазКСР халық әртісі (1916)
  36. Әбусейітов Қуат – кинорежиссер, актер (1925)
  37. Әбусейітов Суат – әртіс (1929-1992)