Ең үздік команда-2019

Республикалық ғылыми жобалар конкурсы 2019 жылғы 13–16 ақпан аралығында Алматы қ. «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығы негізінде өткізілді. Ашықтық пен ақиқаттық мақсатында алғаш рет оқушылардың ғылыми жарыстары онлайн режимде өтті.   

Ғылыми жобалар конкурсына 14 облыс, Алматы, Астана, Шымкент ққ. және республикалық білім беру ұйымдарынан 800 оқушы қатысты. Павлодар облысынан облыстық кезеңінің 46 жеңімпаздары мен жүлдегерлері 35 жобамен қатысты.

Ғылыми сайыс 4 бағыт бойынша жүргізілді:

– экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу (секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика);

– ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны (секциялар: физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар);

– таза табиғи орта – «Қазақстан – 2030» стратегиясын іске асырудың негізі (секциялар: биология, химия, қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғау);

– Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары (секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі, құқықтану).

Конкурс қорытындысы бойынша үздік командалар анықталды: Гран-при – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ командасы, І орын – Алматы қаласының командасы, ІІ орын – Павлодар облысының командасы, ІІІ орын – Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының командалары.

Павлодар облысының командасы 5 алтын, 4 күміс, 12 қола медальдарын иеленіп, «Ең үздік команда-2019» сертификаты мен екінші орынға ие болды.

І орын – Баянауыл ауданы Майқайын №2 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Капаров Нияз; Павлодар қ. №40 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Дунаев Михаил; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Мукина Даяна; Павлодар қ. №16 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Мельник София; Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Мухаметхан Адия. 

ІІ орын – «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10, 11 сынып оқушылары Сыпатаев Алишер, Қуаныш Еркебұлан; Екібастұз қ. №24 гимназия-мектебінің 9, 10 сынып оқушылары Тренбач Иван, Габдрафикова Амина.  

ІІІ место – «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Муратов Ислам; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 9 сынып оқушысы Жангазинова Жаслин; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9, 10, 11 оқушылары Егінбай Асылхан, Капенов Бауыржан, Жетписов Адильхан, Айгазинова Дильназ, Феримхан Арқалық, Кизат Мадина, Рамазанова Айғаным; Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушылары Жумадилова Альмира, Манапова Зарина; Екібастұз қ. №9 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Дубкова Дарья.

ҚР БҒМ «Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамотасы – Абай ат. №10 лицей-мектебінің 8, 10 сынып оқушылары Жалелиден Дана, Оспанов Ержан; Павлодар ауданы №1 Чернорецк ЖОББМ 9 сынып оқушысы Тлеген Айнур; облыстық әскери мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Мухтаров Архат.


20/02/2019 388