Дауыс беруге арналған пунктегі мінез-құлық ережесі

Павлодар облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатын сайлау бойынша дауыс беру үй-жайындағы тәртіп туралы

Қаулы (1.7 Mb, rtf)

 

НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР: 

– Дауыс беруге арналған үй-жайдағы тұлғалар осы ережені қатаң сақтауға міндетті.

– Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беруге арналған үй-жайдағы бір мезгілде келген сайлаушылардың санын реттейді, тәртіпке жауапты болады және «Қазақстан Республикасын-дағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының ережелерін бұзып, дауыс беруді өткізуге кедергі келтірген кез келген адамның ол жерден кетуін талап етуге құқылы.

– Сайлау комиссиясының жұмысына өзінің құзіретті қызметін жүзеге асыруы кезінде араласуға болмайды.

– Таңдаушыны ешкім үгіттеп, қысым көрсетуге болмайды.

– Дауыс беруге арналған үй-жайда бір мезгілде әрбір кандидаттан бір сенімді адам, әрбір БАҚ-нан қызметтік куәлігі болған жағдайда және редакцияның тапсырмасымен бір өкіл, әрбір саяси партиядан бір байқаушы, басқа қоғамдық бірлестіктерден, Қазақстан Республика-сының басқа да коммерциялық емес ұйымдарынан, шет мемлекеттердің байқаушылары, халықаралық ұйымдардың, шетел БАҚ-нан өкілдері (ары қарай – байқаушылар) болуға құқылы.

– Шетел БАҚ-ның өкілдері сайлауды бақылауды жүзеге асыруы үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұдайы немесе уақытша аккредитациясы туралы куәліктері болуы қажет.

– Байқаушыларды, шетел БАҚ-нан өкілдерін және басқа уәкілді тұлғаларды аккредиттеу туралы куәлік, жоғарыда аталғандардың жеке басының куәлігін көрсеткенде ғана расталады.

– Халықаралық байқаушының, шетел БАҚ-ның өкілінің жанында жеке басының құжатын көрсеткеннен кейін бір аудармашы бірге ілесіп жүре алады.

– Байқаушының өкілеттілігі тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп жазбаша түрде анықталуы тиіс. Бұл құжат байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен расталуы қажет және байқаушының жеке басының куәлігін көрсеткенде ғана расталады. Құжаттар байқаушыны тіркеу үшін сайлау комиссиясының төрағасына немесе оны алмастырушы тұлғаға ұсынылады.

– Байқаушының сенім көрсеткен тұлғалары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері міндетті:

  1. Жеке басының және өкілеттілігін куәландыратын құжаттары болуы;
  2. Сайлау үдерісіне, дауыстарды санау және сайлау комиссиясының шешім қабылдау рәсіміне араласпауы;
  3. Сайлау комиссиясының жұмысына кедергі болатын әрекет жасамауы;
  4. Сайлау комиссиясы мүшелерінің осы ережелерді сақтауы туралы талаптарын орындауы;
  5. Өзінің ескертулерін құжаттандырылған, расталған және тексеруге болатын фактілермен негіздеуі;
  6. Алаламауы, нақты бір кандидатқа артықшылық бермеуі.

– Дауыс беруге арналған үй-жайдағы барлық қатысушы адамдар сайлау комиссиясының төрағасына немесе хатшысына сайлау үдерісінің бұзылуы бойынша ескерту жасауына құқығы бар.

– Дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіпті қамтамасыз ететін ішкі істер органдарының қызметкерлері, тек сайлау комиссиясының төрағасының шақыруымен ғана кіре алады.

 

Қоғамдық бірлестіктердің байқаушыларының, депутаттыққа кандидаттардың сенім білдірген адамдарының қол жетушілігі

НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕ: барлық тіркелген байқаушыларға, барлық қоғамдық бірлестіктерден қатысатындарға, депутаттыққа кандидат-тардың сенім білдірген адамдарына (ары қарай байқаушылар) қарым-қатнас бір-бірімен сыйластыққа негізделген, тең болуы қажет. Байқаушылардың барлық сайлау рәсімдеріне –  сайлау өткізілетін үй-жайдың ашылуына, дауыс беру, дауыстарды санау, дауыстарды санау нәтижесі туралы хаттаманы жасауға толық және түбегейлі қол жетімдігі болуы қажет. Байқаушылар дауыс беру барысына және қорытынды шығаруға кедергі жасамай суретке түсіруге, аудио және видео жазылымдар жасауына құқығы бар. Байқаушылар сайлау комиссиясының төрағасына немесе хатшысына ереженің бұзылғандығы туралы актіні беруге және бергендігі туралы белгіні жасатуға, ол туралы жазбаша өтініштерін беруге құқығы бар.

  • Байқаушылардың қатысуына кедергі жасауға болмайды
  • Байқаушыларға қол жеткізуді шектеуге болмайды
  • Пайдаланылмаған бюллетендерді санағанда және жойғанда байқаушылардың қатысуына кедергі жасауға болмайды.

 

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері

НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕ: Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қызметтік куәлігі және редакцияның тапсырмасы болған жағдайда сайлауды өткізуге байланысты барлық шараларға қатысуға кепілдік беріледі.

– Сайлауға байқау жүргізуші бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне кедергі жасауға болмайды

 

Дауыс беру

НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕ: Дауыс беруге арналған кабинада, заң бойынша қаралған жағдайдан басқа, бір ғана таңдаушы болуы керек.

Әрбір таңдаушы жеке басының куәлігін көрсеткенде ғана дауыс бере алады.

  • Дауыс беруге арналған бюллетенді таңдаушылар тізімі негізінде жеке басының куәлігін ұсынған кезде беріледі. Көрсетілген құжаттағы мәлімет таңдаушылар тізіміндегі ақпаратпен сәйкес келуі тиіс.
  • Таңдаушылар қолына басқа тұлға үшін бюллетен беруге болмайды.
  • Тиісті құжаттарды, жеке басының куәлігін ұсынбаған таңдаушыға бюллетен беруге болмайды.

 

Бюллетендерге қол қою

НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕ: Сайлау комиссиясының мүшесі таңдаушыға бюллетень беру кезінде, бюллетенге өз қолын қояды, ол бюллетенді жарамды екенін көрсетеді.

  • Сайлау комиссиясының мүшесі бюллетенді берген кезде ғана қол қоюы керек.
  • Бюллетенге алдын ала қол қоюға болмайды.
  • Берілген дауысты санау кезінде қол қойылмаған бюллетендерді қолданыста деп санауға болмайды.

 

Қолданылмаған бюллетендер

НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕ: қолданылмаған сайлау бюллетендерін дауыс беру жәшігін ашар алдында сайлау комиссиясының өкілдерімен саналып және біркелкі түрде жойылады. 

  • Сайлау комиссиясының мүшесі бюллетендерді санауға дейін қолданылмаған бюллетендері санап және жойып, жеке бөлікке бөліп байлап және жазып қоюы керек.
  • Қолданылмаған бюллетендерді басқа бюллетендермен араластыруға болмайды.

 

Хаттама

НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕ: Дауыс беру қорытындысы туралы хаттама берілген дауыстар саналғаннан кейін таңдаушылар мен байқаушылар алдында толтырылады. Хаттама көшірмесі дауыс беру үй-жайының ішінде жалпы көрсетілім үшін ілінеді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес дауыс санау кезінде қатысушының тілегі бойынша комиссия төрағасының және хатшысының қолы және сайлау комиссиясының мөрі қойылған хаттама көшірмесі беріледі.

  • Хаттаманы таңдаушылар және байқаушылар қатысуымен толтырылып және қол қойылуы керек.
  • Хаттама көшірмесі жалпы көрсетілімге толтырылғаннан кейін ілінеді.
  • Хаттамаға түзетулер және өшірулер жасауға болмайды.
  • Хаттаманың үлгілік түрлерін жасауға болмайды.
  • Хаттама рәсімдеуі аяқталмағанға дейін ғимараттан кетуге болмайды.
Өзгертілді: 18.05.2017 18:06
Орналастырылды: 18.05.2017 18:21