«Изучаем всей семьей», «Отбасымен бірге үш тілді үйренейік»-2019» жобасының ашылу рәсімі

 

Ағымдағы жылдың 23 ақпанында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ана тілі» орталығында «Изучаем всей семьей», «Отбасымен бірге үш тілді үйренейік» атты отбасылық тілдік бранчтың ашылуы кезеңі өтті.

Әр сенбі, жексенбі сайын 2 ай бойы оқыту курсы өтетін болады.

Үш тілді оқыту бойынша курстың мақсаты тілдік ортаға ене отырып, қазақ халқының тарихымен, тұрмысымен, рухани құндылықтарымен таныстыру, отбасы институтында ұлттық тәрбиені дамыту.

Жалпы тіл үйренуге ниет білдірген отбасыларға ұйымдастырылған бранчта тыңдаушылар бос уақыттарын отбасымен бірге өткізіп, әрі тілдік және коммуникативтік дағдыларды меңгереді. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі тақырыптық сабақтар арқылы 30 тыңдаушылар өздерінің  сөздік қорларын толықтырып, мәдени-тілдік құзыреттіліктері мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар тілдік курстарда жоба авторы, қазақ тілі пәнінің оқытушысы Ш.Д. Кинжиковамен мастер-класстар өткізілетін болады.

Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы


26/02/2019 91