8-9 қараша күндері Петропавл облысында екі ел президенттері Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путиннің қатысуымен XV қазақстандық-ресейлік шекаралық ынтымақтастық форумы өтеді. Форумға аймақ басшысы Болат Бақауовтың төрағалығымен Павлодар облысының делегациясы да қатысады. Форум бағдарламасында Павлодар және Түмен облыстары арасындағы өзара әріптестік туралы келісімге қол қою қарастырылған. Осының нәтижесінде Болат Бақауов пен оның түмендік әріптесі Александр Моор сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени салалардағы әріптестік жөнінде келісімге келетін болады. Сонымен қатар әріптестік жөніндегі меморандумға павлодарлық «Пять звезд» туристік агенттігі мен омбылық «Катунь компаниясы», сондай-ақ павлодарлық туристік оператор «ROMAN TOUR» мен олардың омбылық әріптестері «Седьмое небо» ЖШҚ қол қоятын болады. Форум аясында өтетін көрмеде Павлодар облысының туристік әлеуеті көрсетілген стенд орнатылады. Өнерпаздар ауылында Павлодар облысының намысын қолөнерші Алтын Атеева қорғайды. Ол батиктен суреттерді жасау бойынша мастер-класс өткізеді деп күтілуде.

 

 


07/11/2018 299