Экология – бірінші орында

Павлодарда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Мәжіліс депутаттары Павлодарға Қазақстан Республикасының экологиялық кодексіне енгізілетін өзгертулерді талдау мақсатында келді. Павлодар облысы еліміздің ірі индустриалды аймағы болып табылады, сол себепті экология мәселесі бұл өңір үшін өте маңызды. Сондай-ақ, 2018 жыл облыста Экология жылы деп жарияланған болатын.

Біз үшін экология мәселелері негізгілердің бірі болып саналады және бұл саладағы проблемалық мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлінеді, – деді аймақ басшысы Болат Бақауов Қазақстан электролиз зауытының негізінде өткен жиын барысында. Экологиялық тексерістерді өткізу тәсілдерін қайта қарап, экологиялық заңнаманы бұзған үшін әкімшілік санкцияларды қатайту керек. Сонымен қатар жоспардан тыс тексерістерді өткізу құзыретін экология департаментіне берген жөн.

Дөңгелек үстел басындағы кездесуден кейін депутаттар «қанатты металл» өндіру бойынша технологиялық үрдіспен таныс болды. Сондай-ақ, депутаттар Павлодар мұнай-химиялық зауытына барып қайтты. Бұл кәсіпорында оларға арнап танысу экскурсиясы ұйымдастырылды.


30/11/2018 191