Облыстық сайлау комиссиясының хабарламалары

Павлодар облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутат сайлау бойынша таңдаушылардың бірлескен мәжілісін өткізу туралы

Павлодар облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутат сайлау бойынша таңдаушылардың бірлескен мәжілісі және дауыс беру 2017 жылғы 28 маусымда сағат 11.00-де «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық облыстық орталығы» МКҚК-да (Павлодар қ. Кутузов көш., 1) өткізіледі.

Таңдаушыларды тіркеу сағат 10.00-ден басталады.

Өзгертілді: 12.06.2017 16:59
Орналастырылды: 12.06.2017 16:59

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттыққа кандидаттарды ұсынудың және тіркеудің қорытындысы туралы

7 маусымда Павлодар облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттыққа кандидаттарды тіркеу аяқталды.

Павлодар облыстық мәслихаты, Май, Качир және Лебяжі аудандық мәслихаттары Нұрсипатов Нұржан Нұрланбекұлын, 1957 жылы туған, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерін ұсынды.

Өзін-өзі ұсыну құқығын 4 кандидат пайдаланды:

Әлтаев Қанат Мінтайұлы, 1954 жылы туған, Лебяжі аудандық өнер мектебінің директоры;

Әбушахманов Қабиболла Аманұлы, 1958 жылы туған, уақытша жұмыссыз;

Еділбай Қабжан Шорманұлы, 1962 жылы туған, Павлодар облысы әкімі аппаратының  бас инспекторы;

Нұрмағамбетов Қайрат Қайыржанұлы, 1962 жылы туған, «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің басшысы.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясымен 4 кандидат тіркелді, ол туралы хабарлама 6 мамырда облыстық  «Звезда Прииртышья», «Сарыарқа самалы» газеттерінде жарияланды.

Әбушахманов Қабиболла Аманұлы және Еділбай Қабжан Шорманұлы сайлау жарысынан шығып кетті.

Еділбай Қабжан Шорманұлы өз кандидатурасын алып тастады.

Әбушахманов Қабиболла Аманұлы   облыстың барлық 14 мәслихатын көрсететін өзін қолдайтын таңдаушылар қолы қойылған парақтарын, салық органынан кандидаттың және оның зайыбының кірісі және мүлкі туралы декларация тапсырғандығы туралы анықтаманы, кандидаттың сайлау жарнасын енгізгендігін растайтын құжатты   ұсына алмағандықтан тіркеуге қабылданбады.

Барлық тіркелген кандидаттардың жоғары білімі бар, облыс аумағында тұрақты тұрады. Әлтаев Қ.М. және Нұрмағамбетов Қ.Қ. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Нұрсипатов Н.Н. – партияда жоқ.

8 маусымнан бастап барлық тіркелген кандидаттар сайлау алдындағы үгіттеріне кірісті.

Барлық кандидаттарға үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдай жасалуына кепілдік беріледі.

Сонымен қатар БАҚ арқылы үгіт жүргізу үшін, әрбір кандидатқа республикалық бюджеттен бірдей мөлшерде теледидардан, радиодан сөйлеуге  және  баспасөз беттерінде екі мақала жариялауға қаражат бөлінді.

Сондай-ақ, кандидат сайлау алдындағы үгітін баспа, аудиобейне және басқа да үгіт материалдарын шығарып және тарату арқылы жүргізе алады. Сонымен қоса, осы материалдарды шығарған мекеме, басылған жері және таралымы, тапсырыс берген тұлғалар, қандай қаражаттан басылым төленгені туралы мәліметтері барлық үгіт баспа материалдарында  болуы қажет. 

Өзгертілді: 09.06.2017 12:41
Орналастырылды: 09.06.2017 12:41

Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 74-бабының 1-ші және 3-бабтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Қ.Ш. Еділбайдың жазбаша өтінішін қарап, Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 2017 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттыққа кандидат ретінде Қ.Ш. Еділбайды тіркеу туралы шешімінің күшін жойды.

Өзгертілді: 08.06.2017 09:21
Орналастырылды: 08.06.2017 09:21

Павлодар облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттыққа кандидаттардың облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттары – Республика азаматтарымен кездесу кестесі

Қала, Өткізілетін Өткізілетін
р/с аудан орны күні
  Павлодар қ.    
1. облыстық мәслихат Павлодар қ.,  Сәтбаев көш., 49 (үлкен  зал, I қабат) 15.06.2017
2. қалалық мәслихат Павлодар қ., Естай атындағы Мәдениет сарайы, Конституция алаңы, 1 15.06.2017
3. Ақсу қ. Ақсу қ., С.Дөнентаев ат. қалалық мәдениет сарайы, Әуезов көш, 8/1 12.06.2017
4. Екібастұз қ. Екібастұз қ., «Өнер» қалалық мәдениет орталығы (мәжіліс залы), Әуезов көш., 149 16.06.2017
5. Ақтоғай ауд. Ақтоғай с., Ақтоғай ауданынын Орталық кітапхана жүйесі, М. Қайырбаев к, 92 14.06.2017
6. Баянауыл ауд. Баянауыл с., Мәдениет сарайы, Сәтбаев көш., 47 16.06.2017
7. Железин ауд. Железинка с., Мәдениет сарайы, Тәуелсіздік көш., 59 20.06.2017
8. Ертіс ауд. Ертіс с., Балалар өнер мектебі, Байзақов көш, 10 14.06.2017
9. Качир ауд. Теренкөл с., Аудандық мәслихаттың мәжіліс залы, Елгин көш. 172 20.06.2017
10. Лебяжі ауд. Аққу с., Ж. Кенжеғалиев атынд. Спорткешені, Иванов көш, 97/1 9.06.2017
11. Май ауд. Көктобе с., Аудандық мәслихаттың мәжіліс залы, Аблайхан көш., 32 12.06.2017
12. Павлодар ауд. Красноармейка с., Мәдениет сарайы, Октябрьдің 60 жылд. көш, 30 22.06.2017
13. Успен ауд. Успенка с., Мәдениет сарайы, Милевский көш., 65 8.06.2017
14. Шарбақты ауд. Шарбақты с., «Радуга» Мектептен тыс жұмыс орталығы, Чайко к., 47 8.06.2017

 

Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының  2017 жылғы 01 маусымдағы № 112 қаулысымен бекітілген

 

Ескерту: «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабы 4-тармағына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару органдары  кандидаттарға келісім негізінде таңдаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жәй береді. Үй-жәй беру шарты барлық кандидаттарға бірдей болуы шарт.

Өзгертілді: 01.06.2017 10:12
Орналастырылды: 01.06.2017 10:18

Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 73-бабы 6-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, Павлодар облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат болып тіркелді:

 

№ р/с Кандидаттың Т.А.Ә. Туған жылы Жұмыс орны, лауазымы Тұрғылықты мекенжайы
1 Альтаев

Канат Минтаевич

1954 «Лебяжі ауданының өнер мектебі» МКҚК, директор  Лебяжі ауданының  Аққу а.
2 Еділбай

Қабжан Шорманұлы

1962  «Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ, бас инспектор  Павлодар қ. 
3 Нурмагамбетов

Кайрат Каиржанович 

1962  «Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, басшы  Павлодар қ. 
4 Нурсипатов

Нуржан Нурланбекович 

1957  ҚР ҰҚК  Павлодар қ. 
Өзгертілді: 05.05.2017 10:17
Орналастырылды: 05.05.2017 10:17

Баспасөз релизі. 2017 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауы болады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының конституциялық өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты, Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына сәйкес, мемлекет басшысы 2017 жылғы 28 маусымға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттарды кезекті сайлауын тағайындады.

 

Ұсыну

Конституция және заңнамалар сенаторлыққа кандидатқа келесі талаптарды қояды – Сенат депутаты болып 30-дан жасы кем емес, жоғары білімі бар және бес жылдан кем емес жұмыс өтілі бар, сонымен қоса соңғы он жылда біздің еліміздің аумағында, үш жылдан кем емес осы аумақта тұрақты тұратын Қазақстан азаматы бола алады.

Кандидаттарды ұсыну мәслихаттар сессиясында, сонымен қатар өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүзеге асырылады

Барлық ұсынылған кандидаттар Конституция және Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігіне тексеруден өтеді.

Сонымен қоса, үміткердің кандидат ретінде тіркелуі үшін барлық мәслихаттар депутаттары дауысының он пайызынан кем емес қолдауын алуы қажет. Ол қолдау мәслихаттар депутаттары қолдарынның тиісті санын жинаумен расталады.

Оларды қолдайтын мәслихат депутаттары қолдарын жинауға арналған қол қою парағы, Конституция және Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігіне тексеруден өткен түгел кандидаттарға беріледі

Сенат депутаттығына кандидатты қолдау үшін қол жинау кандидаттың сенім білдірген тұлғаларымен ұйымдастырылады.

Толтырылған қол қойылған парақтар аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады.

Жиналған қолдардың растығы паспорт қызметі адамдарымен жүзеге асырылады.

Тағы бір маңызды мәселе, кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша салық органдарына табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыруға міндетті.

Барлық рәсімдер заңмен бекітілген тәртіп бойынша және белгілен мерзімде өткізіледі.

 

Дауыс беру

Сенат депутатын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде құпия дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Яғни дауыс беруге тек қана таңдаушылар – мәслихат депутаттары ғана қатыса алады.

Сонымен, сенаторлар, тура сайлау арқылы сайланған мәслихаттар депутаттарымен сайланады, яғни олар Парламентте заңды түрде аймақ тұрғындарының мүддесін қорғайды

Дауыс беру, санау және нәтижесін жариялау Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларымен – 28 маусымда бір күннің ішінде жүргізіледі.

Өзгертілді: 03.05.2017 15:27
Орналастырылды: 04.05.2017 11:05