Экология мәселелерін талқылады

Павлодар облысының әкімі жақында ғана өңірде жұмыс сапарымен болған мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірдің экологиялық қауіпсіздігі мәселесін талқылау үшін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.  Кездесуде Павлодар облысындағы экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жоспардың жобасы таныстырылды.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сәтиев өзінің баяндамасында өңірімізде 2023 жылға дейін жоспарланған және экологиялық кеңес бекіткен аймақтың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталға(гн жоба құрылғанын айтты.  Оның айтуынша жоба атмосфералық ауаны қорғау, биоәртүрлілік, энергия үнемдеу, тұтыну қалдықтарын басқару сияқты болктардан құрылады.

       

– Орманды қалпына келтіру және көгалдандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, – деді Қадылжан Сәтиев. – Біз жасыл аймақтарды құру және дамыту үшін үш негізгі бағытты анықтадық. Бұл мемлекеттік орман қоры, қалалардағы орман-саябақ аймақтары және өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтары. Орманды қалпына келтіру жұмыстары мемлекеттік орман қорының алқаптарын бес жыл ішінде 1500 гектарға ұлғайтуға ұлғайтуға мүмкіндік береді. 

 

Жобаны талқылауға қатысқан жұртшылық өз ұсыныстарын білдірді. Олардың бірі – автокөлік газын бақылауды күшейту жөніндегі іс-шараларды жоспарға енгізу.
– Бұл өте маңызды сәт, өйткені өңірімізде зиянды газды мөлшерден аса шығаратын ескі көліктер қаптап жүр, – деді облыс әкімі Болат Бақауов. – Бұл мәселені шешу мақстаныда біз облыс орталығында экологиялық таза қоғамдық көліктердің санын арттыруды қолға алып отырмыз. Жақында қаламызға 10 электробус сатып алынады.  Сонымен қатар, қыркүйек айына дейін қалаға жаңа трамвайлар жеткізілетін болады. Экологиялық қауіпсіз қоғамдық көлікке біртіндеп көшу өз нәтижесін беруі тиіс.

   

Жарыссөзге ғалымдар да қатысты. Биология ғылымдарының докторы Қанат Ахметовтың айтуынша, Павлодар облысында биологиялық мониторинг жүргізу қажет.
– Менің оқушыларым бұрын біздің өңірде зерттелмеген түрлерге байланысты бірнеше зерттеулер жүргізді, – деп мәлімдеді С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің өкілі. – Еуропаның ірі өзендерінде жоғалып кеткен мамыр-күн мен көктемдіктер сияқты микроорганизмдердің Ертіс өзенінде өмір сүретінін анықтадық. Бұл организмдер қандай жағдайда, олардың популяциясы қандай – осының барлығы Ертістің және оның тармақтарының ластану деңгейінің көрсеткіші болмақ.
Мамандардың айтуынша, аймақта Ертіс алқабын солтүстікамерикандық циклахена деп аталатын арамшөппен ластану мәселесі өзекті болып отыр. Ол байырғы өсімдіктерін ығыстыруымен қауіпті.
– Циклахена жаулаған жерде басқа ешқандай өсімдіктер өспейді, – дейді биолог Татьяна Пономарева. – Жайылымдағы жем-шөп аз болады да, циклахена жайылып өседі. Екінші кезеңде аллергенді өсімдіктерді айтуға болады. Тамыз айында көптеген қала тұрғындары жусанға аллергиясы бар деп ойлайды, бірақ көбінесе олардың аллергиясы циклахенаға байланысты болады.

         

Кездесуден кейін Болат Бақауов эколог және биолог мамандармен бірге Металлург саябағын аралап көрді.
— Саябақты ашқан кезде ағаштардың бәрі орнында болған еді, — деді ол. – Теледидардан көрген сюжетте қала тұрғындары тынымбақта ағаштарды кесіп жатқанына наразылық танытқан еді. Сол кезде қала билігі жаңаа ағаштар отырғызамыз деген еді. Қазір не боп жатыр?

 

         

Биологтардың айтуынша ағаштардың қурауына жер астынан көтерілген сулар себеп болған. Қазір саябақ «демалуы» керек.
— Экожүйе өздігімен тазарып, қалпына келе алады, — дейді биолог Татьяна Пономарева. — Әрине, суды өткізу үшін шағын суқойма да қажет. Алайда, ол үшін қыруар қаржыны бөлудің қажеті жоқ. Жер асты суларының бағыты қалай өзгеретінін біз болжай алмаймыз.
Облыс әкімі саябақты қалпына келтіруді тапсырды. Жақын арада бұл маңда жер асты суларын өткізу үшін қазаншұңқыр қазылатын болады. Аймақ басшысы ғалымдармен бірге «Қаз қонақ» палеонтологиялық ескерткішіне де барды. Бұл жерде қала жағалауын ұзарту бойынша жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мердігерлер ескерткіштің аумағын айналып өткен. Болат Бақауовтың айтуынша бұл аумақты абаттандыру қажет. Алайда, ғалымдар төрт жыл бойы ескерткішті қалай қалпына келітіріп, сонымен қатар, бүлдіріп алмау бойынша нақты шешім қабылдай алмай отыр. Ғылыми қызметкерлер бұл жолы бір айдың ішінде қорытынды беруге уәде етті. «Қаз қонақ» ескерткішін серуендеу аймағына айналдыру жұмыстары ғалымдардың қорытындысы берілгеннен кейін ғана жалғасады.

 

 Валерия Бугаева фотосы

 


03/05/2019 116