“Ертіс дарыны-2019” бірінші жастар сыйлығына құжаттар қабылдау»

Байқауға 14-29 жас аралығындағы өңір тұрғындары қатыса алады, жүлде қоры 10 млн теңгені құрады.

Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының ақпараты бойынша, аймақта облыс әкімі Болат Бақауовтың тапсырмасы бойынша “Ертіс дарыны – 2019” бірінші жастар сыйлығын алуға құжаттар қабылдау басталады. – Сыйлық 10 номинация бойынша беріледі: “Білім және ғылым”, “Журналистика”, “Қоғамдық қызмет”, “Спорт”, “Мәдениет”, “Өндіріс қызметкері”, “Кәсіпкерлік”, “Ерлігі үшін”, “Еріктілер”, “Эстрада”.

 

Байқау талантты жастарды ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі үшін, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін қолдау көрсету мақсатында өткізіледі.

       Марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу қарсаңында өтеді, – деп хабарлады ведомстводан. 2019 жылдың 25 қазаны мен 20 қарашасы аралығында Павлодар, Ломов көшесі, 38, 105 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Жастар бастамаларын дамыту орталығына өтінім беруге болады. Толық ақпарат телефондар бойынша: +7 (701) 324 00 66, +7(747) 668 25 08 алуға болады.


25/10/2019 171