Дәмі тіл үйіреді

Петропавл қаласында өтіп жатқан форум аясындағы мамандандырылған көрмеде Павлодар облысының туристік әлеуеті көрсетілді.

Шекаралық ынтымақтастықтың ХV форумын қатысушылары Баянауылдан әкелінген етті деликатестер және қазақтың ұлттық десерттері – қоспа мен талқанның дәміне таң қалды. Павлодарлық делегация мүшелері халықаралық кездесуге келгендерге Баянауылдың көрікті жерлері, Маралды мен Тұзқаланың емдік қасиеті бар тұзды көлдері және Шалдай орманының таза ауасы туралы айтып берді.

– Біздің нарыққа келгенімізге 10 жыл болды, осы уақыт аралығында Ресейден Павлодарға қарай ағылған туристер саны шамамен 30%-ға артты, – деді «RomanTour» туристік компаниясының басшысы Игорь Черных. – Бізге жылына кей кезде 2 рет, отбасымен және 15-20 шақты жолдастарымен келетін тұрақты клиенттеріміз бар. Осы форумның арқасында біз Қазақстан мен Ресей арасындағы туристік ағынды бірнеше есе арттырсақ деген ниетіміз бар.

Қонақтарға арнап павлодарлықтар облыс аудандарының аспаздары әзірлеген қазақтың ұлттық тағамдарын әкеліп, дәм сарапшылық үстелге қойды. Етті Баянауылдан, талқанды Павлодар ауданынан жеткізіпті. Форумға келген ресейлік қонақтар барлық деликатестен жарыса дәм татты.

– Мен өмірімде бірінші рет балқаймақ жедім, – деді Омбы облысының тұрғыны Алина Лининг. – Бал мен қаймақты араластыру мүлдем ойға келмепті, алайда ерекше шыққан тәттілігі мені екі есе қайран қалдырты.

– Баянауылдан әкелінген еттің дәмі тіл үйіреді, – дейді Краснодардан келген Андрей Николаев. – Теледидардан шоколадты дәмі тіл үйіреді деп жарнамалайды ғой, Баянауылдың етін де дәл осылай жарнамаласа болады.

Қазақстан мен Ресейдің өзге де аймақтарының өкілдері форум қонақтарын түрлі дәмділермен таң қалдырмақ болды. Мысалы, алматылықтар «апорт» сортының алмасын әкелген екен, ал Ямало-Ненецкий автономды округінен келген делегация барлығын жұқа етіп тілініп, тоңазытылған етпен сыйлады.

 Валерий Бугаевтың фотосы


09/11/2018 263