«INFOMATRIX–ASIA 2019»

Алматы қаласында 2019 жылдың  10-14 сәуір күндері өткізілген «INFOMATRIX-ASIA 2019» Халықаралық компьютерлік жобалар конкурсына әр мемлекеттерден 400 оқушы қатысты.

Жас зерттеушілер 7 номинацияда білімдерін сынады: математикалық жобалар, робототехника, бағдарламалау, компьютерлік графика мен өнер, басқару жүйелері, қысқа метражды фильмдер, дрондар жарысы.

Өңіріміздегі  дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушылары жыл сайын бұл байқауда жарқын жеңістерімен көрінуде, биылғы жыл да табысты болды.  

Конкурс қорытындысы бойынша Рахад Шыңғыс және Ринатулы Кенесары күміс медальға ие болды.  С.Демирел университетінің  100%-дық оқу гранты 11 сынып оқушысы  Рахад Шыңғысқа берілді.


15/04/2019 67