«Ertis Promenade» маусымын ашық деп жариялаймыз!

Павлодарда «Ertis Promenade» маусымы ресми түрде ашылды. Ұйымдастырушылар жаз бойы орталық жағалаудағы сахнада қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді деп уәде берді.

«Ertis Promenade» концерттік маусымы осы жылы 1-ші маусым күні басталды.  Орталық жағалаудағы сахнада кешқұрым мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары жиналды. Концертте Павлодар облысынан шыққан белгілі эстрада жұлдыздары Меруерт Түсіпбаева, Роза Мұқатаева және Ринат Малцагов өнер көрсетті. Сіздердің назарларыңызға концерттен шағын фоторепортаж ұсынамыз.

 

 

 

 

 

Фото Валерия Бугаева 


03/06/2019 309